Коронавирустар- адамдар мен жануарларда жедел респираторлы аурулар және гастроэнтериттер қоздыратын РНК- геномды вирустар.
Таксономиясы. Тұқымдастығы: Coronaviridae
Туыстастығы: Coronavirus- жұқпалы бронхит вирусы. Torovirus- жылкылардың торовирусы.
Адамдар мен жануарларда ауру қоздыратын 10-нан астам түрлері аныкталган. Құрылымы. Вириондары сфера пішініді, диаметрі 80-200 нм (2 сурет). Вириондардың суперкапсиді бар. Оның сыртында ұзындығы 12-24 нм мойыны жіңішке және шар немесе алмұрт пішініді басы бар гликопротеинді тікенекшелері болады. Олар күн айналасындағы сәулеге, яғни тәжге (корона- таж) уксас, сондыктан осы тұқымдастыкты Coronaviridae деп атаған. Вирионның жүрекшесінде спираль типті симметриялы нуклеокапсид орналасқан. Тікенекшелері вирустың жасушаға жабысуына жауапты. Вирус жасушага суперкапсидтің жасуша мембранасымен косылуы арқылы енеді. Геномы сегменттелмеген плюс РНҚ- нын молекуласынан тұрады, онымен нуклеокапсидтік акуыз байланыскан. Сонымен. вирионның кұрамында ақуыздардың үш түрі бар: РНҚ-мен байланыскан нуклеокапсид акуызы, матрикстік акуыз (нуклеокапсидті сыртынан жауып тұрады) және суперкапсидтік гликозирленген ақуыздар.
Антигендері. Адамдар мен жануарлардан бәлініп алынған коронавирустарды антигендік құрамы бойынша 4 топка бөледі. Вирионның құрамында бірнеше антиген болады. Адамдардан бөлініп алынган коронавирустардың антигендері жануарларға патогенділеріне қарағанда антигендік қасиеті бойынша едәуір айырмашылығы бар.
Микробиологиялық диагноз қою. Зерттеуге алынатын заттар: жұтқыншақ және мұрын сілемейлері, нәжіс. Вирусты бөліп алу: адам эмбрионының тіндерінен дайындалған жасуша дақылдарына жұқтыру; жана туылған тышқандарға жұқтыру; біріншілік диплоидты жасуша дақылдарына жұқтыру. Серологиялык диагноз қою- БР, КБР. Жедел диагноз қою- ИФР. Емдеуі симптоматикалык.
Алдын алуы. Медициналық жалпы сақтану шараларын орындау. Спецификалық профилактикасы жок. Коронавирустардың антигендік варианттарының көп болуына байланысты тиімді вакцина дайындау казіргі кезге дейін жолға қойылмай отыр