Жетписбаев батыр адамович



Pdf көрінісі
бет55/128
Дата13.10.2022
өлшемі1.57 Mb.
#462596
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   128
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМЫ

Əдебиеттер:
 
Волков Б.С. Мотив и квалификация преступления. Казань, 1968; Мотивы преступлении. Казань, 1982
Дагель П.С., Котов Д.П. Субъективная сторона преступления и ее установление. Воронеж, 1974
Джекебаев У.С., Рахимов Т.Г., Судакова Р.Н. Мотивация преступления и уголовная ответственность. 
Алма-Ата, 1987
Квашко В.А. Преступная неосторожность: социально-правовые и криминалистические проблемы. 
Владивосток, 1986
Нуртаев Р.Т. Социология неосторожной преступности. Караганда, 1991
Нуртаев Р.Т. Борьба с неосторожными видами преступлений. Алма-Ата, 1990
Мұқажанова М. Қылмыс құрамының субъективтiк жағы. Алматы, 2001 
Рарог А.И. Проблемы субъективной стороны преступления. М., 1991
Якушин В.А., Назаров В.В. Ошибка в уголовном праве и ее влияние на пределы субъективного
вменения. Ульяновск, 1997


10-тарау. Iс-əрекеттiң қылмыстылығын жоятын мəн-жайлар
 
§1. Iс-əрекеттiң қылмыстылығын жоятын мəн-жайлардың жалпы сипаттамасы
Қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарды қорғау тек мемлекеттiк органдардың ғана емес, ең 
алдымен құқық қорғау органдарының, қоғамдық ұйымдар мен барлық азаматтардың мiндетi. Осыған дейiн 
айтылып өткендей, қылмыстық заңға қайшылық, қоғамға қауiптiлiк, кiнəлiлiк жəне жазаланушылық 
белгiлерi бар əрекет қылмыс деп саналады. Жалпы, кейбiр жағдайларда жасалған əрекет сыртқы жағынан 
қылмысқа өте ұқсас болуы мүмкiн, бiрақ ол жоғарыда аталған белгiлердiң бiрiнен немесе төртеуiнен де 
айрылған болса, ол қылмыс болып табылмайды. 
Iс-əрекеттiң қылмыстылығын жоятын мəн-жайлар дегенiмiз – сырттай қылмысқа ұқсас əрекеттердi заңды 
əрекеттерге, тiптi кей жағдайларда қоғамға пайдалы əрекеттерге айналдыратын жағдайлар. 
ҚР ҚК бойынша мұндай жетi жағдайлар бар: қажеттi қорғану (ҚК-ң 32-бабы), қол сұғушылық жасаған 
адамды ұстау кезiнде зиян келтiру (ҚК-ң 33-бабы), аса қажеттiлiк (ҚК-ң 34-бабы), жедел-iздестiру 
шараларын жүзеге асыру (ҚК-ң 34-1-бабы), орынды тəуекел ету (ҚК-ң 35-бабы), күштеп немесе 
психикалық мəжбүрлеу (ҚК-ң 36-бабы), бұйрықты немесе өкiмдi орындау (ҚК-ң 37-бабы).
Қылмыстық заңның аталған нормаларында көрсетiлген жағдайлар əрекеттiң қоғамға қауiптiлiк элементiн 
жойып оған əлеуметтiк пайдалы сипатты бередi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет