ДҮниежүзілік сауда ұйымы



бет9/78
Дата04.03.2016
өлшемі6.06 Mb.
#38185
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   78

Транспаренттілік





  1. Қазақстан өкілі қандай да бір шараны енгізу, өзгерту немесе оның күшін жою жөніндегі ұсыныстарды ЕАЭО-ға мүше мүдделі мемлекеттің өз ұлттық заңнамасына сәйкес әзірлейтінін айтты. Мұндай мүше мемлекет қолданыстағы ұлттық заңнамасында белгіленген тәртіппен мүдделі тараптармен ұсыныс бойынша консультациялар өткізеді. Сондай-ақ, ол жұмыс тобының мүшелерін, егер мұндай ұсыныстар Қазақстан Республикасының қарауына басқа мүше мемлекеттер тарапынан жіберілсе, олар Қазақстан Республикасының ұсыныстары сияқты, дәл сондай тәртіппен дереу қоғамдық консультациялар өткізудің нысанасына айналатынын хабардар етті. ЕАЭО туралы шартқа «Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттама» деген № 7 қосымшаға сәйкес мүше мемлекеттердің сыртқы сауда қызметіне қатысушылар Комиссияға үшінші елдермен тауар саудасына қатысты тарифтік емес шараларды енгізуге, қолдануға немесе олардың күшін жоюға байланысты ұсыныстар мен ескертулер ұсына алады. Сонымен қоса, мүдделі тұлғалар консультацияларға қатыса алады және Комиссия айқындайтын рәсім мен нысанға сәйкес оның нәтижелері туралы хабардар етілуі мүмкін.




  1. Қазақстан өкілі ЕАЭО органдарының шешімдерін ЕАЭО-ның ресми сайтында жариялау күні болып осы шешімді ресми жариялау күнінің танылатынын айтты. Әдетте, Комиссия шешімдерінің ұсынымдардан өзгешелігі сонда – олар ЕАЭО сайтында ресми жарияланған күнінен бастап 30 күн өткеннен кейін күшіне енеді. Комиссияның шешімдері қабылданған күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде www.eurasiancommission.org веб-сайтында орналастырылады.




  1. Мүшелер транспаренттілік мәселесіне, сондай-ақ қағидалар мен басқа да актілерді бекітетіндерін қоса алғанда, ЕАЭО-ның халықаралық шарттары да, Комиссияның шешімдері де ДСҰ мүшелеріне және ДСҰ-ға мүше мүдделі тұлғаларға консультацияларға қатысу және ЕЭК-тің тікелей пікір білдіру құқықтарын бермейтініне өз алаңдаушылықтарын білдірді. Бұл мән-жай ЕАЭО-ның халықаралық келісімдерінің және рәсімдердің ДСҰ талаптарына сәйкес келуіне қатысты алаңдаушылық туғызып отырғанын айтты. Осы мүшелер Қазақстан Республикасына шешімдерді немесе басқа да реттеу шараларын қоса алғанда, ұсыныс жасауға немесе құқықтық актілер қабылдауға ЕЭК жауапты болып табылатын жағдайларда осы Баяндаманың «Транспаренттілік» деген бөлімінде жазылған өз міндеттемелерін орындауға қатысты ниеттерін түсіндіріп беру өтінішімен жүгінді.




  1. ЕЭК-тің транспаренттілігі мен қол жетімділігіне байланысты мүшелер айтқан алаңдаушылыққа қатысты Қазақстан өкілі оларға ДСҰ мүшелерінің өз ұсыныстарын тікелей ЕЭК-ке ұсынуына кедергілер жоқ екенін хабарлады. Ол Қазақстан Республикасы барлық мүше елдердің Қазақстан ЕЭК-ке ұсынатын ұсыныстарға қатысты пікірлерін оң қабылдайтынын атап көрсетті.




  1. Қазақстан өкілі КО Комиссиясының «Сыртқы сауданы реттеу шаралары бойынша Кеден одағының Комиссиясына ұсыныстар енгізу регламенті туралы» 2010 жылғы 18 маусымдағы № 308 Шешіміне осы Баяндаманың «Транспаренттілік» деген бөлімінің 1141-тармағында көзделген, ЕАЭО-ның ұсынылып отырған құқықтық актілерінің жобаларын алдын ала жариялау тетігін олар қабылданғанға дейін енгізу, сондай-ақ, мүшелер мен мүдделі тұлғаларға құқықтық актінің жобасын қарау кезінде ЕАЭО-ның осындай ойларды ескеруге уәкілетті құзырлы органына өз ойларын беру үшін ақылға қонымды мерзім беру мақсатында өзгерістер енгізілгенін растады. Сонымен бірге, Қазақстан ДСҰ-ға кірген күннен бастап бұл тетікке сәйкес осы Баяндаманың «Транспаренттілік» деген бөлімінің 1146-тармағында көзделген ЕАЭО-ның құқықтық актілерінің бір де бірі ДСҰ Келісімінің ережелеріне сәйкес жарияланғанға дейін заңды күшіне енбейді. Жұмыс тобы осы міндеттемелерді назарға алды.



    1. ЕАЭО-ның құқықтық режимі шеңберінде ДСҰ міндеттемелерін орындау





  1. Қазақстан Республикасының өкілі ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің «Кеден одағының көпжақты сауда жүйесі шеңберінде жұмыс істеуі туралы» 2011 жылғы 19 мамырдағы шартты (бұдан әрі – Көпжақты сауда жүйесі туралы шарт) жасасқанын айтты. Осы мемлекетаралық келісім «2007 жылғы 6 қазандағы КО-ның құқықтық базасын құрайтын халықаралық келісімдердің күшіне ену, олардан шығу және оларға қосылу қағидалары туралы» Хаттаманың ережелеріне сәйкес күшіне еніп, ЕАЭО туралы шарттың шеңберінде өз қолданысын жалғастыруда. Көпжақты сауда жүйесі туралы шартқа сәйкес ЕАЭО-ға мүше кез келген мемлекет ДСҰ-ға кірген кезден бастап ДСҰ Келісімінің ережелері Қосылу туралы хаттамада айқындалғандай, ЕАЭО-ның құқықтық базасының шеңберінде мүше мемлекеттер ЕАЭО-ның уәкілетті органдарына берген реттеу мәселелерімен, сондай-ақ ЕАЭО-ның құқықтық базасын құрайтын халықаралық келісімдермен реттелетін құқықтық қатынастармен байланысты оның ДСҰ-ға кіру шарттарының бір бөлігі ретінде мүше мемлекет қабылдаған міндеттемелерді қоса алғанда ЕАЭО-ның құқықтық базасының ажырамас бөлігіне айналады. Осылайша, осы ережелер бірыңғай міндеттемелердің бір бөлігіне және өз кезегінде ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекеттің бірыңғай міндеттемесінің бір бөлігі болып табылатын ЕАЭО-ның халықаралық келісімдеріне айналады. Көпжақты жүйе туралы шартқа сәйкес ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер ЕАЭО шеңберінде халықаралық келісімді дайындау кезінде шарттің немесе келісімнің ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекеттің ДСҰ шеңберіндегі міндеттемелеріне қайшы келмейтініне кепілдік беруге міндетті. Осы сияқты, ЕАЭО-ның органдары ЕАЭО актілерін қабылдау және қолдану кезінде актілер осы міндеттемелерге сәйкес келуге тиіс. Бұдан әрі Қазақстан Республикасының өкілі мүше мемлекеттердің ДСҰ Келісімнен туындайтын құқықтары мен міндеттерінің әрбір мүше мемлекет өзінің
    ДСҰ-ға кіру шарттарының бір бөлігі ретінде қабылдаған және ЕАЭО-ның құқықтық жүйесінің бір бөлігіне айналған міндеттемелерін қоса алғанда, әрбір мүше мемлекеттің Қосылу туралы хаттамасында айқындалғандай, ЕАЭО-ның сотын немесе мүше мемлекеттің халықаралық келісімін қоса алғанда, ЕАЭО органдарының шешімі бойынша күшін жоюға немесе шектеуге жатпайтынын түсіндірді. ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекет ДСҰ мүшесі болған жағдайда осы мүше мемлекеттің құқықтары мен міндеттері ДСҰ Келісіміне сәйкес ЕАЭО-ның құқықтық жүйесінің ажырамас бөлігіне айналады. Ол кеден одақтарын құру мен олардың жұмыс істеуін реттейтін ДСҰ ережелерінің де қолданылатынын деп түсіндірді. Ол ДСҰ-ның мүшесі болып табылмайтын ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің жекелеген жағдайларда ДСҰ Келісімінің ережелерінен ауытқи алатынын атап өтті. Бірақ мүше мемлекет ДСҰ мүшесіне айналғанда ДСҰ Келісімінің ережелерінен кез келген ауытқу Тараптың ДСҰ-ға кіру шарттарында айқындалғандай, жеке дара қаралады және шешіледі. ЕАЭО-ға мүше мемлекетттер әрбір мүше мемлекеттің кіру туралы хаттамасында айқындалғандай, оларды ДСҰ Келісіміне сәйкес келтіру мақсатында ЕАЭО құқықтық жүйесін және ЕАЭО органдарының шешімдерін бейімдеу үшін шаралар қабылдауға міндетті. Мұндай шаралар қабылданбайынша, ЕАЭО-ның басқа да келісімдері және ЕАЭО органдарының шешімдері, егер олар ДСҰ Келісімімен үйлескен жағдайда ғана қолданылатын болады. Осылайша, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің құқықтары мен міндеттері ДСҰ Келісіміне сәйкес ЕАЭО-ның бұрынғы және келешектегі келісімдері және ЕАЭО органдарының шешімдері алдында басымдыққа ие болады.




  1. Қазақстан Республикасының өкілі Көпжақты жүйе туралы шарттың ЕАЭО-ның келісімі және ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекеттің ұлттық құқықтық жүйесінің бір бөлігі болып табылатынын түсіндірді. Осыған байланысты, ұлттық соттар ЕАЭО туралы шарттың ережелерін қолдануға тиіс. Сондай-ақ, ол Көпжақты жүйе туралы келісімнің ДСҰ-ға кіру шарттарының бір бөлігі ретінде және ЕАЭО-ның құқықтық базасының бөлігіне айналған ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің әрқайсысы қабылдаған міндеттемелерге қатысты ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің, Жоғары Кеңестің және ЕЭК-тің міндеттемелерін айқындап бергенін растады. Осылайша, мұндай міндеттемелерді ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің, Жоғары Кеңестің және ЕЭК-тің бұзуын ЕАЭО-ға мүше мемлекет немесе Еуразиялық Экономикалық Комиссия ЕАЭО-ның Сотында даулай алады. Сонымен қатар, Соттың Статуты ережелерінде және Сотқа жүгіну туралы 2010 жылғы 9 қазандағы келісімде айтылғандай, экономикалық қызмет субъектілері Көпжақты жүйе туралы шарт ережелерінің бұзылуын ЕАЭО сотында дәлелдей алады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет