Жетписбаев батыр адамович


Iс-əрекеттiң қылмыстылығын жоятын мəн-жайларға бiрқатар жалпы белгiлер тəн



Pdf көрінісі
бет56/128
Дата13.10.2022
өлшемі1.57 Mb.
#462596
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   128
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМЫ

Iс-əрекеттiң қылмыстылығын жоятын мəн-жайларға бiрқатар жалпы белгiлер тəн:
1)
Бұл жағдайлар сыртқы жағынан ҚК Ерекше бөлiмiндегi баптарда қарастырылған белгiлi бiр 
қылмыстың белгiлерiмен ұқсас келетiн адамның саналы жəне ерiктi əрекетiн құрайды,
2)
Өзiнiң əлеуметтiк-саяси мазмұны бойынша олар қоғамға пайдалы болып табылады;
3)
Түрлi заң саласы нормаларымен де қарастырылады; 
4)
Бұл жағдайлардың кез келгенi үшiн өзiнiң заңға сəйкестiк шарттары бар. Егер осы шарттардың бiрi 
бұзылған болса, онда адам қылмыстық жауаптылыққа тартылып, əрекеттiң жасалу жағдайы 
жеңiлдетушi жағдай ретiнде ескерiледi.
§2. Қажеттi қорғану
Қылмыстық құқық теориясында қажеттi қорғану институты ең ежелгiлердiң бiрi жəне қоғамның барлық 
даму кезеңдерiнiң заңдылықтарына тəн. Сондықтан көптеген авторлардың ойынша, қажеттi қорғануға 
құқық - адамның табиғи, тумысынан тиесiлi құқығы, сол себептi ол заңды болып табылады. Екiншi 
авторлардың айтуынша, қорғану мемлекеттiң қорғау қызметiнiң қажеттi қосымшасы жəне шабуыл
жасаушыға келтiрiлген зиян құқыққа, заңға сай келедi. Қорғану құқығы мемлекетпен берiлмейдi, ол 
мемлекетпен тек танылады жəне рұқсат етiледi.
Бұл жөнiнде ҚР Конституцияның 13-бабының 1-тармағында да баяндалған: «əркiмнiң құқық субъектiсi 
ретiнде танылуына құқығы бар жəне өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса 
алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тəсiлдермен қорғауға хақылың. Яғни, қажеттi қорғану бұл
азаматтардың кəсiби не өзге дайындығы жəне қызметтiк жағдайына қарамастан тең тұрде танылатын 
конституциялық құқығы болып табылады. 
Қылмыстық құқықта қажеттi қорғану деп - қорғанушы өзiнiң немесе өзге бiр адамның жеке басын, тұрғын 
үйiн, меншiгiн, жер учаскесiн жəне басқа да құқықтарын, қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын 
мүдделерiн қажеттi қорғану шегiнен шығу орын алмаған жағдайда қоғамға қауiптi қолсуғушылықтан 
қорғауды қол сұғушы адамға зиян келтiре отырып жүзеге асыруды айтады. 
Қажеттi қорғануды əрекеттiң қылмыстылығын жоятын мəн-жай деп тану үшiн белгiлi бiр заңға сəйкестiк 
шарттар сақталуы қажет. Бұл заңға сəйкестiк шарттарды екi топқа бөлу қалыптасқан: 
1). қол сұғушылықтың сипатына қатысты шарттар;
2). қорғану əрекеттерiне қатысты шарттар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет