Бактерия жасушасының құрылымы. Құрылымдар, олардың функциялары


Мерездің қоздырғышы – таксономиясы; морфологиясы мен дақылдық қасиеттері; патогенділік факторлары, зертханалық диагностикасы; алдын алуы



бет8/16
Дата27.10.2023
өлшемі112.15 Kb.
#481796
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
"Бактерия жасушасының құрылымы. Құрылымдар, олардың функциялары"

Мерездің қоздырғышы – таксономиясы; морфологиясы мен дақылдық қасиеттері; патогенділік факторлары, зертханалық диагностикасы; алдын алуы.

Мерез. Бозғылт трепонема (Treponema pallidum).
Таксономиясы
Mepes Treponema pallidum, (pallidum түршесі ) тудыратын жүйелі, созылмалы, жұкпалы венерологиялык ауру,
Тұқымдастығы: Spirochaetaceae
Туыстастығы: Treponema Typi: Treponema pallidum
Мерез коздыргышын Treponema pallidum (латынша trepo — бұру, пeтo жіпше) 1905 жылы: Шаудин мен Э.Гофман ашкан.
Морфологиясы және тинкториалдық қасиеттері. «Бозғылт трепонема» атауы анилинді бояулармен боялу кабілетінің төмен болуына байланысты. Баска да патогенді трепонемалар бар, олар тудыратын аурулар кобіне ыстык және ылғалды климатты аймақта кездеседі. Бозғылт трепонема спираль пішінді жінішке бактерия, біркелкі ұсақ бұрамалары бар, бұрамаларының саны 8 12. Романовский-Гимзе адісімен болганда
ерекше солгын-кызғылт түске боялады.
Бозгылт трепонема көлденеңінен екі немесе бір мезгілде бірнеше сегменттерге бөлініп көбейеді, олардын аркайсысынан жеке дара (особь) өсіп жетіледі. Трепонемалардың бөліну барысы 30-33 сағатқа созылса, есіп-жетілуі 1,5-2 сағатқа созылады. Спиральдан басқа да пішіндері болуы мүмкін циста гранула, L-пішінді. Циста түзу қоздырғыштың қолайсыз жағдайда түрін сақтау және кобейе алу тәсілі. Циста тузу кезінде иірімдері бұралып, шеңберленіп, сыртынан көп кабатты коргаушы кабык пен капсула тәрізді қоймалжынмен капталады. Циста трепонемалардын тыныштық күйі сиякты карастырылады. Циста тузіліп болган сон ұзак уакыттардан кейін, қолайлы жағдай туғанда аналык жасушадан ұсак домаланган немесе кішігірім иректелген бастапкы штамға ұқсас жана популяция пайда болады. L- трансформация бозғылт трепонеманың тірішілігін сақтау мүмкіндігі. Ол түрлі химиялык заттар (сульфаниламидтер. антибиотиктер),физикалық факторлар (жогары температура, сәулелену), сонымен бірге иммунитеттін спецификалык жане бейспецификалық факторларының әсерінен болады. L. трансформация кезінде жасуша кабыгынын синтезі баяулайды, ал протоплазматикалык цилиндрдің диаметрі ұлғаяды. Микроорганизм беліну қабілетін жояды. Жасуша кабыгын толыктай немесе жартылай жоюына байланысты пішіні шар тәрізді болып өзгереді де сыртынан уакытша мембраналык кабықпен капталады. L- пішіннің мөлшері ксак, ірі, кейде бүршіктенген шарлар тәрізді көрінеді. Микроорганизмге қолайлы жағдай болғанда бастапка пішініне оралады.
Дақылдандыруы. Бозғылт трепонема облигатты анаэроб, арнайы коректік орталарда есуі қиын. Қолайлы коректік орта құрамына ми немесе бүйрек тіндері косылады. Тауыктардың ұрықтарының Хорионаллантоистык тіндерінде, қоянның кан сарысуына ми тіндерін қосып, вазелин майының астына сепкенде жаксы есу танытады. Қоректік ортада өсетін трепонема дакылдык спирохета патогенді
Турінен вируленттілігінің төмендігімен ерекшеленеді, дегенмен антигендері ұксас, сондықтан мерезге серологиялык диагноз коюда колданылады. Патогенді спирохеталар дақылын алу үшін орқоянның жыныс мүшесіне жұқтыру қолданылады. Өсу температурасы 3440°С (анаэробты жағдайда). Микроаэрофил, жасанды коректі ортада өспейтіндіктен биохимиялық қасиеттері нашар зерттелген. Көптеген дақылдарына тән касиет-адамның, қоянның, теңіз шошқасының, қойдың, жылқының эритроциттерін гемолиздеуі. Кейбір штамдары глюкозаны, галактозаны, сахарозаны, мальтозаны, маннитті газ түзіп ыдыратады, индол, күкіртті сутек түзеді, желатинді сұйылтады.
Антигендік қасиеті Бозғылт трепонема баска трепонемалармен қатар адам мен жануарлар тіндерінің липоидты байланыстарымен антигендік жақындығымен сипатталады. Қоздырғыштың бірнеше антигені анықталған, онын ішінде протеиндер, полисахаридтер, липидтер кешені жасуша кұрлымына кіреді. Липо- протеидтері адам мен ірі қара мүйізді малдардың антигендеріне ұқсас, өте сезімтал антиген. Бозғылт трепонемалардын ақуыздық антигендік құрлымы күрделі. Спецификалық антиденелері бактерияларга иммобилизацияланып, антидене тауелді цитотоксиндік қалыптастырады. Ауру барысында реагиндік типтік бейспецификалык өнімдер (вассермандык АД) түзіледі.
Патогенділік факторлары. T.pallidum-ның негізгі патогендік факторы микроорганизмнің макроорганизм жасушаларына фибронектиннің көмегімен жабысуы. Трепонемалар көбейген кезде тамырлардың айналасындағы мукоидтык затты бұзады, ол тамырлардың қабырғаларының бұзылуына, кейіннен тромбозга, өлі еттенуге және тіндердің ыдырауына әкеледі. Вируленттілік факторлары улылык касиетке не ЛПС пен жасуша қабығының белоктары. Иммунды патологиялык үрдістің дамуына липопротеиндер катысады. Зертханалық штамдар вируленттілік касиеттерін біртіндеп жоғалтады, оны организмге пассаж жасау арқылы сактауға болады. Ол үшін кояндардың аталық безіне жұқтырып, орхит ауруын қоздырады және көздің мүйізді қабығына жұқтырады. Бірақ маймылдан басқа жануарларга T.pallidum aз патогенді
Микробиологиялык диагноз қою. Зерттеу материалы: шанкр бөліндісі (1 кезен); бөртпе беліндісі лимфа түйіндерінен пунктат (II кезен); кан (II, III, III кезең); жұлын сұйықтығы (IV кезен). Бактериоскопиялық зерттеу. Қатты шанкр бөліндісінен, бөртпелерден, лимфа түйіндерінен пунктат алып бозғылт трепонеманы анықтау үшін түнек айдынды микроскоппен қарайды. Ол үшін зерттеу Материалынан безілген» тамшы әдісімен препарат дайындайды. Оң нәтижелі болса нәзік, ұзындыгы 14 мкм болатын біркелкі 10 - 12 иірімі бар ирекше микроорганизмдер анықталады. Т.pallidum болса козгалысы маятник тәрізді немесе иіліп, жазылып қозғалады. Ауыз қуысындағы шанкрден аныкталса, онда баска сапрофиттік трепонемалардан ажырату керек. Ол үшін сол мандағы лимфа түйіндерінің пунктаттарынан коздырғыш табылуы керек. Романовский-Гимзе әдісі бойынша препаратты бояп, тексеру. Фиксациядан кейін (3-4 мин. 4% формалинмен 2 сағат өңдеу) жағындыны 24 сағат бойы бояйды немесе бу шыққанша қыздырып бояйды, бояуды бірнеше рет ауыстырып отырады, соңғы бояу 5 минут ұсталады. Боялған препараттарды сумен шайып, ауада кептіреді. T.pallidum бозғылт қызыл түске боялады, баска микрофлора өкілдері- кұлгін туске боялады.
Морозов бойынша күмістендіру кезінде T.pallidum қара немесе қошқыл қоңыр түске боялады. Бурри бойынша болмай қарағанда бұрамалары жаксы көрінеді. Екіншілік және үшіншілік мерез кезінде дал осындай әдіспен теріден алынған материалдарды зерттейді
Бактериологиялық зерттеу әдісі қоздырғыш жасанды коректік орталарда нашар есетіндіктен колданылмайды.
Алдын алуы. Арнайы сақтандыруы жок. Бейспецификалык сақтандыру жеке гигиенаны сактауға, сондай-ак когамдык сипаттағы санитарлы-гигиеналық шаралар кешенін жүргізуге негізделген: мерез ауруларын тіркеу, жұқпалы түрдегі барлык наукастарды ауруханада емдеу, наукастың жанұясындагы барлык адамдарды тексеру, кауіп төндіретін топтарды (нашақорлар, жезөкшелер, гемосексуалистер, донорлар) жүйелі түрде зерттеу, тұрғындардың арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу т.б.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет