Экономика негіздері пәні бойынша дәрістер


Өзін-өзі тексеру сұрақтары



Pdf көрінісі
бет3/38
Дата12.10.2022
өлшемі0.93 Mb.
#462466
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Экон негіздері. Дәрістер

Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 
1. Экономиканың негізгі үш мәселесі қалай шешіледі? 
2. Ресурстар мен өндіріс факторларының түрлері қандай? 
3. Ресурстардың шектеулілігі мәселесі дегеніміз не? 
4. Экономикалық таңдау мәселесі қалай туындайды? 
5. Өндірістік мүмкіндіктер қисығының экономикалық мәні неде? 
 
3 тақырып. Меншік және экономикалық 
жүйелерді ұйымдастыру 
Талқылайтын сұрақтар: 
1.Қазіргі 
экономикадағы 
меншік 
және 
оның 
формалары. 
Жекешелендіру және мемлекетсіздендірудің мәні мен мақсаты. 
2. Экономикалық жүйе. Экономикалық жүйенің негізгі түрлері. 
3. Нарықтық экономиканың негізгі модельдері. 
 
1.Қазіргі экономикадағы меншік және оның формалары 
Жекешелендіру және мемлекетсіздендірудің мәні мен мақсаты 
Меншік - өндірістер, ресурстар, өндірілген материалдар және рухани 
игіліктердің жағдайларын меншіктеу қатынасын білдіреді. 
Меншік заңды және экономикалық категория болып табылады. 
«Меншік» термині екі мағынада қолданылады: 
а) құқық мағынасындағы меншік немесе заң жүзінде, құқық 
бойынша; 
ә) экономикалық мағынадағы меншік немесе іс жүзінде, нақты; 
Меншікті заңды тұрғыдан қарастырғанда ол формальды және нақты 
құқықпен байланысты. Формальды құқық немесе меншік титулы - ресми, 
заңды түрде рәсімдеу және меншікті мойындау. Нақты құқық- 
шаруашылықпен айналысатын субъектілердің өзара іс-әрекеттерімен, 
барлық шектеулерімен болатын шын мәнінде нақты өмірде бар 
қатынастарды білдіреді. 
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде меншікке 
қатысты мынадай ұғымдар айтылады: 
Иемдену - заңға негізделіп, өз шаруашылығында нақты бір мүлікке 
ие болу мүмкіндігі; 
Пайдалану - берілген мүлікті заңға негізделіп тұтыну мүмкіндігі; 
Басқару - заңға негізделіп, мүліктің тағдырын анықтау мүмкіндігі. 
Меншік қатынастары меншік объектілерін иемдену жөнінде меншік 
субъектілерінің арасында қалыптасып отырады.
Меншік субъектілері - бұл олардың арасында меншік қатынастары 
туындап отыратын тұлғалар, оларға жеке индивидтер, отбасы, әлеуметтік 
топтар, ұжым, халық, мемлекет және басқару органдары жатады.


10 
Меншік объектісі - бұл осылар арқылы меншік қатынастары туындап 
отыратын қандайда бір заттар немесе құралдар, т.б. Меншік объектілеріне: 
жер, ғимараттар, табиғи ресурстар, өндіріс құрал-жабдықтары, мүлік, 
ақшалар, бағалы заттар, ақпарат, жұмыс күші, білім, құнды қағаздар, 
ұлттық құндылықтар жатады. 
Меншіктің екі түрін ерекшелейді: жеке және мемлекеттік, олардың 
әрқайсысының бірнеше формалары бар. Жекеменшікте мүлік немесе 
ресурс иесі бір тұлға немесе жанұя болады. Қор жинақтау сипаты бойынша 
жекеменшік екіге бөлінеді: еңбек және еңбектік емес. Еңбек меншігі 
кәсіпкерліктен түскен пайдадан, жалақыдан қалыптасады. Еңбектік емес 
меншігі 
мұрагерліктен 
қалған 
мүліктен, 
бағалы 
қағаздардан, 
депозиттерден және т.б. түскен пайдадан құрылады. Жекеменшік формасы 
ұжымдық меншік болып табылады. Ұжымдық меншікке кооперативтік 
мысал бола алады: кооператив мүшелерінің бірлесіп қызмет жасау 
мақсатында қаражаттары мен еңбектерін біріктіру негізінде құрылады. Сол 
сияқты, бұған акциялар сату негізінде құрылған акционерлік ұжымдар да 
мысал бола алады. 
Мемлекеттік меншікте меншік субъектісі мемлекет болып табылады. 
Басқару мен билеуді мемлекеттік билік органдары жүзеге асырады. 
Мемлекеттік меншіктің ең басты ерекшелігі оның бөлінбестігі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет