Жамбыл облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасы «Мемлекеттік тілді оқыту орталығы» Грамматика туралы жалпы түсінік



бет10/14
Дата16.06.2016
өлшемі0.98 Mb.
#138552
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Есімшенің септелуі

А. көрген, келер, бермес, баратын, алмақ

І. кереге-нің, келер-дің, бермес-тің, баратын-ның, алмақ -тың

Б. көрген-ге, келер-ге, бермес-ке, баратын -ды, алмақ-қа

Т. көрген-ді, келер-ді, бермес-ті, баратын-ды, алмақ-ты

Ж. көрген-де, келер-де, бермес-те, баратын-да, алмақ-та

Ш. көрген-нен, келер-ден, бермес-тен, баратын-нан, алмақ-тан

К. Көрген-мен, баратын-мен



Ескерту: есімшенің -ар, -ер, -р, -с, және -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек тұлғаларына көмектес септік жалғауы жалғанбайды.

Есімшенің жіктелуі

Есімшенің барлық түрі де тікелей жіктеліп, етістіктің негізгі мәнін, шақтық мағынаны білдіреді. 3-жақта арнаулы жалғау жоқ.



Есімшенің жекеше түрде жіктелуі

І Мен көрген -мін, келер-мін, бермес-пін, баратын-мын, айтпақ-пын.

ІІ Сен көрген-сің, келерсің, бермес-сің, баратын -сың, айтпақ-сың

Сіз көрген -сіз, келер-сіз, бермес -сіз, баратын -сыз, айтпақ -сыз

ІІІ Ол көрген- , келер- , бермес- , баратын- , айтпақ-

Есімшенің көпше түрде жіктелуі

І Біз көрген-біз, келер-міз, бермес-піз, баратын-быз, айтпақ-пыз

ІІ Сендер көрген-сіңдер, келер-сіңдер, бермес-сіңдер, баратын-сыңдар, айтпақ-сыңдар.

Сіздер көрген -сіздер, келер-сіздер, бермес-сіздер, баратын-сыздар, айтпақ -сыздар.

ІІІ Олар көрген- , келер- , бермес- , айтпақ-

Болымсыз етістіктен (-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе) кейін жалғанған есімшенің -с тұлғасы жіктелгенде, кейде (көбіне поэзияда) I жақта -с есімше жұрнағы мен жіктік жалғауы (-пын, -пін) тұтасып, қысқарып кетіп, -н түрінде ғана қолданылады: айтпа -с -пын -айтпа -н,

келме – с – пін – айтпа – н, келме – с –пін – келме – н т.б. Мысалы: Бұлтқа жетпей шарт сынбан. Жандаспай ақыры бір тынбан. (М). Бай емен, батыр емен, хан емеспін (А).

Есімшенің сөйлемдегі қызметі

Есімше әрі есім, әрі етістік мәнінде қолданылатындықтан, ыңғайына қарай сөйлемнің барлық мүшесінің қызметін атқара алады.

1. Есімше жіктеліп келіп, сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарады. Мысалы: Қазақтың қай нәсілден тарағанын, Білерсің басқа сөздің жарағанын (М. Дулатов). Екеуі де жарытып, тіс жарып сөйлемейтін (М.Ә.) Берілген сөйлемдердегі білерсің (сен не істерсің?) II жақта, сөйлемейтін (екеуі не істейтін?) III жақта келіп сөйлемнің баяндауышы болып тұр.

2. Есімше зат есіммен тіркесіп келіп немесе ілік септікте тұрып анықтауыш қызметін атқарады. Мысалы: Көшкен ауылды іздеп (мәтел). Берілген сөйлемдердегі көшкен (қай ауылды?), айтқанның (кімнің аузы?), көргеннің (кімнің көзі?) деген есімшелер анықтауыш болып тұр.

3. Есімше атау септікте тұрып заттанып, бастауыш қызметін атқарады. Мысалы: Үнсіз күліп тұрған – бағанағы шәкірт бала (М.Ә.). Баланың қытығына тиетіні – осы жері (М.Ә.). Берілген сөйлемдегі күліп тұрған ( кім шәкірт бала?), қытығына тиетіні (не осы жері?) деген есімшелер адам және зат мәнін білдіріп, бастауыш болып тұр.

4. Есімше атау мен іліктен басқа септіктердің бірінде тұрғып толықтауыш қызметін де атқарады. Мысалы: Ұялғанды, жауап айтпағанды кешірмейтін әке мінезі Абайға мәлім (М.Ә.). Берілген сөйлемде ұялғанды, жауап айтпағанды (нені кешірмейтін?) деген есімшелер табыс септікте жұмсалып, толықтауыш болып тұр.

5. Есімше барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінің бірінде тұрып немесе шылау сөздермен тіркесіп пысықтауыш қызметін де атқарады. Мысалы. Білмекке кетті көңілі жөнін сұрап (Ы.А.). Осыны сезген сайын Абай тоқтаусыз жыр тереді (М.Ә.). Берілген сөйлемдердегі білмекке (не үшін я не мақсатпен кетті?) барыс септіктегі және сезген сайын (қашан жыр тереді?) деген септеулікпен тіркескен есімше пысықтауыш болып тұр.

3. Мұндағы есімше жасап тұрған жүрнақ есімшенің қай жұрнағына ұқсайды?

4.Ондай жұрнақтар қазір қолданыла ма?

Жаттығу жұмыстары

1-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды қойыңыз.

1. Әжесі ауылға кел... (есімшенің жұрнағы, жатыс септігі). Сары бала сондай қуан... (есімшенің жұрнағы).

2. Ақыл айт... (есімшенің жұрнағы) ту... (есімшенің жұрнағы, көптік жалғауы).

3. Тоқтама ... (есімшенің жұрнағы) дүниенің дөңгелегі тоқтамас.

4. Шешеннің айт... (есімшенің жұрнағы, көптік жалғауы, тәуелдік жалғауы) көпке жет... (есімшенің жұрнғы).

2-тапсырма. Мәтінді көшіріп, есімшелерді тауып, олардың түбірі мен қосымшасын ажыратып айтыңыз.

Үлгі: есім-ше: кел-ген. Бұрынғы өткен шақ, III жақ тұлғасында тұр, -ген деген жұрнақ арқылы жасалған.

Құдасының аулына Ұлжан отыз шақты кісімен келген. Алшынбай бұлар келер қарсаңға мол сулы, кең бір жазыққа кеп қонған екен. Қазыбектің өзінен тараған қырық шамалы ауыл осы жерге сіресе қоныпты...

Құнанбайдың екі ауылы да Жидебайға жиылған. Әр үйде қысыр сауылып, қара сабалар ертелі-кеш пісіліп жататын. Биылғы қыс жайлы боп, жақсы өткен. Сүр мол. Құнанбайға сыбаға деп арнаған семіз қойлар, жабағылар, арда емген тайлар болатын. ( М.Әуезов.)

3-тапсырма. Қарамен жазылған есімшелердің қандай жұрнақтар арқылы жасалып тұрғанын және олардың мағынасын түсіндіріңіз.

Үлгі: есімше – түсінгенге: түбірі – түсін, -ген – есімшенің жұрнағы, өткен шақты білдіреді, -ге – барыс септігінің жалғауы.

Түсінгенге сөздерім Мен жырлауға дайынмын.

Құлағына хат болар, Кәріліктің белгісі -



Түсінбейтін жаманға, Көңілдің қошы келмеген.

Мал қимайтын сараңға, Жалғыздықтың белгісі -

Айтқаның мен айтпаған Өзіне-өзі сенбеген.

Бәрі бірдей сап болар. Сақилықтың белгісі -



Қалағандарың сөз болса, Халықтың қамын көздеген.

( Ақтан Керейұлы.)

Көсемше

Негізгі қимылды, әрі амалды білдіріп, көбіне күрделі етістіктің құрамында келетін етістіктің түрін көсемше дейміз.

Мысалы: көріп, барып, айтқалы, жүргелі т.б.



Көсемшенің үш түрі бар:

  1. Ауыспалы осы шақ көсемше, жұрнағы: -а,-е,-й

  2. Өткен шақ көсемше, жұрнағы: –ып,-іп,-п

  3. Келер шақ көсемше, жұрнағы: –ғалы,- қалы,- келі

Мысалы: сұрай, көре, барып, жүріп, қарап, барғалы, сөйлегелі, кеткелі.

Көсемшенің жіктелуі

Жекеше түрі

Көпше түрі

І

бар-а-мын

кел-е-мін

бар-а-мыз

кел-е-мін

ІІ

бар-а-сың

кел-е-сің

бар-а-сыңдар

кел-е-сіңдер

бар-а-сыз

кел-е-сіз

бар-а-сыздар

кел-е-сіздер

ІІІ

бар-а-ды

кел-е-ді

бар-а-ды

кел-е-ді



Көсемшенің сөйлемдегі қызметі








Пысықтауыш

Баяндауыш

Көсемше іс-әрекеттің түрлі күйін білдіріп, пысықтауыш болады.

Көсемше күрделі етістіктің құрамында келіп баяндауыш болады.

Мен сөйлескелі (не үшін?) келдім. Ол жымиып (қалай?) күлді. Бексұлтан асыға сөйледі. Көре-көре көсем боласың, сөйлей-сөйлей шешен боласың. асыға күлді

Алып та халықтан үйренеді. Сағди үйіне барып келді. Манар өз ойын айта салды. Түнде жаңбыр жауыпты.

Жаттығу жұмыстары

1-тапсырма. Сұрақ және тапсырма. Кім дұрыс жаза алады? Мөлшерлі уақыттың ішінде көсемшенің үш түрін келтіріп сөйлемдер жазу тапсырылады.

а) Аяқталған сөйлемнің соңында келмейтін қай етістік?

ә) Жіктік жалғауы жалғанбайтын көсемшеге сөйлем құрастырыңыз.

б) Көсемшенің 1-түрінде айтылатын Республикамыздағы өзеннің аты қандай?

в) Ескі деген ұғым тұлғасында айтылатын көсемше.

г) Көсемшенің екі, үш түрін қолданып бірнеше сөйлем құрастырыңыз.

д) Барып, келіп сияқты көсемшелердің болымсыз түрі қалай айтылады? Оған неше жұрнақ жалғанады?

е) Күрделі етістік құрамында келген көсемшелерге жіктік жалғауы жалғана ма? Жалғанбаса себебін айтыңыз.

2-тапсырма. Мақалдардан көсемше тұлғалы етістіктерді тауып, олардың қандай жұрнақтар арқылы жасалып тұрғанын айтыңыз.

1. Ақылсыз адам айқайлай келеді,

Жан-жағын жайпай келеді.

Ақылды адам жай-жай келеді,

Жан-жағын байқай келеді.

2. Сыпайы киімді киіп тоздырады,

Сараң киімді жиып тоздырады.

3. Адамды өмір үйретеді,

Үйренбесе күйретеді.

4. Жолға шықпай тұрып, жолдасыңды сайла.



  1. Сыпайы сызып айтады.

Шешен қызып айтады.

Шорқақ үзіп айтады.

Жаман бұзып айтады.

3-тапсырма. Мақал-мәтелдерден етістің есімше, көсемше түрлерін тауып, олардың қандай жұрнақтар арқылы жасалып тұрғанын және қалай түрленгенін айтыңыз.

1. Ақылды кісі азбайды,

Асыл бұйым тозбайды.

2. Ақылды адам арын қорғайды,

Сараң адам малын қорғайды.

3. Білмегенді кісіден сұра,

Үлкен болмаса, кішіден сұра.
4. Оқып сөйлеме,

Көңіліңе тоқып сөйле.

5. Сауатсыздың сөзіне сүрініп құлайсың.

6. Көре-көре көсем боласың,

Сөйлей-сөйлей шешен боласың.

Тұйық етістік

Тұйық етістіктер немесе етістік атаулары етістік түбіріне -у жұрнағы қосылу арқылы жасалады да, есімдерше тәуелденеді, септеледі, тікелей жіктелмейді, сөйлемде әр түрлі қызмет атқарады.

Тұйық етістік – етістің ерекше түрі. Мағынасы жағынан ол қимылдың, іс-әрекеттің атын білдіреді де, шақпен де, жақпен де байланысты болмайды. Сөйтіп, тұйық етістік қимылдың, іс-әрекеттің атауы ретінде қолданылады да, етістік тұлғаларына тән шақтық мағынаны да, жақтық мағынаны да білдірмейді.

Тұйық етістік етістіктің негізгі және туынды түбіріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: сұра-у, жүр-у, бар-у, шегеле-у, айт-қыз-у, сөйле-с-у, кел-ме-у, бөге-ме-у. Бұл сөздер сұрау, жүру, бару, шегелеу, айтқызу, сөйлесу, келмеу, бөгемеу қимыл, іс-әрекеттерінің атын білдіріп, солардың атауы болып тұр. Сондықтан да тұйық етістік заттық мағынада, зат есім мәнінде жиі қолданылады. Тіпті тұйық етістіктердің кейбірі белгілі заттың, көбіне құралдың атын білдіріп, зат есім болып кеткен. Тілімізде көсеу (отты, шоқты көсейтін темір), сабау (жүнді сабайтын шыбық), егеу (темірді егейтін құрал), жасау (қызға жасалған дүние мүлік) сияқты зат есімдер тұйық етістіктен жасалған. Мысалы: Көсеу ұзын болса, қол күймейді. (мақал). Тұйық етістік зат есім сияқты түрленеді.

Тұйық етістік тікелей септеле де, тәуелдене де алады, бірақ жіктелмейді. Тұйық етістікке көптік жалғауы жалғанса, одан кейін тәуелдік жалғауы жалғанып қолданылады. Яғни, зат есімдерше түрленіп, шақпен де, жақпен де байланысты болмай, қимылдың, іс-әрекеттің атын білдіретін етістіктің ерекше түрін тұйық етістік дейміз.

Тұйық етістік сөйлемнің тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерінің қызметін атқарады: Қайталау – оқу анасы. Жастар техника тілін үйренуде.



Жаттығу жұмыстары

1-тапсырма. Тұйық етістіктерді тауып, қандай тұлғада тұрғанын ажыратып, зат есім сияқты түрленуіне назар аударыңыз.

Үлгі: сүю – атау септікте

2-тапсырма. Төмендегі сөздердің қолданылуына қарай бірде етістік, бірде есім мағынасында жұмсалатынын мысалмен дәлелдеп беріңіз.

Сайлау, асау, ашу, көбейту, көлбеу, қызу, сызу, дәнекерлеу, ақпараттандыру, бақылау, өлшеу, сылау.



Үлгі: дәнекерлеу - зат есім, термин сөз (дәнекерлеуші мамандығы)

Дәнекерлеу - тұйық етістік, түбірі «дәнекерле»



3-тапсырма. у дыбысына аяқталған сөздердің бәрі тұйық етістік бола бере ме? Өлең жолдарындағы асты сызылған сөздерді қай сөз табына жатқызуға болады?

Кей құрбы бүгін тату, ертең бату,



Тілеуі, жақындығы – бәрі сату.

Көкірегінде қаяу жоқ, қиянат жоқ,

Қажымас, қайта айнымас, қайран тату.


  1. Ананың баласын еркелетуі деген тіркестегі еркелетуі сөзін сөз бөлшегіне, сөз табына талдап, жазылуын түсіндіріңіз.

  2. Жеке тұрғанда зат есім, етістікке жалғанғанда жұрнақ. Ол қандай етістік жасайтын жұрнақ?

  3. Сүю, түю, жию, жаю, қою деген сөздер қай сөз табы? Қалай дәлелдеуге болады?

Тұйық етістің емлесі

1. Дауыссыз дыбыстарға біткен етістіктерге -у жұрнағы дауысты болып жалғанады: бар-у, қайт-у, көр-у, кел-у. Дауысты дыбыстарға біткен етістіктерге тұйық етістіктің -у жұрнағы дауыссыз болып жалғанады: ойна-у, сөйле-у, барма-у, келме-у, сана-у.

2. Дауысты ы, і дыбыстарына біткен етістіктерге тұйық етістіктің у жұрнағы жалғанғанда, түбірдің соңындағы ы, і дыбыстары жазылмай, у дыбысының құрамына еніп кетеді де, ло (у) дауысты дыбыс болып есептеледі. Мысалы: оқы+у=оқу, тасы+у=тасу, кемі+у=кему.

3. Қатаң п, қ, к дыбыстарына біткен етістіктерге тұйық етістіктің -у жұрнағы жалғанғанда, түбір соңындағы п дыбысы б-ға, қ, к дыбыстары ғ, г дыбыстарына айналады. Мысылы: ақ+у=ағу, кеп+у=кебу, тап+у=табу.



Етістіктің шақтары

Етістіктің шақтары сөйлеп тұрған сәтке байланысты іс-әркеттің, қимылдың жай-күйінің орындалу-орындалмау мезгілін білдіреді. Етістіктің қимыл, іс-әрекетті білдіретіндігі белгілі, ал іс-әрекеттің, қимылдың орындалу, жүзеге асу мезгілі, уақыты болады. Қимылдың өту кезеңі сөйлеушінің хабарлау кезімен немесе сөйлеп тұрған сәтпен айқындалады. Шақ, кез, уақыт, сәт, мерзім сөздері – мезгілдің синонимдері. Сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың мезгілі, шақтық мағынасы мынадай болуы мүмкін: 1) үнемі қайталанатын, дағдыға айналған іс-қимыл, сөйлеп тұрған кезде болып жатқан қимыл, іс-әрекет; 2) сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып кеткен қимыл, іс-әрекет; 3) сөйлеп тұрған кезде әлі болмаған, бірақ кейін әйтеуір болуға тиісті қимыл, іс-әрекеттер. Мысалы: . Аспаннан тарыдай ақ қиыршықтар бүркіп тұр. Боз дөңестің бетінде жаңа үйлер айқын көрінетін. Бұл үйлердің шамы алыстан жарқырайды. Бұл сөйлемдердегі бүркіп тұр, көрінетін, жарқырайды етістіктері мезгіл (шақ) мағынасын білдіруі жағынан бірдей емес.

Бірақ мезгіл мағынасы бар сөздің бәрі бірдей шақ мәнін білдіре бермейді. Мысалы, кеше, бүгін, ертең, биыл сияқты сөздер мезгілдік мән білдірсе де, олардың шақтық қасиеті жоқ. Өйткені бұл сөздерде шақтық мағынаны білдіріп тұратын грамматикалық тұлға жоқ. Демек, шақтық мағына сөздің жалпы мағынасынан ғана көрінбейді, ол мағынаны білдіретін арнайы грамматикалық тұлға болу керек. Сондай-ақ ондай сөздердің мезгілдік мәні шақтық жағынан кейде айқын да бола бермейді. Мысалы, бүгін, биыл деген сөздер сөйлеп тұрған кездегі мезгілді білдіретін сияқты. Егер бүгін, биыл, отыр десек, мезгілдік мағына – сөйлеп тұрған сәтті білдіреді. Ал бүгін, биыл отырған (отырыпты) дегенде, өткен мезгілді: бүгін, биыл отырар (отырмақ) болса, әлі болмаған мезгілді білдіреді. Міне, осыдан анық көрінетіндей, шақтық мағына жекелеген мезгілдік мәндегі сөздер арқылы емес, етістіктің грамматикалық тұлғасы арқылы беріледі.

Етістік шақтары есімше, көсемше тұлғалары мен етістік түбіріне -ды, -ді, -ты, -ті және -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады. Шақтық мағына осы тұлғалар арқылы дара етістікте де (кел-іп-ті, кел-ер), күрделі етістікте де (келіп отыр, келіп кет-кен, келіп кет-пек) беріліп отырады.

Сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың болу мезгілі үш түрлі. Соған сәйкес етістіктің шақ түрі де үшеу. Сөйлеп тұрған сәтке байланысты, яғни сол сәтте болып жатқан қимылдың осы шақ; әлі болмаған, бірақ кейін болатын қимылды келер шақ; сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып өткен қимылды өткен шақ білдіреді.

Шақтық мағынаны білдіретін етістік көбінесе жіктеліп келеді де, сол арқылы жақтық мағына беріледі. Жіктік жалғау шақ көрсеткіштерінен (есімше, көсемше және арнайы шақ жұрнақтарына) кейін жалғанады: оқы-ған-мын, оқы-р-сың, бар-ып-ты, бар-ды-м, бар-мақ-сың, т.б.

Күрделі етістікте жіктік жалғау оның құрамындағы көмекші етістікке жалғанады: сөйлеп отыр-ған-сың, сөйлеп отыр-ар-мын.

Жаттығу жұмысы

1-тапсырма. Етістіктерді тауып, шақтарын анықтаңыз, жасалу жолын көрсетіңіз.

Балуан Шолақ бағы ел үстінде құстай ұшты. Балуандық, әншілік, ақындық, серілік, ойыншылдық Балуан Шолақтың бір басынан табылады. Ол барған ауыл ұлы думанға айналады. Жиналған жұрт оның тал бойынан мін тапқан жоқ. (С.Мұқанов)

Күзектің суық, сұрғылт жүдеу бір күні бүгін Қашамада отырған Тәкежан аулының үстінде тұр. Жаздыгүнгідей емес, ауыл үйлері біріне-бірі сығылысып жақын қонған. Үй арасында шиден ықтырма жасалыпты. Ауыл сырты тозған, сары жұрт болса да бай ауыл қарашаның қатты суық қара желіне жонын төсеп, күзекті тақырлап жеп бітіргенше көшпей, тыртысып отыр. (М.Әуезов)

Мақал-мәтелдерді жаттап алыңыз

Ақыл көпке жеткізер,

Өнер көкке жеткізер.

Анаға қарап қыз өсер,

Атаға қарап ұл өсер.

Көп жасаған білмейді,

Көпті көрген біледі.

Атадан жақсы ұл туса,

Есіктегі басын төрге сүйрер,

Атадан жаман ұл туса,

Төрдегі басын есікке сүйрер.

Осы шақ

Осы шақтың түрлері

Осы шақ болатын етістіктердің мағыналық белгілері: 1.Сөйлеп тұрған кездегі іс-әрекеттерді білдіреді. 2.Әрдайым қайталанып тұратын дағдылы іс-әрекетерді көрсетеді. Мен сізге келе жатырмын. Мына кітапты оқимын. Ұялы телефонмен сөйлесіп отырмын. Осы сөйлемдегі келе жатырмын, оқимын, сөйлесіп отырмын, етістіктері – әр сәттегі іс-қимылдар. Трактор жер жыртады. Нұрлан хат жазып тұрады. Мал өрісте жатады. Бұл сөйлемдердегі жыртады, жазып тұрады, жатады етістіктері – қалыптасқан, дағдыға айналған іс-әрекеттер. Міне осылай, етістіктің осы шағы істің дағдылы түрде қайталанып тұратынын және сөйлеп тұрған кезде істеліп жатқанын білдіреді.

Осы шақ мағынасы мен түрлеріне қарай нақ осы шақ және ауыспалы осы шақ болып, екі түрге бөлінеді.

1. Нақ осы шақ

Нақ осы шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтте істеліп, болып жатқанын білдіреді. Нақ осы шақ етістіктің құрамына қарай жалаң және күрделі болып, екіге бөлінеді.

А) Нақ осы шақтың жалаң түрі отыр, тұр, жатыр, жүр деген етістіктердің жіктелуі арқылы жасалады. Бұл төрт етістік қалып етістіктері деп аталады. Қалып етістіктеріне жіктік жалғауы тікелей жалғанып, есімдерше жіктеледі.

Қалып етістіктерінің жіктелу үлгісі:



Жекеше жақ

Отыр

Тұрмын

Жүр

Жатыр

І

ІІ

ІІІ



отырмын

отырсың


отырсыз

отыр -


тұрмын

тұрсың


тұрсыз

тұр -


жүрмін

жүрсің


жүрсіз

жүр -


Жатырмын

жатырсың


жатырсыз

жатыр -



Көпше жақ

І

ІІ

ІІІ



отырмыз

отырсыңдар

отырсыздар

отыр


тұрмыз

тұрсыңдар

тұрсыздар

тұр


жүрміз

жүрсіңдер

жүрсіздер

жүр


Жатырмыз

жатырсыңдар

жатырсыздар

жатыр


Отыр, тұр, жүр, жатыр деген қалып етістіктері ІІІ жақта жіктік жалғауынсыз жұмсалады. Мұнда да есімдер (мысалы, зат есім, сын есім, сан есім) сияқты ІІІ жақта жіктік жалғауы болмайды. Қалып етістіктерінің үшеуі (отыр, тұр, жатыр) екі түрлі мағынада жұмсалады: 1) 2-жақ жіктеу есімдігімен (сен) тіркесіп, ІІ жақ бұйрық мағынасын білдіреді: сен тұр, сен жүр, сен отыр; 2) 3-жақ жіктеу есімдігімен тіркесіп, ІІІ жақта жұмсалып, осы шақ мағынасын білдіреді: ол отыр, ол тұр, ол жүр. Ал жатыр етістікті ІІ жақ бұйрық рай мағынасында жат (сен жат) түрінде 3-жақта жіктелгенде, жатыр (ол жатыр) түрінде қолданылады.

Б) Нақ осы шақтың күрделі түрі етістіктің -ып, -іп, -п және -а, -е, -й тұлғалы көсемше түрі мен отыр, тұр, жүр, жатыр деген қалып етістіктерінің көмекші етістік мәнінде тіркесінен жасалады. Бұл нақ осы шақ күрделі етістіктен жасалатындықтан да, оның күрделі түрі деп танылады. Күрделі етістіктің құрамындағы көмекші етістіктердің (отыр, жүр, тұр, жатыр) жіктелуі арқылы шақтық мағына беріледі. Мысалы: Мен оқып отырмын.Сен ойнап жүрсің. Оқушы кітап оқып отыр.

Күрделі нақ осы шақтың жіктелу үлгісі

Жақ

Жекеше

Көпше

І

ІІ

ІІІ



Оқып отырмын

Оқып отырсың

Оқып отырсыз

Оқып отыр



Оқып отырмыз

Оқып отырсыңдар

Оқып отырсыздар

Оқып отыр



2. Ауыспалы осы шақ

Ауыспалы осы шақ қимыл, іс-әрекеттің дағдылы қалыпта болып тұруын білдіреді. Ауыспалы осы шақ -а, -е, -й тұлғалы көсемшенің жіктелуі арқылы жасалады. Мысалы: Мен келе-мін. Сен ойна-й-сың. Ол бар-а-ды.

Ауыспалы осы шақ түрінің жіктелуі

Жақ

Жекеше

Көпше

І

ІІ

ІІІ



Айтамын, келемін, сөйлеймін

Айтасың, келесің, сөйлейсің

Айтасыз, келесіз, сөйлейсіз

Айтады, келеді, сөйлейді



Айтамыз, келеміз, сөйлейміз

Айтасыңдар,келесіңдер,сөйлейсіңдер

Айтасыздар,келесіздер, сөйлейсіздер

Айтады, келеді, сөйлейді



Ауыспалы осы шақ тұлғасы (яғни көсемше түрінің жіктелген түрі) сөйлемде екі түрлі мәнде қолданылады: бірде дағдылы қимылды білдіріп, осы шақ мағынасын берсе, енді бірде келер шақ мағынасын береді. Сондықтан да осы шақтың бұл тұлғасы ауыспалы деп аталады.

Жаттығу жұмысы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет