Байболова Л. К., Абжанова Ш. А., Жаксылыкова Г. Н., Бердығалиұлы С



Pdf көрінісі
бет45/96
Дата02.03.2022
өлшемі1.98 Mb.
#455902
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   96
Байболова Л.К. Ет және сүт өнімдерін.....

Қабық астындағы қабат жұмыртқаның ақуызы мен қабығы арасында 
және өте жұқа ішкі қабат пен жуан сыртқы қабаттан тұрады. Жұмыртқа 
салғанда қабық астындағы екі қабат жұмыртқаның ішкі бетіне тығыз 
жанасады. Жұмыртқа салғаннан кейін жұмыртқаның доғал ұшында ауа 
камерасы түзіледі.
Ауа камерасының алғашқы түзілуі жұмыртқаның сууымен және одан 
көмірқышқыл газының бөлінуімен байланысты, бірақ ауа камерасының одан 
әрі қарай артуы жұмыртқадан ылғалдың булануының нәтижесі болып 
табылады.
Қатты әк қабатты өзіне тән пішінді қабық жұмыртқаны сыртқы 
әсерлерден қорғайды. Бұл қабат тесіктерді жабады, бірақ ауа, газдар мен су 
буының кіруіне кедергі етпейді. Ластанған жұмыртқаларды сумен жуғанда 
сірқабық қабық бетіне толығымен дерлік шайылып кетуі мүмкін. 
Жұмыртқаның бөлек бөліктерінің арақатынасы құсты ұстау және 
жемдеу жағдайына, сондай-ақ тұқымы мен жасына қарай өзгере алады.
Қабық түсінің маңызы көптеген елдердеқабығы қоңыр жұмыртқаларға 
деген сұраныс үлкен деген тұрғыда бар. Алайда қабығы ақ және қоңыр 
жұмыртқаларының арасындағы ішіндегілерінің сапасы жағынан ешқандай 
айырмашылық жоқ екендігі анықталды. 
Жұмыртқа сапасының маңызды көрсеткіші оның ақуызының 
шайқалғыштығы. Шайқау кезінде ақуыз массасында жұқа ақуызды қабық 
ішіндегі ауа көпіршіктері түзіледі. Ақуыздың шайқалу дәрежесі 
жұмыртқаның жаңадан салынуына, рН көрсеткішіне, температура, кейде 
қоспалардың болуына да байланысты. 
Жұмыртқа құрамына ұрықтың өсуі мен дамуын қамтамасыз ететін 
заттар кіреді. Жұмыртқалардың химиялық құрамы құстың түрі, тұқымы, 
жасына, жұмыртқа салу уақытына байланысты.
 
Қабықтың химиялық құрамы мен қабық жұмыртқа астындағы 
қабықшалар 
Үнемі 1-2% су бола тұра қабық негізінен кальцийден тұрады. Сонымен 
бірге онда біршама мөлшерде ғана көмірқышқыл магнийі, сондай-ақ фосфат, 
магний мен кальций бар.
Қабықтың органикалық заттары коллаген типті ақуыздардан тұрады, ал 
сірқабатта муцин бар. 
Жұмыртқа қабығында әр түрлі бояғыш заттар (қоңыр, көгілдір-жасыл, 
сары-қоңыр мен т.с.с). бар. Бұл түстерді қалыпты жарықта көруге болады. 


86 
Кесте 8.3 – Құстардың әр түрлері жұмыртқаларының химиялық құрамы 
Компонент 
Жұмыртқадағы мөлшері ( %) 
тауық күрке тауық 
үйрек 
қаз 
Су
73,6 
73,7 
69,7 
70,6 
Құрғақ заттар 
26,4 
26,3 
30,3 
29,4 
Органикалық заттар 
25,6 
25,5 
29,3 
28,4 
ақуыздар 
12,8 
13,1 
13,7 
14,0 
липидтер 
11,8 
11,7 
14,4 
13,0 
көмірсулар 
1,0 
0,7 
1,2 
1,2 
Минералды заттар 
0,8 
0,8 
1,0 
1,2 
Жұмыртқа қабығы астындағы қабықшалар негізінен органикалық 
қосылыстардан тұрады. Онда біршама мөлшерде су мен минералды заттар 
бар. Қабықшалар ақуыз құрамында кератин мен муцин өте көп. Негізгі 
минералды зат – кальций.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   96




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет