Байболова Л. К., Абжанова Ш. А., Жаксылыкова Г. Н., Бердығалиұлы С


Шайқау тәсілімен жасалған сары май микроқұрылымы



Pdf көрінісі
бет83/96
Дата02.03.2022
өлшемі1.98 Mb.
#455902
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   96
Байболова Л.К. Ет және сүт өнімдерін.....

Шайқау тәсілімен жасалған сары май микроқұрылымы 
Майсу мен шайғыш суды сүзіп алғаннан кейін (шаю қолданған 
жағдайда) май түйірін тұтас қабат пайда болу, артық ылғалды алып тастау, 
оның тамшыларын майда бөлшектеу мен оларды біркелкі тарату үшін 
өңдейді (сығады).
Плазма майда тамшы күйінде болады, олардың өлшемі май 
дайындағыштың біліктемінде өңдегенде өзгереді. 13.7 кестеде келтірілген 
деректер майды өңдеу процессі кезінде плазманың майда тамшыларының 
саны артатынын, ал өлшемі 100 мкм асатындарда – кемитінін көрсетеді 
Қалыпты өңделген майдың 1 г. ылғалдың жалпы мөлшері 10-нан 25 
млрд.дейін. 
Шайқай тәсілімен алынған майда тамшылардың жалпы мөлшерінің 
82,79% диаметрі 1-2,5 мкм майда тамшыларға келеді. 


139 
Кесте 13.7 - майды өңдеу процессі кезінде плазманың майда тамшыларының 
саны 
Майды сығу саны 
Тамшылардың өлшеміне байланысты (мкм) майдағы 
ылғалдылық мөлшерін бөлу, % 
15-тен төмен 
15-100 
100-ден жоғары 
12 
4,86 
1,47 
6,18 
15 
5,66 
1,43 
3,56 
75 
8,06 
0,82 
1,79 
Алайда көлемі бойынша бұл тамшылар плазманың тек 14,9% құрайды. 
диаметрі 10 мкм және одан жоғары ірі тамшылар олардың жалпы санының 
0,36 % құрай отырып, көлемі бойынша 39,8% алып отыр. Майда тамшылар 
майда шайқау кезінде, ірілері – майды өңдегенде түзіледі.
Плазма тамшыларының саны мен тәттіқышқыл майдағы бактериялар 
мөлшерін салыстыра отырып, плазманың шамамен 80% стернильді екені 
анықталды. тамылардың жалпы саны бактериялардың жалпы мөлшерінен 
жоғары. Тамшылардың көп мөлшері бактериялар көлемінен аз. Май 
плазмасының жіңішке таралуы оның сапасының сақталуына қолайлы. 
Алайда майды артық өңдегенде ондағы ауа мөлшері артып, ақаулардың 
түзілуі болатын тотықсыздану процесстерінің күшеюіне мүмкіндік туады. 
Май құрылымын шайқау және өңдеу тәсілі анықтайды. Кілегейде май 
көпіршіктері үздіксіз фаза болып табылатын плазмада таралған, ал 
оқшауланған май көпіршіктері өзара байланыста болмайтын үздікті фаза 
болып табылады. шайқау мен өңдегеннен кейін майда кері көрініс 
байқалады. Май үздіксіз фаза, ал ылғал тамшылары - үздікті болып 
табылады. сарымайдың майлы негізінде плазма тамшыларынан басқа
сондай-ақ май көпіршіктері, лецитин-ақуызды қабықшалардың қалдықтары, 
ауа көпіршіктері бар. 
Сонымен бірге үздіксіз май фазасымен қатар кейбір бөлігінде үздіксіз 
су фазасы болатыны жөнінде деректер бар (А.И.Титов). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   96




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет