Микробиологиялық диагноз қою. Зерттеу заттары: мұрын-көмей шайындысы, кан, коньюнктива бөліндісі, секциялық материал. Вирус штамдарын бөліп алу (вирусологиялық әдіс): Тауық эмбрионына жұқтыру; жасуша дақылдарына жұқтыру (адам және иттің эмбрионының бүйрегінен дайындалған біріншілік жасуша дақылдары, тауық эмбрионының фибробласты, ауыспалы жасуша дақылы - МДСК); зертханалык сезімтал жануарларға жұқтыру (ақ тышқандарға). Вирусты индикациялау: Эмбрионның өлуі; ХАҚ (ХАО)-да түйіншек-таңдақтар пайда болуы; ЦП (ЦПД), ГАР,ГАДР; Зертханалық жануарлардың елуі (ағзаларында өзгерістер болуы) бойынша жүргізіледі. Вирусты идентификациялау: ГАТР, БР, КБР, ИФТ, ИФР, молекулалық гибридизациялау әдістері бойынша атқарылады. Серологиялық әдіс (ретроспективті диагноз кою): ГАТР, БР, КБР, ИФТ. Жедел (экспресс) диагноз қою: ГАТР, ИФР, ИФТ, ПТР.
Спецификалык профилактикасы. Қазіргі кезде грипп инфекциясына қарсы бірнеше вакциналар колданылады:
- Ультравак аллантоистық құрғақ тірі вакцина интраназальдік (Ресей); - инактивацияланган элюатты центрифугаланған сұйық вакцина (Ресей);
- Грипповак инактивацияланған центрифугаланған сұйық вакцина (Ресей);
- хромотографиялық инактивацияланған сұйық вакцина
- Гриппол полимер суббірлік вакцина (Ресей);
- Агриппал S1-суббірлік вакцина (Германия); - Бегривак-ыдыратылған сплит вакцина (Германия);
- Ваксигрипп сплит вакцина (Франция);
- Инфлювак суббірлік вакцина (Голландия); - Флюарикс сплит вакцина (Германия, Англия, Бельгия)
Грипп инфекциясына қарсы вакциналардың бәрі тривалентті. Олардың құрамында вирустың үш штамы болады, оның екеуі А типінікі (антигендік формалары HINI, H3N2), біреуі-В типінікі. Жас - балалар (7 жаска дейінгі) үшін профилактикалык максатта сплит және суббірлік вакциналар қолданы- лады.Сплит - ол реактогенді липидтерден тазартылған, детергентпен ыдыратылған грипп вирусынын вирионынан тұрады. Суббірлік құрамында спецификалық белсенді компоненті ретінде вирустын тек кана беткейлік антигендері гемагглютинин (НА) және нейраминидаза (NA) болады. Бүтін вириондық және - сплит-вакциналардың құрамында НА және NA-дан басқа грипп вирусының консервацияланған ішкі акуыздары (матрикстік және нуклеопротеиндік) болады. Олар егу кезінде Т-лимфоциттердің жасушалык иммунологиялык жадында сактау кабілеттілігінің ауқымдылығы мен ұзақтығына едәуір әсер етеді Сонымен бірге, бүтін вириондық және сплит-вакциналар антиген-өкілеттілік түрі бойынша қолайлы. Өйткені олардын протективті антигендері вирустық мембранаға немесе оның фрагменттеріне жапсырылган. Суббірлік вакциналарда гемагглютинин және нейраминидаза жекеленген молекулалар түрінде беріледі. Вакцинация барысында айқын иммунитет 3-4 аптадан кейін байқалады. Вакцина егу антигендік сәйкестігіне карай 1-3 жылға дейін грипп вирусына карсы қорғаныс қабілеттілігін камтамасыз етеді. Грипп инфекциясына карсы колданылатын вакциналардың бәрінің профилактикалык төзімділік коэффициенті жаксы (50-80%). Тауық тұқымының ақуызына аллергиялык жагдай грипп инфекциясы кезінде колданылатын вакциналардың бәріне қарсы көрсеткіш (противопоказание) болып табылады.