95
жиналған сүттің тығыздығы орташа 1,029 (1,027-1,032), майсыздандырылған
сүт тығыздығы 1,034 (1,030-1,036).
Тығыздықты сүт ареометрмен (лактоденсиметр) анықтайды. Сүттің
тығыздығын әдеттетығыздықтың мыңыншы үлесі болып табылатын
ареометр градусымен көрсетеді. Тығыздық
шамасын градусқа айналдыру
үшін алғашы екі санды, яғни 1,0 алып тастайды. Мысалы, 1,028
тығыздық
ареометрдің 28° сәйкес келеді.
Сүт тығыздығын оны сауғаннан кейін 2 сағаттан кейін анықтаған жөн.
Бұл сүттен ауа көпіршіктерінің жойылуы (және май жартылай қатты күйге
көшуі) үшін керек. Сауғаннан кейін бірден сүттің тығыздығы 0,001—0,0015
төмен.
Сүт көлемінің шамасын тығыздық шамасына көбейту арқылы оның
массасын табады. Мұндай есептеулерде сүттің орташа тығыздығы 1,030 тең
деп қабылданған.
Сүт тығыздығы – оның табиғилығының көрсеткіштерінің бірі. Су
тығыздығы сүт
тығыздығынан төмен, сондықтан оған су қосқанда оның
тығыздығы кемиді. Орташа 10%' су
қосқанда, сүт тығыздығы 0,003 немесе
ареометрдің 3° кемиді. Майын жартылай алғанда немесе майсыздандырылған
сүт қосқанда сүт тығыздығы артады.
Достарыңызбен бөлісу: