Бактерия жасушасының құрылымы. Құрылымдар, олардың функциялары


Стрептококктар S. pyogenes (морфологиясы, тинкториалды және дықылдық қасиеттері, патогендік факторлары, зертханалық диагностика әдістері)



бет5/16
Дата27.10.2023
өлшемі112.15 Kb.
#481796
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
"Бактерия жасушасының құрылымы. Құрылымдар, олардың функциялары"

Стрептококктар S. pyogenes (морфологиясы, тинкториалды және дықылдық қасиеттері, патогендік факторлары, зертханалық диагностика әдістері)

Морфологиясы. Стрептококтар ұсақ, шар тәрізді жасушалар, тізбектеліп немесе жұптасып орналасады, грам он, спора түзбейді, қозғалмайды (21,22-сурет). Стрептококтардың көптеген штамдары гиалурон қышқылынан тұратын капсула түзеді. Жасуша қабырғасы акуыздан, (М-, Т- және R- антигені), көмірсудан (топтық спецификалық) және пептидогликаннан тұрады. Олар L-пішініне жеңіл түрде ауысады. Стрептококтардын беткейлі фимбрияларында орналасатын негізгі адгезині - липотейхой кышкылы бар
Дақылдандыру. Факультативті анаэробтар, капнофилдер, кейбір түрлері микроаэрофилдер. Көптеген түрлері анаэробты жағдайды талғайды. Көмірсу, кан, сарысу, асцит сұйықтығымен байытылған коректік орталарда өседі. Тығыз қоректік ортада ұсақ, сұр түсті колониялар түзеді. Сұйық қоректік ортада стрептококтар түбінде тұнба беріп өседі. Стрептококтар - факультативті анаэробтар. Қанды агарда альфа- гемолиз (жасылдану) және бетта-гемолиз (толык), гамма-гемолиз (көзге көрінбейді) береді (21- сурет). Адамнын негізгі аурулар коздыргыштары - А тобына жататын бетта-гемолиз беретін түрлері.
Патогенділік факторлары. Стрептококтар - шартты-патогенді микроорганизмдер. Патогенділік факторлары микрокапсула, жасуша қабырғасының компоненттері, агрессия ферменттері және поксиндер. Фимбрия акуызы немесе Макуыз негізгі патогенділік фактор. Онын антифагоцитарлык әсері Бар: фибриногенді, фибринді және олардың деградация өнімдерін байланыстырады; оларды ез беткейіне жабыстырып, комплемент компоненттері мен опсониндерге рецепторды бетперделеп өзгертіп отырады. Вирулентті, м антигені бар науқастан жана бөлінген штамдары адамнын канында есіп-көбейе алады, ал М антигені жок стрептококтардың дақылдары авирулентті болып келеді және адам канында фагоцитозга шырайды.
Маныздылығы бойынша стрептококтардың екінші патогенділік факторы - капсула, ол фагоцитоздан жорғайды және эпителиге жабысуын жеңілдетеді; капсула гиалурон қышқылынан құралгандыктан оның иммуногенді белсенділігі төмен. Ескере кету керек, бактериялар тіндерге инвазиясын жүргізгенде гиалурон кышкылын түзу аркылы өздігінен капсуласын ыдыратады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет