Бактерия жасушасының құрылымы. Құрылымдар, олардың функциялары


Микробиологиялық диагноз қою



бет6/16
Дата27.10.2023
өлшемі112.15 Kb.
#481796
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
"Бактерия жасушасының құрылымы. Құрылымдар, олардың функциялары"

Микробиологиялық диагноз қою. Зертханалық диагноз қою үшін экспресс әдіс, бактериологиялык және серологиялык әдістер колданады, ал пневмококтык инфекцияға күмәнданғанда косымша бактериоскопиялык пен биологиялык әдістер жүргізу қажет. Жеделдетілген әдіс: ИФТ, КОАР, ПТР. Бактериологиялық әдіс: Науқастың клиникалық белгілеріне байланысты алынатын зерттеу материалдары: 1) эндокардитке және сепсиске күмәнданған кезде - қан; 2) баспа мен скарлатина кезінде- бадамша бездері мен мұрын - жұтқыншақ кілегей қабығынан сүрінді және сілекей; 3) жарақаттар мен тері зақымданған кезде жарақат бөліндісі; 4) зақымданған жерлерден ірің; 5) жүкті әйелдердің қынабынан белінді; 6) төменгі тыныс алу жолдары зақымданғанда- какырык, бронхылардың шайындысы, екпе абсцессінін іріңін және плевра сұйықтығын пункция жасап алады.
Серологиялық әдіс созылмалы инфекциялык процесс кезінде немесе науқас антибиотиктермен ұзақ емделгенде коздырғыш бөлінуі қиындаған жағдайда қолданылады. КБР канда стрептококтык антигенді және токсиндерге спецификалык стрептококтық антиденелерді (көбінде стрептолизин О немесе стрептоки- наза) табу максатында кояды. Сонымен бірге серологиялық реакциялардың көмегімен тасымалдаушыларды да аныктайды.

  1. Туберкулездің қоздырғышы – таксономиясы; морфологиясы мен дақылдық қасиеттері; патогенділік факторлары; диагностикасы; арнайы алдын алуы.

Туберкулез қоздырғыштары Туберкулез (tuberculosis; латынша tuberculum төмпешік)микобактериялар туғызатын жұқпалы ауру, әр түрлі ағзалар мен жүйелерді (өкпе, ас корыту, зәр шығару жолдары, тері, сүйек, және т.б.) закымдаумен сипатталады.
Қазіргі кезде туберкулез қоздырғыштары М. tuberculosis complex тобын құрады:
M.tuberculosis-адамдық түрі, 80-85% жағдайда туберкулез тудырады;
M.bovis-гіздік түрі, 10-15% жағдайда кездеседі, (пиразинамидка төзімділік керсетеді);
M.africanum- африкалық тип, 90% жағдайда Онтүстік Африканың елінде кездеседі (тицетазонга төзімділік керсетеді); M.tuberculosis microti (M.microti)- тышкандык типі, адамдарда сирек кездеседі; M.avium-кустык типі, иммунды тапшылыкпен ауыратын адамдарда кездеседі.
Туберкулез коздырғышын Р. Кох (1882) ашқан. Осы қоздырғышты ашқаны үшін Р.Кохка 1911 жылы Нобель сыйлығы тағайындалды. Морфологиясы және тинкториалдық қасиеттері. Ұзын, аздап иілген, грам он, козғалмайтын, спора және капсула түзбейтін, Циль-Нильсен әдісімен боялатын таяқшалар. Электронды микроскоппен зерттегенде M.tuberculosis-те микрокапсула, көп кабатты жасушалық мембрана, цитоплазма қосындылары (вакуольдар, рибосомалар,) және ядролық субстанция табылды.
M.tuberculosis сырткы ортаның әсерінен өзгергіштікке ие. M.tuberculosis полиморфты, ол-актиномицеттер сиякты жіп, дәндік, кокк тәрізді, L-пішінді, фильтрден өтетін және ультра ұсақ жане баска турлер түзей алатындығымен байланысты. Полиморфизмі антибактериальдык препараттарды ұзақ уакыт пайдаланганда да көрініс береді. Өзгергіштіктігінің тағы бір түрі туберкулезге карсы препараттарга тезімділік пайда болуында. M.tuberculosis-тің антибиотиктерге төзімділігі плазмидті (R-плазмида) жане хромосомды (гендегі өзгергіштік) болады.
Антибиотиктерге резистенттілігі бойынша M.tuberculosis:
-монорезистентті: бір препаратка;
-полирезистентті: екі немесе одан көп препараттарға; -кеп дәрілік резистентті: кем дегенде изониазид пен рифампицинге; -поливалентті: барлық туберкулезге карсы препараттарга деп белінеді.
Емдеген кезде олар организмде жылдам пайда болады, дегенмен, макрофагтардын ішінде ұзак уақыт персистенцияланады. Соның нәтижесінде туберкулезге карсы стерилді емес иммунитет қалыптасады. Туберкулез таякшасының құрамында микол қышкылы, липидтер, майлы-балауызды заттар кеп болгандыктан бірнеше касиеттерге не болады: әдеттегі бояулармен бояғанда тинкториалдык касиеттері темен, сырткы ортаның факторлары қышқыл, сілті, кептіру, дезинфектанттарға төзімді келеді. Морфологиялык варианттарының пайда болуын туберкулезге микробиологиялық диагноз қою жане емдеу кезінде ескеріп отыру кажет. M.tuberculosis-тің ең негізгісі микроскопияллық зерттеу әдісі, ол үшін патологиялық материалдан жагынды дайындап, оны Циль-Нильсен әдісімен бояйды. Ен бастысы жагындыны карбол фуксинімен бояп, 5% күкірт қышқылымен өндеп, 0,3% метилен кегімен соңынан бояйды. Препараттарды иммерсиялы жүйемен зерттейді. Қышқылға төзімді бактериялар кызыл түске, калгандары кек түске боялады. M.tuberculosis-тің қышқылға төзімділігі екі касиетімен байланысты: бояғыш заттарды нашар қабылдауы, ал кейбір бояғыштарды сіңірген соң қышқылмен, сілтімен, спиртпен өңдегенде түсін тұрақты сақтай алауы. Микобактериалардың осы қасиеттерінің маңызы өте зор, зерттейтін әдістердің барлығы осыған негізделеді (бактериоскопиялау, дақылдандыру, идентификациялау). Фильтрден өтетін ультра ұсақ пішінді микобактериялар туберкулездің созылмалы, каверна орналаскан деструкциялық түрлерінде және миллиарлы туберкулез кезінде бөлінеді, «қышқылға тұрақты емес» көгілдір варианттары сүйек туберкулезінің жабық ошақтарынан бөлінеді. Ал енді L-пішінді микобактериялар - көрініссіз, баяу, әлсіз дамитын науқастрдан бөлінеді. Фильтрлі, ультрамайда L-пішінді түрлері плацента арқылы және гематоэнцефалды кедергілерден ете алады
M.bovis - кыска, жуан дәнді таяқшалар. Қолайлы биологиялық үлгі- орқояндар. M.africanum — жұқа, ұзын таяқшалар. Қарапайым қоректік орталарда еседі. Ерекшелігі-қолайлы температурасы 40-42°С.
Адам ушін патогенділігі төмен. M.tuberculosis-тің вирулентті штамы тығыз ортада R-колония түзеді. Дакылдандыру. Микобактериялар аэробтар, факультативті-анаэробтар. Микобактериялар баяу кебейеді (жасушаның бір бөлінгені 14-18 сағат). Жасуша қарапайым екіге бөліну аркылы көбейеді. Микроколониялары сұйық қоректік орталарда 37°С-та 5-7 тәуліктен кейін көрінеді, тығыз коректік орталарда кезбен көрінетін колониялары 12-20 тәуліктен кейн пайда болады.
M.tuberculosis өсуі үшін құрамына: көмірсулар, азот, фосфор, магний, калий, натрий, темір, хлор, күкірт кіретін арнайы қоректік орталар кажет. Бұл микроорганизмдер көбею үшін өсу факторларын талап етеді, аталып отырған факторларга В тобына кіретін витаминдік құрылымдар, биотин, никотинамид жане баска заттар жатады. Осы факторлар М.tuberculosis дақылдандыратын қоректік орталардын кұрамына кіреді. Коректік орталар консистенцияларына қарай сұйық, жартылай сұйық және тыгыз болады. Кен тараган Левенштейн-Йенсен, Фини-2, Миддлбруктың әр түрлі тыгыз орталары, синтетикалык, жартылай синтетикалык Сотон орталары. Дюбо, Проскауэр-Гек, Шула, Школьников коректік орталары пайдаланылады. Жасуша қабырғасы зақымдалган микобактерияларды дақылдандыру үшін арнайы Колестос коректік ортасы қолданылады.
Сұйық орталарда 2-3 аптадан кейін микобактериялар әжімді қабық тузеді (R-пішінді), ал орта мөлдір түрінде калады. Сұйық орталарда өсіргенде M.tuberculosis корд-фактор түзеді, тығыз ортада сүйел тәрізді жайылып еседі. Сұйық ортада заттык айнекше бетіне микродакылдау жүргізгенде 3 тәуліктен кейін микроколониялар түзіледі, мұнда вирулентті миобактериялар көрілген шаш, бұрым» немесе «ширатылган жіп түрінде орналасады. Бұл феномен корд-фактор деп аталады. Әдісті Прайстың экспресс диагностикасы деп атайды. Қолайлы биологиялык үлгі теңіз шошқасы. Ферменттік белсенділігі. Туберкулез микобактерияларының биохимиялық белсенділігі әртүрлі, сондыктан оларды бір-бірінен және қышқылға тұрақты сапрофиттерден, шартты-патогенді микобак- териялардан ажыратуға мүмкіндік береді. Оксидоредуктаза ферменттерінің арасында амансы каталаза және пероксидаза, себебі қоздырғыштың вирулентілігі және де гидразид изоникотин қышқылы тобына жататын препараттарға тұрақтылығы солармен байланысты. Шартты-патогенді микобактериялар мен қышқылға тұрақты сапрофиттердің каталазасы термостабилді. Туберкулез қоздырғышының катализасы термолабилді. Изониазид сезімтал штамдары жоғары каталазалық және перкосидазалық белсенділік не, ал изониазид тұрақты бактерияларда осы касиет жойылған. Патогенді микобактериялар көп мөлшерде никотин қышқылын немесе ниацинді түзеді, олар сұйық қоректік ортада кеп мелшерде жиналып калий цианиді мен Б хлорамин ертіндісімен бірге дақылды ашық сарғыш түске бояйды (Конно ниацин сынағы)
Шартты-патогенді микобактериялар оң нәтижелі ниацинді сынама береді, нитратты калпына келтіреді, Мочевинаны, никотинамидты, пиразинамидты ыдыратады.
Патогенділік факторлары: гликолипид, туберкулопротеин (аллерген), эндотоксин. персистенциянын АЛА факторы. Сонымен қатар, жасуша кабыргасының құрамында кездесетін корд- фактор (вирулеттік факторы) M.tuberculosis-тің фагоцитоз кезінде макрофагтарга токсикалық әсер көрсетеді.
Микобактериялардың негізгі химиялық бөлшектері: ақуыздар (туберкуло-протеиндер), көмірсулар және липидтер. Баска бактериялармен салыстырғанда микобактериялардың құрамында липидтер көптен (10-40%) болады. Қышқылға тұрақты сапрофиттермен салыстырганда вирулентті микобактерияларда липид-тердін мелшері көп болып келеді. Қоздырғыштың патогенділігі микобактерияның жоғарыда көрсетілген химиялық құрамымен байланысты (гранулема және «казеозды» некроздың дамуы, фагоцитоз белсенділігінің төмендеуі», лимфоциттер миграциясының тежелуі ж.т.б.).
M.tuberculosis complex-тің түрлік негізгі ерекшелігі патогенділігі болып келеді, ол адам агзасынын тіндерінде кебею қабылетімен байланысты, сонымен катар зақымдалған ағзаларда туберкулездік гранулематоздык кабыну сияқты спецификалык морфологиялык реакциялар тудыруымен байланысты. Токсиген-діліктің немесе патогенділіктің негізгі факторы корд-фактор, ол жедел кабыну үрдісін қоздырады.
Микробиологиялык диагноз қою. Туберкулезге зертханалык диагноз кою микробиологиялык әдістеріге суйенеді, ол жарықтық және люминесценттік микроскопта зерттеу; бактериологиялык немесе академиологиялык әдіс. Оған коса микробтың өсуін анықтайтын радиометрикалык әдіс, ПТР колданылады. Зерттеуге алынған материалды қақпағы тығыз бұралып жабылатын стерильді контейнерлерге жинайды. Ол какырык, аспират, бронх пен асказаннын шайындысы, экссудаттар, операциядан кейінгі материалдар болуы мүмкін. Материалды зертханаға жеткізу кезінде күн сәулесінен, ыстыктан коргау керек. 48 сагаттын ішінде зертханага материал жеткізілсе оған консерванттар қажет емес. Туберкулезбен біріншілік жұқтырылғандарды туберкулинмен койылған реакция нәтижесі терістен онга айналган кезде (туберкулиндік сезімталдық «виражы») қорытынды диагноз коюды бастайды.
Бактериоскопиялық зерттеу. Бұл ең негізгі және кең таралған әдіс. Оның ерекшелігі карапайым және тез нәтиже беруінде. Бірақ оның мүмкіндігі төмен. Жасалған жағындыдан бірен-саран микобактериаларды көрінуі мүмкін, ал кеп бактериялар керу үшін 1 мл материалда 10 мыңнан 100 мын бактерия жасушалары болуы керек. Сол үшін бактериялар аз деген заттарга «байыту» әдістері колданы- лады. Зерттелетін заттарды «байыту» үшін әр түрлі әдістер, сонын катарында центрифугалау әдісі, какырыкты гомогенизациялау, флотациялау колданады. Микроскопиялық зерттеу жүргізгенде екі әдіс қолданылады: бірішісі тікелей микроскопиялау эдісі, ол әнделмеген заттан (ірің немесе қақырық түйіршігінен) жағынды дайындау; екіншісі себуге енделген заттың тұнбасынан жағынды дайындау. Дайын болған жағындыларды 15-30 минут бөлме температурасында кептіреді. Кепкен сон үш рет жалын устінен өткізеді, фиксациялайды. Қышқылға төзімді микобак- терияларды Циль-Нильсен әдісімен бояйды. От және фенолмен (карбол кышкылы) бірдей әсер етудін салдарынан, анилинді бояғыш заттардын микроб жасушасының қабырғасына, әсіресе қабырға кұрамындағы липидтер мен микол қышқылының бояуды сіңіруіне мүмкіндік береді. Қышқылға тезімсіз бактериялар кейінгі 3% тұзқышқылды спирт ерітіндісімен өңдегенде түссізденеді, ал микобактериалар кышкылга және спирттерге төзімді болғандықтан сіңірген қызыл түсін тұрақты сақтайды. Жағындыда түссізделген элементтер метилен көгімен боялады. Микроскоппен қарағанда топталып немесе «орілген шаш түрінде жагындыда орналаскан, ашық қызыл түсті таякшалар көрінеді. Сәулелі иммерсиялык микроскопта (объективі х 90, окуляры х 10) қарайды. Жалғыз жаткан микобактерияларды табу үшін 100 кору аймағын қараған жеткілікті.
Кейінгі жылдары люминисцентті микроскоппен зерттеу әдісі кең таралды. Осы әдістің аркасында Зерттеудін информативтілігі 14-30%-ға жоғарылады. Микобактерияларды люминисцентті арнайы бояғыштармен (аурамин, родамин т.б.) өндегенде олар микроб кабыргасындағы балауыз тәрізді заттармен байланысып, флюоресцентті сәулелермен жарықтандырғанда ашық-қызыл немесе қызғыш-сары түспен жаркырайды
Бактериологиялық әдіс. Дақылдық әдіс микроскопиялық тәсілге қарағанда жоғары сезімталдыкпен сипатталады. Таза дақыл бөліп алу үшін 1 мл зерттеу затында 20-100 микроб саны болса жеткілікті. Патологиялык заттан Левенштейн-Йенсен, Финн-2 коректі орталарына себінді жасайда, бір сепкенде құрамы әр түрлі 2-3 коректік орталарға себінді жасайда, сонда микобактериялардың есіп шыгуы ықтимал. M.tuberculosis-тің таза дақылын бөліп алғуға 3-8 апта уақыт кетеді. Алынган таза дақылдың биохимиалық касиетін зерттеп, идентификациялап, антибиотиктерге сезімталдығын анықтайды. M. tuberculosis complex идентификациялаганда биохимиялық негізгі тесттерді кояды:
- ниацин тест (никотин қышқылын бөлу кабілеті); - нитратредуктазасын анықтайды;
- термостабильді каталазасын аныктайды;
- натрий салицин қышқылымен өсуін байқайды.
Жедел диагноз коюга микродақылды Прайс әдісі қолданылады. Заттық әйнектің бетіне клиникалық материалды жагып, күкірт қышқылымен ендеп, натрий хлоридінің ерітіндісімен шайып, цитратты қан косылган коректі ортаға салып қояды. 3-4 күн 37°С-та инкубациялаған соң әйнектегі препаратты Циль-Нильсен әдісімен бояп, микроскопта қарайды. Алдын алуы. Туберкулездің арнайы сактандыруы тірі вакцина BCG енгізу, әрбір 5-7 жылда - ревакцинация жүргізу болып табылады. Бұл вакцинаны француз галымдары Calmette and Guerin 1921 жылы жана туылған сәбиге енгізген. БЦЖ вакцинасы М.bovis BCG -1 вакциналык штамының тірі жасушалары, 1,5% глутаминад натрий ерітіндісінде лиофильді кептірілген түрінде қолданады. Бір ампулада 1мг БЦЖ вакцинасы бар, ол 20 доза болады әр қайсысы 0,05мг препараттан тұрады. Бір ампуланы 2 мл 0,9% стерильді натрий хлорид ерітіндісінде езеді, 0,1 мл-лік шприцпен тек тері ішіне енгізеді (тері асты енгізсе суык абсцесс пайда болуы мүмкін). Туберкулезге карсы вакцинаның пайдалылығы вакцина енгізген балалар мен жас есперімдер арасында туберкулезбен ауыргандар саны төрт есе, өлім-жітім саны тоғыз есе азаяды. Жана туылган балаларга 4-7 куннен кейн вакцина егеді. Пайда болган иммунитет 5-7 жылға дейн сақталады, содан кейн ревакцинация жүргізу кажет. Ревакцинация жүргізер алдында Манту сынамасын қояды, 48 сағаттан кейн жергілікті реакцияның қорытындысын бақылайды. Тері асты суык абсцесс, 10 мм-ден үлкен жара, жергілікті



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет