бет 70/82 Дата 22.12.2019 өлшемі 1.26 Mb. #447743
5 сынып Көкжиек ҚМЖ
3-4-сабақ
Сабақ тақырыбы:
Маған қазақ әндері ұнайды.
Білімділік:
Қарапайым сөйлеу үлгілерін қолдану арқылы қазақ әндері жайлы ақпарат беру.
Дамытушылық:
Жаңа тақырып бойынша әртүрлі тілдік тапсырмалар орындату негізінде ақпараттық-танымдық құзыреттілігін қалыптастыру.
Тәрбиелік:
Тілдік қатынас барысында оқушыларға рухани-мәдени тәрбие беру.
Сілтеме:
Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.
Жетістік критерий- лері:
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақ тілінде қазақ әндері жайлы ақпарат береді, достарымен сөйлеседі.
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): тақырыпқа қатысты жаңа сөздерді тілдесім барысында тиімді қолдана алады, қазақ әндерін сипаттайды.
Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында өзінің достарымен қазақ әндері жөнінде ақ- парат алмасады, тілдесімге түседі.
Жаңа сөздер:
Мұра, қошемет, осы уақытқа дейін, көңіл-күйі, сезімі.
Сабақта қолданы- латын материалдар:
Интерактивті тақта, слайдтар, А4 парағы, маркерлер, плакат, «Бүлдірген» әнінің үнтаспасы, тақы- рыпқа қатысты альбомдар, буклеттер, парақшалар , смайликтер.
Оқыту әдістері:
Көрнекілік, сипаттау, түсіндіру, сұрақ-жауап, «Жүректен-жүрекке» тренингі, «Ой шақыру» әдісі, диа- грамма, кесте, «Шағын шолу» тәсілі.
Дереккөздері:
Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар , сөздік.
Тапсырмалар:
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Тапсырма
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Оқушыларға пси- хологиялық ахуал туғызу
Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде «Жүректен-жүрекке» тре- нингін өткізеді. Оқушыларға А4 парағын таратып береді.
Жақсы сөз — жанды жадыратар. Мұғаліммен бірге параққа жақсы сөздер жазады. Сабақ соңында талданады.
Өткен сабақты тек- серу
Үй тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.
Тапсырманы айтады, тақырып бойын- ша сұрақтарға жауап береді.
І. Қызығушылықты ояту
Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында мақсатында «Бүлдірген» әнінің үнтаспасын тыңдатады. Ой шақыру сұрақтарын қояды. — Балалар, сендер қазақ әндері туралы не білесіңдер? Қандай әндерді ұнатасыңдар? Сипаттап айтыңдаршы.
Әнді тыңдайды , сұрақтарға жауап береді.
ІІ. Мағынаны тану
1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақы- рыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.
Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.
Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.
142
11-тақырып. Қазақстандағы ұлттар достастығы
дәстүрлі ән
опера
Сабақ барысында алған білім- дері , мағлұматтары, түсініктері
Сабақ барысында алған білімдері, мағлұматтары, түсініктері
Тапсырма
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
2. Мәтіналды жұмыс. А) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақ- паратты қабылдауға машықтандыру үшін 1, 2-тапсырманы орындатады.
Айтылым. Сұрақтарға жауап береді, әңгіме құрап айтады.
Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 3-тапсырманы орындатады.
Жазылым. Диаграмманы толтырады.
3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 4-тапсырманы орындатады.
Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді тыңдайды, түсінгенін баяндайды.
Ә) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға ма- шықтандыру үшін 5-тапсырманы орындатады.
Айтылым. Мәтіндегі қою қаріппен жазылған етістіктерге болымсыздық жұрнағын жалғайды , мазмұнына қандай өзгеріс енгенін түсіндіріп айтады.
Б) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 6-тапсырманы орындатады.
Жазылым. Қате жазылған сөйлемдерді табады, себебін тү- сіндіреді, сөйлем құрайды.
4. Сергіту сәті. М. Мұхамедқызының орындауындағы
«Бүлдірген» әнін әуенімен айтып үйретеді.
Әнді орындайды.
5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға ма- шықтандыру үшін 9-тапсырманы орындатады.
Жазылым. Сурет бойынша топпен мәтін құрайды.
ІІІ. Ой толғаныс
Жеке жұмыс. Оқулықтағы 8-тапсырманы орындатады.
Кесте толтырады.
IV. Бекіту
Мұғалім оқушыларға «Салыстыру кестесі» тәсілін пайдалану арқылы дәстүрлі ән мен операны салыстырады, сипаттайды.
Кесте толтырады.
V. Бағалау
Формативті бағалау. «Шағын шолу» тәсілімен парақшалар таратады.
Тақырып аясында өзінің есінде қалған сөздерін, сөйлемдерін параққа жазады.
VI. Үйге тапсырма
Оқулықтағы 7-тапсырманы орындау.
VII. Рефлексия
Мұғалім түрлі смайликтер таратып береді.
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін смайликтерді көрсету арқылы біл- діреді.
5-6-сабақ
Сабақ тақырыбы:
Қазақтың заңғар жазушысы.
Білімділік:
Тілдік коммуникация негізінде заңғар жазушы жайлы ақпарат беру.
Дамытушылық:
Қазақша сөйлеу тілін жетілдіру арқылы оқушының сөйлеу әдебін қалыптастыру.
143
Достарыңызбен бөлісу: