І бөлім. Азамат тарихында білім берудің, мектептің және педагогикалық ой- пікірлердің дамуы


Сыныптағы тәрбие жүйесінің компоненттері



бет91/139
Дата11.10.2023
өлшемі1.23 Mb.
#480401
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   139
дәріс кешені Педагогика2014

Сыныптағы тәрбие жүйесінің компоненттері:

    • Жеке даралық-топтық;

    • Құндылық-маңыздылық бағдарлау;

    • Функционалды-қызметтік (іс-әрекеттік);

    • Қоршаған ортаға бейімделуі;

    • Диагностикалық-талдаушылық.

Сыныптағы тәрбие жүйесінің моделінің бағыттары:

  1. Білімділік. Оқу-тәрбие үрдісінің біртұтастылығы

  2. Өркениет. Саяси, құқықтық тәрбие беру, қызықты кездесулер, оқушылардың өзін-өзі басқаруы.

  3. Өнер. Шығармашылық-эстетикалық тәрбие бағдарламалары.

  4. Бабалар жолымен. Тарихи-қоғамдық тәрбие арқылы тарихи сана-сезімді қалыптастыру.

  5. Салауатты өмір салты. Дене, валеологиялық, жыныстық, экологиялық тәрбие бағдарламалары.

  6. Тағлымы. Педагогикалық кеңес, ұстаздар сағаты, әдістемелік семинарлар, конференциялар, кездесулер, педагогикалық консилиум, диагностикалық зерттеу ортасы, т.б.

  7. Елім-жерім. Патриоттық, экологиялық тәрбие беру бағдары.

  8. Отбасы. Ата-аналар конференциялары, жиналыстар, кездесулер, халықтық педагогикалық бағдарламасын қолдану жолдары.

Сыныптағы тәрбие жүйесін сипаттау үлгісі:

  1. Сынып, оның аталуы, мектеп типі, құрылған жылы, оқушылар саны, ер бала мен қыз балалар саны.

  2. Сынып жетекшісі, оның аты-жөні, білім деңгейі, педагогикалық стажы, сыныппен жұмыс істеу тәжірибесі, біліктілігі, қызығушылығы, құндылық бағдары, педагогикалық шеберлігі.

  3. Сыныптың тәрбие жүйесі негізделген құндылық бағдары мен идеялары:

    • Тәрбие жүйесінің мақсаты, оның сынып ұжымына қажеті, мектеп мақсатымен үндестігі, ата-аналардың мақсатқа талап қоюын ескеруі, бұрынғы тәрбиелік іс-әрекеттерге талдау жасап, бірізділікті ескеруі, сынып жетекшісі мен оқушылардың жақын, орта және алыс перспективаларды қоя білуі;

    • Сыныптың маңызды құндылықтарын айқындай білуі;

    • Сынып жетекшісінің басшылыққа алған идеяларын сынып ұжымын құрастыруда алған ережелерін белгілеу;

    • Сынып ұжымының оқушы моделі.

  1. Сынып ұжымы, оның дамы деңгейі, ерекшеліктері:

- Ата-аналары, олардың сынып өміріне белсене қатысуы;
- Педагогтардың сыныпқа деген ықпалы.
5. Тәрбие үрдісі, оның сыныптағы мазмұны мен қатынас жасау әрекеттері, қарым-қатынасы:
- Сыныптың даралығын қалыптастырудағы негізгі іс-әрекет (ключевые дела);
- Тәрбиелік іс-әрекеттердің жан-жақтылығы;
- Оқу-танымдық іс-әрекеттер, олардың ерекшеліктері мен мазмұны, оқу пәндері, оқыту формалары мен әдістері, сыныптан тыс іс-әрекеттермен байланысы;

    • Жүйеленген тәрбие үрдісінің формалары (тәрбие ортасы, кешендер, әлеуметтік-педагогикалық жобалар, тақырыптық бағдарламалар);

    • Қарым-қатынас, оның тәрбие жүйесіндегі рөлі мен орны, ерекшелігі;

    • Ұжымдық қатынас стилі, өзіндік басқару сипаты, ұжымдық қатынастың өзгешелігі, әр баланың ұжымдағы орны, өзінің мұқтаждықтарын қамтамасыз етуге үйлесімді шарттарының болуы;

    • Сынып жетекшісінің сыныпта тәрбие жүйесін дамыту және басқару әрекеттері, стилі, формалары, жеке дара қатынас орнату шеберлігі;

    • Сыныпта әр оқушының «МЕН-тұжырымының» қалыптастыру бағыттарын педагогикалық негізінде қалыптастыра білу.

6. Сынып ұжымының өмірлік ортасының ішкі және сыртқы жағдайлары:
- Оқу кабинеті, сыныптың өмір сүретін орны;
- Басқа сыныптармен қатынасы, достық, үйлесімді бәсекелестік қарым-қатынасы.
- Сынып ұжымының әлеуметтік ортамен өзара байланыс жасау жолдары.
7. Сыныптың мектептегі мәртебесі, беделі, өзіндік дәстүрлері, басқа ұжымдардан айырмашылығы, өзгешелігі;
8. Сыныптық тәрбие жүйесін дамытудағы қиыншылықтары, жаңашылдығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет