ДҮниежүзілік сауда ұйымы


ЕАЭО органдарының шешімдер қабылдауы



бет8/78
Дата04.03.2016
өлшемі6.06 Mb.
#38185
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   78

ЕАЭО органдарының шешімдер қабылдауы





  1. ЕАЭО туралы шарттың 18-бабына және «Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің» № 1 қосымшасының 13-тармағына сәйкес Комиссия өз өкілеттіктері шегінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер үшін міндетті болатын шешімдер, өкімдер мен ұсынымдар қабылдайды. Комиссияның шешімі ЕЭК Кеңесі мен ЕЭК Алқасының шешімдерінен тұрады және ЕАЭО-ның шарттық-құқықтық базасына кіреді және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумақтарында тікелей қолданылуға жатады. Комиссияның шешімдерін, өкімдері мен ұсынымдарын Комиссия Кеңесі және Комиссия Алқасы өз өкілеттіктері шегінде қабылдайды.




  1. ЕАЭО туралы шартқа «Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің» № 1 қосымшасының 30-тармағына сәйкес мүше мемлекеттің немесе Комиссия Кеңесі мүшесінің Комиссия Алқасы шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде Комиссия Алқасына оның күшін жою немесе оны өзгерту туралы ұсыныс енгізуге құқығы бар.




  1. Комиссия Алқасының материалдарын алғаннан кейін Комиссия Кеңесі күнтізбелік 10 күн ішінде шешім қабылдайды. Комиссия Алқасы қабылдаған шешіммен келіспейтін мүше мемлекет Үкіметі басшысының қолымен Жоғары Кеңестің Комиссия Алқасы шешімінің күшін жою немесе оны өзгерту туралы ұсынысы жазылған хат жібере алады. Шешімі оны Үкіметаралық Кеңес және/немесе Жоғары Кеңес қараған күнге дейін күшіне енбейді.



    1. Еуразиялық Экономикалық Одақтың Соты





  1. Қазақстан өкілі мүшелерге Еуразиялық Экономикалық Одақ Сотының Статуты (бұдан әрі – ЕАЭО Соты) ережелері ЕАЭО туралы шартқа
    № 2 қосымшада қамтылғанын мәлімдеді. ЕАЭО Сотын құруға қосымша ретінде Соттың Статуты Соттың өкілеттіктерін және қолданылатын рәсімдерді көздейді. Ол Статут ережелеріне сәйкес Соттың:




  • ЕАЭО шеңберіндегі халықаралық шарттардың, ЕАЭО-мен үшінші елдер арасындағы халықаралық халықаралық шарттардың және ЕАЭО органдары қабылдайтын шешімдердің қолданылуын және интерпретациялануын қамтамасыз ететінін;

  • ЕАЭО туралы шартты, ЕАЭО шеңберіндегі халықаралық шарттарды және (немесе) ЕАЭО органдарының шешімдерін іске асыру жөніндегі мәселелер бойынша туындайтын дауларды қарастыратынын; және

  • ЕАЭО шеңберінде қолданылатын халықаралық шарттардың ережелерін түсіндіруді жүзеге асыратынын айтты.




  1. ЕАЭО-ның жұмыс істеуіне байланысты ЕАЭО-ның Соты ЕАЭО туралы шартты, ЕАЭО шеңберіндегі халықаралық шарттарды және (немесе) ЕАЭО органдарының шешімдерін іске асыруға қатысты дауларды:




      1. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің:




  • ЕАЭО шеңберіндегі халықаралық шарттың немесе оның жекелеген ережелерінің ЕАЭО туралы шартқа сәйкестігі туралы;

  • ЕАЭО туралы шартқа мүше басқа мемлекеттің ЕАЭО шеңберіндегі халықаралық шарттарды және (немесе) ЕАЭО органдарының шешімдерін, сондай-ақ көрсетілген халықаралық шарттардың және (немесе) шешімдердің жекелеген ережелерін сақтауы туралы;

  • Комиссия шешімінің және оның жекелеген ережелерінің ЕАЭО туралы шартқа, ЕАЭО шеңберіндегі халықаралық шарттарға және (немесе) ЕАЭО органдарының шешімдеріне сәйкестігі туралы;

  • Комиссияның іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы өтініші бойынша;




      1. шаруашылық жүргізуші субъектінің:

        • Комиссия шешімінің және (немесе) оның шаруашылық жүргізуші субъектінің өзге де экономикалық қызмет саласындағы құқықтары мен заңды мүдделерін тікелей қозғайтын жекелеген ережелерінің ЕАЭО туралы шартқа және (немесе) ЕАЭО шеңберіндегі халықаралық шарттарға сәйкестігі туралы;

        • Комиссияның ЕАЭО туралы шарттың және (немесе) ЕАЭО шеңберіндегі халықаралық шарттардың шеңберінде шаруашылық жүргізуші субъектінің экономикалық қызмет саласындағы құқықтары мен заңды мүдделерін тікелей қозғайтын әрекетіне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы өтініші бойынша қарайды.




  1. Қазақстан өкілі, егер ЕАЭО-ға мүше мемлекет немесе Комиссия 3 ай ішінде даулы мәселені шешпесе, онда дауды қарау туралы өтініш ЕАЭО-ның Сотына жолдануы мүмкін екенін түсіндірді. Бұл ретте, даулы мәселе Тараптардың келісімі бойынша осы кезең өткенге дейін ЕАЭО-ның Сотына жіберілуі мүмкін екенін айтты.




  1. Қазақстан өкілі ЕАЭО Сотының құзыреті ЕАЭО туралы шарттың «Соттың юрисдикциясы» деген IV бөлімінің және «Еуразиялық Экономикалық Одақ Сотының статуты» деген № 2 қосымшаның ережелеріне сәйкес қана айқындалатынын атап көрсетті. ЕАЭО-ның Сотына ДСҰ-ға мүше мемлекеттердің міндеттемелеріне қатысты өз пікірін білдіру құзыреті берілмеген, сондай-ақ Сот мұндай міндеттемелердің орындалуын шектей алмайды. Сонымен қоса, ол Соттың құзыреті ЕАЭО-ның құқықтық базасының бір бөлігі болып табылатын халықаралық келісіммен тура белгіленген жағдайда ғана кеңейтілуі немесе шектелуі мүмкін екенін атап өтті. «Көпжақты сауда жүйесі шеңберінде Кеден одағының жұмыс істеуі туралы» 2011 жылғы 19 мамырдағы шарт осындай келісім болып табылады. Көрсетілген шарт ЕАЭО-ның құқықтық базасының бір бөлігі болып табылатындықтан, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің, Жоғары Кеңестің немесе Комиссияның Шарт бойынша ЕАЭО-ның құқықтық базасының бір бөлігі болып табылатын осындай құқықтар мен міндеттемелерді бұзуын ЕАЭО-ға мүше мемлекет Соттың Статутына сәйкес ЕАЭО Сотында даулай алады. Сонымен қатар, шаруашылық жүргізуші субъектілер ЕАЭО Сотына жоғарыда көрсетілген Шарт ережелерінің бұзылуы туралы да мәлімдей алады.




  1. Қазақстан өкілі ЕАЭО Сотының Статутына сәйкес Сотқа ЕАЭО туралы шарттың, ЕАЭО шеңберінде халықаралық шарттардың ережелерін және ЕАЭО органдарының шешімдерін түсіндіру өкілеттіктері де берілгенін айтты. Осындай түсіндірулер ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің немесе ЕАЭО органының сұрау салуы бойынша консультативтік қорытынды нысанында беріледі, бұл мүше мемлекетті оларға өзінің бірлескен түсіндіруін беруден айырмайды.




  1. ЕАЭО-ның Сотына жүгіне алатын тұлғалар тобына байланысты Қазақстан өкілі ЕАЭО мәселелеріне қатысты істер бойынша Сот:




  • ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің;

  • шаруашылық жүргізуші субъектілердің өтініштері бойынша істерді қарайтынын түсіндірді.




  1. ЕАЭО туралы шартқа сәйкес ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің және үшінші елдердің шаруашылық жүргізуші субъектілері:




  • егер осындай шешімдер шаруашылық жүргізуші субъектінің ЕАЭО туралы шартта және (немесе) ЕАЭО шеңберіндегі халықаралық шарттарда көзделген құқықтары мен заңды мүдделерін тікелей қозғаса, Комиссияның экономикалық қызмет саласындағы шешімдерін даулау; және

  • егер осындай әрекеттер шаруашылық жүргізуші субъектінің ЕАЭО туралы шартта және (немесе) ЕАЭО шеңберіндегі халықаралық шарттарда көзделген құқықтары мен заңды мүдделерін тікелей қозғаса, Комиссияның экономикалық қызмет саласындағы әрекеттерін және (немесе) әрекетсіздіктерін даулау мақсатында ЕАЭО Сотына өтініш беруге құқылы.




  1. ЕЭК актілерін немесе олардың жекелеген ережелерін не ЕЭК әрекеттерін және (немесе) әрекетсіздіктерін даулауға олардың осы халықаралық шарттармен берілген кәсіпкерлік және өзге де экономикалық қызмет саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуға әкеп соқтырған ЕАЭО шеңберінде жасалған халықаралық шарттарға сәйкес келмеуі негіз болып табылады. Сонымен қоса, ол мәні де және негіздері де дәл сондай бұрын қаралған іс бойынша Соттың күшіне енген шешімі бар болса, өтініштің қарауға қабылданбайтынын айтты. Соттың шешімі қайтадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қаралуы мүмкін.




  1. Бұдан әрі Қазақстан өкілі ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ЕАЭО Сотының шеңберінде апелляциялық палата құрғанын атап көрсетті. Іс бойынша тарап Сот Алқасының шешіміне қатысты Соттың Апелляциялық палатасына шағымдануға құқылы. Соттың Апелляциялық палатасының құрамына шешімі бойынша шағым жасалған істі қарауға қатыспаған ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден судьялар кіреді. Апелляциялық палатаның шешімі түпкілікті болып табылады және шағымдануға жатпайды.




  1. Қазақстан өкілі ЕАЭО органдарының шешімдерін, ЕАЭО шеңберіндегі шарттардың ережелерін, сондай-ақ ЕАЭО-ға байланысты мәселелерді іске асыру жөніндегі ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасындағы экономикалық сипаттағы дауларға қатысты Соттың шешімдері Тараптар үшін міндетті болып табылатынын айтты. Сот Алқасының шешімі, егер оған іс бойынша тараптар Соттың апелляциялық палатасына шағымданбаса, шығарылған күнінен бастап күнтізбелік 15 күннен кейін күшіне енеді. Апелляциялық палатаның шешімі шығарылған күнінен бастап күшіне енеді. Соттың шешімі ол белгілеген мерзімде орындалмаған жағдайда ЕАЭО-ға мүше мемлекет тараптарының кез келгені осы мәселе бойынша шешім қабылдау үшін Жоғары Кеңеске жүгіне алады. Жұмыс істеп тұрған шаруашылық жүргізуші субъекті үшін ЕЭК Сот шешімін орындамаған жағдайда шаруашылық жүргізуші субъект оны орындау жөніндегі шараларды қабылдау туралы өтінішхатпен Сотқа жүгінуге құқылы. Сот шаруашылық жүргізуші субъектіден өтінішхат келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде осы мәселе бойынша шешім қабылдауы үшін Жоғары Кеңеске жүгінуге міндетті.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет