Дюсупова А. А., Еспенбетова М. Ж



Pdf көрінісі
бет37/79
Дата04.09.2023
өлшемі4.88 Mb.
#476469
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   79
Гериатриянын манызды сурактары Еспенбетова 2013-01-01

 
Медикаментозды терапия 
 
АГ-ны ұзақ емдеу кезінде қазіргі кезде антигипертензивті пре-
параттардың көптеген класстары бар, солардың ішінде бірінші 6 
классы негізгілер:
диуретиктер, в адреноблокаторлар, дигидропиридинді және диги-
дропиридинді емес кальций антагонистері, АПФ ингибиторлары, 
ангиотензин 2 рецепторларының блокаторлары, қалғандары қосым-
ша. ИСАГ-пен ауыратын қарт адамдарды емдеу кезінде препараттар 
ен алдымен, алмасу процесстеріне, әсіресе глюкоза мен липидтер 
қарсы әсер етпеу керек, аурадың даму патогенезіне (натрий-көлем-
қажеттілік), тұзға жоғары сезімталдылық, миокард пен қантамыр 
жиырылу функциясы мен эластикалығы бұзылуына байланысты жал-


75 
пы перифериялық қарсыласудың жоғарлауы. АГ патогенезін ескере 
отырып,көптеген пепараттар қарт адамдарды емдеуде тиімді емес. 
(Syst-Eur (АПФ ингибиторлары мен кальций антагонистеріне қарсы 
европалық плацебо зерттеулері), MRC (диуретиктер, бета-адрено-
блокаторлар мен плацебо әсерлері зерттелді) , SHEP (САГ және оны 
тиазидті диуретиктермен және керек болса бета-адреноблокатор 
қосу арқылы емдеу)), зерттеу нәтижелерінің қорытындысы бойынша 
қарттарда ИСАГ-ты емдеудің бастапқы кезінде тиазидтер диуретик-
тер, немесе кальций антагонистерін қолдану. 
Тиазидтер мен тиазидтәрізді диуретиктер-біртекті дәрілік зат-
тар қатарына жатпайды. Диуретиктер әсер ету ұзақтығына байла-
нысты жіктеледі. Гидрохлортиазид пен хлортиазид әсер ету ұзақтығы 
12–18 сағ, индапамид пен хлорталидон – 24 сағат артық. Диуретик-
тер арасында индапамид, қантамырларын кенейтетін әсерге ие. 
Индапамид сонымен қатар нефропротективті әсер көрсетеді, гидро-
хлортиазид пен тиазидті диуретиктерге қарағанда липидтер мен кө-
мірсулар метаболизмінің көрсеткіштеріне аз әсер етеді. Индапамид
гидрохлортиазидке қарағанда қант диабеті мен диабеттік нефропа-
тиясы бар науқастарда бүйрек дисфункциясының прогрессирленуін 
тежейді.Диуретиктер арасындағы мұндай ерекшкліктерді білу,қарт 
адамдарда ИСАГты емдеуде препараттар тобын тандауда қажет
болады. 
Көптеген зерттеулерде диуретиктердің антигипертензивті әсер-
лері зерттелді, әсіресе гидрохлортиазид пен индапамидтің ретардты 
түрлері. Сонымен, индапамид-ретард (1,5 мг/т) мөлшері САҚ ден-
гейіне гидрохлортиазидтің (25 мг/т) мөлшеріне қарағанда жақсы әсер 
етеді. ИСАГпен ауыратын науқастар арасында индапамидретард
дигидропиридинді кальций амлодипиннің (5 мг/т) мөлшерімен са-
лыстырғанда САҚды едәуір төмендетті. Индапамидтің жоғарлаған
САҚ-ды төмендетуде жағымды әсері онда диуретиктер мен каль-
ций антагонистернің қос әсерлері бар. 
Қарттардағы ИСАГ бар науқастар арасында индапамид-ретард
гидрохлортиазидке қарағанда жоғары орында тұрады. Х-CELLENT 
(2005) күрделі, рандомизирленген салыстырмалы зерттеуінде, инда-
памид ретардты түрінің (1,5 мг/т) мөлшері, кальций антагонисті 
амлодипиннің (5 мг/т) және АТ
1
-ангиотензин рецепторлары канде-
сартанның (8 мг/т) және плацебо әсерінен асып түседі. Амлодипин 


76 
мен кандесартанға қарағанда индапамид-ретард ДАҚ-ды төмендет-
пейді, сондықтан ИСАГпен ауыратын және ДАҚ төмен болатын 
қарт адамдарға тиімді болып табылады. Сонымен, ИСАГ пен ауы-
ратын науқастарды индапамидпен емдегенде, жүрек-қантамыр ас-
қынулар қаупі төмен болады. ИСАГпен ауыратын қарттарды ұзақ 
уақыт емдегенде, тиазидті және тиазидтәрізді диуретиктер бірінші 
орында орында болады, әсіресе индапамидтің ретардты түрі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет