Бактерия жасушасының құрылымы. Құрылымдар, олардың функциялары


Эшерихиоздың қоздырғыштары – таксономиясы; морфологиясы мен дақылдық қасиеттері; диареягенді E.coli -дің патогенділік факторлары; микробиологиялық диагностикасы



бет7/16
Дата27.10.2023
өлшемі112.15 Kb.
#481796
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
"Бактерия жасушасының құрылымы. Құрылымдар, олардың функциялары"

Эшерихиоздың қоздырғыштары – таксономиясы; морфологиясы мен дақылдық қасиеттері; диареягенді E.coli -дің патогенділік факторлары; микробиологиялық диагностикасы

Таксономиясы. E.сoli - Enterobacteriaceae тұқымдастығының Gracilicutes бөлімінежататын Escherichia тобының негізгі өкілі.
Эшерихиоздар - Escherichia coli тудыратын аурулар. Ішек таяқшасын Т. Эшерих ашты (1885).
E.coli-дің маңызы. Ішек таяқшасы – тоқ ішектегі қалыпты микрофлораның өкілі; бірқатарпайдалы қызметтер атқарады:
1.Ішек ауруын тудыратын бактерияларға антагонист
2.В, Е, К топтағы витаминдерді синтездеуге қатысады
3.Клетчатканы жартылай ыдыратады
4.Қоршаған орта нысандарының фекалды ластануын анықтау үшін санитарлық-көрсеткіш микроорганизмі ретінде қолданады.
E.сoli адам ағзасына зиян келтіруі мүмкін. Тоқ ішекте мекендейтін шартты-патогенді штамдары ағзаның иммунды жүйесі әлсірегенде асқорыту жолынан тыс әртүрлі іріңді-қабына ауруларды тудыруы мүмкін: циститтер, отиттер, менингиттер, тіпті коли-сепсис. Бұл ауруларды парентералдық эшерихиоздар деп атайды.
E. сoli-дің патогенді штамдары ағзаға сырттан түсіп энтералды (ішектік, эпидемиялық) эшерихиоздар - колиэнтерит деп аталатын ауруларды таратады.
E. сoli-ді 4 серологиялық топтарға бөледі
—Энтеротоксигенді ішек таяқшалары (ЭТІТ) - балаларда тырысқақ тәрізді ауру;
—Энтероинвазивті ішек таяқшалары (ЭИІТ) - дизентерия тәріздес ауру;
—Эннтеропатогенді ішек таяқшалары (ЭПІТ) - бір жасқа дейінгі сәбилерде диарея (іш өту);
—Энтерогеморрагиялық ішек таяқшалары (ЭГІТ) - қантышқақ, гемолитикалық уремия, тромбоцитопениялық пурпура.
Ересек адамдар да ауырады, оларда эшерихиоз, тырысқақ немесе шигеллез түрінде жүруі мүмкін. Сонымен қатар, E.coli тағамдық токсикоинфекцияның себепкері болуы мүмкін.
Морфологиялық және тинкториалдық қасиеттері. E.сoli екі шеттері жұмырланған, ұсақ, грам теріс таяқшалар, жағындыда бейберекет орналасқан, спора түзбейді, кейбір штамдары микрокапсулаға ие, перитрихтар; талшықтардан басқа, кейде пили (кірпікшелер) анықталады.
Дақылды өсіру. Ішек таяқшасы - факультативті анаэроб, қоректік ортаға талғамсыз, 37ºС-та және рН 7,2-7,4 болатын қарапайым қоректік орталарда жақсы өседі, сұйық ортада диффузды лайлану түрінде өседі және тығыз қоректік орталарда түссіз колониялар түзеді. Эшерихиоз диагноз қою үшін Эндо, Левин және т.б. дифференциалды-диагностикалық орталар кең қолданылады.
Патогенді факторлары. E.coli энтеротропты, нейротропты, пирогенді әсер ететін эндотоксин түзеді (ЭПІТ тобы). ЭПІТ тобы ащы ішектің эпителиіне жабысып немесе адсорбцияланып экзотоксин түзеді, ол ащы ішек қуысында су мен хлоридтің мөлшерден көп бөлінуіне алып келеді және натрийдің кері сіңірілуін бұзады, нәтижесінде ішектің жиырылуын, іш өту мен сусыздануды күшейтеді. Патогендік факторларға адгезиялық, инвазиялық факторлар, ферментер және токсиндер (гемолизин), фагоцитозға кедергі жасайтын микрокапсула жатады.
Микробиологиялық диагностикасы. Зерттеуге арналған негізгі материал - нәжіс. Негізгі әдіс – бактериологиялық әдіс. Диагноз қою алынған таза дақылдың түрі (грам теріс таяқшалар, оксидазатеріс, глюкоза мен лактозаны қышқыл мен газға дейін ыдыратады, индол түзеді, күкіртсутекті түзбейді) мен тегін анықтап қана қоймай, оның қай серологиялық топтарға жататындығын айқындайтын бактериологиялық әдістің көмегімен жүзеге асырылады. Түрішілік идентификация серологиялық топты анықтауға, яғни шартты-патогенді ішек таяқшаларды диареегенді таяқшалардан ажыратуға мүмкіндік береді; антибиотикограмманы міндетті түрде анықтаумен жүргізіледі. Эпидемиологиялық маңызы бар түрішілік идентификациялау диагностикалық адсорбцияланған агглютинациялық иммунды сарысулардың көмегімен анықталады (кесте).



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет