1. Барыс септік – алға, артқа, босқа, бекерге, күніге, кешке, жөніне т.б.
2. Жатыс септік – лезде, күнде, әлгіде, баяғыда, алда, артта, үсте т.б.
3. Шығыс септік – шетінен, шалқасынан, ежелден, етбетінен т.б.
4. Көмектес септік – ретімен, бетімен, күнімен, түнімен т.б.
Сөздердің бірігуі арқылы жасалған үстеулер:
Бүгін, биыл, таңертең, жаздыгүні, ешқашан т.б.
Сөздердің қосарлануы арқылы жасалған үстеулер:
Енді-енді, әрең-әрең, үсті-үстіне, бостан-босқа, сөйлей-сөйлей, айта -айта, жата-жастана, оп-оңай, анда-санда т.б.
Тіркес түрінде жасалған үстеулер:
Құр босқа, жай әншейін, ала жаздай, ертеден қара кешке дейін, қас пен көздің арасында т.б.
Үстеудің мағыналық түрлері
Үстеулер мағынасына қарай жеті түрге бөлінеді:
1. Мекен үстеу
2. Мезгіл үстеу
3. Себеп -салдар үстеу
4. Қимыл-сын үстеу
5. Мөлшер үстеу
6. Күшейткіш үстеу
7. Мекен үстеу
1. Мекен үстеу – қимылдың болу орны мен бағытын білдіреді. Сұрақтары: қайда? қалай? қарай? қайдан? Мысалы: ілгері, осында, бері т. б.
2. Мезгіл үстеу – қимылдың жалпы мерзімін, уақытын білдіреді. Сұрақтары: қашан? қашаннан бері? Мысалы: бүгін, таңертең түнде т.б. Бүгін дем алмаған тек Жүнісбек қана.
3. Себеп-салдар үстеу – Қимылдың болу себебін, салдарын білдіреді.
Сұрақтары: неге? не себепті? неліктен? Мысалы: амалсыздан, лажсыздан, босқа, бекерге т. б.
4. Қимыл-сын үстеу – қимылдың жүзеге асу амалын білдіреді. Сұрақтары: қалай? қайтіп? қалайша? Мысалы: емін – еркін, әрең т. б.
5. Мөлшер үстеу – түрлі қатынастарды жалпылап, я шамалап немесе қимылдың және сынның кемдік, я теңдік дәрежесін көрсетеді.Сұрақтары: қаншама? қанша? қаншалық? қаншалап? Мысалы: сонша неғұрлым, әжептеуір, осылай, қыруар, біршама, соншалық, анағұрлым, аз, көп т.б. Көрдің бе, оның алған мұнша олжасын. Неғұрлым ерте тұрсаң, соғұрлым жұмысың өнеді.
6. Күшейткіш үстеу – заттың сынын, қимылдың өзін немесе түрлі мөлшерді, көлемді аса күшейтіп немесе аса солғындатып көрсетеді. Сұрақтары: қалай? қандай? Мысалы: ең, тым, аса, нағыз, кілең, орасан т.б. Раушан шайды тым асықпай ішетін. Асты онша асықпай тұрып ішіңіз.
7. Мақсат үстеу – қимылдың болу мақсатын білдіреді.Сұрақтары: қалай? не мақсатпен? Мысалы: әдейі, қасақана, жорта т.б.
Жаттығу жұмыстары
1-тапсырма. Үстеудің қандай тәсіл арқылы жасалғанын түсіндіріңіздер.
Ең алдымен ойлан, онан кейін істе. Досыңды алдынан, жауыңды соңынан көр. Жұмсақ төсеп қатты ұйықта. Ақылдың арзаны жоқ. Ақылдының бүгінгі ісі кешке тынған. Ақыл ауыздан, мерей көзден. Атадан жаман ұл туса, төрдегі басын есікке сүйрер. Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла. Естіге екі сөз де жетіп жатыр. Адамды еңбек асырар, жалқаулық құтын қашырар. Айрылмастай досыңа, қайрылмастай сөз айтпа. Ғылым кітаптың ішінде де бар, тысында да бар. Білім – бақтың жібермейтін қазығы, білімсіз бақ - әлдекімнің азығы. («Балдырған» журналынан).
2-тапсырма. Үстеулерді тауып, мағыналық топтарын тауып жазыңыздар.
Бірақ, кісі көзінше айту қайда, құрғыр, өзін кім жек көреді. Анда – санда ойын – сауыққа, қонаққа барарда ғана айнаны еске аласың. Тап бұрын елемеген бейтаныс бір соқпақты тағы тауып, түлкі қуған аңшыдай із кестім. Бүгін жұмысқа шықпаушы ма еді? Кейде осылай басынан сөзді асырып жіберіп, оңтайына келгенде, жамбасқа сап, оңдырмай соғатын әдеті бар-ды. Білесің бе, әкеме не деп кеткенін кеше? Күннің көзі көк жиектен әрі асып, төмен түсіп, біржола батты. Бұл ауданда әзірше сырласар бір ғана адамым бар. Өзінің баласынан безе қашатын әкелердің сонша тас жүрек болғаны ма? Міне, әйелге қайта айналдым. Енді оңай таба алмаймыз. Іле басыла қалды. Соншама қандай қуаныш.
3-тапсырма. Үстеулерді тауып, оларды мағыналық топтарына жіктеп жазыңыз
Толассыз екі күн соққан бораннан соң, ептеп саябырлаған секілді болып еді, бір тәулік өтпей қайта басылды. Бірақ енді алай – түлей боран емес, баяу ғана үлбіреп түсіп жатқан ақша қар жерді көме берді, көме берді. Алдындағы боранда нығыздалып қалған қабыршақтың үстіне мына түскен қар үлбіреп, борпылдақ болып жатыр. Қардың үстіңгі қабаты қоян ізін көтере алмаса, астындағы қабатын қой тұяғын бірде көтеріп, бірде одан сықырлап ойылып кетеді.
Оны бұрын жылқы тұяғы жасайтын. Қырандарым таудан төңкерілген судай ағындап, менен озып, айналамнан алға қарай ағылып жатты. Қалай дегенмен де, алғы шеп кейін лықсығанда, мен едәуір сасқалақтап қалдым. Екпіндей келіп қалған бір топ неміспен қоян – қолтық келіп, найзаласа жұлқысып кеп кетті. Міне, Нартайдың нағыз ақындығына сүйсіндім.
4-тапсырма. Көп нүктенің орнына үстеулердің бірін қосып жазыңыз.
...мен театрға барамын... керемет концерт көреміз. Халық әншісі...ән айтады. ...балалар мектепке барады. ...аяз қатты болады.
Тиісті сөздер: Ертеңнің арғы күні, ол жақта, М.Жүнісова, бүгін, қыста.
5-тапсырма
р/с
|
СҰРАҚ
|
ЖАУАП
|
ЕРЕЖЕСІН ТҮСІНДІР
|
1.
|
Мезгіл үстеуді табыңыз
|
а)әдейі
ә)босқа
б)ертең
|
Себебі
|
2.
|
Күрделі үстеуді табыңыз
|
а)тез
ә)бірден
б)бостан – бос
|
себебі
|
3.
|
Себеп – салдар үстеудің сұрағы
|
а)не мақсатпен
ә)не себепті
б)қайдан
|
Себебі
|
4.
|
Дұрыс жазылған сөзді табыңыз
|
а)күні- бойы
ә)талай талай
б)ала жаздай
|
Себебі
|
5.
|
Тиістісін қойыңыз
Топтағы білімгерлер.....жарысты.
|
а)босқа
ә)қасақана
б)қасқырша
|
Себебі
|
6-тапсырма. Сәйкестендіріңіз
ҮЛГІ: Біртін – біртін, бостан – бос
ТЫСТАН КЕЛДІ
ҚАСАҚАНА КЕЗДЕСТІ
ШАРАСЫЗДАН ҚАЙТТЫ
ӨТЕ ЖАҚСЫ КЕЛІСТІ
АНАҒҰРЛЫМ ОҚЫДЫ
БҮГІН ЖАЗЫ
АЛА АУЫЗ
АУЫЗБА КӨБЕЙДІ
АСЫҒА АЛДЫНА
ЖОЛ БІРТІН
БІРТІН ЖОҒАРЫ
ІЛГЕРІ ТӨМЕН
ЖОҒАРЫ СӨЙЛЕДІ
ҚЫСЫ ЖАЗДАЙ
ӘРЕҢ ӘРЕҢ
АЛДЫ КҮНІ
КЕЙ ЖӨНЕКЕЙ
ӨТЕ КЕЗЕК
КЕЗЕК МӨТЕ
КҮНІ САРТ
БОСТАН ҰЗЫН
ҰЗЫН БІРІН
БІРДЕ ТҮНІ
ӘЛСІН ӘЛСІН
Үстеудің сөйлемдегі қызметі
Үстеу сөйлемде көбінесе баяндауышқа қатысты болғандықтан, пысықтауыш қызметінде жұмсалады. Мысалы: Ештен кеш жақсы (мақал). Ең алдымен орнынан Мәулекеш тұрды.
Үстеулер сөйлемнің басқа мүшелерінің де қызметін атқарады. Мысалы: Әрең, әдейі - үстеулері (бастауыш). Елдің бәрі – осында (баяндауыш). Кейініңді қой, ертең жүреміз (пысықтауыш).
-
Үстеудің сөйлемдегі қызметі
|
Пысықтауыш
|
Толықтауыш
|
Бастауыш
|
Анықтауыш
|
Баяндауыш
|
Үстеу қимылдың әр түрлі белгісін білдіріп, пысықтауыш болады.
|
Кейде үстеу заттанып келіп, толықтауыш болады.
|
Үстеу атау септікте тұрып бастауыш болады.
|
Мөлшер үстеу зат есіммен, күшейткіш үстеу сын есіммен тіркесіп келіп, күрделі анықтауыш болады.
|
Үстеу жіктеліп келіп немесе заттанып баяндауыш болады.
|
Кеше қар жауды. Ол лезде келді. Мен амалсыздан үйге кеттім.
|
Естілер ертеңгіні ескере, көре сөйлейді. Бүгінгісін ғана қамданған алысқа бармайды.
|
Еріншектің ертеңі бітпес. Бүгін-Ұлыстың ұлы күні.
|
Ең берекелі, ең парасатты тәжірибе-халық түйген тұжырымдар. Сонша алтынды қайдан алады?
|
Мен сенімен біргемін. Талапты бала – талпынған құстай.
|
Үстеулердің емлесі:
Үстеулердің жазылу емлесі үш салаға бөлінеді:
1) Бірге жазылатын үстеулер;
2) Дефис арқылы жазылатын үстеулер;
3) Бөлек жазылатын үстеулер;
1. Бірге жазылатын үстеулерге негізгі үстеулерге жалғау, жұрнақ жалғану арқылы және сөздердің бірігуі арқылы жасалған үстеулер жатады. Мысалы: қапыда, абайсызда, тікелей, мұнша, оншалық, қыстыгүні, ендігәрі, әлдеқашан т.б.
2. Дефис арқылы жазылатын үстеулерге қосарлану арқылы жасалған үстеулер жатады. Мысалы: жоғары - төмен, өте – мөте, ілгері – кейін, күні – түні, ертелі – кеш, өле - өлгенше т.б.
3. Бөлек жазылатын үстеулерге тіркес арқылы жасалған үстеулер жатады. Мысалы: ертеден қара кешке дейін, бір күні, кей күні, ала жаздай т.б.
-
Негізгі және туынды үстеулер көбінесе айтылуынша жазылады және кейбір туынды үстеулер морфологиялық принцип бойынша жазылады.
|
Сөздердің тіркесуі арқылы жасалған күрделі үстеулердің әрбір сыңары бөлек жазылады.
|
Сөздердің қосарлануы арқылы жасалған күрделі үстеулер сызықша арқылы жазылады.
|
Сөздердің кірігуі
арқылы жасалған
күрделі үстеулердің көпшілігі
сыңарларының дыбысталуынша,
өзгеріске түскен
күйінде жазылады.
|
Ертең, төмен, лажсыздан т.б.
|
Құр әншейін, ала жаздай, күн ұзаққа, күн ілгері
т. б.
|
Көзбе – көз, олай – бұлай, тұс – тұстан т.б
|
Бүгін(бұл-күн),
биыл
(бұл-жыл),
анағұрлым
(ана-құрылым), қыстыгүні
(қысты-ң-күні) т.б.
|
Жаттығу жұмыстары
1-тапсырма. Төмендегі үстеулерді қатыстырып, сөйлем құрап, үстеулердің емлесін есте сақтаңыз.
Жаздыгүні, таңертең, ендігәрі, әлдекімше, әрең-әрең, ауызба-ауыз, алды-алдына, бірте-бірте, жол-жөнекей, біртін-бірті
2-тапсырма. Үстеудің не жұрнақтар мен жалғаулардың көнеленуі арқылы жасалғанын көрсетіңіз.
Бағана көңілін алаңдатып, алабұрта берген ой әлсін - әлсін қабаттасып келіп, тосыннан киліге жөнеледі. Өзеннің суын жаңбырша шашыратып, арғы бетке барып бір – ақ тоқтады. Әр есіктің алдында бір – бір қазан ошақ таңертеңнен қара кешке дейін дамыл таппай түтіндеп, бықсып жатқаны. Биыл жетпістің бел ортасынан асыпты. Сырт әлі елең – алаң. Қабырғада бүркітше қомданып, қарғитын аңша жиырылған шалдың бейнесі абажадай болып шығады ғой.
Шылау сөздер
Қазақ тілінде лексикалық мағыналары белгілі дәрежеде солғынданған я бүтіндей жоғалған, сөйлемде толық мағынасы бар дербес сөздермен тіркесіп қана жұмсалатын сөздердің үлкен бір тобын шылау деп атайды.
Шылау сөздерді, сөйлемді байланыстырып, өзі қатысты сөздерге, сөйлемге үстеме мағына береді. Шылаулар қызметі мен үстемелейтін мағынасына қарай септеулік, демеулік, жалғаулық болып үшке бөлінеді.
1. Септеуліктер
Сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді бағындыра, сабақтастыра байланыстырып, өздері шылауында тұрған алдыңғы сөздердің белгілі бір септікте тұруын талап етіп, солардың мағыналарын толықтыра түсетін шылаулар. Септеуліктер төрт түрлі:
а) Атау септікке сәйкес түбір тұлғалы сөздермен тіркесетін септеуліктер: сайын, үшін, жөнінде, туралы, секілді, жайында, сықылды, турасында, шамалы, түгіл, шақта т.б. Мысалы: Қаламыз жыл сайын көркейіп келеді.
ә) Барыс септіктегі сөзді меңгеретін септеуліктер: дейін, шейін, тарта, таман. Мысалы: Үйге дейін біраз жүруіміз керек.
б) Шығыс септіктегі сөздерді меңгеретін септеуліктер: соң, әрі, кейін, бәрі, бұрын, гөрі. Үзілістен кейін қойылым көрсетілді.
в) Көмектес септіктегі сөздерді меңгеретін септеуліктер: бірге, қатар, қабат. Тел қозыдай қатар өсіп келеді.
2. Жалғаулықтар
Сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді мен сөйлемді салаластыра, тең дәрежеде байланыстырады.
Мағынасына қарай жалғаулықтар 7 түрге бөлінеді:
1. Ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: мен (бен, пен, менен, бенен, пенен), да (де, те, те), және, әрі. Оқу мен еңбек - егіз.
2. Қарсылықты қатынасты білдіретін жалғаулықтар: бірақ, алайда, дегенмен, әйтпесе, әйткенмен, сонда да. Білімгерлер ағылшын тілінде жақсы сөйлейді, дегенмен әлі де дайындық керек.
3. Талғаулықты қатынасты немесе кезектестік мәнді білдіретін жалғаулықтар: әлде, біресе, бірде, не, немесе, я, яки, болмаса, кейде. Бауыржан Момышұлы ойын бірде қазақша, бірде орысша жеткізеді.
4. Себеп-салдар қатынасты білдіретін жалғаулықтар: себебі, өйткені, сондықтан, сол себепті. Техника тілін жақсы білу керек, өйткені заман талабы сондай.
5. Шарттық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: егер, егерде. Егер көп дайындық болмаса, жарыста жеңіске жете алмайсың.
3. Демеуліктер
Сөз бен сөзді байланыстырмайды, өзі тіркескен сөзге қосымша мағына ғана үстейді. Демеуліктер негізгі сөзге (сөйлемге) үстейтін мағынасына қарай бірнеше түрге бөлінеді:
1. Сұраулық демеуліктер: ма (ме, ба, бе, па, пе), ше. Амандасу мұсылманға парыз ба?
2. Күшейткіш демеуліктер: -ақ, әсіресе, да (де, та, те). Әсіресе бүгінгі жауабы ұтымды болды.
3. Шектік (тежеу) демеуліктері: ғана, (қана), тек, кейде, -ақ: Үйде екеуі-ақ қалыпты.
4. Болжалдық және көңіл-күй демеуліктері : -мыс, (-міс) және кейде, -ау, - ай : Оылай деген екен-ау. Ойбай-ау, ол да бір қызық заман екен-ау.
5. Болымсыздық немесе қарсы мәнді, салыстыру демеуліктері: түгіл, тұрсын, тұрмақ. Сен тұрмақ мені де шақырмапты.
6. Нақтылау мәнді демеуліктер: қой (ғой), ды (ді, ты, ті) Суретті әдемі салыпсың ғой.
Шылаудың басқа сөз таптарынан мынандай айырмашылықтары бар:
1. Шылаудың толық лексикалық мағынасы болмайды.
2. Сөйлем ішінде шылау сөйлем мүшесі бола алмайды.
3. Шылаулар сөз бен сөзді не сөйлем мен сөйлемді байланыстырады және толық мағыналы сөздің жетегінде оған қосымша мән үстей қолданылады.
4. Шылаулар түрленбейді.
-
Шылау
Сөздер мен сөйлемдерді байланыстыратын және өзі тіркескен сөзге қосымша мағына беретін сөз табы
|
Септеулік шылау
Белгілі бір септікте тұрған сөзбен ғана тіркесіп қолданылады. Сөздерді сабақтастыра (бағындыра) байланыстырады.
|
Атау
|
Барыс
|
Шығыс
|
Көмектес
|
туралы,сияқты, үшін,сайын т.б.
|
дейін, қарай
тарта, жуық
т.б.
|
кейін,соң, әрі
гөрі
бі
|
бірге, қабат
қатар
|
Біз сабақ туралы сөйлестік. Отан үшін отқа түс-күймейсің.
Жұма сайын үйге қайтамыз. Түске дейін жүзге жуық хат жібердік. Бұдан әрі оның сөзін ести алмадым. Мен әкеммен бірге кешке шейін жұмыс істедім.
|
-
Жалғаулықты шылау
Сөздер мен сөйлемдерді салаластыра (тең дәрежеде) байланыстырады.
|
Ыңғайлас-тық
|
Қарсы-
лықты
|
Себеп-салдар
|
Талғау-лықты
|
Кезек-тес
|
Шартты
|
Және, әрі, да, де, ма, ме т.б.
|
бірақ, дегенмен, мен, алайда, сонда, да т.б.
|
өйткені, себебі, сондықтан, сол үшін т.б.
|
не, немесе, я, (не) болмаса, яки, т.б.
|
кейде, бірде, біресе.
|
егер, егер де.
|
Қыста және көктемде күн суық болады. Оның ойлағаны болды, бірақ мәселенің басы шешіле қоймады. Біз ауылға бара алмаймыз, өйткені демалыс бітіп қалды. Бұл істі я мен бітіремін, я сен бітіресің. Көктемде біресе жаңбыр жауады, біресе күн ысып кетеді. Егер ол келмесе, жоспар өзгереді.
|
Демеулік шылау
Сөздерді байланыстырмайды. Тек өзі тіркескен сөзге қосымша мағына үстейді.
|
Сұраулық
|
Күшейткіш
|
Белгісіз- дік
|
Болымсыз- дық
|
Шектік
|
Нақты-лау
|
Ма,ме, ба, бе, па, пе, ше
|
-ақ
-ау
-ай
да,де,
та,те
|
-ау
-мыс
-міс
кейде
|
түгіл
тұрсын
тұрмақ
|
ғана
тек
-ақ
|
-ды
-ді
-ты
-ті
ғой
|
Қазір жаңбыр жауып кетсе ше? Осы сен-ақ бізді шаршатып бітірдің. Үйге кірген сол-ау деймін.
Сен түгіл мен де бес алған емеспін. Аман-есенсің бе? Бұны жазған Самат-ау деймін. Олар кеше ғана келіп кетті. Бұл оқиға осыдан үш күн бұрын болған-ды. Бұл менің ағам ғой. Ертеректе бір әулие кісі болыпты-мыс. Жиналысқа сен де қатыспадың ба? Бұл есепті сен тұрмақ мен де шығара алмаймын.
| Жаттығу жұмыстары
1-тапсырма. Жақша ішіндегі қосымшалардың шылау ма әлде жалғау ма?
Махамбет поэзиясы – қаһарлы (да) айбынды үні бар (және) өзіне тән бедері, айшығы, сырлы мәні бар жауынгер поэзия, сұлу (да) тәкаппар, ерлік (пен) елдік туралы поэзия.
Махамбет жырлары бақыт (пен) теңдік, сонымен (қатар) азаттық іздеген, қолына найза ұстаған халық кегі (не) әрі үміті (не), сенімі(не), қаны (на) қайырылған қазақ поэзиясының алып наркескеніндей.
Әсіресе, ақынның Исатай (туралы) өлеңдері поэзияның нағыз кәусар бұлағы емес (пе)?
Махамбет жас кезінен бастап ақын, мерген (әрі) домбырашы болып өседі. Ол хан ордасында болып арабша (да), орысша (да) хат тани білген.
2-тапсырма. Көп нүктенің орнына төменде көрсетілген тиісті септеулікті қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
Үлгі: Адамзат жүрегіме үңілгенде, әр уақыт сен арқылы мені білсін.
1. Адамзат жүрегіме үңілгенде, әр уақыт сен ... мені білсін. 2. Есінен танып қорыққан балапан бұдан ... көпке ... не болып, не қойғанын білген жоқ. 3. Балалар жиекке ... жиналып, көгілдір үйректі ұстаудың амалын іздеді. 4 Өлкені өрлеп қонған он ... ауылдың көбі жатқан. Кішірек келген земленкенің есігінен төріне .... сықыған адам
Септеуліктер: арқылы, қарай, дейін, соң, таман, кейін, шақты, шейін
3-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын айтып, шылауларды табыңыз.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде мың-мың ыстық қаным бар.
Туған тілде әнім менен сәнім бар,
Туған тілім – жүрек үнім, наныңдар,
Нанбасаңдар, жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |