Иманбекова Назира Нурхалиевна Өлкетану материалдары арқылы мектеп оқушыларына экологиялық-экономикалық ТӘрбие берудің педагогикалық негіздері 6М010300- педагогика және психология Магистрлік диссертация



бет15/16
Дата18.05.2022
өлшемі129.07 Kb.
#457038
түріДиссертация
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
№8-ӨЛКЕТАНУ МАТЕРИАЛДАРЫ АРҚЫЛЫ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

25,8

43,6

30,6

9,4

39,3

51,3

Тексерулер қорытындысы оқушыларға экологиялық және экономикалық мәденениетінің кеңейіп, қоршаған орта туралы білімдерінің, ой-өрістерінің әлдеқайда дамығандығын байқатты. Берілген кестелерге қарай отырып, оқушыларға танымы мен экологиялық және экономикалық тәрбие беруде қазақ халық педагогикасының мазмұнға бай, құралдарын пайдалануда тиімді қолдана білген жағдайда ғана өлкетану жұмыстарындағы білімдер негізі тиянақты меңгерілетіні және еліне, жеріне, туған жерінің табиғатына деген сүйіспеншіліктері қалыптасатындығы анықталды.


Өлкетану жұмыстарының мазмұны, жүйесі қазақ халық педагогикасы элементерімен сәйкестендірілді, пәнаралық байланыстар арттырылды. Халық педагогикасын пайдаланудың үздіксіздігі қамтамасыз етілді. Қазақ халық педагогикасы жеке тұлғаны дамытудың, экологиялық және экономикалық тәрбие берудің құралы ретінде қарастырылды.

Кесте 17 – Қорытынды кесіндінің нәтижелері (% есебімен)



Өлшемдер

Эксперименттік топ

Бақылау тобы

Жоғары

Орташа

Төмен

Жоғары

Орташа

Төмен

Экологиялық және экономикалық білімдер

24,7

68,7

6,6

11,3

49,3

39,4

Экологиялық және экономикалық сана-сезім

38,6

51,5

9,9

18,9

39,7

41,4

Экологиялық және экономикалық тәжірибе

25,8

43,6

30,6

9,4

39,3

51,3

Орта көрсеткіштер

29,7

54,6

15,7

13,2

42,7

44,1

Сурет 5 – Оқушыларға экологиялық және экономикалық тәрбиеі компоненттерінің қалыптасқан деңгейлері
Бақылау экспериментінің нәтижелерін толық талдау мақсатында өлкетану жұмыстарында халық педагогикасы құралдарын пайдалану арқылы мектеп оқушыларының бойында экологиялық және экономикалық тәрбиенің қалыптасқан деңгейлерін салыстырмалы түрде көрсеткенді жөн көрдік.
Өткізілген тәжірибелік жұмыстардың нәтижелері біздің ұсынып отырған өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасының құралдары арқылы оқушыларға экологиялық тәрбие берудің жүйесінің тиімділігін дәлелдеді. Бұл корытынды Пирсонның сызықтық корреляция формуласы бойынша есептелген корреляция коэффициентінің көрсеткіші 0,95-ке тең болғандығына негізделеді. Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасын пайдалануды қажет етеді.

Кесте 18 – Өлкетану жұмыстарында халық педагогикасы құралдары арқылы оқушыларға экологиялық және экономикалық тәрбиенің қалыптасқан деңгейлерінің өзгеруі (%)



Деңгейлер



Эксперименттік топ

Бақылау тобы

1-ші кесінді

2-ші кесінді

3-ші кесінді

1-ші кесінді

2-ші кесінді

3-ші кесінді

Жоғары

12,5

17,3

29,7

12,0

12,4

13,2

Орташа

38,9

42,3

54,6

39,3

40,7

42,7

Төмен

48,6

40,4

15,7

48,7

46,9

44,1

Сурет 6 – Оқушыларға экологиялық және экономикалық тәрбиенің қалыптасқан нәтижелерінің динамикасы


Сонымен, оқу процесінде және сыныптан тыс жұмыстарда өлкетану жұмыстарына қойылатын талаптар: мектеп оқушыларының сыныптарға сәйкес жас ерекшеліктеріне лайықты материалды іріктеу; өлкетану материалдарының тақырыптың мазмұнына ұқсастығы; туған өлкенің табиғи ерекшеліктерін сипаттайтын мәліметтердің жаратылыстану пәнінің бағдарламасына сәйкестігі; өлкетану материалдарының мазмұнының оқушыларға жалпы даму деңгейлеріне сәйкестігі; олардың танымдық қызығушылықтарын дамытуға ықпалын тигізуі өлкетану материалдары оқушыларға табиғатты қорғауға, байлықтарын тиімді пайдалануға ықпал етуі тиіс.
ҚОРЫТЫНДЫ
Зерттеу жұмысының барысында жасалған теориялық талдау, тәжірибе жұмысының нәтижесінде алынған мәліметтерді өңдеу бізге төмендегідей қорытындыларды жасауға мүмкіндік берді:

  1. оқушыларға экологиялық және экономикалық тәрбие түсінігі педагогикалық тұрғыда нақтыланып, қарастырылып отырған мәселенің төңірегіндегі өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы негізделеді, өйткені осы педагогикалық құралдар өлкетану жұмыстарында оқушыларға экологиялық және экономикалық тәрбие берудің кешенді сипаты мен қолданбалы бағыты экологиялық тәрбие көріністерінің (құндылықтар, мотивтер, білімдер, біліктер, қабілеттер) тұтастығына қол жеткізуге жол ашады;

2) қазақ халық педагогикасының құралдары арқылы оқушыларға экологиялық және экономикалық тәрбие беруде өлкетану жұмыстарының өзіндік ерекшеліктері бар. Жоғарыда айтылғандар қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушыларға экологиялық және экономикалық тәрбие беруде өлкетану жұмыстарының төмендегі ерекшеліктерін анықтауға негіз болды:
біріншіден, халық педагогикасы құралдары арқылы оқушыларға экологиялық және экономикалық тәрбие беруде өлкетану жұмыстары жетекші фактор болып табылады;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет