Жамбыл облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасы «Мемлекеттік тілді оқыту орталығы» Грамматика туралы жалпы түсінік



бет12/14
Дата16.06.2016
өлшемі0.98 Mb.
#138552
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14



Жаттығу жұмыстары

1-тапсырма. Етістіктерді райдың түріне қарай ажыратыңыз

Амантайдың жігітке көмектескісі келеді. Солдатқа бергісі келсе, байлар мен болыстар өз балаларын берсін. – Кіріңіз, кіріңіз! – деп, тысқа дауыс берді. Менің аралап қайтқым келеді. – Сіз мені жатсынбаңыз, - деді Асқар, - егер Смирнов үйде болса, маған жолықтыруыңызды өтінемін. Асқардан келген жұмыс болса, оның соңына Итбайдың жарық ап түскісі келді. – Жүке, сіз оларды айдатып алуға асықпаңыз. – Кәне, жол беріңдер, - деді ойын ағасы.



2-тапсырма. а) Бар, кел етістіктерінен қалау райдың шартты рай арқылы жасалған түрін жасап, жазып көрсетіңіз.

ә) сұра, жу, ки етістіктерінен рай түрлерін жасаңыз.



Ашық рай

Ашық райдың мәні етістіктің шақ мағынасын білдірумен тікелей байланысты. Өйткені етістік белгілі шақта жұмсалғанда, сол қимылдың болуы арқылы сөйлеушінің ақиқат шындықты баяндауы байқалады. Мейлі ол өтіп кеткен қимыл, іс-әрекет болсын (өткен шақ), мейлі ол болып жатқан іс-әрекет, қимыл болсын, мейлі ол әлі бола қоймаған, бірақ келешекте болуға тиісті қимыл, іс-әрекет болсын, ашық райдағы етістікәйтеуір ол туралы сөйлеушінің шындық деп баяндауын білдіреді. Мысалы: Арайлым «Есеп және аудит» мамандығында оқиды. Ол Ы.Алтынсарин атындағы мектепте оқыған. Ол жақсы маман иесі болғысы келеді.Берілген мысалдағы оқиды, оқыған, болғысы келеді деген етістіктер белгілі бір шақты білдірумен қатар, сөйлеушінің соған байланысты пікірін, шындық деп баяндауын білдіріп тұр: Арайлым «Есеп және аудит» мамандығында оқиды. (осы шақ); Ол Ы.Алтынсарин атындағы мектепте оқыған. (өткен шақ); Ол жақсы маман иесі болғысы келеді. (мақсатты келер шақ). Сөйтіп, етістіктің үш шақтың (осы шақ, келер шақ, өткен шақ) бірінде қолданылып, сөйлеушінің шындық деп баяндауын білдіруді ашық рай дейміз.



Жаттығу жұмысы

1-тапсырма. Мәтінді оқып шығып, ашық райдағы етістіктердің шақта тұрғанын көрсетіңіз.

Қазақтар туралы бұрын-соңды ештеңе естімегенмін. Енді оларды білемін, өте жақсы танимын. Өткені жақында ғана Мұхтар Әуезовтың тамаша кітабын ағылшын тілінде оқып шықтым. Қазақ халқының ұлы арысы, кемеңгер ақыны Абай, сүйікті сұлулар Тоғжан мен Әйгерім, Абайдың мейірімді достары – енді менің де жақсы білетін адамдарым. Мен осы геройлардың бәрін де ерекше сүйіп кеттім. Солармен бірге өсіп, біте қайнасқандай, қуаныш – қайғысын қоса бөліскендей болдым. Мен тіпті өзімді солармен бірге жүргендей сезінемін.



Бұйрық рай

Бұйрық рай қимылдың, іс-әрекеттің тыңдаушыға (ІІ жақ), я бөгде біреуге (ІІІ жақ) немесе өзіне (І) қаратылып, бұйыра, талап, тілек етіле айту мағынасын білдіреді. Яғни, қимылдың, іс-әрекеттің орындалуын талап ету мағынасын білдіретін етістіктің түрі бұйрық рай деп аталады.

Етістіктің бұйрық рай тұлғасы бұйрықтық мағынамен бірге, талап, тілек ету, ниет мағыналарын да білдіреді. Әдетте бұйрықтық, талап ету мағынасы ІІ және ІІІ жақтарда анық көрінеді де, І жақта ол көбіне ниет ету мәнінде келеді.

Етістіктің басқа рай түрлеріне қарағанда, бұйрық райдың өзіндік ерекшеліктері бар. Ең басты ерекшелік бұйрық райдың жасалуынан көрінеді. Егер басқа рай түрлері етістік түбірлеріне белгілі жұрнақтар жалғануы арқылы жасалып, одан кейін жіктеліп келсе, бұйрық рай түрі жұрнақ арқылы жасалмай, етістік түбірлердің ерекше жіктелуі арқылы, яғни жіктік жалғаулары арқылы жасалады. Ол жіктік жалғаулары етістіктің негізгі және туынды түбірлеріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына бірдей жалғана береді.

Екінші ерекшелік – бұйрық райдың ІІ жақ анайы түрінің арнайы қосымшасы болмай, сырттай ғана тұлғасы жағынан етістіктің негізгі және туынды түбір тұлғасымен, етіс және болымсыз етістік тұлғаларымен сәйкес, ұқсас келеді. Мысалы: (сен) кел, ойла, барғызба, сөйлетпе. Ал екінші жақ анайы көпше түрінде –ың, -ің, -ң жалғауының үстіне –дар, -дер көптік жалғауы үстеледі. Мысалы: (сендер) кел-ің-дер, бар-ың-дар.

Бұйрық райдың екінші жақ сыпайы түрі етістік түбіріне -ңыз, -ңіз, -ыңыз, -іңіз жалғауы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: (сіз) кел-іңіз, бар-ыңыз, сөйле-ңіз. Екінші жақ сыпайы түрінің көпшесі осы жекеше түрінде -дар, -дер көптік жалғауы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: (сіздер) кел-іңіз-дер, бар-ыңыз-дар, сөйле-ңіздер.

Бұйрық райдың ІІІ жағы (жекешесі де, көпшесі де) етістік түбіріне -сын, -сін жалғауы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: (ол) кел-сін, бар-сын, сөйле-сін.

Бұйрық райдың І жағы етістік түбіріне (жекеше) -айын, -ейін, -йын, -йін, көпше -айық, -ейік, -йық, -йік жалғаулары жалғану арқылы жасалады. Мысалы: (мен)кел-ейін, бар-айын, (біз) кел-ейік, сөйле-йік, бар-айық.

Бұйрық райдың жіктелу үлгісі:

Жақ

Жекеше

Көпше

І

ІІ

ІІІ



барайын, келейін

барасың, келесің

барыңыз, келіңіз

барсын, келсін



барайық, келейік

барыңдар, келіңдер

барыңыздар, келіңіздер

барсын, келсін



Жаттығу жұмысы

1-тапсырма. Бұйрық райлы етістіктерді тауып, қай жақта айтылғанына назар аударыңыз.

«Елім безсе де, сен безбессің. Бүгінгі Тобықтыда кісі болса, ол – сенсің ғой, Абай. Қалаға түссем, керегіме жарайтының да рас. Бірақ қалаға елден безген, қуғын жеген боп не деп барам? Ондайды істеген бұл өңірдің адамы да жоқ. Оның өзін де бір сұмдық деседі ғой артымнан. Одан да осы елдің өресіне жетем. Елдігі бар ма, жоқ ла, бар сырына көзім жеткізем. Егер азғындыққа басса, жағаласып өлем. Жарғыласпай, қан төгіспей көнбеймін. Бірақ қалаға да бармаймын. Ендігі жаным осы екі жастың жолында шықсын! » – деген.



Мақал – мәтелдерді жаттап алыңыз!

  • Анаңа ауыр сөз айтпа!

Атыңа ауыр жүк артпа!

  • Аға алдында пейіліңді көрсет,

Іні алдында мейіріңді көрсет.

  • Оң қолың ұрыс бастаса,

Сол қолың арашашы болсын.

  • Атың барда жер таны,

Асың барда ел таны.

  • Сырын білмеген адамға сырыңды айтпа,

Қасақы жауға шыныңды айтпа.

  • Ақылдыдан үйрен, сұмнан жирен.

Шартты рай

Етістіктің шартты райы қимылдың, іс-әрекеттің болу-болмау, іске асу-аспау мүмкіндігінің шартын білдіреді. Шартты рай етістіктің негізгі және туынды түбіріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына -са, -се жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: бар-са, жүр-се, оқыт-са, айтпа-са.

Шартты рай тұлғасына жіктік жалғауы жалғанып қолданылады. Бірақ, шартты рай тұлғасы тиянақты бола алмайды. Сондықтан шартты райдағы етістік жіктелгенмен, сөйлемді тиянақтап, аяқтап тұра алмайды: басқа бір етістікпен, кейде көмекші етістікпен іліктесіп, тіркесіп келеді, я бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы болып тұрады. Мысалы: Жақсы жағымыздан көрінсек дейміз. Бауырлар-ау, тұрсайшы, Пәлені бетке ұрсайшы. Бірінші мысалда көрінсек деген шартты райлы етістік дейміз көмекші етістігімен тіркесіп келуі арқылы ғана сөйлемді аяқтап, тиянақтап, ойдың шартын білдіріп тұрса, екінші мысалда тұрсайшы деген шартты райлы етістік ІІ жақта жұмсалып, бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы қызметінде қолданылған, басыңқы сөйлемнің шартын білдіреді.

Сөйтіп, қимылдың, іс-әрекеттің болу-болмау мүмкіндігінің шартын білдіріп, белгілі жұрнақтар арқылы жасалатын рай түрі шартты рай деп аталады.

Шартты рай етістіктің жедел өткен шақ тұлғасы сияқты жіктеледі: І жақта жекеше -м, көпше -қ, -к, ІІ жақта анайы жекеше -ң, көпше -ңдар, ңдер, сыпай жекеше -ңыз, -ңіз, көпше -ңыздар, -ңіздер жалғаулары жалғанады да, ІІІ жақтың арнайы жалғауы болмайды.

Шартты райдың жіктелу үлгісі:



Жақ

Жекеше

Көпше

І

ІІ

ІІІ



барсам, көрмесем

барсаң, көрмесең

барсаңыз, көрмесеңіз

барса-, көрмесе-



барсақ, көрмесек

барсаңдар, көрмесеңдер

барсаңыздар, көрмесеңіздер

барса-, көрмесе



Жаттығу жұмыстары

1-тапсырма. Берілген етістіктерден шартты рай жасап, әрқайсысына бір-бір сөйлем құраңыз.

Сана. Жаз. Жүргіз. Тазарт. Санама.



2-тапсырма. Шартты райлы етістіктерді тауып, қалай жасалғанын, қай жақта тұрғанын көрсетіңіз.

Бал салмаса, ара қасиетсіз.

Жанбай қалған шала қасиетсіз

Өнерсіз болса, бала қасиетсіз.

Әділетсіз болса, дана қасиетсіз.

Көк шықпаса, жер қасиетсіз.

Өз ойы болмаса, ер қасиетсіз.

Жылуы болмаса, түбіт қасиетсіз.

Жігерлі болмаса, жігіт қасиетсіз.

Мақал-мәтелдерді жаттап алыңыз!


  • Қара көзден нұр тайса,

Айналаң қара түн болар.

Екі аяқтан әл кетсе,

Қарға адым жер мұң болар.


  • Ұрысқақ болса, ұлың жау,

Керіскек болса, келін жау.

  • Еңбек етсең, еленерсің,

Еңбегіңе кенелерсің.

  • Мезгіл жетсе, мұз ерір.

  • Не ексең, соны орасың.

  • Инең болса, иінің бүтін.

Қалау рай

Етістіктің қалау райы іс иесінің қимылды, іс-әрекетті қалауын, соған ынтасын, ниетін білдіреді де, белгілі жолдармен жасалады. Мысалы: Менің оқығым келеді. Ол үйіне жетсе игі еді. Не де болса шынын айтқайсың. Берілген мысалдардағы оқығым келеді, жетсе игі еді, айтқайсың деген етістіктер іс иесінің (мен) оқу іс-әрекетін, (ол) үйіне жету қимылын, (сен) айту іс-әрекетін қалау мәнін, соған ынтасын білдіріп тұр.



Қалау рай мынадай жолдармен жасалады:

1. Етістіктің негізгі және туынды түбіріне немесе етіс және болымсыз етістік тұлғасына -ғы, -гі, -қы, -кі жұрнағы жалғанып, оған тәуелдік жалғауы үстеледі де, кел көмекші етістігімен тіркеледі. Кел көмекші етістігіне есімше, көсемше жұрнақтары жалғанып, әр түрлі шақ мәнінде ІІІ жақта қолданыла береді. Мысалы: (менің) бар-ғы-м келді (-еді, -іпті, -ген, -ер), (сенің) бар-ғы-ң кел-еді (-ді, -пті, -ген, -ер), (сіздің) бар-ғы-ңыз кел-ер (-ді, -іпті, -ген, -ер), (оның) бар-ғы-сы кел-іпті (-ді, -ген, -еді, -ер), (біздің) кет-кі-міз кел-ген (-ді, -еді, -ер, -іпті), (сендердің) кет-кі-лерің кел-ді. Демек, қалау райдың бұл түрі тәуелдік жалғауы жалғанып, жіктеледі.

2. Шартты рай тұлғасына (-са, -се) игі еді сөздерінің жіктеліп келген түрімен тіркеседі. Мысалы: (мен) алсамигі еді, (сен) алсаң игі еді, (сіз) алсаңыз игі еді, (ол) алса игі еді.

3. Етістіктің негізгі және туынды түбіріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына -ғай, -гей, -қай, -кей жұрнағы жалғанып, жіктеліп келіп жасалады. Мысалы: (мен) бар-ғай-мын, (сен) барғай-сың, (сіз) бар-ғай-сыз, (ол) бар-ғай. Кейде -ғай, -гей, -қай, -кей тұлғалы етістік жіктеліп келген еді көмекші етістігімен тіркесіп келіп те қалау рай жасалады. Мысалы: (мен) бар-ғай едім, (сен) барғай едің, (сіз) барғай едіңіз, (ол) барғай еді.

Қалау райдың бұл жасалу жолы сирек кездеседі.

Қалау райдың жіктелу үлгісі:



Жекеше жақ

ғы, гі, қы, кі, кел

Са, се, игі еді

ғай, гей, қай, кей

І

ІІ

ІІІ



барғым келді (-еді)

барғың келді (-еді.ң)

барғыңыз келді (-еді)

барғысы келді (-еді)



барсам игі еді

барсаң игі еді

барсаңыз игі еді

барса игі еді



барғаймын

барғайсың

барғайсыз

барғай


Көпше жақ

І

ІІ

ІІІ



барғымыз келді (-еді)

барғыларың келді

(-еді)

барғыларыңыз келді (еді)



барғылары келді

(-еді)


барсақ игі еді

барсаңдар игі еді

барсаңыздар игі еді

барса игі еді



барғаймыз

барғайсыңдар

барғайсыздар

барғай


Жаттығу жұмыстары

1-тапсырма. Төменде берілген қалау райлы етістіктерді қолданып сөйлем құрастырыңыз.

Көргісі келді, орындағым келді, жазғайсың, айтқым келді, келсе игі еді.



2-тапсырма. Етістіктерді тауып, оларды рай түрлеріне қарай талдаңыз.

Мақал- мәтелдер

1.Ат жақсысын мақта,

Адам жақсысын жақта.

2. Армансыз адам алысқа бармас.

3.Әркім қолда барын ұсынады.

4. Көп іздеген адам көмбенің үстіне шығар.

5. Болар адам он бесінде бас болар,

Болмас адам қырық бесінде жас болар.

6. Балапан ұяда не көрсе,

Ұшқанда соны іледі.



Етістіктің сөйлемдегі қызметі

1. Етістік шақ, рай тұлғаларында жіктеліп келіп, сөйлемде баяндауыш қызметін атқарады. Мысалы:Білген сайын келеді біле бергім, Біле беру емес пе тілегі елдің. Тұйық етістік жатыс септігінде немесе басқа тұлғаларсыз-ақ та сөйлемнің бандауыш қызметін атқарады. Мысалы: Көрермендер толассыз келуде.Топтың негізгі мақсаты– сабақ үлгірімін жақсарту.

2. Етістік көсемше тұлғасында келіп, қимылдың амалын, әр түрлі қасиетін (себебін, мақсатын т.б.) білдіріп, сөйлемде пысықтауыш қызметін атқарады. Мысалы Көлбеңдеп тұрып алды. Тұйық етістік септеліп (барыс, шығыс, жатыс, көмектес), кейбір шылаулармен тіркесіп келіп, сөйлемде пысықтауыш қызметін атқарады. Мысалы: Білім алу үшін шетелге кетті.

3. Етістік есімше және тұйық етістік тұлғаларында атау септікте келіп, заттанып, сөйлемде бастауыш қызметін атқарады. Мысалы: Болашағын армандау -әрбір адамның жақсы қасиеті...

4. Етістік есімше тұлғасында немесе ілік септігіндегі тұйық етістік зат есімдермен тіркесіп, анықтауыш қызметін де атқарады. Мысалы: Көп жүрудің пайдасы көп. Болар елдің баласы он беске келсе баспын дейді,Болмайтын елдің баласы қырыққа келсе де жаспын дейді.(мақал).

5. Етістік есімше, не тұйық етістік тұлғаларында септеліп келіп, атау мен іліктен басқа септіктерде толықтауыш қызметін де атқарады. Мысалы: Жүргенге жөргем ілінеді.(мақал) Жүруге шамам болмай отыр.



Жаттығу жұмысы

1-тапсырма. Етістіктерді тауып, сұрақ қою арқылы қандай сөйлем мүшесі қызметін атқарып тұрғанын көрсетіңіз.

Үлгі: қайран қалдым – мен не істедім? – баяндауыш, білім иесі екенін – нені танытты? – толықтауыш.

Кітапқа құмарлық

Мен тағы да бір нәрсеге қайран қалдым. М.Әуезов Маяковский жайлы әңгімеге ауысты. Және бұл салада да орыс әдебиетшілерінің өздері қызыққандай мол білім иесі екенін танытты. Кейінірек Әуезовтың орыс прозасын үзбей оқып отыратынына көзім әбден жетті. Ол Горький мен Гладков, Фадеев пен Федин, Шолохов пен Шагинян, Серафимович пен Соболев, Пришвин, Павленко еңбектерін былай қойғанда, Леонид Соловьев және Сергей Колдунов сияқты жастар прозасын да жақсы біледі екен. Бұл бір қайран қаларлық жайт еді. Өйткені орыс және батыс әдебиетімен қоса Әуезов туысқан қырғыз, өзбек, қарақалпақ, түрікмен халықтарының да әдебиетін жетік білетін. Мен Мұхтар Әуезовтың кітап оқығыштығын талай рет тамашаладым. Кітапты қолға алғанда ол айнала дүниені түгел ұмытып кететін.



Үстеу

Үстеу туралы жалпы түсінік

Заттың қимылы мен ісінің мезгілін, жай-күйін, мекенін және сынның белгілерін күшейтіп көрсететін сөз табын үстеу деп атайды.

Мысалы: Аягөз бен Толғанай тез достасып кетті. Гүлсара сұраққа асықпай жауап берді. Бұл сөйлемдердегі тез, асықпай үстеуі қимылды білдіріп тұр.

Үстеулер баяндауышқа қатысты болғандықтан, негізінен пысықтауыш қызметін атқарады. Мысалы: Бүгін істейтін жұмысты ертеңге қалдырма.

Кейде үстеулер заттанып, тәуелденіп, атау септік тұлғасында тұрып бастауыш болады. Мысалы: Алтын бүгін осында. Жалқаудың ертеңі таусылмас. Сөздердің бірігуі арқылы жасалған үстеулер: ешқашан, таңертең, биыл.

Сөздердің қосарлануы арқылы жасалған үстеулер: жоғары-төмен, айта-айта, сөйлей-сөйлей. Тіркес арқылы жасалған үстеулер: қас пен көздің арасында, күн ілгері, ала жаздай.

Үстеулер – тұлғасы жағынан көнеленген, мағынасы жағынан әуелгі төркіндерінен (зат есімнен, сан есімнен, есімдіктен) алшақтаған сөздер. Мысалы: Бірге бірді қосса, екі болады. Ол менімен бірге жарысып келеді деген сөйлемдегі бірге сөздерін алсақ, мағыналары жағынан екеуі екіге жарылып сараланғандығын байқаймыз.

Тұлғасы жағынан да үстеулер бұл күнде өзгеріске ұшыраған.

Мысалы арт, алд сияқты сөздерді алсақ, тек көлемдік мағына беретін барыс, жатыс, шығыс септіктерде болмаса (артқа, артта, арттан, алдан, алда), басқа септікте түрленбейді.

Етістіктің көсемше түрінде де көнеленіп барып шыққан үстеулер кездеседі. Мысалы: Ол өзінен-өзі сөйлей кірді. Ол мінбеде сөйлеп жүр. Мұндағы сөйлеп, сөйлей сөздері үстеу емес таза көсемшелер. Өйткені біз оларды жіктей аламыз. (сөйлеппін, сөйлепсің, сөйлепті, сөйлеймін, сөйлейсің, сөйлейді). Бұларда етістікке тән шақтық, амалдық т.б. қасиеттер байқалмайды. Мысалы: аздап, аз-аздап дегендерді жіктей алмаймыз. Екінші, көсемшелерге – ба, - бе,- па, - пе, - ма, - ме жұрнақтарының бірін қосып, болымсыздық мағынасын алуға болады: сөйлемеймін, сөйлемеппін. Ал енді аздап, аз-аздап сөздеріне болымсыздық жұрнақтарын қосуға болмайды.



Жаттығу жұмыстары

1-тапсырма. Мәтінді оқып шығып, үстеулерді табыңыз

Қою шаң мен көк түтіннен күн беті қара күреңітіп тұр. Жер беті тастай болып қатып қалған, күрек батар емес, окоп қазып ала қою қиын. Көз ұшында қаптаған броневиктер жер бетін оқпен жайлап жылжып келеді. Аспаннан авиабомбалар зуылдай құлап, дүниені күңірентіп барады. Уақыт озған сайын селдіреп қалған саптың алдына қазақтардың қара – құрым тобы үсті-үстіне лап қойды. Жалаңдаған қылыштар жалтылдап, ат тұяғынан жер солқылдап тұр. Майдан шебінің екі қанатынан ә дегенше ақтардың тачанкасы пайда бола қалады да, түнде штаб үйлерін ториды, құдыққа у сеуіп тастайды, аңдаусызда байланысшыны атып кетеді. Бұл бір күн, екі күн, төрт күн... бойына созыла береді.



2-тапсырма. Сөзжұмбақты шешіп, сол бойынша ережелерді еске түсіріңіз

1. Сөз таптарының құрамына қарай бөлінуі.

2. Етістіктің ерекше түрі.

3. Бесінші сөз табы.

4. Есім сөздерінің орнына жүретін «орынбасар» сөз.

5. Тұйық етістіктің жұрнағы.







Ү






















С






















Т






















Е






















У





Жауабы: 1. Күрделі

2. Есімше

3.Етістік

4.Есімдік

5.Тұйық етістіктің жұрнағы

Үстеу

Қимылдың түрлі белгісін, мезгілін, мекенін, себебін, мақсатын білдіретін сөз табы.







Құрамына қарай




Тұлғасына қарай





Дара үстеу

Күрделі үстеу




Негізгі үстеу

Туынды үстеу

Бір ғана түбірден (негізгі немесе туынды) тұрады.


Кемінде екі түбірден тұрады.


Бөлшектеуге келмейтін төл үстеулер.

Түбірге жұрнақ жалғануы арқылы немесе кейбір септік жалғаулары- ның көнеленуі арқылы жасалған үстеу.

Кеше, былтыр, кейде, әрең т.б.


Бүгін, қыс бойы, бірте-

бірте

т. б.

Ең, ертең, бұрын т. Б.

Бірге, зорға, балаша т.б.

Үстеулердің тұлғалық түрлері

Үстеулер басқа сөз таптарынан қосымшалар арқылы немесе сөздердің бірігуі арқылы, қосарлану, тіркесу арқылы пайда болып, жаңа бір мағынаға ие болған сөздер тобы.

Үстеу морфологиялық құрамы жағынан ең алдымен екі топқа бөлінеді.

1. Негізгі үстеу

2. Туынды үстеу

Құрамындағы негіз бен қосымшалардың жігі бөлінбейтін, яғни бөлшектеуге келмейтін үстеулерді негізгі үстеулер деп атайды. Мысалы: әрең, тым, тіпті, әдейі, жорта, жоғары, ілгері, төмен, әрі, бермен, әрмен, ерте, кеш, нақ, дәл, нағыз, сәл, әнтек, ұдайы, дереу, ең, ерекше, т.б.

Жұрнақ, жалғау жалғану арқылы немесе сөздердің қосарлануы, бірігуі және тіркесуі арқылы жасалған үстеулерді туынды үстеу дейміз.

Туынды үстеу жасайтын негізгі жұрнақтар мыналар:

1. -ша,-ше; ша-ма, ша-лық, жаңа-ша, ескі-ше, орыс-ша, осын-ша, мұн-ша-лық, мұн-ша-ма, т.б. 2. - лай,- лей,- дай,- дей,-тай,- тей: со-лай, тіке-лей, қыран-дай, аю-дай, жаз-дай, бұлақ-тай, т.б. 3. - сыз,- сіз: үздік-сіз, есеп-сіз, жанжал-сыз, дау-сыз, пайда-сыз, т.б.

Септік жалғауларының көнеленуі арқылы жасалған үстеулер:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет