23
АБАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ОҚЫТУДЫҢ
ӨТКЕНІ МЕН БҮГІНІ
Б.Д. Жұмақаева
п.ғ.к., СДУ профессоры
ХХІ ғасырға қадам жасаған қазақ қоғамында «Абайды оқытуымыз керек», «Абайды
тануымыз керек» деген мәселе жиі көтерілуде. Білім беру жүйесі бар, өркендеу жолы бар ел
үшін ғасырдан артық уақыт өтсе де Абайды әлі де еркін таныта алмауымыз қалай деген сұрақ
туындайды. Біздің пайымымызша оның бірнеше себебі бар.
Ең алғаш қазақ әдебиеті жеке пән ретінде отау тігіп ең алғашқы бағдарламасы шыққан 1932
жылдың өзінде Абай шығармалары бағдарламаға енген болатын. 1932-1933 ж. «Фабрика,
завод және колхоз жастары жеті жылдық мектебінде» Абайдың «Болыс болдым мінеки»,
«Бойы бұлғаң», «Шегіртке мен құмырсқа» мысалы оқытылған. Бұдан кейінгі жылдары үздіксіз
жаңарып жетілдіріліп отырған 1934, 1938, 1941, 1947, 1951, 1958, 1961-1970, 1971-1972, 1981-
1982, 1989-
90 жылдардағы қазақ әдебиеті бағдарламаларынан Абай шығармалары түспей
оқытылып келген екен. Негізінен кеңес мектебінде Абай шығармаларынан нысанға алынып
үнемі оқытылғандары: жыл мезгілдеріне арналған, ғылым-білімге, өнер тақырыптарындағы,
бай, болыстарға арналды делінген өлеңдері. Кеңес кезеңінде
бұл бағдарламаларда Абай
шығармашылығынан там-тұмдап қажетті деген өлеңдер ғана таңдалған. Оның өзі социолистік
мүддеге сәйкес түсіндіріліп келген. Мәселен, 1932 жылғы бағдарламада «Шегіртке мен
Құмырсқа» мысалына «Абайдың осы өлеңі бұрынғы қазақ шаруашылығына қабыса ма?
Шаруа жөнінде шегірткеге кімді, құмырсқаға кімді ұқсатуға болады? Қандай тұрмыстар?
Қазір қанша ел отырықшы болды? сияқты тапсырмалар берілген. Ал «Болыс болдым, мінеки»,
«Мәз болады болысың» сияқта өлеңдердің идеялық мазмұны біржақты түсіндіріліп келді.
Оның үстіне 30 жылдарда Абай мұрасы төңірегіндегі айтыстар, тұрпайы социолизм ықпалы
басым болды да, «әдебиет майданындағы» таным-түсінік мектеп бағдарламаларында да
көрініс тапты. Кеңестік кезеңде Абайдың
діни-философиялық шығармалары, мүлде
оқытылмаған. Ал ғылым-білім тақырыбындағы бірер қара сөзі жоғары сыныптарда ғана
алынған. Орта буында Абайдың отыз бірінші қара сөзі алғаш 1997
жылғы бағдарлама
жобасында енгізілді. Соның өзінде бүгінге дейін Абай шығармаларының идеялық-мазмұндық
мәніне қарай топтастырып Абай шығармашылығының алтын өзегін таныту мәселесі кемшіл
болып жатқаны жасырын емес. Отызыншы жылдардан бергі әр жылдардың арқалаған тарихи,
саяси-әлеуметтік жүгі ұлы тұлғаны танытуға селкем салып келеді десек болғандай.
Ал тәуелсіздік алғаннани кейінгі оқу бағдарламаларында аталған олқылық оңалып, орнына
келді ме? Көз жеткізу үшін 1997 жылы жобасы жасалып «Жаңа буын» оқулықтарына негіз
болған, 2013 жылға дейін қолданылған бағдарламадағы Абай шығармаларының қамтылуына
зер салайық:
5-
сынып: «Қыс», «Ғылым таппай мақтанба»
6-
сынып: «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ». «Құлақтан кіріп бойды алар», «Әсемпаз
болма әрнеге», «Отыз бірінші қара сөз»
7-
сынып: «Қансонарда бүркітші шығады аңға», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Жиырма
тоғызыншы қара сөз»
8-
сынып: «Адамның кейбір кездері», «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы», «Әбдірахман
өлгенде», «Әбдірахман өліміне», «Он жетінші қара сөзі»
9 -
сынып: «Сабырсыз, арсыз, еріншек», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Мәз болады
болысың», «Сегіз аяқ», «Ескендір» (дастан) (5 сағат)
10-
сынып: «Ғылым таппай мақтанба», «Мен жазбайман өлеңді ермек үшін», «Өлең – сөздің
патшасы сөз сарасы», «Әсемпаз болма әрнеге», «Адамның кейбір кездері», «Сабырсыз, арсыз,
еріншек», «Желсіз түнде жарық ай», «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа», «Білімдіден
шыққан сөз», «Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?» Дастаны: «Ескендір». Аудармалары:
24
«Қараңғы түнде тау қалғып», «Теректің сыйы», «Татьянаның хаты», «Онегиннің хаты», «Есек
пен бұлбұл», «Піл мен қанден» т.б. Қарасөздері: «Он бесінші сөз», «Он тоғызыншы сөз»,
«Отыз екінші сөз», «Отыз сегізінші сөз».
Байқап отырғанымыздай, Абай шығармаларына біршама орын беріліп, әр тақырыпттағы
шығармаларын енгізген. Абай шығармаларын сыныптар бойынша топтастыруда білгілі
ұстанымдар, тақырыптық-идеялық мазмұн, Абай ілімдерінің негізін сақтау ескерілмегенімен,
біраз материалдар қамтылғанын аңғаруымызға болады.
Ал, бүгінге жалпы білім беретін мектептерде Абай мұрасын оқыту жайы қандай?
Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында Қасым-Жомарт Кемелұлының «Абай және
ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында бүгінгі Абайды
танытуға қойылатын талап
биігін белгілеп бергені мәлім.
«Абайды тану – адамның өзін-өзі тануы. Адамның өзін-өзі
Достарыңызбен бөлісу: