«білім берудегі 4к моделі: теория мен әдістеме» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік



Pdf көрінісі
бет11/138
Дата08.10.2023
өлшемі2.86 Mb.
#480116
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   138
Bilim-berudegi-4K-zhina-y

Әдебиет – тарих пәні емес дедік. Әдебиетте де хронологиялық жүйе, тарихи кезең бар 
дегенмен әдебиеттің тарихи курсы тек жоғары сыныптарда ғана оқыту ұстанымы 
әдістемемізде қалыптасқан еді. Ал 1999 жылғы бағдарламада мектепте оқытылатын тарихи 
курсты екіге жіктеп барлық тұтас курс 8,9,10,11 төрт сынып бойы оқытылған тұстары болды. 
Сонда мамандық алуға берілетін университеттік білім мөлшерін мектепте бағдарламасына 
сығымдап, әдеби материалдардың шектен тыс көп бергенде не ұттық? Одан шыққан 
қорытынды – мұғалімдер әр қаламгер шығармасын шолып қана оқытатын жағдайға жеткені, 
әдебиетті ақпарат құралына айналдырып жібергені жасырын емес. Әдебиет пәнінен жабық 
тестерге дайындалатын оқушының тек ақпаратқа ғана көңіл бөлетіні де белгілі. 
Әдебиеттің қысқаша тарихи курсын оқыту керек, себебі ол әдеби үдерісті, ағымдар мен 
бағыттарды, қазақ әдебиетінің болмыс, бітімін түсіну үшін маңызды. Әдебиеттің тарихи 
курсын 10-12 сыныптарға жүйелегеніміз оң болмақ. Ал, жаңартылған мазмұндағы бағдарла-
мада әдебиеттің тарихы мүлде ескерілмеген, есепке алынбаған. Байқап отырғанымыздай 
әдебиетті оқытудағы өткен тәжірибені сараптап, тиісті қорытынды жасалмай отыр. 
Әдебиет пәні – әдебиеттану ғылымы емес дедік. Тәжірибеміздегі қалыптасқан жүйеде 
әдебиет пәнінде теориялық білім берілетін, тек негізгі нысан теориялық білім емес, көркем 
мәтінді қабылдау үдерісі болатын. Ал теориялық білім әдебиеттің көркемдік қырларын 
түсініп, түйсіну құралы ретінде жұмсалатын. Бағдарламада оқытылатын тақырыптардың 
атауы ғана болып, оны оқушыға қалай оқытып, қалай сіңіретінін әдебиет пәні мұғалімінің 
құзырына тиетін. Себебі әдебиет пәні мұғалімінің филологиялық білім алатыны онсыз да 
белгілі.
Бүгінде әдебиет пәні мұғаліміне әр тақырыпты қалай оқытатынына дейін тәтпіштеліп, 
барлық оқу әрекетін құрып беріп отыр. Бір тақырып бойынша оқушының атқаратын оқу 
әрекеті оннан асады. Оқу мақсатының көптігінен оқу сапасы жақсара ма екен?! Күмәнді. Бұл 
ретте ұстаздардың пікірі екіге жарылады. Бірқатары мәтінді таныту бағытын ұстанса, енді 
жартысы шығарма арқылы оқушыны тәрбиелеу керек деген ойды алдыға тартады. Әдебиетті 
оқытудағы оқу нысаны шығарма болғанымен, орталық тұлға – оқушы. Барлық оқу әрекеті 


20 
оқушыны тұлға ретінде қалыптастыру бағытында болуы керек деп ойлаймыз. Әдебиет пәні – 
әдебиеттану ғылымы емес, теориялық білім тек әдебиетті түсініп, түйсінуі үшін әрекет етуі 
керек. Кейбір ұстаздарымыз мәтіндегі көркемдік құралдарды атап айтқызумен шектеліп 
жатады. Егер троп пен фигуралар: теңеу мен алмастырулар шығармаға қандай көркемдік 
үстегенін оқушы сезінбейтін, түйсінбейтін болса, сөз өнерінен эстетикалық талғамы 
қалыптаспайтын болса, теорияны оқытудың да еш мәні болмай қалады. Образдың жасалу 
тәсілдерін білу көркем образды тұтас қабылдау үшін қызмет етуі керек, ал уақыт пен кеңістік 
композициясы көбіне сюжеттік желілерді ажыратуғы қызмет етіп жатады.
Сонымен қатар жаңартылған мазмұндағы бағдарламаларда теориялық қателіктер мен 
бірқатар олқылықтарға жол берілген. Атап айтар болсақ: 
Біріншіден, оқушыға алғашқы қойылған мақсат – «Көркем шығарманың мазмұны мен 
пішінін» талдау делінген. Мазмұн деген кең ұғым. Көркем шығарманың композициялық 
құрылымы: сюжет, образ, суреттеу, мекеншақ композициясы, мотив т.т. барлығы қосылып 
келіп мазмұнды құрайды. Сұралып отырғаны қандай мазмұн екені беймәлім. Оқушы оқу 
әрекетін түспей тұрып, қалай мазмұнды талдамақ? 
Екінші оқу міндеті – «әдеби шығарманың тұжырымдамасы» делінген. Бұл жердегі түйт-
кілдісі «тұжырымдама» деген сөздің қолданысында. Әдебиеттану ғылымында көркем шығар-
маның тақырыбы мен идеясы, өзекті ойы (мысль, выдумка, вымысел; намеренье, замысел)
.
десе де, әдеби шығарманың тұжырымдамасы делінбейді. Тұжырымдама ғылыми ізденістерге, 
ірі жобалар мен бағдарламаларға тән термин. Осыдан бағдарлама түзушілердің мәтінді көркем 
шығарма деп танымай, барлық пәндерге ортақ оқу мәтіндері ғана деп қарағаны байқалады. 
6.1.2.1. оқу мақсаты «Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы 
арқылы түсіндіру» делінген. 6-сыныпта қоғамдық-әлеуметтік мәселенің көрінісін басқа 
қандай жолмен түсіндіруге болатыны белгісіз. 6.1.3.1 -әдеби туындыдағы кейіпкердің 
типтерін тек тұрғысынан сипатта делінген. Бұл – шығарманың тегі мен түрімен толық 
таныспаған сыныпқа орынсыз берілген тапсырма. 7.1 2.1 – «әдеби шығармадағы тұлғалық 
болмысты гуманистік тұрғыдан талда, 9.1.2.1 «әдеби шығармадағы психологизмді анықта» 
деген тапсырмалар теориялық жағынан айқын емес әрі беріліп отырған сыныптарға 
лайықталмаған. Ал барлық сыныптарға беріліп отырған «автор бейнесін анықтау» деген 
тапсырмалар мүлде қисынға келмейді. Автор бейнесі көркем шығарманың көбінде имплицитті 
мәнге ие болып келеді. Кез келген шығармадан автор бейнесін анықтау оңай емес. Күрделі 
танымды мектептің орта буынынан сұрау қаншалықты ретті?! Оқу таным деңгейлері барлық 
сыныптарға ортақ беріліп, қалып-трафарет болып шыққан. Шағармадағы автор бейнесін 
анықтау жырға да, мысал өлеңге де, толғауға да, әңгімеге де берілген. 
Шығармашылық жұмыс әдебиет сабақтарында көбіне алған білімді жинақтауға, қорытуға 
сай қолданылады. Тағы бір айта кетерлік мәселе Б.Блумның таксономиясындағы қолдану 
деңгейінің үшінші кезекте беріліп, соған сай жұмыс жүргізу жаратылыстану пәндеріне тән, 
яғни есепті түсінгеннен кейін мысалға салып қолданып көру жаратылыстану пәндеріне 
лайықталған. Ал әдебиет пәнінде қолдану деңгейі шығармашылыққа сай келеді. 
Шығармашылық әдебиет пәнінде жоғары деңгей, ол – жаңа өнім алуға пара-пар. Б.Блумның 
жаңа жүйесінде де жоғары деңгей шығармашылық өнемге алуға сәйкес келеді 
Шығарманың «заманауилығы мен жаңалығы» деген оқу міндетін қою мен оның оқу 
үдерісіндегі нәтижесін бағамдауда үстірттік байқалады. Дәл осы міндеттің сыныптар бойынша 
жіктелісінде: «кейіпкерлер жүйесінің заманауи жаңашылдығын», «әдеби жанр түрлерінің 
даму барысына, жаңашылдығына заманауи тұрғыдан баға беру» деген тапсырмалар оқушы 
емес, әдебиеттану саласын сараптаушы ғалымдарға қоятын міндет дерлік.
Авторға хат жазу, кейіпкерге хат жазу, әдеби эссе жазу, сыни хабарлама деген тапсырмалар 
әр тақырып бойынша қайталанады. 9.3.3.1-дағы «шығарманың идеясын ғаламдық тұрғыдан 
талдап, әдеби эссе жазу» делінген оқу міндетіндегі «ғаламдық тұрғыдан» деген тіркесті де 
түсіндіріп беретін ғұлама керек. Жалпы үшінші оқу-таным мақсаты шығармашылық болған 
соң, бағдарламада «әдеби сын», «әдеби эссе» деп шектеп тастау ретсіз. Себебі 5-сынып пен 


21 
11-
сыныптың оқушыларына бұлай бірдей тапсырма беру дидактикалық жағынан қисынға 
келмейді. Әр сынып оқушысының шығармашылық мүмкіндігі, психологиялық ерекшелігі 
ескерілуі керек. Оқытудың жеңілден күрделіге қарай, жалқыдан жалпыға қарай деген 
қалыптасқан ұстанымдарын, педагогикалық негіздерін жоққа шығаруға болмайды. 5-сынып 
оқулығына берілген бірінші шығарма «Керқұла атты Кендебай» ертегісінің айналасында, яғни 
оқулықтың алғашқы оншақты бетінде теориялық ұғымдар сықап тұр: шығарманың тақырыбы, 
идеясы, мазмұн, пішін, түрі, тартыс, сюжет, фабула, композициялық құрылым әдеби түр мен 
тек, троптың түрлері, типтік бейне, прототип т.т. жиырмадан аса теориялық ұғым берілген. 
Қайталап айтамыз әдебиет пәні – әдебиеттану ғылымы емес, теориялық білімді шектен тыс 
көбейту көркем шығарма мен оқырман диалогіне қызмет ете бермейтіні анық.
1987 жылы жазылған әдістемелік еңбегінде Ә.Қоңыратбаев: «Танымның (білімнің) 
негізінде материал (текст) жататын болса, бірінші жинақтауға мазмұн (тексті оқу) сатысы 
жатады. Затты (материалды) бала өзі ұстап көрмей жатып, сол зат туралы онда ешқандай актив 
ұғым тумайды. Бүтін – сол. Білім дегеніміз таным болса, ол заттың өзін игеруден басталады... 
материал арқылы бала болмысты, адам табиғатын танып біледі. Бала алманы көзбен көріп 
(түсі), қолмен ұстап (салмағы), мұрнымен иіскеп, өз білгенін тілмен айтады. Екінші саты – 
талдау (бөлшек). Бұл тұста балалар бірлескен түрде шығарманың формасын (образдарын) 
композициясын, тілін, өлең өлшемін) жеке-жеке талдайды. Бөлшексіз бүтін жоқ. Бұл оқуды 
тереңдетеді. Кластағы бірлескен талдау сабақты активтендіреді. Талдау сабақтарын 
тереңдетудің екінші формасы – теориялық мағлұмат» дей келе автор теориялық білімнің 
ретімен берілуін назардан тыс қалдырмайды. «Кейбіреулер соңғы жинақтаудың орнын жақсы 
түсінбей жүр. Бірінші жинақтау – оқу болса, екінші жинақтау – шығарма, автор идеясына 
жататыны рас. Оқушылар мінездемелік шығарма ғана емес, топшылау, әсіресе көркем 
стильдегі шығармаларды да жазып игерген болуы керек... Бұрын мұғалім бірінші орында 
тұрған болса, енді оқушы бірінші орынға шыға бастайды» [1, 32] деген бағалы пайымдарынан 
оқу мақсаттарын жүйелеуде бұрыннан білім, түсіну, талдау, жинақтау, қолдану 
(шығармашылық) барын аңғару қиын емес.
Әдебиет – өнер пәні. Өнер пәнін оқытуға қойылатын міндет те аса жауапты. Ә.Бөкейханов: 
«Ән өлең, күй – ең сенімді үн, бұл үнмен адам мехнатын, рақатын, ғайратын, шафқатын, 
сүйіспеншілігін билейтін, қайғы-қасіретін Құдайға тапсырады, жеткізеді...» деген екен. 
Әдебиет пәні оқушының ақыл ойын, шығармашылық қабілетін ғана жетілдіріп қоймай, 
эмоциялық зиятын шыңдап, тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ететін мектептегі жалғыз, дара 
пән екенін түсінсек, әдебиетті оқытуға жеңіл-желпі қарамас едік.
Әдебиет – адамтану пәні, сонымен қатар, әдебиет – жан-жақты да терең ойлантатын пән. 
Оқушы танымы мен логикасын дамытуда әдебиет пәні жаратылыстану пәндерінен кем 
түспейді. Жаратылыстану пәндері сияқты тұрақты бір формула мен қағидалар, 
заңдылықтармен шектелмей, әдебиет пәні еркін ойдың, қиялдың дамуына жолбасшы бола 
алады. Әдебиет пәнінде дәлелдеуді қажет ететін тұрақты формула, элементтердің бұлжымас 
ережелері жоқ. Бірақ кейде шығарма өзегіндегі ой қисынын зерделеу, азаматтық ұстаным 
тұрғысынан келгенде күрделі есепті шығарудан да ауыр болатын тұстары аз емес. Себебі 
шығарманың терең астары, тағдырлар тартысы, идеялар тартысында оқырманның өзіндік 
пікірі мен көзқарасына жүгінетін тұстар көп. Белгілі әдіскер Қ.Бітібаева «Әдебиет – адамтану 
құралы» болса, әдебиет пәні – «адам тәрбиелеу құралы» деген пікір айтады. Ал әдіскер ғалым 
Е.Н.Ильин «Әдебиет – адам қалыптастырушы құрал» деген әдебиет пәнін оқытудың жаңа 
жүйесін ұсынған болатын. Әдебиет пәні арқылы оқушы адам болмысын тануды үйренеді, сол 
арқылы өзін-өзі тануға талпыныс жасайды. Қоршаған орта туралы ұғымдарын кеңейтеді
рухани дүниесі байиды, туған тілі мен еліне деген құрмет сезімі, ұлттық ділі мен рухы 
қалыптасады. Адам тұлға ретінде рухани қуаттанады. Ашығын айтқанда, білімі бекем, рухы 
қуатты ұрпақтың өз туған ұлтына, Отанына деген сатқындығы болмайтыны айқын.
Меніңше әдебиетте оқушының өзінің қабылдауы, түсінуі, түйсінуі есепке алып барып 
келесі оқу міндетіне қадам жасау маңызды. Біз әдебиетті оқытқанда ақпарат қана беріп 


22 
отырғанымыз жоқ. Әр оқушы өзі қауышқан кейіпкерімен бірге өсіп жетілетінін, өмір 
тәжірибесіне жүгініп сарапқа салатынын ұмытпауымыз керек. Оқушының сыни, дивергентті, 
аналитикалық, шығармалыық, образды ойлау жүйесіне септігі тимейтін болса, пәннің де 
бағасына жетпеген болып шығамыз. Абайдың: 
Ұқпассың үстірт қарап бұлғақтасаң, 
Суретін көре алмассың көп бақпасаң 
Көлеңкесі түседі көкейіңе 
Әр сөзін бір ойланып салмақтасаң» дегеніндей оқушының образды ойын, қиялын дамытуға 
қызмет етуі қажет. Біздің бүгінгі әдебиетті оқытуымызда әр сөзді салмақтау, мәнін түсініп, 
түйсіну, шығарманың сюжеті, іс-әрекетіндегі мотивтер, образдар болмысы, оның туу 
себептері сияқты шығарманың ішкі бірлігімен жүргізілетін мұғалім мен оқушының 
талқылауларын жоғалтып алған сияқтымыз. Аналитикалық сұхбат, эмпатиялық диалог, 
эвристикалық әңгіме дегендеріміз оқу мақсатында көрінбейді. Оқушыларды әдеби-теориялық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   138




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет