Аяпбергенова гульсум сагындыковна



бет22/48
Дата11.04.2024
өлшемі4.5 Mb.
#498402
түріДиссертация
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   48
ayapbergenova-g-s-phd-s-sp (2)

Іс-әрекеттік тұғыр – болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде жобалар әдісі арқылы қалыптастырудың мазмұндық мәнін маманның өзін-өзі анықтауға жеке тұлғалық дайын екендігінің арақатынасын анықтай отырып, қайта ойластыруға жол ашады. Іс-әрекеттік тұғыр негізін А.Н. Леонтьев, С.Л. Рубинштейн салды және олар сыртқы және ішкі іс-әрекетті ажыратудан бастады. Іс-әрекет – тұлғаның қалыптасу көзі және оның басты даму факторы. Даму тиімділігі іс-әрекеттің белсенді сипатымен анықталады, оның негізгі белгілері сана, дербестік, креативтілік болып табылады. Іс-әрекет тұғыр- студентті белсенді ету және субъектілік позицияға ауыстыру бойынша, оның ақпаратты пассивті тұтынушы позициясынан оқыту үдерісінің дербес белсенді қатысушысы позициясына ауысу қажеттілігін өзектендіреді [181].
Қорыта келе, оқытудағы іс-әрекеттік тәсіл біртіндеп күрделенетін оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыруды көздейді, бұл білімді кеңейтуге, құзыреттілікті қалыптастыруға және тұлғалық қасиеттерін өркендетуге ықпал етеді. Осы бағыт өкілдерін түсінуде іс-әрекеттік тәсілі нақты білім алушының өмір сүру жағдайында жүзеге асырылады және тұлғаның жүйелі дамуын көрсетеді.
Жеке тұлғаға бағдарланған тұғыр – жеке адамның дамуын көздейтін мамандарды даярлау процесінің бағыттылығын қалыптастыруға және іс жүзінде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тұғыр. Жеке тұлғалық бағдарланған тұжырымдаманың мақсаты–индивидтің нақты және жылдам өзгерістегі әлем жағдайында тұлғалық функцияларын толыққанды орындау қабілеті. Ал осы функцияларды тәжірибе орындау – сол білім берудің ерекше мазмұны болып табылады. Педагогикада жеке тұлғаға бағдарланған тұғырды Н.А. Алексеев [182], В.В. Сериков, И.С. Якиманская [183] ғалымдарының еңбектерінде көрсетілген, ал кәсіби білім беру бойынша оның ішінде жоғары білім – Э.Ф. Зеерді айтуға болады.
Жеке тұлғаға бағдарланған тұғыр – студенттің (белгілі бір білім, білік және дағдыларды игеруіне ғана емес) жеке әлеуетін қалыптастыруға бағытталған, яғни жеке тұлғаның даму, дербестену, өзін-өзі танытуға ұмтылу, өзін-өзі жетілдіру және де өзін-өзі дамыту механизмдеріне дейді В.В. Сериков [166, 12 б.].
Аксиологиялық тұғыр – Б.Г. Ананьев, Т.Н. Кузнецова және басқа да зерттеушілердің жұмыстарын талдау көрсеткендей білім беру мақсаттарына, егер білім алушының санасы ішкі мотивтерге, қайсы бір әрекеттің маңыздылығына, яғни құндылықтықтың мағынасын пайымдауға бағытталғанда ғана қол жеткізуге болады. Бұндай теориялық қағида болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру олардың білім кеңістігінде білім беруді қамтамасыз ету және нығайтуға деген құндылықты-мотивациялық ұстанымдарын иеленгенде ғана тиімді болмақ [184].
Аксиологиялық тұғыр жеке тұлғаның құнды қарым-қатынас субектісінің сипаты, жалпы аксиологиялық мағызы, мәні, сұранысы, мақсаты сияқты түсініктер қарастырылған.
Антропологиялық тұғыр – адамның биологиялық табиғатының көп өлшемділігі мен сансыз бет-бейнесінде қарастыратын адам феномені туралы білімдердің интеграциясын қамтамасыз етеді. Антропологиялық тұғырдың негізінде табиғатқа сәйкестілік принципі жатыр. Біз P.M. Асадуллин [185], Н.М. Борытко [186], В.И. Максакова [187] және т.б антропологиялық тұғырды жақтаушылардың мұғалім білім беру процесінде балалардың физикалық, рухани және психологиялық қажеттіліктеріне бағдарлануға, сондай-ақ, олардың сезімін, ой-санасы мен іс-әрекетін басқара алуы тиіс екендігі туралы көзқарасына қосыламыз.
Мәдениеттанушылық тұғыр – мәдениеті жеткізуші ретінде білім берудің тұлғалық-бағдарланған парадигмасы арнасында дамумен қатар қоршаған орта мен кәсіби іс-әрекеті әлемінде толыққанды өмір сүруін қамтамасыз етуге негізделеді. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдері арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың құндылықтарын және мәнін айқын пайымдай алу үшін мүмкін болатын жағдай жасайды. Мәдениеттанушылық тұғыр – жалпы адамзаттық құндылықтарға қайшы келмейтін ұлттық мәдениеттің құндылықтары мен нормаларына сәйкес құрылады, қалыптастыруға нақты ғылыми әдіснама ретінде таным мен педагогикалық іс-әрекеттерді қайта құруға немесе өзгерістер енгізуге бағыт-бағдар береді [188].
Біздің зерттеуімізде аталған тұғырлар болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың тұтас педагогикалық процесін құруға және жүзеге асырылуын қамтамыз етті.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру моделін жасауда білім беру процесінің қызмет етуінің қажеттіліктері көрініс табатын объективті заңдылықтарды қадағалауды талап ететін негізгі принциптерді сақтау қажет.
– ғылымилық принципі болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруға арналған іс-шараларды ұйымдастыруды жүзеге асыруда, теориялық білімдерге сүйенуге негізделетін ғылыми білімнің қазіргі жай-күйі объективті түрде анықтауда, пәнаралық байланыстарды қолдана отырып қатаң ғылыми түрдегі білім мазмұнын меңгеруді талап етеді;
үздіксіздік принципі болашақ бастауыш сынып мұғалімінің арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру процесіндегі мақсаттың, мазмұнның және іс-әрекеттің бірізді байланысын тудыруға және алға қойылған мақсатқа тиімділікпен қол жеткізуге ықпал етеді;
сабақтастық принципі бойынша оқу материалдары өзінің мазмұнына қарай ғылымилыққа, оның өңдемеленуі мен практикалық қолданылуы дәрежесіне сүйенеді, сонымен қатар өткендегі білім мен тәжірибе санамен пайымдалған жаңа ақпаратты жеткізуі тиіс. Жаңа білім өткендегі өмірлік тәжірибенің шектеулілігін көрсетіп, бұған дейінгі таныс объектілерді жаңа қырынан, жаңа көзқарас тұғырынан ашып көрсетіп, сондай-ақ, өмірлік (эмпирикалық) бақылаулардың құбылыстардың шынайы мәнін орнықтыру үшін мүлдем жеткіліксіз екендігін дәлелдеуі тиіс;
вариативтілік принципі екі немесе бірнеше нақты міндеттердің шешімін іздестіруге, әр түрлі көзқарастарды немесе ғылыми тұжырымдамаларды салыстыра алуға, бастауыш сынып мұғалімінің арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруға оң ықпалын тигізетін іс-әрекет әдістерін таңдауға, шығармашылығын дамытуға, өзінің мүмкіндіктерін сыни тұғырдан бағалай білуіне көмектеседі.
– кешенділік принципі бойынша дайындалатың модельге кіретін кешенін пайдалануда сипат алады.
Іс-әрекеттің әрүрлі жақтарын қамтитын интеграциялық процестерде блашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың әдістерінде көрінеді.
– тұтастық принципі болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде жобалаушылық мәдениетін қалыптастырудың барлық компоненттерінің өзара іс-әрекеті мен өзара байланыс тәуелділігіне қол жеткізілуін көреседі;
білімдердің беріктігі принципі болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің алған білімдерінің беріктігін, яғни оларды есте сақтаудың жоғары дәрежеде болуын шамалайды. Білімдер көлемі жағынан ғана емес, болашақта оқу және өзіндік жұмысы үшін де, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру және практика жүзінде қолдану үшін де қордаланады;
қолжетімділігі принципі білім берудің мазмұны, формалары мен әдістері болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің нақты мүмкіндіктерін барынша терең және жан-жақты ескеруді, оны өзінің болашақ кәсіби қызметінде пайдалануға мүмкіндік берілуін қарастырады.
Ұсынылған модель негізінде болашақ бастауыш сынып мұғалімінің арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру процесінің нәтижесі аталған даярлаудың өзара байланыстағы және өзара тәуелділіктегі компонентердің мазмұнымен анықталады.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруды педагогикалық жобалау негізінде олардың кәсіби даму тиімділігінің критерийлерін аша отырып, өлшемдер мен көрсеткіштердің өзара байланысын түсіндіру қажет, ал бұл осы ұғымдарды түсінбей мүмкін емес. Анықтамалық әдебиетте критерийлерге сипаттама беріледі (грек тілінде κριτήριον- қойылған талаптарға сәйкестігін бағалау бойынша шешім қабылдаудың белгісі, негізі, ережесі болып табылады.
Көрсеткіш немесе параметр, өз кезегінде, оның сапасына кіретін объектінің бір немесе бірнеше қасиеттерінің сандық сипаттамасын білдіреді, яғни объектінің қандай да бір қасиетін өлшеуге мүмкіндік береді. Көрсеткіштер тобы критерияны анықтау үшін негіз болып табылады. Критерий, объектінің белгісі ретінде, оны нақты зерттеуге мүмкіндік береді, көрсеткіш, өз кезегінде, осы өлшемдерді бағалауға, яғни өлшемдерді сандық мәнге ауыстыруға мүмкіндік береді.
Келтірілген теориялық ережелері, сондай-ақ өзімізге меншікті диагностикалық зерттеулеріміздің нәтижелерін негізге ала отырып, біздер ең алдымен болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптасуының компоненттерін келесідей сипаттаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет