Бактерия жасушасының құрылымы. Құрылымдар, олардың функциялары


В гепатит вирусы – таксономиясы; антигендік құрылымы;вирустың өмірлік циклі, диагностикалық әдістер; арнайы алдын алуы



бет9/16
Дата27.10.2023
өлшемі112.15 Kb.
#481796
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16
"Бактерия жасушасының құрылымы. Құрылымдар, олардың функциялары"

16.В гепатит вирусы – таксономиясы; антигендік құрылымы;вирустың өмірлік циклі, диагностикалық әдістер; арнайы алдын алуы.

Гепатит В-кан аркылы және қанмен жанасу (контакт) механизмімен берілетін, бауыр зақымданып,жедел және созылмалы гепатит дамуымен сипатталатын жұқпалы ауру. Таксономиясы.
Тұқымдастығы: Hepadnaviridae
Туыстастығы: Orthohepadnavirus (адамдардың В гепатит вирусы)
Avihepadnavirus (үйректердің В гепатит вирусы)
Typi Hepadnavirus B
Құрылымы. Гепатит В вирусының вирионы сфера пішінді, диаметрі 42 нм.Вирионның жүрекшесі - нуклеокапсид, икосаэдр пішінді, 180 капсомерлерден тұрады (НВс-антиген). Айналасы сырткы липопро- теинді кабыкшамен қоршалған (суперкапсид-HBs антиген). Вирионның құрамына ДНК, ақуыздар, липидтер, Ферменттер және көмірсулар кіреді. Жүрекшенің ішінде ДНҚ, ДНҚ-полимераза және акуыз орналаскан (НВе-антиген).
Антигендері. Гепатит В вирусының құрамында 4 антиген табылған: НВѕ, НВc, НВe, НВх. HBs (австралиялык антиген, немесе беткейлік) антиген қан құрамында табылады. Вирустың суперкапсидінде HBs антиген орналасады. Оның құрамында екі полипептидті фрагменттер табылған: рrе- S1-айкын иммуногендік касиеті бар; рге-S, вирустың гепатоциттерге жабысуына (адсорбциялануына) жауапты полиглобулинді рецептор болып табылады. Қанда HBs антигеннің болуы организмнің гепатит в вирусымен инфицирленгендігін көрсетеді.
НВс-жүрекшелік антиген. Ол гепатоциттер ядросында орналасқан вирионның жүрекшесінің құрамына кіреді (нуклеокапсид болып табылады) және қанға түспейді, яғни бос күйінде қанда табылмайды. Бұл антиген вирустың гепатоциттерде репликациялана басталғанын көрсетеді.
НВe -антиген де жүрекшелік антиген. НВc-антигеннен ол гепатоциттер мембранасынан өткен кезде белініп шығады. Канда НВе-антигеннің пайда болуы вирустың гепатоциттерде репликациялануымен байланысты. Созылмалы гепатитке шалдыққан пациенттердің қанында НВе-антиген табылуы процестің ку-шейгенін көрсетеді, ондай наукас эпидемиологиялық тұрғыдан өте қауіптілік туғызады.
НBx - антигеннің гепатоциттердің қатерлі ісіктік трансформациялануына қатысы бар. Қан сарысуында ДНҚ вирустың басқа антигендерімен қатар бір мезгілде пайда болады. Ауру басталғаннан кейін екінші аптаның басында қан айналымына жайыла бастайды. Ұзақ уақыт персистенциялануы індеттің созылмалы түрге айналғанын дәлелдейді. Жедел В гепатит диагнозын к ДНҚ-н аныктау сирек пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет