ISSN 2305-9397. Ғылым және білім. 2022. № 3-3 (68)____ _
5
Республикасы Парламенті Сенатының Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және
ауылдық аумақтар жӛніндегі комитеті ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне - "Жайылымдар
туралы" Қазақстан Республикасының Заңына ӛзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелерін
пысықтауды: оның ішінде - шалғайдағы мал шаруашылығын ҧйымдастыру жӛніндегі
бағдарламаны және жайылым инфрақҧрылымы объектілерін дамыту және реконструкциялау
жӛніндегі жоспарларды әзірлеуді ҧсынды [2].
Кӛптеген аудандар мен облыстарда бҧл мәселе ерекше ӛзекті
болып отыр, ӛйткені
пайдаланылатын жайылым алаңының 1 гектарындағы мал санының (жайылымдарда
жайылатын жануарларды қоса алғанда) ӛсуі оның жалпы жемшӛп қорының ӛсуінен
салыстырғанда әлдеқайда асып тҥседі. Мҧндай сәйкессіздік жайылым шаруашылығында
экологиялық және экономикалық реттеудің қиындауына әкелді [3, 31-34] .
Осы бағыттағы ғылыми ізденістермен Елімізде, кӛршілес Ресей және Орта Азия
елдерінің ғылыми мекемелерінде жҥргізілген зерттеулердің нәтижелері жайылым шӛптерінің
тҧқым шашуымен вегетативті жаңаруын және жайылымдардағы жемшӛп
ресурстарының
қажетті деңгейге жету қабілеттілігін қолдау ҥшін олардың экологиялық қол жетімді жҥйелерін
жасау пайдалану керектігін кӛрсетіп отыр. [4, 133-137].
Жеке меншікке немесе ҧзақ мерзімді жалға берілген жайылымдық жерлер, әдетте,
ҧтымсыз пайдаланылады. Мҧның басты себебі - жайылымдардың типологиясын, жайылымдық
учаскелердің ауысуын, жемшӛп қорының оңтайлы жҥктемесін, оларды ҧтымды пайдалану
мҥмкіндігін, жайылымды пайдалану мерзімдерін (басталуы мен аяқталуын) реттеуді ескермеуі,
шӛпті пайдаланудың шекті деңгейін сақтауды қамтамасыз етпеуі сияқты пайдаланушылардың
тарапынан жіберілген кемшіліктер мен де басқа тиісті жайылымдық аймақтарды ғылыми
негізделген ҧйымдастырулардың болмауы болып табылады [5,6.7].
Жайылымдық жануарлардың жайылым қауымдастықтарының
тез ауысуын тудыратын
регрессивті сипаттағы әсері жайылымдық дигрессия деп аталады, оның барысы бірқатар
факторларға байланысты: жайылымдық жануарлардың тҥрі және олардың саны;
мал жаю
жҥйесі; бастапқы және кейінгі ӛсіп жатқан ӛсімдіктердің, топырақтың ерекшеліктері және т.б.
[8, 117].
Жайылымдарды жыл сайын ерте пайдаланған кезде кӛптеген бағалы жемшӛп
ӛсімдіктерінің тҧқымдық жаңаруы болмайды, жайылымдардың ӛнімділігі кҥрт тӛмендейді.
Зерттеулер кӛрсеткендей, жайылымдарды дҧрыс пайдаланбаған тӛрт жыл ішінде жайылымда
жеуге болмайтын ӛсімдіктердің саны 20-30% - ға артады, ал жемшӛп шӛптерінің ӛнімділігі
40-50% - ға тӛмендейді [9, 113].
Малдардың жайылуы шӛптің қҧрамына тікелей немесе топырақ арқылы әсер етеді, ол
әсіресе мал жайылуы қарқынды және ретсіз болғанда анық байқалады.
Оның тікелей әсері-
шӛптердің кейбір тҥрлерін жояды, басқаларының кӛбейуіне ықпал етеді [10, 83]. Малдардың
шамадан тыс жайылуы жайылым оты қҧрамының жҧтаңдауына және аз желінетін майда
жапырақты шӛптердің ҥстемдігіне әкеледі [11].
Жайылымдарды ҧтымды пайдаланудың және олардың жай-кҥйі мен мал ӛнімділігіне
әсерін зерттеуге бағытталған кӛптеген зерттеулер бар. Мәселен: жерлердің демалысын
қамтамасыз ету егін ӛнімділін 25%, кайсы бір аймақтарда - 40 %-ға дейін артуына мҥмкіндік
береді, ал шӛпті пайдалану коэффициенті 1,5-2 есе артады [12, 132; 13, 2463-2473; 14, 1735-
1742].
Ауыл шаруашылығы ӛндірісінің экономикалық тиімділігін арттыру ҥшін биологиялық,
химика-техникалық факторларды пайдалануға бағытталған органикалық
ауыл шаруашылығы
топырақ қҧнарлылығын, ауыл шаруашылығы дақылдары мен жайылым шӛптердің ӛнімділігін
арттырудың негізгі факторына айналады [15]. Ауыл шаруашылығы малдарының жайылуы
жайылымдардың ӛсімдік қҧрамына және топырақ жамылғысына әр тҥрлі әсер етеді. Бҧл ретте
Батыс Қазақстанның шӛлейтті аймағында жайылымдардың шӛбін 65-75% дейін пайдалану
технологиясын қолдану анағҧрлым орынды болып табылады [16; 17; 18].
Жоғарыда келтірілген мәліметтерге ескере отырып Қазақстанның оңтҥстігінде шалғай-
жайылымдық жерлерді пайдалануды қолдана отырып, әртҥрлі типтегі жайылымдардың ӛсімдік
ресурстарын зерттеу және бағалау ӛте ӛзекті және мал шаруашылығын дамытудың
стратегиялық бағытын айқындайтын міндет болып табылады.