Ортомиксовирустар (грекше: orthos - тікелей, тура; туха - кілегей, шырыш) деп аталуы тыныс алу жолдарының шырышты қабатының мукопротеидтеріне бейімділігімен, яғни жасушалардың беткейлік рецепторларына - гликопротеиндеріне жабысу қабілеттілігімен байланысты.
Таксономиясы. Тұқымдастығы: Orthomyxoviridae
Туыстастығы: InfluenzavirusAInfluenzavirusBInfluenzavirusC
Түрлері: InfluenzaAвирусInfluenzaBвирусInfluenzaСвирус
Influenzavirusтуыстастығыныңвирустарытұмау (грипп) дегенатқаиеболғанауруларқоздырады (французша: agripper - ұстапалу, қырнаудегенмағынабілдіреді). Грипп - тынысалужолдарынзақымдайтын, денеқызбасымен, жалпыинтоксикацияланумен, жүрек- тамыржәненервжүйелерініңзақымдануыменсипатталатын, вирустарқоздыратынадамдардынжеделжұқпалы ауруы
Антигендік құрылымы. А типіне жататын грипп вирусының беткейлік антигендерінің құрылымы тұрақты өзгеріп отырады. Н және N антигендеріндегі өзгерістер бір-бірінен тәуелсіз жүреді. В типінің антигендік кұрылымы тұрақтылау болады, дегенмен, олардын да 5 типшелері (подтипі) бар. С типті грипп вирусы антигендік құрылымы бойынша ең тұракты болып келеді.
Грипп вирустарының ішкі антигендері - NP және М-ақуыздар-типтік спецификалық антигендер болып табылады, КБР көмегімен анықталады ( А, В, С грипп вирустары бір-бірінен типтікспецификалык антигендері бойынша айырмашылығы болады). Беткейлік антигендері ол гемагглютинин және нейраминидаза, олар грипп вирусының типшелеріне (подтипы) тән антигендер, оларды ГАТР көмегімен аныктайды. Беткейлік антигендер протективті антиген болып табылады, өйткені организмде вирус бейтараптаушы антиденелердің әсері тек соларға ғана бағытталган, яғни гемагглютинин организмде вирус бейтараптаушы антиденелердің антигемагглютининдердің пайда болуын колдайды. А типіне жататын грипп вирусының ерекше өзгергіштігі 2 үрдіс бойынша түсіндіріледі: антигендік шифт және дрейф. Грипп вирусының антигендік өзгергіштігі вирус геномының фрагменттілігімен (8 сегменттен тұрады) байланысты. Антигендік дрейф ол нүктелік мутациялардың пайда болуына бақылау жасайтын гендерде шамалы езгерістердің туындауы. Нәтижесінде вирустар популяциясында жаңа серологиялык варианттар пайда болып отырады, олардың бастапкы штамға қарағанда айырмашылығы шамалы, бірақ бұл өзгерістер типше (подтип) шегінен шықпайды. Пайда болған жаңа варианттар оқтын-оқтын грипп эпидемиясының дамуына себепкер болады. Ұжымдық иммунитет жана антигендік варианттардың сұрыпталу факторы болып табылады. Гриптің әрбір жаңа эпидемиясын адам популяциясының иммунологиялык фонына қарағанда салыстырмалы түрде жаңа қасиеттерге ие болған вирустар қоздырады. Антигендік шифт кезінде екі вирустың арасындағы рекомбинациялык процестің барысында геннің толық ауыстырылуы болады. Шифт нәтижесінде антигендік құрылымы толық өзгеріске ұшырайды да, вирустың жаңа типшесі пайда болады, олар ез кезегінде пандемия немесе ірі эпидемиялар қоздыруға себепкер болады. Жаңа типшелер пайда болуында жануарлар мен құс тұмауының вирустары әсер етеді деген болжам бар. 10-20 жылдай уакыттан сон адам популяциясында грипке қарсы антиденелері бар иммундық әлеуметтік топ күрт азаяды, ол пандемия қалыптастыруға әкеледі.