«білім берудегі 4к моделі: теория мен әдістеме» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік



Pdf көрінісі
бет13/138
Дата08.10.2023
өлшемі2.86 Mb.
#480116
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   138
Bilim-berudegi-4K-zhina-y

тануы және үнемі дамып отыруы, ғылымға, білімге басымдық беруі – кемелдіктің көрінісі. 
Интеллектуалды ұлт дегеніміз де – осы. Осыған орай, Абай сөзі ұрпақтың бағыт алатын 
темірқазығына айналуы қажет. Ең алдымен, Абайды ұлтымыздың мәдени капиталы ретінде 
насихаттауымыз керек» деген мемлекет басшысының сөзі білім саласында жүрген кімге де 
болса үлкен жауапкершілік жүктейді.
Өкініштісі сол 2015 жылы өндіріске еніп, бүгінгі күнге дейін оқытылып отырған 
жаңартылған мазмұндағы бағдарламаларда Абай мұрасы сонау кеңестік кезеңдегі оқытылу 
дәрежесіне де жетпей қалғаны жасырын емес. Бағдарлама бойынша оқушылар Абай 
мұрасымен алғаш алтыншы сыныпта қауышады, оның өзінде ғылым, білім тақырыбындағы 
екі өлеңі мен үш қара сөзі ғана қамтылған. Бағдарлама шиыршық әдісін негізге алды 
дегенімен, орта буынның өзге сыныптарында Абай шығармалары оқытылмайды. 10-
сыныптағы Абай шығармаларының берілуінде бірізділік, жүйелілік байқалмайды. Сонымен 
жалпы білім беретін мектебімізде Абайдың тақырыбы әралуан 9-өлеңі; 6-қарасөзі, бір поэмасы 
ғана қамтылып отыр. 
Тәуелсіздік алғаннан бері жалпы білім беретін мектептерде, жоғары оқу орындарында 
ішінара «Абайтану» курстары жүргізіліп жүр. Бұл курстардың бағдаламасында оқудың негізгі 
нысанына Абайдың өз шығармаларынан көрі көбіне Абай туралы ақпарат беруге басымдық 
беріліп келеді. Бүгінгі ғылымда Абайға қатысты еңбектердің тізімінен құралған 
библиографиялық көрсеткіштер екі том болып шыққанын ескерсек, Абайды тану хакім туралы 
жазылғандарды сараптау емес, Абайдың өз айтпағына үңілу, Абай дискурсына ену, диалогқа 
түсу. Абайша айтқанда: «Сыртын танып іс бітпес, сырын көрмей, «Терең ойдың телміріп, 
соңына ермей» деп, Абайдың әр сөзін салмақтап, өлеңдері мен қара сөздерінде өріліп жатқан 
мән-мазмұнды түсініп, түйсіну деп білеміз. Ендеше Абайды тану хакім сөзінің тереңіне 
үңілуден басталса керек.
Абай шығармашылығын әлі күнге дейін өз дәрежесінде танылып, болашақ қоғам 
азаматының негізгі ұстанымдарының біріне айналмауының себебі Абай мұрасына деген саяси 
қөзқарастың тұрақтамауы, Абай мұрасы төңірегіндегі әрқилы көзқарастан немесе бағдарла-
мадағы олқылықтардан ғана емес. Ақын шығармашылығының мектеп бағдарламасына 
енгізіліп, оқытыла бастағына ғасырдан аса уақыт болғанымен, әдебиетті оқыту әдістемесінің 
кенжелеп дамуы, Абай шығармашылығын оқытудың тиімді әдістемелік жүйесінінің, оқу 
кешенінің қалыптаспауы да өз ықпалын тигізді. 
Осы орайда Абайды оқыту саласындағы ізденістер қандай дәрежеде екенін айтып өткен 
орынды болар. Абай шығармаларын оқыту жайлы мақалалар қырқыншы жылдардан 
басталады. Алғашқы қазақ әдебиетін оқыту жолдарын көтерген әдіскер-ғалымдардың бірі 
Ш.Кәрібаевтың «Әдебиеттік оқу» кітапшасында ІV-VІІ сыныптардағы әдеби оқу сабағының 
түрлері жайлы, оқу бағдарламаларына енген Абай өлеңдерін оқытудың жекелеген әдіс-
тәсілдерін сөз етеді. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі бойынша іргелі еңбектердің жазылған 
тұсы – алпысыншы жылдың орта шені. Әдіскер-ғалым А.Көшімбаевтың «Қазақ әдебиетін 
оқыту методикасы» (1969)[1], әдіскер-ғалым Ә.Қоңыратбаевтың «Әдебиетті оқыту 
методикасының очерктері» (1962)[2] сияқты іргелі еңбектерде шығарма мәтінімен 


25 
жүргізілетін, әдіс-амалдарын баяндауда Абай шығармалары қамтылған. Әдіскер-ғалым 
Т.Ақшолақовтың «Шығарманың көркем компоненттерін оқыту»[3] атты әдістемелік 
құралында әдебиетті танытудың теориялық мәселелерін қамтып талдау барысында Абай 
шығармаларын да мысалға алады. Абайдың жеке шығармаларын оқыту мәселелері әдебиет 
оқулықтарына жазылған әдістемелік нұсқауларда да сөз болады. Абай шығармаларын 
монографиялы оқитын 10-сынып оқулығына арнап жазылған академик С.С.Қирабаев пен 
доцент Қ.Мырзағалиев әдістемелік нұсқауында ақын шығармашылығы аталған еңбектерден 
әлдеқайда кеңірек талданған[4]. Әдістеме ғылымында Абай шығармашылығын оқытуды 
алғаш жүйелі әрі бірізді, кеңірек қамтуының өзі аталған еңбектің құндылығы мен бағасын 
асыра түседі. 
Абайдың өнегелі өмір соқпағын, шығармашылығының өсу жолын М.Әуезовтің «Абай 
жолы» роман-эпопеясы арқылы танытуда КСРО мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, әдіскер-
мұғалім Қ.Бітібаеваның ізденістерінің мәні зор[5,6].
Жоғарыда айтылған еңбектердің әдістемелік бағыты үш жақты танылады: Біріншіден, 
бағдарлама көлемінде қамтылған ақын шығармаларының мазмұнын таныту мақсатындағы 
әдістемелік тапсырмалар жасалған; екіншіден, Абай шығармаларын талдау бағытындағы 
әдістемелік нұсқаулар ұсынылған; үшіншіден, ақын шығармалары аясында әдеби-теориялық 
білім қалаптастыру мақсат етілген, яғни шығарманы оқи отырып, оның тақырыбын, 
композициялық құрылымын, өлең құрылысын, тілін, образдарын саралау, сол арқылы алған 
білімдерін идеялық тұрғыдан жинақтау көзделген.
Атап айтатын бір жай, осы уақытқа дейін Абай шығармаларына қатысты жазылған 
әдістемелік пікірлердің бәрінде дерлік бағдарламалар мен мектеп оқулықтарында берілген 
шығарма аясы ғана қамтылып келеді. Бағдарлама мен мектеп оқулығында ұсынылған 
шығармаларға деген тәуелділік басым болып, ақынның бірнеше шығармасын қамтып жататын 
басты көзқарастары мен өзіндік ой-пікірлері еркін ашыла бермейді. 
Әдебиет пәнін оқытудың әдістемесіне қатысты зерттеулер болмағанымен Абай мұрасын 
тәрбие көзі ретінде қолдану бағытында Г.Шаймерденованың «Абайдың педагогикалық 
көзқарастары»[7], І.Халитованың «Абай Құнанбаев мұрасын оқу-тәрбие процесіне енгізу 
тарихи (1960-1995) тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары [8] Абай шығармашылы-
ғының метептегі оқу-тәрбие үдерісінде қамтылуын саралаған еңбектер ретінде танылдады. 
І.Халитованың пікірінше Абай шығармалары балаға ерте бастан, балабақшадан сіңірілуі 
керек, бастауыш, орта буын сыныптарда, сондай-ақ жоғары сынып пен жоғары оқу 
орындарында тәрбие бағыттында үнемі негізгі ұстанымда болуы керек делінген. Айтылып 
отырған пікірдің дұрыстығы талас тудырмайды, дегенмен «балабақша мен бастауыш 
сыныптарды бала Абай өлеңдерін мағынасына жетпей-ақ жаттап та болса жадында тұту 
керек» [8, 35] деген пікірінде біржақтылық басым. Абай шығармаларын жаттап алумен 
шектелу оқытудың схоластикалық, догмалық сипатын көрсететі. Бұндай оқыту түрі ғасырлар 
қойнауына кеткелі қашан?!
Біздің осы уақытқа дейінгі әр сыныпқа арнап жазылған оқулықтарымыздың ең осал тұсы 
да осында. Балабақша сабақтарын айтпағанның өзінде, мектеп оқулықтарында оқушының 
сөздік қоры ескерілмейді, оқулыққа ұсынылатын мәтіннің (өлең мәтіні болсын, прозалық 
шығарма мәтіні болсын) идеялық, көркемдік бағасымен қатар, көркем шығарманың тілі, сөздік 
қоры бірдей қаралмайды. Оқулыққа енген мәтіндерде күрделі ұғымдар, оқушыға бейтаныс 
сөздер, күрделі тіркестер, бірнеше қатпарлы ойды арқалап тұрған күрделі ұғымдардың болуы 
оқушының көркем мәтінді қабылдауына ауырлық келтіреді. Оның сыртында шығарма 
идеясын арқалап тұрған көркем ой, поэтикалық тілі әлі де оқырман ретінде қалыптасып 
үлгермеген оқушы ұғымына салмақ салады. 
Әр жылдары жазылған Абайдың өмірі мен шығармашылығын оқыту жолын ұсынған 
мұғалімдердің тәжірибелік сабақтары да біршама. Бір қарағанда Абай шығармалары туралы 
жазылған сабақ үлгілері, мұғалімдердің тәжірибелік сабақтары көп сияқтанады. Абай туралы 
айтылып, жазылып жатқан мақалалар да бірталай. Осыдан болу керек Абай шығармаларын 


26 
оқыту әдістемесі де толыққанды қалыптасқан деген жаңсақ пікір бар. Күні бүгінге дейін Абай 
шығармаларын мектепте оқытудың әдістемелік негізі қалыптаспай келеді. Біз тарапымыздан 
ұсынылған ғылыми-зерттеу жұмысы Абай шығармашылығн орта буын сыныптарда оқыту 
әдістемесін ғана қамтығын («Абай Құнанбаев шығармаларын қазақ мектептерінің 5-8 
сыныптарында оқыту әдістемесі», 2003)[9].
Кейінгі жылдары «Абайтану» курстарына арналған оқу құралдары жарық көруде. Мұндай 
оқулықтардың көбі әдебиеттанымдық бағытта, яғни Абай шығармалары төңірегіндегі ғылыми 
мақалалар сияқты материалдардан құралып, Абай шығармаларын түсіндіруге бағытталған. 
Көбінде кездесетін жайт – Абай шығармалары төңірегіндегі авторлық интерпретацияға 
құралған. Біздің пікірімізше, Абай шығармаларын оқытуға арналған оқу құралының 
әдістемелік жүйесі болуы шарт, оқытудың әдіснамалық негіздерін есепке алмайынша, Абай 
шығармаларын оқытуға арналған құрал басты функцияны атқаруға дәрменсіз болып шығады. 
Ондай оқулықтарды хрестоматиялық құрал ретінде ғана қолдануға болады.
Тұжырымдай айтқанда, Абай мұрасы – адамзат қоғамының өшпес, ескірмес мәңгілік асыл 
қазынасы. Абайдың өлмес, ескірмес еңбегі, көркем ойға қосқан өлшеусіз үлесі, биік талғамы, 
шынайы өмір әлемі, педагогикалық ой-пікірлері, өнеге, тағлымы – әр жанның тал бесіктен жер 
бесікке дейінгі жан азығы. Осындай ұлттың, кең көлемде айтқанда адамзаттың рухани азығын 
қажетінше ұрпақ санасына сіңіру, өз дәрежесінде таныту бүгінгі қоғам алдындағы ең маңызды 
істердің бірі. Білім мен тәрбиенінің негізгі дәнегі мектеп қабырғасында егіліп, болашақ 
қоғамның саналы азаматы сол мектептен өсіп шығады деп білсек, Абай шығармаларын мектеп 
қабырғасында өз дәрежесінде оқып, тану болашақта да ұлы ақынның философиялық, 
психологиялық, қоғамдық-әлеуметтік ой-пікірлерін түсініп, түйсінуге, жанына етене жақын 
қабылдауға, өмірдің әр кезеңіндегі шешуші сәттерде әділетті сүюге, азамат ретінде ой-
санасының толысуына жолбасшы болары анық.
Абайдай кемеңгер тұлғаны оқыту әдістемесі бірнеше арнада жүргізілу керек деп білеміз. 
Мектеп оқушыларын төменгі, орта, жоғары сыныптар деп жүйелегенде оқушылардың жас 
ерекшеліктері, физиологиялық ерекшеліктері мен педагогикалық, психологиялық ерекшелік-
тері ескеріле отырып жіктелген. Сол себепті де төменгі сынып оқушылары мен орта буын, 
сондай-ақ жоғары сынып оқушыларын оқыту әдістемесінің өзіндік ерекшеліктері болуы 
айқын. Ендеше, әдістеме ғылымында Абайды оқыту әдістері де осы ерекшеліктермен 
жүйеленуі керек. Жоғары сыныптарда Абайды тереңдете оқыту әдістемесі қатар жүргізілгені 
дұрыс.
Мектепте қалыптастырылатын көркем шығарма әлемі, көркем мәтін аясында болсын, Абай 
шығармаларының идеялық, тақырыптық, көркемдік белгілеріне қатысты болсын тұтастығы 
мен өсу сатысы дұрыс қалыптастырылса, белгілі бір дәрежеде Абай шығармашылығының 
танымдық, тағылымдық мүмкіндігі мектеп қабырғасында-ақ кең ашылар еді. 
Біздің пікірімізше, Абай шығармашылығын өз дәрежесінде таныту үшін біршама талаптар, 
ұстанымдар мен мақсат-міндеттерді қайта қарастыру керек болар. Атап айтқанда: 
• 
ақын шығармашылығынан берілетін білімнің оқушылардың физиологиялық
психологиялық ерекшелігіне толық сәйкестігін қамтамасыз ету; баланың өмір тәжірибесі мен 
ұғым түсінігін, сөздік қорын есепке алу; 
• 
Абай мұрасын адамзаттық құндылық ретінде өмір өзгерісінен тыс әр кезеңде де күшін 
жоймайтын білім көзі ретінде оқыту, яғни «мемлекетіміздің мәдени және рухани катиталы» 
ретінде таныту; 
• 
Абай шығармаларындағы адамзат әлемі, оған қатыстылық, қоғам, әлеумет жайын кең 
қамтып, терең мағынада таныта оқыту; 
• 
оқушыларды ақын ойы мен тебіренісін, авторлық дітін сезінуге бағытталған 
эмпатиялық әңгіме, аналитикалық сұхбат жүргізу арқылы ақын әлемін түсініп, түйсінуге, 
ақынды ойландырған жайттарды сараптау арқылы бірге шешім іздеуге, көркем әлемнен 
эмоциялық әсер алуға бағыттау; 


27 
• Абай шығармаларының поэтикалық ерекшелігіне бойлау арқылы білімгердің 
эстетикалық зиятын көтеруге ықпал ету; 
• 
Абай шығармашылығына қатысты оқу-тәрбие бағытындағы іс-әрекеттерді тізбекті 
жүйемен дамыту; 
• 
Абай шығармашылығынан қамтылатын білімді балабақшадан бастап жоғары оқу 
орнына дейін дамытып, жеңілден күрделігі қарай өрістетіп отыру; 
• 
Балабақшаларда Абайдың мысал өлеңдеріне жасалған комикс, мозайка, бояма 
суреттермен оқу-әдістемелік кешендерді түрлендіру; 
• 
Абай шығармаларын оқытуда оқу материалының тұтастығын сақтау, яғни Абай 
мұраларын тұтас мәтін ретінде когорентті мәтін, дискурс ретінде қамтып, кең көлемде оқыту; 
• 
әдебиет оқулықтарына әдістемелік нұсқауларды түрлендіру (әр авторлардың 
ұсыныстарын қабылдау, оның ішінде мектеп тәжірибесіндегі ұстаздардың ұсыныстары мен 
пікірлерін есепке алу, немесе тапсырмалық курстар ұсыну); 
• 
саралай және даралай оқыту технологиясына негізделген тереңдетілген «Абайтану» 
пәндерінің бағдарламаларын жасау; 
• 
ұстаз қауымына жаңа технологияға негізделген сабақ үлгілеріндегі Абай 
шығармаларының оқыту жүйесін ұсыну, әдістемелік кешен құру т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   138




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет