І бөлім. Азамат тарихында білім берудің, мектептің және педагогикалық ой- пікірлердің дамуы



бет15/139
Дата11.10.2023
өлшемі1.23 Mb.
#480401
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   139
дәріс кешені Педагогика2014

Құран;

  • Сунна (аудармасы «мысал», «үлгі», «іс-әрекет бейнесі») – VII-IX ғғ. Пай­да болған басқа киелі кітап. Қылықтардың үлгісі ретінде қызмет ететін Мұхаммедтің іс-әрекеттері және сөздері бар әңгімелер тізбегінен тұрады;

  • Шариат (терең білім) – мұсылмандардың бүкіл өмірін бақылап оты­ра­тын құқықтар мен құдай ережелерінің құжаттары;

  • «Адат» - тарихи салт-дәстүрлер;

    Еуропалық ортағасырлық дәуірде исламдық тәрбие шариат пен адаттың үйлесуі негізінде жүзеге асып отырды:ислам ережелерін сақтау;халыққа үйренішті ғасырлық дәстүрді жалғастыру.Мұсылмандық тәрбиенің басты институты – отбасы. Исламдық отбасы тәрбиесінің кейбір сипаты:Алла алдында, қауым және ру алдында әкенің ұлды және қызды тәрбиелеудегі толық жауапкершілігі;ер балалар мен қыздардың отбасында жеке тәрбиеленуі.
    Мәдениетті таратудағы басты құрал – арабша жазуы негізінде IV ғ. пайда болған араб тілі мен араб жазуы болды. Құранды оқыта алатын білімді адамдар мешіт маңында құрылған элементарлы мектептерде мұғалім болып орналасты. Білімді жоғарлату – Құранды талдау қажеттілігімен пайда болған медреселерде жүзеге асырылды. Негізгі мақсаты – діни білім беру болды. Білім беру төмендегідей болды:мұсылмандық теология;құқық ісі;грамматикаға басымдылығы бар араб тілі;каллиграфия;диалектика.
    Ағартушылық дамудағы алға қадам Бағдадта Мамунның (786-833) инициативасы бойынша «Ақылдылар үйі» деген мәдениет орталығы ұйым­дас­ты­рылды. Онда ірі ғалымдар антикалық дәуірдің мәтінін талқыға салып, қазіргі заманғы әлемнің мәселелері жөнінде пікір-таластар жүргізді.
    Ортағасырлық дәуірдегі Шығыстың педагогикалық ойлары. Шығыс Арабтардың ойшылдары өз еңбектерін тұлғаның грамматикалық дамуына бағыттады.
    Абу-Юсуп Якуб ибн-Исхак Кинди (801-873) ғылымды жоғарғы дін деп санап, тәрбиелеуде мұсылмандық фанатизмді емес, жоғарғы ақыл-ойды дамыту қажет деп, ақыл-ойдың төрт түрлі тұжырымдамасын ұсынды:өзектілігі;тиімділігі;толық меңгеруге қажеттілігі;жариялылығы.Әл-Фараби бойынша, тәрбиенің мақсаты- жақсы істерге талпындыру, жақсы мен жаманды ажыратуға үйрету (3 модульде кеңірек айтылады).


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   139




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет