-
Қазақстанның өкілі Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде табиғи монополияларды реттеу саясаты үшін құқықтық негіз ЕАЭО туралы шарттың XIX «Табиғи монополиялар» тарауы (78-бап) және «Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтерін реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы» №20 Қосымшасы болып табылатынын мәлімдеді. Осы ережелер ЕАЭО туралы шарт 2015 жылғы 1 қаңтарда күшіне енгенде, күшін жоғалтқан 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтерін реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімді алмастырды. 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЕАЭО туралы шарттың XIX тарауы мен №20 Қосымшасы табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтерін реттеудің негізгі қағидаттары мен қағидаларын айқындайды. ЕАЭО туралы шарт тұтынушылар мен табиғи монополиялардың мүдделерінің арасындағы теңгерімді қамтамасыз етуге, табиғи монополиялардың тиімді қызмет етуі мен дамуына жәрдемдесуге, осы саладағы ұлттық заңнамаларды үйлестіруге жұмыс істейді. Соның ішінде, ЕАЭО туралы шарттың №20 Қосымшасы ЕАЭО-ның бір мүше мемлекетінің табиғи монополиялары ұсынатын қызметтерге, техникалық мүмкіндіктер қолжетімді болған жағдайда, ЕАЭО-ның басқа мүше мемлекеттерінің тұтынушыларына кемсітпейтін қолжетімділік ұсынады. Тарифтерді реттеу табиғи монополиялар ұсынатын қызметтерге жататын шығыстарды бөліп есептеу қағидатына негізделді. Тарифтерді реттеу барысында келесі өлшемшарттар ескерілді: (і) реттелетін қызметпен байланысты экономикалық негізделген шығындарды қалпына келтіру; (іі) экономикалық негізделген пайда алу; (ііі) экономикалық тиімділікті ынталандыру; және (iv) табиғи монополиялар көрсететін қызметтердің сапасы мен сенімділігін ескере отырып тарифтерді қалыптастыру.
-
ЕАЭО туралы шарттың №19 Қосымшасының VII Бөліміне сәйкес бағаларды реттеу, айрықша жағдайларда табиғи монополиялар жағдайындағы емес тауарлар нарығына, оларға, соның ішінде, төтенше жағдайлар және табиғи апаттар, ұлттық қауіпсіздік мүдделері жатады, және әлеуметтік маңызды өнімдердің жекелеген түрлеріне енгізілуі мүмкін.
-
Еуразиялық Экономикалық Комиссия (бұдан әрі – Комисссия немесе ЕЭК) ЕАЭО-ның мүше мемлекетінің сұрауы бойынша реттелетін бағаларды жою қажеттілігі туралы шешім қабылдауы мүмкін. Комиссияның шешімі мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамаларына сәйкес іске асырылады. Бұған қарамастан, бұл құзірет қызметтер көрсетуге, табиғи монополиялар, мемлекеттік сатып алулар және интервенциялар секторына, сондай-ақ келесі тауарларға қолданылмайды: (i) табиғи газ; (ii) тұрмыстық қажеттіліктерге арналған сұйытылған газ; (iii) электр және жылу энергиясы; (iv) арақ, ликер және күштілігі 28%-дан артық алкогольді өнімдер (ең төмен баға); (v) тамақ шикізатынан алынған этил спирті (минималды баға); (vi) қатты отын және жылытуға арналған отын; (vii) атом энергиясы циклі өндірісі;
(viii) тұрмыстық қажеттіліктерге арналған керосин; (ix) мұнай өнімдері;
(х) фармацевтикалық тауарлар және (xi) темекі өнімдері.
-
Қазақстанның өкілі «Табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі № 272-I Заңында (бұдан әрі – «Табиғи монополиялар туралы» Заңы) табиғи монополиялар мен реттелетін нарық субъектілерінің баға белгілеуін қоса алғанда, табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар саласындағы мемлекеттік реттеудің құқықтық шеңберлері белгіленген деп мәлімдеді. «Табиғи монополиялар туралы» Заң тұтынушылардың, табиғи монополия субъектілерінің және реттелетін нарықтардың мүдделерін қорғауға, сондай-ақ тұтынушылар мүдделері мен табиғи монополиялар мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз етуге бағытталған. Табиғи монополия өндірістік процестің және қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) жеткізудің технологиялық сипаттамаларымен байланысты, белгілі бір қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) түрін ұсыну бойынша бәсекелестік орта құру экономикалық жағынан мүмкін емес немесе ақтамайтын нарықта ғана болады деп пайымдалады. Мемлекеттік реттеу (і) тарифтік мөлшерлемелерді (баға, сыйақы мөлшерлемелері);
(іі) тарифтерді бағалауды; (ііі) уақытша өтемдік тарифтерді; (iv) уақытша төмендету коэффициенттерін; (v) бағаларды қалыптастырудың ерекше тәртібін; (vi) реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі бойынша кірістердің, шығындардың және қолданған активтердің бөлек есебін жүргізуді; және (vii) есепке алу саясатын үйлестіруді құру жолымен жүзеге асырылады. «Табиғи монополиялар туралы» Заңның әрекеті Қазақстандағы шетелдік, сонымен қатар отандық заңды тұлғаларға (олардың филиалдары мен өкілдіктеріне), жеке кәсіпкерлерге, қоғамдық ұйымдар мен жеке тұлғаларға қолданылады. Бірақ «Табиғи монополиялар туралы» Заңның ережелері олардың жеке қажеттіліктері үшін пайдаланылатын, кәсіпорындардың құрылысын салу және пайдаланумен байланысты және табиғи монополиялар ретінде жіктелетін қызмет түрлерімен айналысатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға қатысты болмайды. Өкіл «Ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) тарифтерін (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін көтеру немесе төмендету Ережесі» (бұдан әрі – Тарифтер бойынша ереже) Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің
2005 жылғы 19 наурыздағы № 91-НҚ бұйрығымен бекітілгенін қоса айтты. «Табиғи монополиялар туралы» Заңға және Тарифтер бойынша қағидаға сәйкес тарифтердің шекті деңгейлері, сондай-ақ тарифтік ставкалардың
кез келген өзгерістері көрсетілетін қызметтердің өзіндік құнын жабуы және тиімді қызмет атқару үшін қажетті таза пайданы алуды ескеруі қажет. Бұдан өзге, осындай бақылау тұрғындарға және басқа да коммерциялық емес тұтынушыларға ұсынылатын белгілі бір тауарлардың (мысалы, энергия ресурстары) бағаларын реттейді, сондай-ақ жергілікті әлеуметтік саясат пайымдарына негізделеді. Табиғи монополиялар түрінде мемлекет реттейтін қызметтер тізімі осы Баяндаманың 4-қосымшасында берілген.
-
Реттелетін нарыққа қатысушы өндіріс пен маркетингтің құнын, түсетін пайданың мөлшерін негізге ала отырып, тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бағаларының шекті деңгейін белгілейді. Бағалардың шекті деңгейін уәкілетті орган баға сараптамасы нәтижелері негізінде негізделген деңгей ретінде бекітуге тиіс. Реттелетін нарыққа қатысушы бағалардың шекті деңгейі шеңберінде өндірілетін (сатылатын) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағасын төмендетуге және көтеруге құқығы бар.
-
Ол Үкіметтің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 1005 қаулысымен «Қазақстан Республикасындағы тарифтік саясаты жөніндегі
2010-2014 жылдарға арналған бағдарлама» бекітілгенін қоса мәлімдеді. Бағдарлама жаңартуға арналған инвестицияларды және активтерді технологиялық жетілдіруді, сапаны жақсарту мен инфрақұрылымдық секторлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруды ынталандыратын табиғи монополиялар саласында реттеудің тиімді теңестірілген жүйесін құруға бағытталған, Ол сонымен қатар, заңнаманың табиғи монополиялар басымдыққа ие секторларда шетелдік және жергілікті кәсіпорындардың бәсекелестігіне кедергі келтірмейтінін атап өтті. Нақты қойылған сұраққа жауап ретінде ол «табиғи монополияның» заңды термин екенін растады.
-
Қазақстанның өкілі барлық табиғи монополиялардың Ұлттық Экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті (бұдан әрі – Комитет) бекітетін талаптар мен қолданылатын бағалардың/тарифтердің стандартты тізілімінің субъектісі болып табылатынын атап өтті. Өтініштерді қарау барысында Комитет басқа ұқсас кәсіпорындардың операцияларын ескере отырып, ұсынылып отырған бағаны көтерудің қаржылық, ал қажет болған жағдайда, техникалық бағалауын жүргізеді. Комитет бекіткен тарифтер, реттеліп көрсетілетін қызметтер ұсыну үшін қажетті шығындарды өтеуге және компания қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажетті пайданың тиісті деңгейіне ие болуды назарда ұстауға тиіс. Қарау нәтижесіне байланысты Комитет жария тыңдауларда талқыланатын (консультациялар процесі) алдын-ала шешім тұжырымдайды. Комитет тарифтердің ең жоғары шектерін бекітуге арналған табиғи монополиялардың өтінімдерін қарау кезінде жария тыңдаулар ұйымдастыруға тиіс. Жария тыңдауларға заң шығару билігінің жергілікті атқарушы органдарының мүшелері, мемлекеттік органдар өкілдері, тұтынушылар және олардың қоғамдық бірлестіктері, тәуелсіз сарапшылар, сондай-ақ өтінім беруші (табиғи монополия) қатысады. Тиісті ақпарат (мысалы, Комитеттің шешімдері) мерзімді түрде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып тұрады және http://www.kremzk.gov.kz/eng/ сайтында қол жетімді. Табиғи монополиялар тізілімін ұсыну туралы өтінішке өкіл http://www.kremzk.gov.kz/eng/ menu2/registry/resp_razd/ веб-сайтына сілтеме жасады.
-
Өкіл бұдан әрі, Үкіметтің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы
№1279 шешімімен бекітілген «2008-2010 жылдарға арналған табиғи монополиялар салаларындағы тарифтік саясатты жетілдіру жөніндегі шаралар кешенінің» қабылдануы Үкіметтің табиғи монополиялардың ұзақ мерзімді қызметін қамтамасыз етудегі іс-қимылын көрсеткенін атап өтті. Шаралар прогрессивті әдістерді енгізуді қоса алғанда, нормативтік-құқықтық базаны және тарифтерді белгілеу әдістемесін жетілдіруге бағытталғанын тілге тиек етті.
-
Қазақстанның өкілі, электр энергиясын, табиғи газды және газ конденсатын, сондай-ақ энергияның басқа да түрлерін өндіру, табиғи монополиялар ретінде реттелмейтінін атап өтті. Өкіл сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілерiне табиғи монополиялар мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2006 жылғы 5 шілдедегі Заңымен табиғи монополиялар пайдаланатын көмір, газ, мазут, дизель отыны және электр энергиясын қамтитын «стратегиялық тауарлар» ұғымы енгізілгенін атап өтті. Заңның ережелерінде табиғи монополия (тұтынушы) жекелеген нарықтарда жеткізілімнің тапшылығы жағдайларын қоспағанда, стратегиялық тауарларды тікелей өндірушіден немесе тікелей импорттаушылардан алуға тиіс екені көзделген. Осы талап, отынның құны өндірушіден табиғи монополияға (тұтынушыға) жеткенге дейін жабдықтау жүйесіндегі делдалдардың санының көптігінен табиғи монополия шығындарының
70 пайызына жеткендігі салдарынан енгізілген болатын. Сұрақтарға жауап бере отырып, өкіл «стратегиялық объект» ұғымы «стратегиялық тауар» ұғымымен байланысты емес екенін атап өтті. Стратегиялық объект ұғымы Қазақстан экономикасының ұлттық тұтастығын қорғау үшін маңызды белгілі бір инфрақұрылымдық активтерді реттеу үшін пайдаланылады, ал стратегиялық тауар ұғымы табиғи монополиялар тарифтерін реттеу үшін пайдаланылады.
-
Мүшенің энергия ресурстарының бағаларына, әсіресе газдың бағасына қатысты сұрағына жауап ретінде, Қазақстанның өкілі «Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 532-IV Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Энергетика министрлігінің ұсынысы негізінде ішкі нарықта тауарлық және сұйытылған мұнай газын көтерме сатудағы шекті бағаларын белгілейді деп мәлімдеді. «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» № 272-І Заңға сәйкес тиісті нарықтағы үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілері белгілейтін газдың бөлшек бағасын Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті реттейді. Үстем немесе монополиялық жағдайға ие компаниялар Комитетке тиісті негіздейтін құжаттармен бірге газға деген бағаның болжамды көтерілуі туралы хабарламасын ұсынады. Ұсынылған баға Комитет осы Баяндаманың
147-тармағында сипатталған реттелетін нарықтардағы бағаның белгіленуін реттейтін № 272-І Заңның 7-2-бабына сәйкес жүргізілетін баға сараптамасы нәтижелері негізінде бекітілуге жатады. Мұнай өнімдерінің бөлшек бағалары «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі № 463-IV Заңына сәйкес реттеледі. Комитет Энергетика министрлігімен келісе отырып, Үкіметтің 2012 жылғы 2 наурыздағы № 287 қаулысында бекітілген рәсімдерге сәйкес мұнай өнімдеріне ең жоғары бөлшек бағаны бекітеді. Реттелетін мұнай өнімдерінің тізімі, Үкіметтің 2012 жылғы 2 наурыздағы
№ 286 қаулысымен бекітілген мұнай өнімдерінің мынадай түрлерінен тұрады: Аи-80 маркалы, Аи-92 және Аи-93 маркалы бензиндері, жазғы және маусымаралық дизель отыны. Аталған шаралар үй шаруашылықтары үшін коммуналдық қызметтерге деген бағалардың әділетсіз көтерудің алдын-алу үшін және ішкі нарықтағы мұнай өнімдері мен газ бағаларын тұрақтандыру, атап айтқанда, елдегі жоғары инфляцияны тоқтату үшін енгізілген болатын. Ол Үкіметтің әлеуметтік маңызы бар өнімдерге бөлшек бағаларды тұрақтандыруға бағытталған әлеуметтік саясаттың бір бөлігі ретінде мұнай өнімдері мен газдың бағаларын үй шаруашылықтары үшін реттейтінін айтып өтті.
-
Үкіметтің тауарларға қатысты бағаларды бақылауды қолдану құзіретіне ие болуы және мұндай бақылаудың болуы-болмауы туралы сұраққа Қазақстанның өкілі «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» 1995 жылғы 18 желтоқсандағы № 2688 Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 9-7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік баға саясатын әзірлеуге және жүзеге асыруға, сонымен қатар тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге бағаларды белгілеуге құқылы деп жауап берді. Қазіргі таңда Қазақстанның Үкіметі тауарлардың мынадай түрлеріне бөлшек бағаларды белгілейді: (і) арақ, ерекше арақ және басқа да күшті спирттік ішімдіктерге ең төмен бөлшек бағаларды («Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі № 429-I ҚР Заңы, 2011 жылғы ақпанда енгізілген түзетулерімен «Алкоголь өніміне ең төменгі бағалар белгілеу туралы» Үкіметтің 1999 жылғы 23 қазандағы №1592 қаулысы); (іі) ұзындығы 45-тен 85 мм. дейінгі сигареттердің ең төмен бөлшек бағасы, ұзындығы 87.1-ден
160 мм. дейінгі фильтрлі сигареттердің ең төмен бөлшек бағасы («Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы»
2003 жылғы 12 маусымдағы №439 ҚР Заңы және «Фильтрлі сигареттерге ең төмен бөлшек баға белгілеу туралы» Үкіметтің 2007 жылғы 4 сәуірдегі
№ 260 қаулысы); (ііі) мұнай өнімдерінің ең жоғары бөлшек бағасы («Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі №463-IV Заңы),
(iv) ішкі нарықта сұйытылған мұнай газын көтерме сатудың шекті бағалары («Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы
№ 532-IV Заңы және «Ішкі нарықта сұйытылған мұнай газын көтерме саудада сатудың шекті бағасын бекіту туралы» Үкіметтің 2012 жылғы
8 қазандағы № 1272 қаулысы). Бағаларды белгілеу тек ішкі саудаға ғана қолданылады әрі өндірілген отандық және импортталған тауарларға қатысты кемсітушілік болмайды. Бұл шаралар тұрғындардың денсаулығын қорғау және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі саясат шеңберінде енгізілген.
-
Қазақстанның өкілі Электр энергиясын беру қызметін ұсынуға қатысты Үкіметтің 2004 жылғы 18 ақпандағы № 190 қаулысымен «Қазақстан Республикасының электр энергетикасындағы нарықтық қатынастарды одан әрi дамыту жөнiндегi шаралар туралы тұжырымдамасының» қабылданғанын атап өтті. Өкіл «Электр энергетикасы туралы» №588-ІІ Заңның 2004 жылғы
9 шілдеде қабылданғанын қоса мәлімдеді. Осы Заңның ережелеріне сәйкес электр энергиясын беру қызметтері (электр энергиясының бөлшек нарығында) бәсекелес нарыққа өтті, мұнда электр энергиясын жеткізушілер түпкі тұтынушылар үшін тарифтерді нарықтық қағидаттар негізінде белгілейді. Үстем (монополиялық) позицияға ие электр энергиясын жеткізуші компаниялар Комитетте тіркеледі. Басқа жаңалықтар бөлшек тұтынушыларға электр энергиясын сату үшін оны орталықтандырылған конкурстар өткізу арқылы сатып алуды; жылу желілерін электр станцияларынан бөлу; және ұлттық деңгейдегі электр станциялары мен өңірлік электр энергиясын өндірушілер арасында бәсекелестікті ынталандыру мақсатында электр энергиясын беру үшін тең жағдайлар жасауды қамтиды. Электр энергиясын өңіраралық желілермен беру және тарату («KEGOC» ұлттық компаниясы арқылы) табиғи монополиялар саласындағы қызметтер ретінде қарастырылады және осыған байланысты мемлекеттің баға белгілеуіне жатады. Электр энергиясын беру қызметтеріне арналған тарифтерді белгілеу әдістемесіне тарифтік мөлшерлемелердің электр энергиясын жеткізу қашықтығынан тікелей тәуелділігін жою мақсатында түзетулер енгізілді. Бұның орнына энергия тапшылығы мен желінің өткізу қабілеті коэффициенті енгізілді. Өкіл жаңа заңның ережелерінде электр энергиясының көтерме нарығына жеңілдетілген қолжетімділік көзделгенін атап өтті.
-
Жұмыс тобы мүшесі Қазақстанның өкіліне табиғи газды реттеу режиміне қатысты Қазақстандағы шетелдік компаниялар қазақстандық компаниялар сияқты нақ сондай тарифтер алатыны-алмайтыны жөнінде және ішкі тұтынушылар үшін белгіленген бағалар экспорттық бағалармен бірдей бола ма деген сұрақ қойды. Оған қоса, мүше Қазақстаннан энергия өнімдерінің (атап айтқанда, мұнай және газ) бағалары кем дегенде мұндай өнімдерді өндіруге, шығаруға, тасымалдауға және маркетингіне жұмсалатын барлық шығыстарды жабатыны, сонымен қатар тіркелген шығыстарға арналған тиісті шығындарды және инфрақұрылымды ұстау мен жақсартуды, және қазіргі бар немесе жоспарланған жаңа учаскелерді барлау мен өндіруді қоса алғанда, осы өнімдермен байланысты және болашақта болатындармен расталған, осы тіркелген және күрделі инвестицияларды өтеуге жеткілікті, расталған пайда маржасы туралы куәландыруды сұрады.
-
Бұған жауап ретінде Қазақстанның өкілі қазіргі таңда газға бағаны, атап айтқанда сұйытылған мұнай газына көтерме ішкі бағаларды (152 және 153-тармақтарында көрсетілгендей) және мұнай өнімдеріне бөлшек ішкі бағалары мен тиісті нарықта ұстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің газға бөлшек бағаларын (152-тармақта көрсетілгендей) Үкімет реттейтінін айтып өтті. Бұл шектеулерді қоспағанда, Қазақстанда өндірілген және Қазақстаннан экспортталатын газ және шикі мұнай нарықтық бағалар бойынша сатылады. Газды ішкі тұтыну үшін құбыржол арқылы және шикі мұнайды магистральдық құбыржол арқылы тасымалдау табиғи монополиялар ретінде реттелуге жатады. Газ бен мұнайды тасымалдау тарифтері «құн қосу негізделген пайда» кағидатына негізделеді. Экспортталатын газды құбыржол арқылы тасымалдау тарифтерін Үкімет реттемейді.
-
Жұмыс тобының бірқатар мүшелері мұнайды реттеу тәртібіне қатысты, мұнай (және газ) құбыржол көлігі саласындағы табиғи монополиялар және табиғи монополиялар белгілеген мұнай құбырына қол жеткізу тәртібі туралы қосымша ақпаратты сұрады. Жұмыс тобының мүшелері құбыржолдарға қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін қандай өлшемшарттар пайдаланылатыны және қолжетімділікті қамтамасыз етуге қатысты Үкімет тарапынан қандай да бір нұсқамалар берілгені туралы сұрақтар қойылды.
-
Қазақстанның өкілі табиғи монополиялардың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларға, жұмыстарға) тең қолжетімділікті қамтамасыз ету тәртібі «Мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық құбыржол арқылы тасымалдау саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесінде» (Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы
19 қаңтардағы №107 бұйрығы) қамтылған деп жауап берді. Қазіргі таңда қазақстандық мұнай үш мұнай құбыры, атап айтқанда (i) «ҚазТрансОйл» АҚ-ға тиесілі «Өзен – Атырау (Қазақстан) – Самара (Ресей)», (ii) Каспий Құбыр Арнасы Консорциумына тиесілі «Теңіз-Новороссийск», (iii) «Қазақстан-Қытай Құбырына» тиесілі «Кеңқияқ-Алашанькоу» құбырлары арқылы тасымалданады. «Өзен – Атырау– Самара» құбыры арқылы тасымалданатын мұнай экспортының көлемі оның өткізу қабілетімен айқындалады және Ресей мен Қазақстанның арасындағы жыл сайынғы үкіметаралық шартқа негізделген.
-
Энергетика министрлігі «Өзен – Атырау– Самара» құбыржолы арқылы шикі мұнайды экспортқа тасымалдауға арналған қазіргі бар квоталарды шикі мұнай өндіретін қазақстандық компаниялар арасында Қазақстандағы магистральдық құбыржолдың қолжетімді тасымалдау қуатына және Ресей Федерациясы ұсынатын тасымалдау қуатына қарай олардың өндірісі көлеміне пропорционалды бөледі. Өндірушілер беретін өтініштерде өндіріс көлемдері және шикі мұнайды тасымалдау бағыты көрсетілуі тиіс. Квота көлемі келісілгеннен кейін экспорттаушы магистральдық құбыржолдың операторы – «ҚазТрансОйлмен» мұнай тасымалдауға арналған шарт жасасуы қажет. Ресей Федерациясымен жылдық квоталар көлемін талқылау кезінде Қазақстанның Үкіметі барлық қазақстандық компаниялардың мұнай тасымалдауының болжамды қажеттіліктерін назарға алады. Осылайша, қазіргі таңда, мұнай тасымалдауға арналған барлық сұраныстар орындалған, және квота жетіспеушілігі жоқ. Осылайша, квоталар кемсітпеушілік негізінде, Қазақстанда мұнай өндіретін ішкі, сонымен қатар шетелдік компаниялар арасында бөлінеді.
-
Жұмыс тобының мүшесі Үкімет қолданатын шаралардың нәтижесі болып табылатын, іс жүзінде кез-келген секторда ресми қосарланған баға саясаты және баға белгілеудің қосарланған режимі бар-жоғы туралы сұрақ қойды. Оған жауап ретінде Қазақстанның өкілі Қазақстан Республикасының заңнамасында қосарланған баға саясаты көзделмегенін мәлімдеді. Алуан түрлі бағыттқа тауар тасымалдауда тарифтердің әртүрлі болуы табиғи монополиялардың өз қызметтерін көрсету барысында шеккен шығындарындағы айырмашылықтармен түсіндіріледі. «Табиғи монополиялар туралы» Заңға сәйкес табиғи монополияларға тарифтерді белгілеу кезінде Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті тұлға шеккен барлық шығыстарды және оператордың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін негізделген пайдасын назарға алады.
-
Жұмыс тобының кейбір мүшелері құбыржол арқылы мұнайды тасымалдауға арналған тарифтік мөлшерлемелер априориі ішкі тұтыныс және экспорт үшін бірдей болып табылғанымен, ішкі тұтыныс үшін төмендететін коэффициентті (дисконттау коэффициенті) қолдану экспортқа арналған мұнайды тасымалдаудың көтермеленген де-факто мөлшерлемесіне әкеледі. Жұмыс тобының мүшелері 1994 жылғы ГАТТ ХІ бабында басқа Мүшенің аумағына арналған кез келген өнімге тыйым салу немесе экспортын шектеу, немесе экспортқа сату үшін «өзге де шаралардың» қолданыла алмайтыны көзделген. Жұмыс тобының мүшелері Қазақстаннан экспортқа арналған мұнайға қолданылатын кемсітетін баға белгілеудің күшін жою ол ДСҰ-ға енгенге дейін күтілетінін мәлімдеді.
-
Қазақстанның өкілі, Қазақстан 2010 жылы отандық мұнай өңдеу зауыттарына шикі мұнайды тасымалдау кезінде төмендетуші коэффициентті қолдану практикасын тоқтатқандығын айтып өтті. Оның орнына шикі мұнайды магистральдық құбыржол арқылы экспортқа және ішкі межелі пункттерге тасымалдауға арналған тарифтер нақты шығыстар, негізделген пайда, құбыржолдардың физикалық қуаттылығы негізінде бөлек есептеледі. Мұндай тәсіл реттеліп көрсетілетін қызметтерде кірістер, шығыстар және іске қосылған активтерді есепке алу барысында ашықтықты қамтамасыз ету, табиғи монополиялар көрсететін реттелетін қызметтерге тарифтерді бағалауды әзірлеу және тарифтерді есептеу үшін таңдалып алынған болатын.
-
Жұмыс тобының кейбір мүшелері, Қазақстанда қолданылатын мұнайды тасымалдауға арналған әртүрлі тарифтер Транзит еркіндігі туралы 1994 жылғы ГАТТ Ү бабының ережелеріне қайшы келетінін де атап өтті. Қазақстан өкілі жауап ретінде Қазақстанда транзиттік маршруттарға кемсітушілікті көзқарастың жоқ екенін мәлімдеді. 2004 жылдан бастап мұнайды Қазақстан арқылы Қытай Халық Республикасына Ресей Федерациясынан транзиттеу Қазақстандағы жалғыз шикі мұнайдың транзиттік құбыржолымен Омск–Павлодар–Атасу құбыржолы арқылы жүзеге асырылады. Транзиттік тарифтер Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы 2002 жылғы
7 шілдедегі Шикі мұнай транзиті туралы келісіммен реттеледі, келісімде
2009 жылғы қарашада енгізілген өзгерістер ескерілуге тиіс.
-
Қазақстанның өкілі, 2004 жылы басталған теміржол көлігін қайта құрылымдау жөніндегі реформалар салдарынан табиғи монополиялардың қысқарғанын ескерер болсақ, теміржол көрсетілетін қызметтері нарығы саласында көрсетілетін қызметтерді монополияландыруды қамту – мемлекеттік реттеу субъектісі болып табылады. Бүгінгі таңда, реформалар нәтижесінде, магистральдық теміржол желісінің көрсетілетін қызметтері ғана табиғи монополиялар ретінде мемлекекет тарапынан реттеледі. Теміржолмен тасымалдауға арналған әртүрлі тарифтер, арақашықтаққа, жылжымалы состав (вагондар) үлгісіне, жүкке және межелі пунктке негізделе отырып бегіленген. Оның пікірі бойынша, мұндай сараланған тарифтерді қолдану ДСҰ талаптарына қайшы келмейді. Өкіл 2006 және
2013 жылдар аралығындағы кезеңде теміржол секторын қайта құрылымдау кезінде Үкімет магистральдық теміржол көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифтерді біртіңдеп біріздендіруді жүргізгенін және ішкі маршруттар мен импорттық маршруттарға арналған тарифтерді қолданудағы айырмашылықтарды біртіндеп азайтып жатқанын атап өтті. Бірінші саты кезінде, 2006 жылы құрылыс материалдарын, қара және түсті металдарды және метал сынықтарын тасымалдауға арналған тарифтер біріздендірілген болатын. Екінші саты кезінде, 2010 жылы шикі мұнай мен көмір тасымалдауға арналған тарифтер біріздендірілген болатын. Үшінші саты кезінде, 2011 жылы, тарифтерді біріздендіру түсті кендерге, темір кеніне, спиртке және алкогольдік сусындарға қатысты жалғастырылған болатын. Тарифтерді біріздендіру 2012 жылы төртінші сатыда, барлық қалған тауарларға, оның ішінде химиялық және минералдық тыңайтқыштарға, химикаттар мен содаға, мұнай өнімдері мен астыққа қатысты аяқталды.
-
Жұмыс тобының бір мүшесі, қазақстандық биліктің табиғи монополиялар ретінде қызмет түрлерін сыныптауда, өте ауқымды ерікті шектерге ие екендігін атап өтті және Жұмыс тобының бұл мүшесі, телекоммуникациялық көрсетілетін қызметтер мен пошталық көрсетілетін қызметтерді табиғи монополиялар деп санамайтынын атап өтті. Жұмыс тобының басқа мүшесі, Қазақстанның табиғи монополиялар үстемдікке ие нарықтарда бәсекелестіктің қалайша орын алатынын түсіндіріп беруін сұрады.
-
Қойылған сұрақтарға жауап бере отырып Қазақстанның өкілі, экономиканың негізгі секторларындағы жүргізіліп жатқан реформаларда сипатталғандай, Үкімет бәсекелестікке ықпал ету және табиғи монополиялар тізбесін қысқарту үшін ырықтандыру бағдарламасын орындайтынын қайтадан қайталады. Оның ішінде, Үкімет реттеліп көрсетілетін пошта қызметтері түрлерін қысқартты. Тізім бастапқыда сегіз пошта қызметтері түрлерінен тұрған, алайда кейіннен тек жалпыға қол жетімді пошта байланысы қызметтеріне (ашықхаттар, хаттар, сауқаттар және бандерольдер) дейін қысқартылды. Телекоммуникациялық көрсетілетін қызметтерге қатысты, өкіл табиғи монополиялар ретінде мемлекет тарапынан ретелетін қызметтер саласы қысқартылғанын, және қазіргі таңда тек төмендегі аталған қызметтерді қамтитынын атап өтті: (і) технологиялық тұрғыдан мүмкін болмауы не экономикалық нысаналы болмауы себебінен бәсекелес байланыс операторы болмауы шартымен, телекоммуникациялық көрсетілетін қызметтер; және (іі) телекоммуникациялық жалғанымдарға технологиялық тұрғыдан байланысты кәбілдік кәріздер мен өзге де негізгі құралдарды жалдау және пайдалану. Бұдан бөлек, жалғау жөніндегі оператор көрсететін қызметтер (бірыңғай телекомуникация желісі көрсететін қызметтерге қосымша) және телефондық рұқсатнама қызметтері бұрынғыдай реттелетін болады және табиғи монополиялар тізілімінен тек бәсекелестік орта құрылғаннан кейін ғана алынап тасталынатын болады.
-
Жұмыс тобының бірқатар мүшелері, халықаралық саудада және/немесе ел ішіндегі бөлуде монополиялық позицияны алатын кәсіпорындарды
1994 жылғы ГАТТ-тың XVII бабын түсіндіру жөніндегі уағдаластыққа сәйкес хабардар ету қажет екенін мәлімдеді және Қазақстан өзінің «табиғи» монополиялары туралы хабардар етуге ниетті ме деп сұрады. Жұмыс тобының мүшесі, Қазақстандағы мемлекеттік табиғи монополиялардың көлік компаниялары ретінде тең қол жетімділікті қамтамасыз етпейтіндігі және ауқымды айрықша артықшылықтарды пайдаланатыны туралы жеткілікті дәлелдердің бар екендігі жөнінде айтып өтті.
-
Қазақстан өкілі, Қазақстанда табиғи монополиялардың меншік нысаны мен түріне қарамастан, барлық өнім берушілер мен операторлар үшін тең кемсітушіліксіз (ашық) қол жетімділікті беретін тасымалдаушылар ретінде әрекет ететіні туралы жауап берді. Бұған қатысты, Қазақстанның өкілі, көлік нарығының барлық қатысушылары үшін теміржол көлігі көрсететін қызметтеріне кемсітушіліксіз қол жетімділік қағидатын белгілейтін, «Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы № 266 Заңының
2 бабын көрсетті. Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы
8 қарашадағы №401-І бұйрығымен бекітілген, «Тасымалдаушылардың магистралдық теміржол желісін қызметіне кемсітушіліксіз қол жеткізу қағидалары» 2012 жылғы 3 қазанда өз күшін жойды. Оның пікірінше, табиғи монополияларға ешқандай айрықша құқықтар немесе ерекше артықшылықтар берілген жоқ және тиісінше, табиғи монополиялар
1994 жылғы ГАТТ-тың XVII бабын түсіндіру жөніндегі Уағдаластықтың хабардар ету талаптарына жатпайтын болып табылады.
-
Жұмыс Тобының мүшесі Қазақстанның, ДСҰ-ға кіргеннен кейін, Қазақстан Үкіметі бағаларды реттеу барысында, Қазақстандағы мемлекеттік кәсіпорындар мен табиғи монополиялар, өз тауарларын өнеркәсіптік тұтынушыларға беруге қатысты өз шығыстарын (оның ішінде негізделген пайданы қосып) өзінің әдеттегі қызметі шеңберінде қамтамасыз ететінін растауын сұрады. Сонымен қатар, Қазақстан тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге қатысты бағалық бақылауды қолдану ДСҰ міндеттемелеріне сәйкес, оның ішінде 1994 жылғы ГАТТ-тың ІІІ:9 бабына сәйкес жүргізілетін болатынын және бағалық бақылаудың отандық өнеркәсіптер салаларын және көрсетілетін қызметтерді берушілерді қорғауды қамтамасыз ету мақсатында қолданылмайтынын растауларын сұрады.
-
Қазақстан өкілі, ДСҰ-ға кірген күннен бастап Қазақстан осы Баяндаманың 4-қосымшасындағы тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге бағаларды реттеуді жүзеге асыратынын және ДСҰ келісіміне сәйкес келетіндей етіп болашақта енгізілетін не болашақта қайта қолдануға болатын кез-келген осындай шараларды қолданатынын растады. Одан әрі ол, тауарлардың бағасын бақылау жөніндегі шаралар, 1994 жылғы Сауда және тарифтер жөніндегі бас келісімнің ІІІ:9 бабында қарастырылғандай, экспорттаушы мүшелердің мүдделерін ескеретінін растады. Бағаларды бақылау жөніндегі шаралар тауарларды отандық өндіруді қорғауды ұсыну мақсатында немесе Қазақстанның көрсетілетін қызметтер жөніндегі міндеттемелеріне нұқсан келтіріп қолданылады. Қазақстанның өкілі сонымен қатар, осы Баяндаманың 4-қосымшасындағы мемлекеттік бағаны реттеуге жататын тауарлар мен көрсетілетін қызметтер тізбесінің түбегейлі болып табылатынын және Қазақстан ДСҰ-ға кірген күннен бастап, бағаны реттеуге жататын тауарлар мен көрсетілетін қызметтер тізбесіндегі кез-келген өзгерістері туралы хабарламаларды «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская Правда» газеттерінде жариялайтынын растады. Жұмыс тобы осы міндеттемелерді назарға алды.
Достарыңызбен бөлісу: |