Материалдың тұтастығы туралы жорамал. Материал дене пішімін толық толтырады, яғни дене үздіксіз тұтас орта деп қарастырылып, оның дискреттік (атомдық) құрылымы ескерілмейді.
Материалдың біртектілігі жəне изотроптылығы туралы жорамал. Материалдардың кез келген көлемдегі жəне кез келген бағыттағы механикалық қасиеттері бірдей.
Машина өндірісінде қолданылатын конструкциялық материал- дардың көпшілігі біртекті. Ал құрылыста қолданылатын ағаш, бетон жəне композитті пластмассалар сияқты т.б. материалдар біртекті емес.
Əртүрлі бағыттағы механикалық қасиеттері бірдей емес материалдарды анизотропты материалдар деп атайды.
Материалдарды изотропты деп болжау кейбір жағдайларда қолданылмайды. Мысалы, анизотропты материалдарға ағаш жатады, өйткені оның талшық бойы бағытындағы жəне талшыққа кесе- көлденең бағыттағы қасиеттері əртүрлі, арматураланған материалдар жəне т.б.
Деформациялардың кішкентайлығы туралы жорамал. Деформацияланатын дененің өлшемдеріне қарағанда, деформация – өте кішкентай аз шама.
Материалдардың толық серпімділігі туралы жорамал. Барлық денелер абсолют серпімді деп болжанады. Шын мəнінде, бар денелерді шартты түрде жүктеменің қандай да бір шамасына дейін серпімді деп айтуға болады жəне осы жəйтті материалдар кедергісінің есептеу формулаларын пайдаланғанда ескерген жөн.
Деформация мен жүктеменің сызықтық тəуелділігі туралы жорамал. Көптеген материалдардың деформациялануы кезінде деформация мен жүктеменің тура пропорционалдығы жөніндегі Гук заңының ақиқаттығы туралы болжам.
Достарыңызбен бөлісу: |