Дюсупова А. А., Еспенбетова М. Ж


  Антигипертензивті терапияның мақсаты мен принциптері



Pdf көрінісі
бет36/79
Дата04.09.2023
өлшемі4.88 Mb.
#476469
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   79
Гериатриянын манызды сурактары Еспенбетова 2013-01-01

 


72 
Антигипертензивті терапияның мақсаты мен принциптері: 
1985 жылдан бастап көптеген ірі орталықты рандомизирленген 
плацебо-басқарылатын зерттеулер мынадай бағыттар бойынша жүр-
гізіле бастайды: АГ-ның асқыну жиілігіне емнің әсері, емді қолайлы 
жүргізу,жалпы өлімділік пен жүрек-қантамыр өлімділігі, ИСАГ-пен 
ауыратын науқасты емдеу кезінде қауіпсіздік туралы. Осы зерттеу 
нәтижесінде басылымға шыққан соң,әсіресе ИСАГ-пен ауыратын 
науқастар барлық жастар аралығында емдеу оң әсер көрсетті. Со-
нымен қатар ми инсульттер жиілігі азайды, және миокард инфаркты 
жиілігі төмендеді. 60 жастан асқан адамдарды қоса алғанда осы зерт-
теу нәтижесінде АГ емдеу кезінде инсульттер 40%, жүрек-қантамыр 
асқынулары 30%, ЖИА 30 % төмендеді. Сонымен қатар жалпы жү-
рек-қантамыр және коронарлы өлімділік азайды. 
MRFIT проспективті зерттеулерде жасқа байланысты емес САҚ 
көбінесе коронарлы милық асқынуға жиі әкеледі. САҚ төмендеген 
кезде осы асқынулар қарт адамдарда даму қаупі төмендейді. Сон-
дықтан ИСАГ-ты емдеу жақс нәтиже береді. 
Барлық жаста АГ-ны емдеуді өмір салтын өзгертуден бастайды: 
(дене салмағын төмендету, тұзды шектеу, алкагольды шектеу ерлерге 
таза этанол 30 мл тәулігіне, ал әйел адамдарға 15 мл) физикалық бел-
сенділікті жоғарлату, күнделікті жүріс 20-30 мин, темекіні шектеу, 
тағамда майды аз қолдану. Қарт адамдардың ойлау консерватизміне 
байланысты, өмір салтын өзгерту ешқандай пайда әкелмейді. Бірақ 
та,еске алған жөн, егер тұз мөлшерін тәулігіне 5-6г дейін төмендетсе, 
АҚҚ төмндету эффективті болып табылады, өйткені қарт адамдарда 
АГ тұзды қабылдауға сезімтал болады. Сонымен қатар,тұзды шектеу 
антигипертензивті заттардың әсерін күшейтеді. Мысалы, в-адрено-
блокаторлар. АПФ ингибиторлары, АТ1 ангиотензин рецепторла-
рының блокаторлары. Егер де, жүрек-қантамыр асқынулар қаупі 
науқаста жоғары болса, медикаментозды терапияны өмір салтын 
өзгертумен параллельді жүргіземіз. Бірінші орында медикаментозды 
терапияны САҚ ≥160 жоғары ИСАГ-пен ауыратын қарт адамдарға 
және де САҚ-140-160 болғанда, сонымен қатар жүрек-қантамыр 
аурулары қаупі бар, (мысалы қант диабеті, стенокардия) науқастарға 
жасалады. Антигипертензивті терапияның жалпы мақсаты науқас-
тардың жалпы өмірлік сапасын төмендетпей, АҚҚ-н140/90 дейін 
төмендету. Дәрілік терапияны жақсы көтере алатын науқастар болса, 


73 
АҚҚ 130/80 дейін төмендетуге болады. Бұл әсірісе қант диабеті бар, 
бүйрек және жүрек жетіспеушілігі бар науқастарға қатысты. САҚ мен 
ДАҚ денгейі қарт адамдарда мақсатты денгейге дейін төмен-дедідеп 
айту өте қиын. Сонымен қатар ИСАГ-ты емдеген кезде, САҚ 
төмендеткен кезде ДАҚ төмендеп кетпеуі тиіс, және пульстік қысым 
жоғарылап кетпеуін қадағалау керек. Кейбір зерттеулерге байла-
нысты ДАҚ мөлшерден тыс төмендеуі ( ≥ 70ИСАГ-пен ауыратын 
науқастар және систола – диастолалы АГ мен ауыратын науқастар 
≤80) коронарлы қан ағымын азайтып, миокард инфаркты мен ише-
мияға әкеледі. Ал, пульсті қысым жоғарлауы жүрек-қантамыр асқы-
нуы қаупін тудырады. 60-75 жас аралығындағы науқастарға анти-
гипертензивті терапияны қолдану АҚҚ-н мақсатты бір денгейге дейін 
жеткізу талқыланады. Қарт адамдарда 80 жастан жоғары, антиги-
пертензивті терапия жүргізу күмән тудырады. Жүргізілген жеті 
бақылау нәтижелеріне байланысты қарт науқастарда САҚ 173-204 
дейін (180 ═ 13орташа)және ДАҚ 73-99 дейін (84 ═ 8 орташа) ұзақ 
антигипертензивті терапияны жүргізу 33 пайызға инсульт қаупін 
және 39 пайызға жүрек жетіспеушілігі қаупін төмендетті. Қарт адам-
дарға зерттеу жүргізу керек, яғни оларда мақсатты АҚҚ денгейі орта 
жастағы адамдардан сәл жоғары болу керек. Қазіргі кезде АНУВЕТ 
халықаралық рандомизирленген плацебо – басқарылатын зерттеу 
жүргізіліп жатыр, осы кезде екі соқыр әдіспен қарта адамдарда АГ-
мен ауыратын 2100 науқастарда индапамид сирек қантамыр асқыну-
ларын шақырады. Қажет болса индапамидке АПФ ингибиторларын 
қосуға болады. 
HYVET нәтижелері антигипертензивті терапияның қаупі пен кө-
мегі арасындағы қатынасты анықтауға бағытталған. 
ИСАГ-пен ауыртын қарт адамдарға гипотензивті препараттар-
ды келесі түрде тағайындайды: 

Антигипертензивті препараттар дозасы орта жас және жас 
адамдарға қарағанда екі есе аз болу керек. 

Тамақтан кейін және тұрып тұрғанда қалыпта АҚҚ-н ба-
қылау арқылы дозасын баяу тандау керек. 

Ем басында АҚҚ-н біртіндеп 30%дейін төмендету керек, 
себебі, ми және бүйрек жетіспеушілігін дамыту қаупі бар. 

Тұрақты түрде бүйрек функциясын,электролиттер және 
көмірсулар алмасуын бақылау керек. 


74 

Препараттарды қабылдаудың қарапайым тәртібі болу 
керек. 

Полиморбидтілікті ескере отырып, индивидуалды тандау 
жасау. 

Қарт науқастарда АҚҚ денгейін 140-90 дейін мақсатты 
деңгейде сақтауға болады, бірақ егер ұзақ уақыт емдел-
меген болса, САҚ 160 дейін төмендету керек. Гипертония-
ны анықтау және емдеу, бағалау халықтық комитет экс-
перттерінің ойынша, кәрі адамдарда САҚ бастапқы кезде 
160-180 болса, 20 мм деін төмендету керек. АҚҚ-н бастап-
қыдан 10-15% кем емес, 30% aртық емес төмендету керек. 

ДАҚ денгейін бақылау, себебі ИСАГ-пен ауыратын нау-
қастарда ДАҚ 60 төмен болса жүрек-қантамыр асқыну-
лары даму қаупі бар. 

STOP HYPERTENSION зертеулері антигипертензивті те-
рапия 80 жасқа дейінгі науқастарда тиімді екенін дәлел-
деді. Егер осы жасқа дейін ем басталса оны аяқтауға бо-
лады. Егер АГ 80 жастан жоғары анықталса, онда терапия 
индивидуалды түрде жүргізіледі. 

Ойлау және есте сақтау төмендеуіне байланысты антиги-
пертензивті препараттарды қолдану қарапайым және саны 
аз болу керек. Бұл жағдайды ұзақ әсерлі антигипертензивті 
препараттар қолдану арқылы шешуге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет