Дәріс № Кіріспе. Материалдар кедергісі ғылымының негізгі жорамалдары



бет7/10
Дата07.10.2024
өлшемі158.9 Kb.
#504388
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
1 дәріс материалдар қарсыласуы

Динамикалық күш деп уақытқа байланысты үлкен жылдамдықпен өзгеретін күшті айтады. Мұндай күштің əсерінен конструкция немесе оның элементтері елеулі тербелістерге ұшырайды. Тербеліс жылдамдығының өзгеруіне байланысты конструкцияда пайда болатын, оның массасы мен үдеуінің көбейтіндісіне тура пропор- ционал екпін күші шамасы жағынан конструкцияда тербеліс тудырушы сыртқы күштің шамасынан бірнеше есе үлкен болуы мүмкін.
Динамикалық күштер соққы, айнымалы-қайталанбалы жəне т.б. түрлерге жіктеледі.
Соққы күш деп кинетикалық энергиясы бар қозғалыстағы дененің екінші бір денеге соқтығысуы арқылы берілетін күшті айтады.
Айнымалы-қайталанбалы күштер деп машина бөлшектеріне уақытқа тəуелді, периодты түрде қайталанып түсетін күштерді атайды. Мысалы, қозғалыстағы машинаның шатун, білік сияқты бөліктеріне немесе теміржол вагонының өсіне түсетін күштер айнымалы-қайталанбалы күштерге жатады.
Жалпы жағдайда күш уақытқа тəуелді күрделі заңдылықпен өзгеруі мүмкін.
Конструкцияларға есептеу жүргізгенде, сыртқы күш ретінде тек актив күштер емес, сонымен қатар байланыс реакциялары мен екпін күштері де қабылданады.
Енді негізгі деформацияларды қарастырайық. Іс жүзінде белгілідей, конструкция элементтері тұтыну барысында келесі негізгі днформацияларға ұшырайды:

  1. созылу мұндай деформацияға, мысалы, арқан, шынжыр, белдік ұшырайды;

  2. сығылу – сығуға, мысалы, бағаналар, кірпіш қалауы, ғғимараттар мен ғимараттардың іргетастары жұмыс жасайды;

  3. ығысу – ығысу деформациясына, мысалы, тойтармалар, бұрандалар, кілтектер, пісірілген қосылыстардың жіктері ұшырайды. Материалдың қирауына жеткізетін ығысу деформациясын кесілу деп атайды;

  4. бұралу – айналмалы қозғалыста қуатты беруші біліктер бұралуға жұмыс жасайды. Əдетте, бұралу деформациясымен басқа деформа- циялар еріп жүруі мүмкін, мысалы, иілу;

  5. иілу – иілуге арқалықтар, өстер, тісті доңғалақтардың тістері жəне т.б. конструкция элементтері жұмыс істейді.

Конструкция элементтері, өте жиі, бір мезетте бірнеше негізгі деформация туындайтын жүктемелер əсеріне ұшырайды.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет