Байболова Л. К., Абжанова Ш. А., Жаксылыкова Г. Н., Бердығалиұлы С


Майдың физика-химиялық қасиеттері



Pdf көрінісі
бет84/96
Дата02.03.2022
өлшемі1.98 Mb.
#455902
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   96
Байболова Л.К. Ет және сүт өнімдерін.....

Майдың физика-химиялық қасиеттері 
Сары майдың сапасы алдымен онда 78,0-82,5% кем емес мөлшерде 
болатын сүтті майдың құрамына мен қасиеттеріне байланысты. Сүтті май, 
айтылғандай 20 аса майлы қышқылдардың триглицеридтерінің күрделі 
қоспасы болып табылады. 
Сүтті майдың құрамына кіретін жекелеген май қышқылдарының 
мөлшері бірқатар жадайларға (жем, сауын маусымы мен т.б.) байланысты 
елеулі құбылады. Майдың қасиеттері бұл ретте белгілі бір көлемде өзгереді. 
Май құрамын анықтау күрделі, сондықтан оның ең елеулі қасиеттерін 
сипаттау үшін сандар (константалар) деп аталатын шартты көрсеткіштерді 
анықтаудың қарапайым әдістері әзірленген.
Рейхерт-Мейссль саны сүтті майда ұшқыш, суда ерігіш май, капрон 
қышқылдарының мөлшерін сипаттайды. Сүтті май ұшқыш ерігіш май 
қышқылының мөлшері бойынша басқа майлардан ерекшеленеді. Сүтті 
майдың Рейхерт-Мейссль саны 20-30 құрайды. 


140 
Рейхерт-Мейссль саны бойынша сүтті майдың табиғилығы жтуралы 
айтуға болады. 
Ұшқыш суда ерігіш майлық қышқылдар саны - Рейхерт-Мейссль саны 
– 5 г майдан алынған ұшқыш суда ерігіш майлы қышқылдарды титрлеуге 
(бейтараптандыруға) жұмсалған күйдіргіш натрдың 0,1 н санына тең. Майды 
колбада күйдіргіш натрмен сабындайды, содан кейін май қышқылдары мен 
күкірт қышқылды натрийге күкірт қышқылымен ыдыратады. Ұшқыш 
қышқылдарды бумен тоңазытқыш арқылы айдап, алынған сүзіндіні 
фенофталеин индикаторында сілтімен титрлейді. 
Бос күйінде майлы және капрон қышқылдарының дәмі жағымсыз ащы 
болады. Бұзылғанда сүтті май глицерин мен бос майлы қышқылдарға 
ыдырайды. Ашыған иісті аталған майлы қышқылдар мен одан да терең 
ыдыраудың басқа заттары тудырады. 
Поленске санымайдағы ұшқыш суда ерімейтін майлы қышқылдар – 
каприл, каприн мен жартылай лаурил қышқылдарының мөлшерін 
сипаттайды. 
Бумен айдағаннан кейін суда ерімейтін майлы қышқылдарды еритін 
қышқылдардан сүзгілеу арқылы бөліп алады. Тиісті өңдеуден кейін сүзгіні 
үш рет 15 мл порциямен 90% бейтарап спиртпен жуады. Ұшқыш суда 
ерімейтін майлы қышқылы бар алынған ерітіндіні фенолфталеин 
индикаторында 0,1 н. сілті ерітіндісімен титрлейді. Поленске саны 5 г. майға 
бөлініп 
шыққан 
ұшқыш 
суда 
ерімейтін 
майлы 
қышқылдарды 
бейтараптандыруға жұмсалған 0,1 н. күйдіргіш натрдың (калидің) мөлшерін 
көрсетеді. Сүтті майы үшін Поленске саны 1,3 – 3 тең. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   96




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет