ДҮниежүзілік сауда ұйымы


– Мемлекеттік меншік, мемлекеттік сауда ұйымдары және жекешелендіру



бет3/78
Дата04.03.2016
өлшемі6.06 Mb.
#38185
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78

Мемлекеттік меншік, мемлекеттік сауда ұйымдары және жекешелендіру


(а) Жекешелендіру





  1. Қазақстанның өкілі жекешелендіруге байланысты мәселелер «Жекешелендіру туралы» 1995 жылғы 23 желтоқсандағы № 2721 Заңын алмастырған «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы
    № 413-IV Заңымен (бұдан әрі – «Мемлекеттік мүлік туралы» Заң);
    1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 269-XII Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен (Жалпы бөлімі) (бұдан әрі – Азаматтық кодекс); «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы
    № 415-II Заңымен (бұдан әрі – «Акционерлік қоғамдар туралы» Заң), «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» 1998 жылғы 22 сәуірдегі № 220-I Заңымен (бұдан әрі – «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заң), «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі
    № 461-II Заңымен реттелетінін мәлімдеді.




  1. Мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық меншіктен тұрады. Республикалық меншік республикалық бюджеттен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан, мүліктері республикалық меншікте болатын мемлекеттік мекемелер және мемлекеттік республикалық кәсіпорындарға бөлінген меншіктен, және коммуналдық меншіктен, яғни аумақтық-әкімшілік деңгейдегі меншіктен өзге Қазақстан Республикасының басқа мүлкінен тұрады. Коммуналдық меншік жергілікті бюджеттен, мүліктері коммуналдық меншікте болатын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарға және коммуналдық мемлекеттік мекемелерге бөлінген меншіктен және әкімшілік-аумақтық бірліктердің басқа мүлкінен тұрады.




  1. Қазақстанның өкілі «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңға сәйкес мемлекеттік меншік келесі нысандарда иеліктен шығарылуы мүмкін екендігін мәлімдеп өтті: (i) аукциондар, сауда-саттық, екі кезеңді сауда-саттық, қор биржасындағы сауда-саттық немесе туынды бағалы қағаздарды сату арқылы жекешелендіру; (ii) тікелей сату арқылы жекешелендіру; немесе (iii) сауда-саттықты өткізбей, мүлікті иеліктен шығарудың басқа түрлері, мысалы мемлекеттік мүлікті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің (ЖШС) жарғылық капиталына салым ретінде беру немесе акционерлік қоғамдардың (АҚ) акцияларын сатып алу. Жекешелендіру «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңмен белгіленген арнаулы рәсімдерге сәйкес жүзеге асырылатын жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға мемлекеттік мүлікті сату болып табылады. Ол, одан әрі төмендегілерден басқа, мемлекеттік меншік мемлекеттік меншік мәселелері бойынша өкілетті органның, – муниципиалдық меншік жағдайында, жергілікті атқарушы билік органының шешімі бойынша жекешелендірілетінін түсіндіріп өтті: (i) Үкіметтің шешімі бойынша жекешелендірілетін табиғи монополиялар немесе, тиісті нарықта үстем жағдайға ие кәсіпорындар, және (ii) Үкіметтің немесе муниципиалдық меншік жағдайында, жергілікті атқару органының шешімі бойынша жекешелендірілетін ЖШС жарғылық капиталына үлес ретінде мемлекетік меншікті беру немесе АҚ акцияларын сатып алу. Жекешелендіру үрдісін реттейтін ережелер мен рәсімдердің сипаттамасы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің веб-сайтында www.gosreestr.kz көпшілік үшін қолжетімді.




  1. Қазақстанның өкілі «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңда сипатталған жекешелендіру қағидалары мен жекешелендіру бойынша шектеулер ұлттық компаниялар мен ұлттық басқарушы холдингтердің немесе ұлттық холдингтердің құрамындағы фирмаларға (АҚ/ЖШС), яғни ұлттық басқарушы холдингтер немесе ұлттық холдингтердің еншілес компанияларына қолданылмайтынын мәлімдеді. Ұлттық компаниялардың немесе ұлттық басқарушы холдингтер немесе ұлттық холдингтер құрамындағы фирмалардың (АҚ/ЖШС) мүліктерін иеліктен шығару, АҚ/ЖШС үшін «Акционерлік қоғамдар туралы», «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Заңдарда және Азаматтық Кодексте сипатталған ережелер негізінде жүзеге асырылады. Бұған қосымша, «Мемлекеттік мүлік туралы» Заң стратегиялық объектілер үшін арнайы ережелер белгілейді. Стратегиялық объектілер болып табылатын, ұлттық басқарушы холдинг немесе ұлттық холдингтердің жарғылық капиталына үлес ретінде берілген ұлттық компаниялардың акцияларын иеліктен шығаруға Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша ғана рұқсат етіледі.




  1. Жекешелендірудің қорытындыларына қатысты Қазақстанның өкілі жұмыс тобы мүшелеріне 1991-2005 жылдар аралығында Қазақстанның екі жылдық алты жекешелендіру бағдарламаларын өткізгендігі туралы хабарлады. Үш бағдарлама кең ауқымдағы жекешелендіруге жұмылдырылған болатын. Соңғы екі бағдарлама мемлекеттік мүлікті және жекешелендіруді басқару Тұжырымдамасы шеңберінде әзірленген болатын. 1991-2012 жылдар аралығында мемлекеттік меншіктегі 45,631 объекті немесе шамамен 85% жекешелендірілген болатын (осы Баяндаманың
    3(А) Қосымшасы). 2000-2012 жылдардағы экономиканың әртүрлі секторларындағы мемлекеттік меншікті жекешелендіру бойынша деректер осы Баяндаманың 3(B) Қосымшасында ұсынылған. Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттің қатысуы бар кәсіпорындар бойынша деректер осы Баяндаманың 3(C), 3(D) және 3 (E) Қосымшаларында ұсынылған. Жекешелендіру процесі нәтижесінде 2013 жылғы 1 қаңтарда қолданыстағы мемлекеттік кәсіпорындар саны 6 827-ні құрады. 2013 жылғы 1 қаңтарда мемлекеттің қатысуымен 364 АҚ-ның ішінен, мемлекетке 236 АҚ-ның
    100 пайыз акциялары, 67 АҚ-ның 50-ден 100 пайызға дейін акциялары, 22 АҚ-ның 25-тен 50 пайызға дейін акциялары, 39 АҚ-ның 25 пайыздан кем акциялары тиесілі болды.




  1. Ауыл шаруашылығы секторындағы мемлекетке тиесілі және мемлекет басқаратын кәсіпорындардың қызметі туралы және оларды жекешелендіру бойынша жоспарлардың бар болуы туралы сұраққа Қазақстанның өкілі ауыл шаруашылығы өндірісі негізінен жекеменшік болып табылады деп жауап берді. Коммерциялық қызметтердің негізгі түрлері, оның ішінде өндіру, үлестіру және қоғамдық тамақтандыру бұдан әрі мемлекеттік меншікте немесе мемлекеттің басқаруында болып табылмайды. Ауыл шаруашылығы секторының жұмысына мемлекеттік интервенция «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы, «ҚазАгроҚаржы» АҚ және «ҚазАгроӨнім» АҚ арқылы төмендегі б) тарауында сипатталғандай жүзеге асырылады.




  1. Жекешелендіру процесіндегі шектеулерге қатысты Қазақстанның өкілі жұмыс тобы мүшелеріне «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңның 94-бабының
    3-тармағымен иелігінен шығарылмайтын және жекешелендірілмейтін мемлекеттік меншіктің санаты анықталғанын хабарлады. Бұған қарамастан, меншіктің бұл санаты ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің немесе ұлттық компанияның, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің немесе акционерлік қоғамның жарғылық капиталына үлес ретінде берілуі мүмкін.




  1. Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік «Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерінің тізбесі туралы» Президенттің 2000 жылғы 28 шілдедегі №422 Жарлығымен бекітілген. Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерінің тізбесіне: (і) жер (Қазақстан Республикасы заңнамасында бекітілген негіздерде жеке меншікте болатыннан басқасы), жер қойнаулары және су, өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі; (іі) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар; (ііі) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті штаттық мүлік, әскери-техникалық мақсаттағы ұйымдар мен объектілер;
    (iv) магистральды темір жолдар және мемлекеттік халықаралық маршруттар желісіне енгізілген, сондай-ақ қорғаныстық маңызы бар ортақ пайдаланылатын республикалық автомобиль жолдары, олардың бойындағы инженерлік құрылыстарды қоса алғанда; (v) кеме қатынасы су жолдары, шамшырақтар, кеме қатынасы қауіпсіздігін реттейтін және оған кепілдік беретін навигациялық құрылғылар мен белгілер; (vi) магистральды мұнай- және газ құбырлары, сондай-ақ 220, 500 и 1150 кВ кернеуі бар аймақаралық электр желілері; (vii) гидротехникалық құрылыстары бар су қоймалары, гидротораптар, су көздеріндегі су көтеру бөгеттері; (viii) ауылдарда алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымдар, мамандандырылған медициналық орталықтар (қан, бала мен ананы қорғау бойынша, радиациялық медицина орталықтары, онкологиялық, туберкулез, АИТВ жұққан және ЖИТС ауруларды, инфекциялық, тері-венерологиялық, психикалық ауруларды емдеу бойынша объектілер), қызмет көрсетілетін облыс, қала, аудан аумағында жалғыз мемлекеттік медициналық ұйым болып табылатын ұйымдар мен орталықтар; (ix) халықты әлеуметтік қорғау объектілері, балалар үйлері, бала үйі, қарттар үйі, мүгедектерге, Ұлы Отан Соғысына қатысушыларға және оларға теңестірілген тұлғаларға, балаларға және қарттарға арналған интернаттар, госпитальдар және шипажайлар;
    (x) орта білім беретін мемлекеттік ұйымдар, сонымен қатар (xi) мемлекеттің қорғауындағы тарихи және мәдени мұра объектілері кіреді.




  1. «Стратегиялық объектілер» туралы сұраққа жауап бере отырып, Қазақстанның өкілі Қазақстанның заңнамасы «стратегиялық объекті» түсінігін көздейтінін түсіндірді, ол Азаматтық Кодекстің 193-1-бабына сәйкес иелену, пайдалану немесе оған билік ету Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне әсер ететін, Қазақстан қоғамының орнықты дамуы үшін әлеуметтік-экономикалық маңызы бар мүлік болып табылады. Стратегиялық объектілер магистральдық темір жол желілерінен; магистральдық мұнай құбырларынан; магистральдық газ құбырларынан; ұлттық электр тораптарынан; магистральдық байланыс желілерінен; ұлттық пошта тораптарынан; халықаралық әуежайлардан; халықаралық теңіз порттарынан; әуе қозғалысын басқару жүйесінің аэронавигациялық құрылғыларынан; кемелердің қауіпсіз жүзуін реттейтін және оған кепілдік беретін құрылғылар мен навигациялық белгілерден; атом энергиясын пайдаланатын объектілерден; ғарыш саласының объектілерінен; су шаруашылығы құрылыстарынан; ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарынан; меншігінде стратегиялық объектілер бар заңды тұлғалардың акцияларынан (қарапайым акциялар); меншігінде стратегиялық объектілер бар заңды тұлғалардың шешімін тікелей немесе жанама айқындауға немесе қабылдайтын шешімдеріне ықпал етуге мүмкіндігі бар заңды және тұлғалардың акцияларынан (қарапайым акциялар) тұрады. Стратегиялық объектілер мемлекеттік, сондай-ақ жеке меншікте болулары мүмкін. Стратегиялық объектілер тек Үкіметтің қаулысымен үшінші тұлғалардың құқықтарымен сатып алынуы немесе иеліктен шығарулары/сатылулары мүмкін. Егер мұндай объектінің меншік иесі сатуға ниет білдірген жағдайда, Қазақстан Үкіметі стратегиялық объектіні нарықтық бағасымен сатып алудың басым құқығына ие болады. Стратегиялық объектілер 2008 жылғы
    30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №651 қаулысында аталып көрсетілген.




  1. Ол «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңның 188-бабының 3-тармағына сәйкес шетелдік тұлғалардың жекешелендіру процесіне қатысуына қатысты шектеулер стратегиялық объектілерді шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік қатысуы бар заңды тұлғаларға және олармен аффилиирленген тұлғаларға қолданылатынын мәлімдеді. Мұндай шектеулер қолданылатын Қазақстан экономикасы секторларының саны шектеулі және осы Баяндаманың «Инвестициялық режим» бөлімінде сипатталған.




  1. Магистральдық құбырлар туралы сұрақтарға Қазақстанның өкілі «Магистральдық құбыр туралы» 2012 жылғы 22 маусымдағы № 20-V Заңы (бұдан әрі – «Магистралдық құбыр туралы» Заң) магистральдық құбырлардың тиімді, сенімді және қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз етуге бағытталған деп мәлімдеді. «Магистральдық құбыр туралы» Заң сондай-ақ, магистральдық құбырлардың меншік құқығымен байланысты мәселелерді, сонымен бірге қолданыстағы құбырларға жаңа құбырларды жобалау, құрылысын салу, пайдалану және қосуға арналған рәсімдерді, қызмет көрсетуді бақылауды және құбырларды жоюды реттейді. «Магистральдық құбыр туралы» Заңның 12-бабына сәйкес магистральдық құбыр бөлінбейтін меншік болып табылады, және мемлекеттік немесе жеке меншікте болуы мүмкін. Магистральдық құбыр шетел мемлекетінің заңнамасына сәйкес тіркелген заңды немесе жеке тұлғалардың меншігінде болуы мүмкін емес. Магистральдық құбыр, магистральды құбырға иелік ететін заңды тұлғалардың акциялары, сондай-ақ магистральдық құбырға иелік ететін заңды тұлағалардың шешімдерін тікелей немесе жанама анықтай алатын, немесе шешімдеріне ықпал ете алатын жеке немесе заңды тұлғалардың иелігіндегі акциялар 98-тармақта сипатталғандай «стратегиялық объекті» болып саналады. Сондай-ақ, ол «Магистральдық құбыр туралы» Заңның
    16-бабына сәйкес Үкіметтің магистральдық құбырлардың құрылысын салу жобаларына меншіктің елу бір пайыздан кем емес шамасында қатысуға басым құқығы бар екенін айтып өтті. Ұлттық оператор магистральдық құбырларды Үкіметтің атынан басқарады. Ұлттық оператор заңды тұлға болып табылады және оның акцияларының бақылаушы пакеті Үкіметтің немесе ұлттық басқарушы холдингтің немесе ұлттық компанияның меншігінде болады. Егер Үкімет өзінің басым құқығынан бас тартқан жағдайда, онда магистральдық құбырдың құрылысын салуды жоспарлайтын тұлға басқа тұлғаларға жобаға қатысуды ұсына алады немесе құрылысты өз бетінше сала алады. Бұған қарамастан, басқа тұлғаларға ұсынылған құбырдың құрылысын салуға қатысу шарттары Үкіметке ұсынылғандарға қарағанда аса қолайлы болуы тиісті емес.Үкімет құрылыс салу жобасына елу бір пайыздан төмен үлесте қатысу туралы шешім қабылдай алады. Бірақ, Үкіметтің басым құқықтары қолданыстағы магистральдық құбырларды кеңейту жағдайында қолданылмайды. «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі №272-I Заңның
    4-бабына сәйкес магистральдық құбырлар табиғи монополияларға жатады.




  1. Қазақстанның өкілі Қазақстанның жекешелендіру процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге дайындығын растады. Қазақстан процестің жалғасуы кезінде жекешелендіру процесінің дамуы туралы жыл сайынғы есебін ДСҰ мүшелеріне (Жұмыс тобына ұсынылған ұқсас ақпарат бойынша) ұсынатын болады. Жұмыс тобы осы міндеттемені ескерді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет