Білім алушыларды тәрбиелеуде қҰндылықҚа бағытталған тәсілді жүзеге асыру бағдарламасы


«Мен 10 жылдан кейін» проективті сурет салу жаттығуы



Pdf көрінісі
бет226/250
Дата14.09.2023
өлшемі5.22 Mb.
#477514
түріБағдарламасы
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   250
құндылыққа негізделген 1 бөлім

«Мен 10 жылдан кейін» проективті сурет салу жаттығуы 
Жұмыс «Мен 10 жылдан кейін» суретінен басталады. Қатысушылардың 
әрқайсысы қарапайым қарындашпен сурет салады. Жүргізушілер ешқандай 
қосымша нұсқауларды және қатысушылар арасындағы «Нені салу керектігін 
айт?» деген сөзге жол бермейді.
Суретте мамандықтың бейнелеуі міндетті емес. Қатысушылар суреттерге 
қолдарын қояды. 
Жүргізуші ойынға қатысушыларға суреттерді шеңбер бойына 
орналастырып, басқа қатысушылардан суреттерін айналып көруді және 
келесі сұрақтарды қарастыруды ұсынады: 
1. Суреттердің қайсысы оның авторына жақын? 
2. Мұндай қорытындыға не әкеледі? 
Содан кейін топ мүшелері шеңбер бойымен кезектесіп, сөйлейді. 
Осылайша, топтың әр мүшесінен кері байланыс алады және көптеген 
адамдарға олардың таңдауы туралы пікірлерін салыстыра алады. 
«Менің эмоцияларым» жаттығуы 
Оқушылар бастан кешкен эмоцияларды суреттерге салады: 
- олар болашақ кәсібін ойлайды; 
- олар өздері оқығысы келетін оқу орны туралы ойланады; 
- олар болашақ жұмыс орны туралы ойланады
- олар болашақ мансаптары туралы ойланады; 
- олар өздерінің әріптестері туралы ойланады; 
- олар адамдарға қандай пайда әкеле алатындығы туралы ойланады. 
 «Сен болашақ мамандығыңды білесіңз бе?» сауалнамасы - жаттығуы. 
Жаттығудың мақсаты - жеке кәсіби жоспардың қалыптасуын тексеру. 
Қатысушыларға қағаз және қарындаштар таратылады. Қатысушылар 
парақтың жоғарғы жағына өзі таңдаған мамандықты жазуы керек. Егер 
таңдамаған болса - өзінің сүйікті кәсібің жазу керек. Содан кейін 
қатысушылардан сауалнамаға жауап беруі сұралады («иә» немесе «жоқ»): 
1. Мамандықтың негізгі мазмұнын білесің бе? 
2. Сен еңбек жағдайлары мен жалақыны, біліктілікті арттыру 
мүмкіндіктерін білесің бе? 
3. Осы мамандық бойынша қандай оқу орындары мамандарды 
дайындайтынын білесіңз бе? 
4. Сенде мамандықты игеруге қажетті қабілеттер бар ма? 
5. Сен өзіңнің білім деңгейіңді таңдаған мамандығыңды игеру үшін 
жеткілікті деп санайсың ба? 
6. Сен мамандықты игеру үшін қандай мектеп пәндерін ең қажетті деп 
санайсың? 
Егер сауалнамаға жауаптардың 40-60% оң болса, онда барлық мақсаттар 
орындалды. 
Рефлексия:
- Бүгін сабақта не білдіңдер? Сен не түсіндің? Сен не білдің? 


505 
- Сынып сағатының түйінді сөздері қандай? [32]. 
https://multiurok.ru/files/klassnyi-chas-moia-profiessiia-eto-moie-
budushchie.html  
4. «Мен және мамандықтар әлемі» кәсіптік бағдар беру ойыны 
Сәлем, балалар! Балалар, сендер қазір мектептің оқушысыңдар, бірақ 
сендердің өмірлеріңде жаңа кезең басталатын сағат алыс емес. Сендер үшін 
бастысы - оқу, сендердің жан-жақты дамуларың - болашақ ересек өмірлеріңнің 
негізі болып табылады. Сендер мектепті бітірген кезде мамандық таңдау 
туралы байыпты ойланатын кез келеді. Бүгін біз де мамандықтар әлеміне есік 
ашамыз. Әлемде олардың саны 40 мыңға жуық. Мамандық таңдау - өмірлік 
маңызды мәселе.
Бүгін мамандықтар және осы мамандықтар адамдарының не істейтінімен 
танысу үшін біз сендермен болашаққа саяхат жасаймыз және өзімізді әр түрлі 
қызмет түрлерінде сынап көреміз. 
Саяхаттау қызықты болу үшін, біз командаларға бөлінеміз. Біздің 
ойынымызды қазылар алқасы бүгін бағалайды, оған мыналар кіреді: 
1. 
________________________________________________________________ 
2. 
________________________________________________________________ 
3. 
________________________________________________________________ 
4. 
________________________________________________________________ 
Сонымен. Біз бастаймыз! Бірінші ойыннан бастайық. 
Жеребе тарту үшін команда капитандары шақырылады. Сендерге 
карточканы таңдап алу керек.
Командаларға арналған тапсырма: 
Команда берілген әріптен басталатын мамандықтарды немесе кәсіптерді 
еске алып, атау керек. Әрбір аталған мамандық немесе кәсіп үшін команда 1 
ұпай алады. Егер аталған мамандыққа немесе кәсіпке күмәнданса, команда осы 
кәсіптің немесе мамандықтың өкілі не істейтінін түсіндіруі керек. Егер команда 
түсініктеме бере алмаса, онда жауап дұрыс болмайды. 
Орындалу уақыты - 3 минут. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   250




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет