-
Қазақстанның өкілі, ЕАЭО шеңберіндегі бәсекелестік саласындағы саясатқа арналған құқықтық негіз - ЕАЭО туралы шарттың «Бәсекелестіктің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары» (74-77-баптар) XVIII Бөлімі мен «Бәсекелестіктің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы хаттамасы» №19 Қосымшасы болып табылатынын мәлімдеді. Осы қағидалар 2015 жылғы 1 қаңтарда ЕАЭО туралы шарт күшіне енген кезде күшін жойған 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Бәсекелестіктің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімді алмастырды. 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап, ЕАЭО туралы шарттың XVIII Бөлімі мен №19 Қосымшасы тараптар аумақтарында бәсекелестікке қарсы әрекеттердің, сондай-ақ трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестікке теріс ықпал етуі мүмкін әрекеттердің алдын алуды қамтамасыз ететін бәсекелестіктің бірыңғай қағидаттары мен қағидаларын дамытуға бағытталған.
-
Еуразиялық Экономикалық Комиссия (бұдан әрі – ЕЭК немесе Комиссия), егер мұндай бұзушылықтар трансшекаралық нарықтағы бәсекелестікке теріс әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін болса, алдын-алу мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамаларына сәйкес орындалатын трансшекаралық қаржы нарықтарындағы бәсекелестікке әсер ететін бұзушылықтарды қоспағанда, мүше мемлекеттердің нарық субъектілері, жеке тұлғалар және коммерциялық емес ұйымдарының бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі құзіретке ие болады.
-
Комиссияның мынадай құзыреті бар:
(i) Трансшекаралық нарықтарда бәсекелестікке теріс әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін, бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзушылық белгілерінің болуы туралы өтініштерді (материалдарды) шолу және қажетті тергеп-тексерулерді жүргізу;
(ii) Мүше мемлекеттердің құзыретті органдарының, мүше мемлекеттердің экономикалық опреаторларының (нарық субъектілері), мүше мемлекеттер органдарының, жеке тұлғалардың өтініш жасауы негізінде немесе өзінің бастамасы бойынша трансшекаралық нарықтарда бәсекелестікке теріс әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін, бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзушылықтар туралы іске бастамашы болу және қарау;
-
Бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзушылықтарды тоқтатуға; бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзушылықтардың салдарларын жоюға; бәсекелестікті қамтамасыз етуге; трансшекаралық нарықтарда бәсекелестікті орнатуға кедергі келтіруі мүмкін және (немесе) бәсекелестікті шектеуге, жоюға және бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуына алып келуі мүмкін әрекеттердің алдын-алуға бағытталған әрекеттерге қатысты, экономикалық операторлар (нарық субъектілері) үшін міндетті болып табылатын, оның ішінде экономикалық операторлар (нарық субъектілері) үшін айыппұл санкцияларын қолдану туралы тұжырым жасау және шешімдер қабылдау;
(iv) Мүше мемлекеттердің құзыретті органдарынан, жергілікті атқарушы органдардан, олардың функцияларын жүзеге асыратын басқа да органдардан немесе ұйымдарынан, заңды және жеке тұлғалардан трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларының сақталуын бақылау құзыретін орындау үшін қажет ақпаратты, оның ішінде құпия ақпаратты сұрату; және
(v) ЕАЭО туралы шарттың XVIII бөлімімен және №19 Қосымшасымен белгіленген, бәсекелестіктің стандартты қағидаларын жүзеге асыру үшін қажетті басқа функциялар.
-
Бұдан әрі ол, Қазақстанның монополияға қарсы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес әзірленгенін және басқалармен қатар Азаматтық Кодекстің, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодекстің және 2009 жылғы 1 қаңтарда күшіне енген, соңғы түзетулері
2013 жылғы 6 наурыздағы № 81-V Заңмен енгізілген, «Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 173 Заңы алмастырған, «Бәсекелестік туралы» 2008 жылғы 25 желтоқсандағы
№112-IV Заңның (бұдан әрі - «Бәсекелестік туралы» заң) және «Жосықсыз бәсекелестік туралы» 2008 жылғы 9 маусымдағы № 232-І Заңның негізгі ережелерін қамтитыны туралы мәлімдеді.
-
«Бәсекелестік туралы» Заңның негізгі мақсаты еркін бәсекелестікті қорғау және кәсіпкерлік пен инвестициялық қызметтер және бизнестің өсуі үшін қолайлы жағдай жасау болып табылады. Аталған мақсатқа:
(i) монополиялық қызметтің алдын алу; (ii) жосықсыз бәсекелестіктің алдын алу; (iii) салаларды монополиясыздандыру; (iv) адал және еркін бәсекелестікті дамыту; және (v) тұтынушылардың мүдделерін қорғау арқылы қол жеткізіледі. «Бәсекелестік туралы» Заң тікелей қолданылады және заңға тәуелді актілерге сілтеме жасамайды.
-
Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау Комитеті (осы бөлімде бұдан әрі: Комитет) бәсекелестікті дамытуға және монополиялық қызметті шектеуге бағытталған ұлттық саясатты жүзеге асыруға жауап береді. Комитеттің негізгі функциялары (i) еркін бәсекелестікті дамытуға ықпал ету; (ii) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуының алдын алу, анықтау және тергеп тексеру; (iii) экономикалық шоғырлануды бақылау; және (iv) бәсекелестікке кедергі келтіретін нарыққа қатысушыларды монополиясыздандыру. Бәсекелестік саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу және монополиялық қызметті шектеу Ұлттық экономика министрлігінің негізгі функцияларының бірі болып табылады.
-
Монополиясыздандыру шеңберінде қабылданатын шаралар туралы сұраққа, Қазақстан өкілі нарықтың салаларын монополиясыздандыру туралы шешімді Үкімет, Комитет жүргізетін тауарлық нарықтарға талдау нәтижелері бойынша қабылдайды. Осылайша, 2011 жылы Комитет трафикті қосу және өткізу бойынша (бұдан әрі – интерконнект) телекоммуникациялық көрсетілетін қызметтер нарығына талдау жүргізді. Талдау нәтижелері бойынша Үкімет интерконнект қызметтерін табиғи монополиялар саласынан шығару және бәсекелестік ортаға ауыстыру туралы шешім қабылдады. Бұдан бөлек, экономика салаларын монополиясыздандыру шеңберінде, «Бәсекелестік туралы» Заңда мемлекеттік кәсіпорындар және заңды тұлғалар мен акцияларының (үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі олармен үлестес тұлғалар тиісті тауарлық нарықта өзінің қызметін одан әрі жалғастыру үшін Комитеттен оң қорытынды алуға міндеттейтін нормалар көзделген. 2011 жылы мұндай кәсіпорындардың 3% бәсекелік ортаға берілді (оның ішінде, қонақ үйлер мен моншалар кешендерін күтіп ұстау, автомобильдер паркін күтіп ұстау, құрылыс және т.б. сияқты салалардағы кәсіпорындар).
-
Бірігу жөніндегі мәмілелерді бақылауды реттеуге қатысты сұраққа Қазақстан өкілі, экономикалық шоғырлануды бақылаумен байланысты мәселелерді реттейтін «Бәсекелестік туралы» Заңның 50-бабының
1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес, бірігу жөніндегі мәмілелер экономикалық шоғырлану ұғымына кіреді. «Бәсекелестік туралы» Заңның 49-57 баптары экономикалық шоғырлануды бақылау мәселелерін реттейді. Комитет бірігу жөніндегі мәмілелерге (әрекеттерге) келісім беру рәсімі арқылы экономикалық шоғырлануға бақылау жүргізеді. Экономикалық шоғырлану ретінде танылатын, Қазақстанда олар туралы хабарлау қажет, бірігу жөніндегі мәмілелер үшін ағымдағы шекті мән жөніндегі жекелеген сұраққа, Қазақстан өкілі: экономикалық шоғырлану ретінде танылатын мәмілелерді жүзеге асыру үшін Комитеттің келісуі мынадай жағдайларда талап етіледі деп жауап берді: (i) нарық субъектісінің бірігуі немесе қосылуы; (іі) егер бұрын осы тұлға (тұлғалар тобы) нарық субъектісінің акцияларын (қатысу үлестерін) ұстамаған болса немесе оның бөлігі бұрын 25%-дан кем болған жағдайда, тұлғаның (тұлғалар тобының) нарық субъектісінің
25 пайыздан астам дауыс беретін акцияларын (қатысу үлестерін) сатып алуы және (ііі) егер мәміленің нысанасы болып табылатын мүліктің баланстық құны негізгі өндірістік құралдардың және материалдық емес активтердің баланстық құнының 10%-дан астамын құраса, нарық субъектісінің негізгі өндірістік активтерін және (немесе) материалдық емес активтерін нарық субъектісінің (тұлғалар тобының) меншікке сатып алуы, оның ішінде жарғылық капиталды төлеуі. Қаржы ұйымдарының қатысуымен экономикалық шоғырлануға қатысуға келісім беру, қаржы ұйымы активтерінің құны не меншікті капиталының шамасы Комитет Қазақстанның Ұлттық Банкімен (қаржы ұйымдары үшін) бірге белгілеген мөлшерден астам болған жағдайда жүзеге асырылады. Нарық субъектілері Комитетке экономикалық шоғырланудың мынадай жағдайларында хабарлаулары қажет: (і) өзі кәсіпкерлік қызметті жүргізген кезде нарықтың басқа субъектісіне оның орындауы міндетті нұсқаулар беруге не оның атқарушы органының функцияларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін (оның ішінде, сенімгерлік басқару туралы шарт және бірлескен қызмет туралы шарт негізінде) нарық субъектісінің құқықтарды сатып алуы; және (іі) сол бір жеке тұлғалардың екі және одан да көп нарық субъектілерінің атқарушы органдарына, директорлар кеңестеріне, байқаушы кеңестеріне немесе басқарудың басқа да органдарына, аталған жеке тұлғалардың осы субъектілерде кәсіпкерлік қызметін жүргізу шарттарын айқындау жағдайында қатысуы. “Бәсекелестік туралы” Заңның 50-бабының 3-тармағына сәйкес, егер қайта ұйымдастырылатын нарық субъектілерінің (тұлғалар тобының) немесе сатып алушының (тұлғалар тобының), сондай-ақ дауыс беру құқығы бар акциялары (қатысу үлестері) сатып алынатын нарық субъектісі активтерінің жиынтық баланстық құны немесе олардың соңғы қаржы жылында сатылған тауарларының жиынтық көлемі – он миллион айлық есептік көрсеткіштен13 асып кетсе немесе мәмілеге қатысушы тұлғалардың бірі тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі болып табылатын жағдайларда, жоғарыда көрсетілген келісім мен хабарлама талап етіледі. Комитеттің келісімі экономикалық шоғырлану болып қарастырылмайтын мынадай жағдайларды жүзеге асыру үшін талап етілмейді: (і) егер бұл сатып алу оларды кейіннен қайта сату мақсатында, көрсетілген ұйымның нарық субъектісінің басқару органдарында дауыс беруге қатыспауы шартымен жүзеге асырылатын болса, нарық субъектісінің акцияларын (қатысу үлестерін) қаржылық ұйымдардың сатып алуы; (іі) егер бұл сатып алу оларды кейіннен қайта сату мақсатында, көрсетілген қаржы ұйымдары мұндай мүлікті өз мақсаттары үшін табыс табу мақсатында пайдаланбауы шартымен жүзеге асырылатын болса, борышкердің міндеттемелерін толығымен немесе оның бір бөлігін тоқтату мақсатында нарықтың басқа субъектісінің мүлкін, негізгі өндірістік құралдарын және/немесе материалдық емес активтерін қаржы ұйымдарының өз меншігіне алуы; (ііі) оңалтуды немесе банкроттық басқарушыны, уақытша әкімшілікті (уақытша әкімшіні) тағайындаған жағдайда; және (iv) бір тұлғалар тобының ішіндегі экономикалық шоғырлану жағдайында.
-
Бірігу мәмілелеріне тыйым салуды тексеру рәсімдері туралы сұраққа, Қазақстан өкілі «Бәсекелестік туралы» Заңға сәйкес, жалпы қағидалар бойынша бәсекелестіктің шектелуіне алып келетін барлық мәмілелерге тыйым салынады деп жауап берді.
-
Комитеттің келісімі экономикалық шоғырлануға қатысушылар бәсекелестікке теріс ықпалды жоятын немесе азайтатын белгілі бір талаптар мен міндеттемелерді орындаған жағдайда берілуі мүмкін. Мысалы, экономикалық шоғырлану мынаған:
-
бәсекелестікті шектеуге;
-
тұтынушылармен келісілген шарттық талаптардың бұзылуына;
-
көрсетілетін қызметтерді тоқтатуға;
-
ұсынылатын қызметтер сапасының төмендеуіне;
-
Инвестициялар және даму министрлігімен жасалған инвестициялық келісімшарттар бойынша міндеттемелердің орындалмауына;
-
өндірісті немесе сатуды негізсіз төмендетуге әкеп соқтырмауға тиіс.
-
Мұндай шарттар мүлікті басқару, пайдалану немесе оған билік ету бойынша шектеулерді қамтуы мүмкін. Комитет өз бастамасы бойынша немесе мүдделі тұлғаның өтініші бойынша мынадай:
-
қабылданғаннан кейін үш жыл ішінде одан бас тарту үшін негіз беретін мән-жайлар анықталған;
-
ол заңсыз шешім қабылдауға әкеп соқтырған көрінеу анық емес ақпарат негізінде қабылданған;
-
талаптар мен қабылданған міндеттемелер орындалмаған жағдайларда өзінің экономикалық шоғырлану жөніндегі шешімін өзгерте алады.
-
Қазақстан өкілі «Бәсекелестік туралы» Заңда монополиялық қызметтің үш түрі: (і) «бәсекелестікке қарсы келісімдер»; (іі) «бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттер»; (ііі) үстем не монополиялық жағдайды теріс пайдалану бөліп көрсетілген деп қосты. Қазақстан өкілі нарықтың бәсекелес және бәсекелес емес қатысушылары арасындағы келісімдер немесе келісілген іс-әрекеттер, сондай-ақ мемлекеттік немесе жергілікті атқарушы органдар немесе мемлекеттік органдар мен нарыққа қатысушылар арасындағы келісімдер бәсекелестікті шектейтін немесе заңды және жеке тұлғалардың құқықтарын бұзатын болса, оның ішінде келісіп белгіленген бағаларды немесе тауарларды сатып алу мен сатудың басқа да шарттарын белгілеу және/немесе ұстап тұру, жекелеген сатушылармен (өнім берушілермен) немесе сатып алушылармен келісімшарттар жасасудан негізсіз бас тарту және нарықтың басқа субъектілерімен жасалған мәні бірдей келісімшарттарға кемсітуші шаралар қолдану жолымен бәсекелестікті шектейтін немесе заңды және жеке тұлғалардың құқықтарын бұзатын болса, оларға тыйым салынатынын атап өтті. Одан әрі ол «Бәсекелестік туралы» Заңда «бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттер» мен «бәсекелестікке қарсы келісімдер» арасында айырма бар екенін түсіндірді. Нарыққа қатысушылар арасында бәсекелестікке қарсы келісімдер, мысалы, өнімді бірдей бағамен немесе белгілі бір аумақтың ішінде сату жөнінде келісім жасасу бойынша әдейі жасалатын жазбаша келісім бәсекелестікке қарсы келісімдер мен бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттер арасындағы айырмашылық болып табылады.
-
Қазақстан өкілі «Бәсекелестік туралы» Заңда «тұлғалар тобы» деген термин нақтыланатынын атап өтті. Тұлғалар тобының үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалануы нарыққа жекелеген қатысушының теріс пайдалануы ретінде қаралады. Транзакциялар тұлғалардың бір тобының шеңберінде жүзеге асырылған жағдайларда нарыққа қатысушылар экономикалық шоғырлануға мақұлдау алуға міндетті емес. «Бәсекелестік туралы» Заңда да үстем және монополиялық жағдайдың жаңа анықтамалары қамтылған. Егер тиісті тауар нарығындағы нарық субъектісі (субъектілері) нарықты бақылауға мүмкіндік алса, мұндай нарық субъектісінің (субъектілерінің) жағдайы үстем немесе монополиялық жағдай болып танылады. Нарық субъектісінің тиісті нарықтағы үлесі 35 пайыз немесе одан көп болса, ол үстем жағдайға ие болып саналады. Мынадай:
(і) егер нарыққа қатысушылардың үшеуінің осы тауар нарығындағы жиынтық үлесі 50 пайызға тең немесе одан артық болса; немесе (іі) егер нарыққа негізгі қатысушылардың төртеуінің осы тауар нарығындағы жиынтық үлесі 70 пайызға тең немесе одан артық болса, нарыққа бірнеше қатысушы үстем жағдайға ие болып саналады. Мынадай: (і) егер осы қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығындағы екі қаржы ұйымының жиынтық үлесі 50 пайызға тең немесе одан артық болса; немесе (іі) егер осы қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығындағы үш қаржы ұйымының жиынтық үлесі 70 пайызға тең немесе одан артық болса, қаржы ұйымы үстем жағдайға ие болып саналады. Көрсетілетін қаржылық қызметтер нарығын қоса алғанда, нарықтағы үлесі 15 пайыздан кем компанияға үстем жағдайға ие компанияның анықтамасы қолданылмайды. Тиісті тауар нарығында жүз пайыз үстем үлесі бар табиғи монополиялар, мемлекеттік монополиялар және нарық субъектілері монополиялық жағдайға ие компаниялар (нарық субъектілері) болып саналады.
-
Үстем немесе монополиялық жағдай және монополиялық қызмет ұғымдарының арасындағы айырманы түсіндіріп беру туралы сұраққа жауап ретінде Қазақстан өкілі үстем немесе монополиялық жағдай ұғымына қарағанда монополиялық қызмет ұғымы кеңірек екенін түсіндіріп берді. Монополиялық қызмет нарық субъектісінің қызметі немесе іс-әрекеттері болып табылады, ал үстем немесе монополиялық жағдай нарық субъектісінің нарықтағы үлесімен анықталатын сипаттамасы болып табылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабының 4-тармағына сәйкес монополиялық қызмет заңмен реттеледі. Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілері «Бәсекелестік туралы» Заңда белгіленген шектеулерді сақтауға тиіс. Тиісінше, монополиялық қызмет шектеледі, бірақ оған тыйым салынбайды. «Бәсекелестік туралы» Заңмен шектелген монополиялық қызмет түрлері 182-тармақта сипатталған.
-
Қойылған ерекше сұраққа Қазақстан өкілі үстем немесе монополиялық жағдайдың өзі монополияға қарсы заңнаманы бұзу болып саналмайтынын көрсетті. «Бәсекелестік туралы» Заңның 13-бабында үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдаланудың тыйым салынған түрлері көрсетілген:
-
монополиялық жоғары/төмен немесе монопсониялық төмен бағаларды белгiлеу, ұстап тұру;
-
нарық субъектiлерiмен немесе тұтынушылармен жасалған мәні бiрдей келiсiмдерге объективті түрде ақтамайтын себептермен әртүрлi бағаларды не әртүрлi шарттарды қолдану;
-
тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) таратуға аумақтық белгiсi, сатып алушылар тобы, сатып алу шарттары бойынша, сондай-ақ саны, бағасы бойынша шектеулер белгiлеу;
-
нарық субъектiсiне немесе тұтынушыға өз мазмұны бойынша немесе iскерлiк айналым дәстүрiне сай осы келiсiмдердiң нысанасына қатысы жоқ қосымша мiндеттемелер қабылдату жолымен келiсiм жасасуға шарт қою не оны күштеп таңу;
-
тауарды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өндiру (немесе өткiзу) мүмкiндiгi болған кезде жекелеген сатып алушылармен шарт жасасудан немесе тауарды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден негiзсiз бас тарту. Бұл сұрау жасалған күннен бастап 30 күн бойы осындай шарт жасасудан жалтаруды да қамтиды;
-
бәсекелестер өндiрген не өткiзетiн тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алу кезiнде шектеулер қабылдау арқылы тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) беруге шарт қою;
-
өндiру немесе өнім беру мүмкiндiгi болған кезде тұтынушылардың сұраныстары немесе тапсырыстары бар тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өндiру және/немесе беру көлемiн негiзсiз қысқарту немесе өндiруді және/немесе өнім беруді тоқтату;
-
егер тауардың бағасын көтеру тауарды алып қоюдың нәтижесi болып табылса, тауарды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) айналымнан алып қою;
-
контрагентке шарттың нысанасына жатпайтын, экономикалық немесе технологиялық тұрғыдан негiзделмеген шарт талаптарын күштеп таңу;
-
нарықтың басқа субъектiлерiне тауар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) нарығына кiруге немесе шығуға кедергiлер жасау; және
-
бір ғана тауарға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) әртүрлі бағаларды (тарифтерді) экономикалық, технологиялық тұрғыдан немесе өзге де түрде негізсіз белгілеу, кемсітушілік жағдайлар жасау.
Бұған қосымша, қазақстандық заңнамада үстем немесе монополиялық жағдай үшін соншалықты жауаптылық көзделмеген, теріс пайдалану және бәсекелестікті шектеуге бағытталған іс-әрекеттер ғана жауаптылыққа әкеп соқтырады.
-
Мүшенің үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарыққа қатысушыларды айқындау кезінде ескерілетін экономикалық көрсеткіштерге қатысты сұрағына жауап ретінде Қазақстан өкілі Монополияға қарсы агенттік төрағасының 2009 жылғы 12 қаңтардағы № 8-НҚ бұйрығымен бекітілген «Тауар нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу әдістемесіне», сондай-ақ Монополияға қарсы агенттік төрағасының 2009 жылғы 19 ақпандағы № 57-НҚ бұйрығымен бекітілген «Қаржы қызметтері нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу әдістемесіне» сәйкес Комитет тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізеді деп атап өтті. Талдау нәтижелері нарықтағы бәсекелестіктің даму бейнесін көрсетеді және үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерін айқындайды. Талдау әдістемесі: (i) тауарды немесе өзара алмастырылатын тауарларды айқындау, (ii) тауар нарығының географиялық шекараларын айқындау, (iii) уақыт аралығын айқындау, (iv) нарық құрылымын айқындау, сондай-ақ (v) тауар нарығының көлемін және нарық субъектілерінің үлестерін есептеу, (vii) тауар нарығына кіру кедергілерін айқындау сияқты кезеңдерді қамтиды. Аталған факторлар негізінде Комитет бәсекелес ортаның жай-күйі бойынша тұжырымдар дайындайды.
-
«Бәсекелестік туралы» Заң мыналарды: (i) тауар таңбалары мен орамаларды заңсыз пайдалануды; (ii) басқа өндірушінің тауарларын заңсыз пайдалануды; (iii) тауар дизайнын көшіріп алуды; (iv) нарық субъектісінің беделін түсіруді; (v) көрінеу жалған, жосықсыз және дәйексіз жарнаманы; (vi) мәжбүрлі ассортиментпен тауарларды сатуды; (vii) сатушыға (өнім берушіге) бойкот жасауға шақыруды; (viii) сатып алушының (өнім берушінің) беделін түсіруге шақыруды; (ix) нарық субъектісін бәсекелеспен шартты бұзуға шақыруды; (x) сатушының (өнім берушінің) қызметкерін сатып алушылықты; (xi) сатып алушының қызметкерін сатып алушылықты; (xii) коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты құқыққа сыйымсыз пайдалануды; (xiii) тұтынушыға тауардың сипатына, өндірілу тәсілі мен орнына, тұтынушылық қасиеттеріне, сапасы мен санына және (немесе) оны өндірушілерге қатысты анық емес ақпарат ұсына отырып, тауарды өткізуді; (xiv) нарық субъектiсiнiң өзi өндiретiн және (немесе) өткiзетiн тауарларын нарықтың басқа субъектiлерi өндiретiн және (немесе) өткiзетiн тауарлармен орынсыз салыстыруын қамтитын жосықсыз бәсекелестік түрлерінің тізімін кеңейтті.
-
Мемлекет мынадай: (і) мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін, қорғаныс қабілетін немесе қоғамның мүдделерін қорғауды қамтамасыз етудің өзге мүмкіндігі болмаған; (іі) мемлекеттік меншіктегі стратегиялық объектілер пайдаланылған; және (ііі) бәсекелестік жоқ немесе жеткілікті дамымаған жерлерде тауарлардың мемлекеттік өндірісін қоғам қажет еткен жағдайларда кәсіпкерлік қызметке қатыса алады. Соңғы жағдайда мемлекеттік кәсіпорындардың қызметі Комитетпен бірлесіп реттеледі. Мемлекет кәсіпкерлік қызметке мынадай түрдегі кәсіпорындар: (а) мемлекеттік кәсіпорын немесе (б) акцияларының қатысу (үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлға және онымен үлестес тұлғалар түрінде қатыса алады. Мемлекеттік кәсіпорындар өз қызметін «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV Заңның 134-бабында көрсетілген салаларда ғана жүзеге асыра алады (осы Баяндаманың
3(F) қосымшасы). Егер мұндай кәсіпорындарды құру Қазақстанның заңдарында тікелей көрсетілмесе, жоғарыда көрсетілген (ііі) тармақта көрсетілген жағдайда Комитеттің келісімі талап етіледі. Егер мемлекеттің мемлекеттік кәсіпорын немесе заңды тұлға құруы бәсекелестік жоқ немесе ол жеткілікті дамымаған нарықтағы бәсекелестікті шектеуге әкеп соқтыратын болса, Комитет мұндай құрудан бас тартуы мүмкін. Дегенмен, егер мемлекеттік кәсіпорын немесе заңды тұлға бәсекелестікке теріс ықпалды жою немесе азайту бойынша белгілі бір міндеттемелерді қабылдайтын болса, Комитет өзінің келісімін беруі мүмкін.
-
«Бәсекелестік туралы» Заңда мемлекеттің тауарларды өндіруге және/немесе сатуға, сатып алуға немесе пайдалануға айрықша құқығы ретінде «мемлекеттік монополия» термині де енгізілді. Мемлекеттің тауарларды бәсекелес нарықта өткізу конституциялық құрылыс, ұлттық қауіпсіздік, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын немесе адамдардың денсаулығын қорғау үшін теріс ықпал етуі мүмкін салаларда ғана мемлекеттік монополия белгілеу арқылы бәсекелестікті шектеуге құқығы бар. Қазақстан өкілі мемлекеттік монополия заңмен ғана белгіленеді деп қосты. Мемлекеттік монополиялар Үкіметтің немесе жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша мемлекеттік кәсіпорындар нысанында ғана құрылуы мүмкін. Арнайы қойылған сұраққа жауап ретінде ол «мемлекеттік монополия» ұғымы «табиғи монополия» ұғымынан өзгеше екенін айтып өтті.
-
Мемлекеттік монополия қызметі «Күзет қызметі туралы» 2000 жылғы 19 қазандағы № 85-ІІ, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі
№ 339-ІІ, «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атаулары туралы» 1999 жылғы 26 шілдедегі
№ 456-І, «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» 1999 жылғы
13 шілдедегі № 422-I, «Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі № 331-ІІ, «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі № 593-ІІ, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының патент заңы» туралы 1999 жылғы 16 шілдедегі
№ 427-І заңдармен, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442-ІІ Жер кодексімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
2003 жылғы 8 шілдедегі № 477-ІІ Орман кодексімен айқындалған. Комитет мемлекеттік монополиялардың қызметін реттеу және мониторингтеу үшін жауапты болады. Қазіргі уақытта мемлекеттік монополиялар гидрометеорологиялық мониторингті және қоршаған орта жай-күйінің мониторингін, жануарлардың аса қауіпті жұқпалы ауруларының ошақтарын жоюды, мемлекеттік қорғалуға тиіс объектілерді күзетуді; Қазақстан Республикасының жеке басты куәландыратын құжаттарын шығаруды, білім беру сапасын бақылауды және т. б. қоса алғанда, белгілі бір көрсетілетін қызметтерді ұсынады. Қазақстан заңнамасында мемлекеттік монополия салаларын қоспағанда, мемлекеттік кәсіпорындар әрекет ететін салаларда жекеше сектордың қатысуына тыйым салынбайды. Ол «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілерiне мемлекеттiк монополия мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы»
2012 жылғы 10 шілдедегі № 34-V Заңда белгілі бір секторларға жекеше кәсіпорындарды тарта отырып, мемлекеттік монополия салаларын қысқарту көзделетінін түсіндірді. Аталған заңға сәйкес бәсекелес нарыққа берілетін қызмет мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-тұқым өсіруші және селекциялық-генетикалық объектілерді аттестаттау мен есепке алуды, коммуналдық қалдықтарды көмуді, қалдықтар полигондарын құру мен пайдалануды және сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеуді қамтиды.
-
Мемлекеттік монополиялар үшін алынатын салаларды айқындау туралы сұраққа жауап ретінде Қазақстан өкілі кәсіпкерлік қызметке қатысатын мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің саласына қарағанда, мемлекеттік монополиялар қызметінің саласы тар деп жауап берді. Мемлекеттік монополия түрлері заңнамалық актілермен айқындалып, олардың қызметінің түрлері мен салалары нақты белгіленеді. Мемлекеттік монополия субъектілеріне:
-
мемлекеттік монополия саласына жатпайтын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өндіруге;
-
акцияларды (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін) иеленуге, сондай-ақ заңды тұлғалардың қызметіне өзге түрде қатысуға;
-
мемлекеттік монополиямен байланысты құқықтарды басқа біреулерге беруге;
-
өндірілетін немесе сатылатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген бағалардан басқа бағаларды белгілеуге тыйым салынады.
-
Комитет: (і) үкіметтік органдардан түскен файлдар/құжаттар; (іі) жеке немесе заңды тұлғалардан түскен өтініштер; (ііі) Комитеттің монополияға қарсы заңнаманың бұзылуын анықтауы, (iv) БАҚ-тың Комитетке өтініші және (v) бұқаралық ақпарат құралдарындағы ақпарат сияқты монополияға қарсы заңнаманың бұзылуы жөнінде ақпарат алғаннан кейін тергеуге бастама жасайды. Комитет өзінің құзыреті шегінде монополияға қарсы заңнаманың бұзылуын тергейді және тергеу нәтижелері бойынша шешім қабылдайды. Тергеу оны жүргізу туралы бұйрық ресімделген күннен бастап екі ай ішінде жүргізілуі мүмкін. Бұл мерзімді екі айдан аспайтын мерзімге ұзартуға болады.
-
Қазақстан өкілі Комитет тергеу нәтижелерін негізге ала отырып, мынадай шешімдердің бірін қабылдайды деп қосты: (і) «Бәсекелестік туралы» Заңда негізделген жағдайларда тергеуді тоқтата тұру; (іі) әкімшілік іс жүргізуді бастау; (ііі) монополияға қарсы заңнаманы бұзуды тоқтату жөнінде нұсқау қабылдау; не (iv) құқық қорғау органдарының қылмыстық жауапқа тартуы.
-
Ол мүшелерді «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодекстің 147-бабында монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін мынадай санкциялар: дара кәсіпкерлер үшін 150 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК), шағын және орта бизнес кәсіпорындары үшін монополиялық қызметтен түскен кірістің 5 пайызы, басқа субъектілер үшін монополиялық қызметтен түскен кірістің 10 пайызы мөлшерінде айыппұл көзделгені жөнінде хабардар етті. Қылмыстық кодексте (196-бап) елеулі зиян келтірілген іс-әрекеттер үшін 500-ден 1000 АЕК-ке дейінгі айыппұлдарды немесе екі жылға дейінгі түзеу жұмыстарын, бас бостандығынан айыруды немесе түрмеге қамауды қоса алғанда, қылмыстық жауаптылық айқындалған. Қайталап жасалған бұзушылықтар немесе (ұйымдастырылған) топтар немесе ресми тұлғалар жасаған іс-әрекеттер үшін санкциялар 1000-нан 2000 АЕК-ке дейінгі мөлшердегі айыппұлдардан, немесе кінәлі деп танылған тұлғаның бестен жеті айға дейінгі жалақысының немесе басқа табысының баламасынан, немесе үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдық позицияларды атқару немесе белгілі бір қызметке қатысу құқығынан мүлкін тәркілей отырып бес жылға дейінгі мерзімге ықтимал айырудан тұрады. Күш қолданып немесе күш қолданамын деп қорқытып жасалған немесе үшінші тараптың мүлкіне нұқсан келтіруге немесе зиян келтіру қаупіне әкеп соқтыруы мүмкін қылмыстар ықтимал мүлкін тәркілеу ықтималдығымен үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырумен жазаланады.
-
Қазақстан өкілі «Бәсекелестік туралы» Заңның 9, 10 және
11-бөлімдерінде монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін жауаптылық айқындалған және Комитет қабылдайтын нұсқамалар мен шешімдерді қабылдау, олардың айналысы және оларды орындау бойынша рәсімдер белгіленген деп қосты. Комитеттің бәсекелестікті қорғауға және монополиялық қызметті шектеуге қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтарды қарауға, «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексте айқындалған әкімшілік санкцияларды қолдануға және өзінің нұсқамалары мен шешімдерін мәжбүрлеп орындату үшін сотқа жүгінуге құқығы бар. № 112-IV Заң нарықтағы үстем жағдайға ие субъектілер монополиялық жағдайды қайталап теріс пайдаланған жағдайда Үкіметтің тіркелген бағаларды енгізуін қамтамасыз етпейді. Егер үстем және монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі (і) «бәсекеге қарсы келісімдер»; (іі) «бәсекеге қарсы келісілген іс-әрекеттер» және (ііі) үстем не монополиялық жағдайды теріс пайдалану бойынша № 112-IV Заңның ережелерін күнтізбелік бір жыл ішінде екі мәрте бұзса; және бәсекелестікті шектейтін іс-әрекеттерді қолдануды жалғастырса, Комитеттің нарық субъектісін бірнеше заңды тұлғаға бөлу немесе нарық субъектісінің құрамынан бір немесе бірнеше заңды тұлғаны бөлу мақсатында сотқа жүгінуге құқығы бар. Комитеттің нұсқамалары мен шешімдеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дау айтуға болады. Комитеттің аумақтық органдарының нұсқамаларына тиісті ұйымға талап-арыз/өтініш тапсырылған кезінен бастап үш ай ішінде Комитетке немесе тікелей соттарға дау айтуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |