11
Талқылайтын сұрақтар:
1. Нарықтық шаруашылықтың пайда болуы және дамуы.
2. Нарық және оның қызметі. Нарықтың артықшылығы мен
кемшіліктері.
3.Нарықинфрақұрылымы.
Қазіргі
экономикадағы
нарық
инфрақұрылымының негізгі элементтері.
1. Нарықтық шаруашылықтың пайда болуы және дамуы
Қоғамдық шаруашылық деп араларында қызметтердің (іс-
әрекеттердің) және осы қызметтер нәтижелерінің
айырбасы жасалып
отыратын, бір-бірімен өзара байланысты экономикалық субъектілердің
жиынтығын айтамыз.
Қоғамдық шаруашылықты жүргізудің тарихи тұрғыдан қалыптасқан
екі әдісі бар: табиғи және тауарлы.
Табиғи айырбасқа сәйкес келетін
натуральды шаруашылық болып
табылады, бұнда өнімдер
шаруашылық ішінде тұтынуға, өндірушілердің
тек өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында өндіріледі.
Бұндай
шаруашылықтардың қатарына жататындар: алғашқы қауымдық құрылыс,
патриархалдық отбасылық шаруашылық, құл иеленушілік және феодалдық
қоғамдар.
Достарыңызбен бөлісу: