Морфологиясы. Стафилококтардын барлық түрлері шар тәрізді, дұрыс пішінді диаметрі 0,5-1,5 мкм жасушалар, грам он боялады, кеңістікте дұрыс емес бөлініп күзім шоғырына ұқсас шоктык түзеді (18,19,20- сурет). Жалғыз және қосақталған жасушалар да кездеседі. Спора түзбейді, талшықтары жоқ. Кейбір штамдары капсула түзеді. L-пішін түзуі мүмкін. Жасуша қабырғасында рибитолтейхой және глицеролтейхой кышкылдары және А протейінімен байланысқан жасуша қабырғасында көптеген пептидогликандар кездеседі. S.aureus-тің А акуызы адамның және көптеген сүткоректі жануарлардың IgG Fc-фрагментімен байланысады. Көптеген стафилококтар беткей орналаскан капсула түзеді.
Дақылдандыру. Стафилококтар қарапайым ортада (рН 7,0-7,5) өседі және факультативті анаэробтар, хемоорганотрофтар. Каталазасы бар, оксидазасы жоқ. Аэробты жағдайда өсіргенде амин кышкылдар және витаминдерді, анаэробты жағдайда - косымша урацил және көмірсуларды кажет етеді. Жоғары осмостык кысымга төзімді, соған байланысты стафилококтар құрамында тұздын жогары концентрациясы бар элективті коректік орта сарыуызды тұзды агар немесе сүтті-тұзды агарда есе алады. (18,19,20-сурет). - Сарыуызды - тұзды агарда бұлыңғыр, айнала - шеті тегіс, домалақ пішінді әртүрлі пигменттелген (сарғыш, сары, кызыл-сары түсті) колониялар түзеді. Колониялардың түсі липохромды пигментпен байланысты, оттегі бар жағдайда түзіледі, қан, көмірсулар немесе сүт қосылған коректік орталарда айкын белгіленеді. Пигменттің таксономиялык маңызы жоқ. Құрамында 8-10% NaCI бар ортада жаксы еседі. Сондықтан сарыуызды - тұзды агарда лецитовителлаза ферменттің түзілуіне байланысты колониялар айналасында тәж тәрізді сакина орналасады. Қанды агарда колониялар айналасында гемолиз аймагы пайда болады. Сұйық қоректік ортаны стафилококтар біркелкі лайландырады, кейін кілегейлі тұнба пайда болады.
Патогенділік факторлары микрокапсула, жасуша қабығының компоненттері, агрессия ферменттері (каталаза, гиалуронидаза, липаза, плазмокоагулаза, лецетиназа, фибринолизин, в лактамаза, гемолизин- б, в, г, ө) мен токсиндері (лейкоцидин, эксфолиатин, токсикалык шок синдромының токсині, энтеротоксиндер А, B, C, D, E, F) Стафилококтар өте бейімделгіш болып келеді: антибактериалды препараттарға тұрақтылығы жылдам пайда болады. Трансдукцияланатын фаг көмегімен бір жасушадан басқа жасушаға берілетін плазмидалар ете маңызды рол атқарады. R-плазмидалар бір немесе бірнеше антибиотиктерге тұрақтылығын қадағалайды, сонымен қатар жасушадан тыс бетта-лактамаза ферментін бөліп бетта-лактамды қатарға жататын антибиотиктерді бұзады.
ДиагностикаАстан улануларда S.aureus бөлінген болса, онын энтеротоксин түзуін биологиялык сынама аркылы аныктайды немесе гелдегі преципитациялык реакция аркылы анықтауға болады. Стафилококтык эпидемия ошақтарында инфекция көзін анықтау максатында адамнан бөлінген дакылдардын халықаралық 22 стафилококтык типтік бактериофагтар жинагы көмегімен фаготиптеу жүргізеді. Серологиялық әдіс тек созылмалы инфекцияларда колданады, онда анти-альфа-токсин және рибитолтейхой кышкылына антиденелер титры аныкталады. Микроскопиялық зерттеу көбінесе жүргізілмейді, себебі жағындыда стафилококтар жалғыздан, жұптан, төрттен орналасады. Стафилококтар туыстастыгына жаткызу олардын типті морфологиясына, жасушалардын боялуы, олардың кеңістікте орналасуы және глюкозаны анаэробты жағдайда ыдыратуына негізделген