Жетписбаев батыр адамович


§6. Қылмыстық-құқықтық нормалардың бəсекелестiгi



Pdf көрінісі
бет86/128
Дата13.10.2022
өлшемі1.57 Mb.
#462596
түріОқулық
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   128
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМЫ

§6. Қылмыстық-құқықтық нормалардың бəсекелестiгi
Қылмыстық құқықта нормалар бəсекелестiгi деген - бiр қылмыстың Қылмыстық кодекстiң Ерекше 
бөлiмiнiң бiрнеше баптарымен қатар қамтылуы, яғни бiрнеше нормалардың белгiлерiне сəйкес келуi.
Қылмыстық-құқықтық нормалар бəсекелесi мынадай түрлерге бөлiнедi: 
1). Жалпы жəне арнайы нормалардың бəсекелесi,
2). Жалпы жəне Ерекше нормалардың бəсекелесi;
3). Арнайы жəне Ерекше нормалардың бəсекелесi;
4). Арнайы нормалардың бiр-бiрiмен бəсекелесi;
5). Бүтiн норма мен бөлiк норманың бəсекелесi.
Жалпы норма мен арнайы норманың бəсекелестiгi бəсекелестiң басқа түрлерiне қарағанда заңдық 
бекiтiм тапқан. ҚР ҚК-нiң 12-бабының 3-бөлiгiне сəйкес «егер белгiлi бiр əрекет Қылмыстық кодекстiң 
тиiстi баптарының жалпы жəне арнаулы нормаларының белгiлерiне сəйкес келсе, қылмыстардың 
жиынтығы болмайды жəне қылмыстық жауаптылық Қылмыстық кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң арнаулы 
норманы қамтитын бабы бойынша туындайды ң. 
Қылмыстық заңда қылмыстың арнаулы құрамы жалпы құрамға өзiнiң белгiлерi бойынша сəйкес келедi, 
бiрақ оны заңшығарушы қылмыс құрамының бiр элементiнiң ерекшелiгiне байланысты жеке норма етiп 
бөлiп қойған. Мысалы, адамның қызметтiк iс əрекетiн жүзеге асыру не қоғамдық борышын орындауына 
байланысты сол адамды немесе оның жақындарын өлтiру қылмысы үшiн жауаптылықты қарастыратын ҚК-


тiң 96 бабының 2-бөлiгi б-тармағындағы нормаға қарағанда сот төрелiгiн немесе алдын ала тергеудi 
жүзеге асыратын адамның өмiрiне қол сұғу үшiн жауаптылық қарастырылған ҚК-тiң 340-бап нормасы 
арнаулы норма болып табылады, өйткенi қылмыстық қол сұғушылық объектiсiнiң белгiсi бойынша қол 
сұғушылықтың арнайы құрамы бөлiнiп отыр. Осыған сəйкес жалпы жəне арнаулы нормалар
бəсекелестiгiнiң түрлерi ретiнде негiзгi жəне сараланған, негiзгi жəне жеңiлдетiлген нормалардың 
бəсекелестiгi табылады. Бұл жағдайларда да артықшылық арнаулы нормаларға, яғни сараланған немесе 
жеңiлдетiлген нормаларға берiледi. Мысалы, жай адам өлтiру мен жауаптылықты ауырлататын жағдайда 
адам өлтiру бəсекелесiнде жауаптылық оны ауырлататын жағдайда адам өлтiру үшiн туындайды.
Жалпы жəне Ерекше, арнаулы жəне Ерекше нормалардың арасындағы бəсекелестiк жағдайына 
қылмыстық заңдағы ерекше нормалардың қатарындағы ҚК-тiң 6-бөлiмiн «Кəмелетке толмағандардың 
қылмыстық жауаптылығың нормасын жатқызуға болады. Ерекше нормаларда жалпы нормаларға қарағанда 
елеулi шектеулердi, мысалы жазаның түрлерiне, мөлшерiне, соттылықты жою мерзiм дерiне, 
жауаптылыққа тартудың ескiру мерзiмдерiне, жазадан босату жəне т.б. жағдайларға қатысты шектеулiктер 
қарастырылған. Сондықтан да Ерекше жəне Жалпы, Ерекше жəне арнаулы нормалар бəсекелесiнде 
артықшылық ерекше нормаға берiледi. 
Бiрнеше арнаулы нормалардың бiр-бiрiмен бəсекелестiгi орын алған кезде саралау артықшылығы ең 
арнаулы норма пайдасына шешiлуi керек. Бiрнеше арнаулы нормалардың бəсекелестiгi мынадай түрлерге: 
екi сараланған нормалардың бiр-бiрiмен, сараланған жəне жеңiлдетiлген нормалардың бiр-бiрiмен, екi 
жеңiлдетiлген нормалардың бiр-бiрiмен бəсекелестiгi. Екi сараланған норма бəсекелестiгiнде аса 
сараланған нормаға артықшылық берiледi. Мысалы, ұрлық 175-баптың бiрнеше бөлiктерiндегi 
ауырлататын жағдайда жасалса жауаптылық аса сараланған құрам, яғни жазасы ауыр құрам бойынша 
қарастырылады. 
Бiрнеше жеңiлдететiн құрамдардың бəсекелесi кезiнде артықшылық аса жеңiлдететiн нормаға, яғни 
санкциясы жеңiлдеу нормаға берiледi. Мысалы, екi жеңiлдететiн жағдайда адам өлтiру қылмыстары аффект 
жағдайында адам өлтiру (ҚК-тiң 98-бабы) жəне қажеттi қорғаныс шегiнен шығып адам өлтiру (ҚК-тiң 99-
бабы) қылмыстары бəсекелесiнде жазасы жеңiлдеу, яғни ҚК-тiң 99-бабына жол берiледi.
Ал сараланған жəне жеңiлдетiлген құрамдар бəсекелесiнде артықшылық жеңiлдетiлген құрамға 
берiледi. Бəсекелестiң бұл түрi көбiнесе қасақана адам өлтiру қылмыстарын саралау кезiнде кездеседi. Егер 
аффект жағдайында адам өлтiру аса қатыгездiкпен немесе жалпыға қауiптi тəсiлмен жасалса, ҚК-тiң 96 
жəне 98 баптары арасында бəсекелес туады, мұнда жауаптылық соңғы құрам бойынша қарастырылады.
Бүтiн норма мен бөлiк норма арасындағы бəсекелестiк. Бұл жағдай көбiне жай жеке құрам мен күрделi 
құрамалы жеке құрамдардың соқтығысуында кездеседi. Мысалы, ҚК-тiң 179-бабы қарақшылық 
қылмысындағы бүтiн мен бөлiктiң бəсекелесiн қарастырайық. Қарақшылық - бұл бөтеннiң мүлкiн ұрлау 
мақсатында адамның өмiрi мен денсаулығына қауiптi күш көрсетумен ұштасқан шабуыл жасау. Мұнда 
адамның өмiрi мен денсаулығына қауiптi күш қолдану деген жəбiрленушiге өлiм əкелу, денсаулығына ауыр 
немесе орта дəрежедегi зиян келтiрудi бiлдiредi. Солай бола тұра, мұндай күш қолдану үшiн ҚК-тiң Жеке 
адамдарға қарсы қылмыстыр тарауында жеке жауаптылықтар көзделген. Егер қарақшылық кезiнде кiнəлi 
жəбiрленушiнiң денсаулығына ауыр зиян келтiрсе, 179-бап пен 103-бап арасында бəсеке туады, аталған 
жағдай бүтiн норманың пайдасына, яғни 179-баптың пайдасына шешiледi, өйткенi жасалған əрекеттiң 
барлық белгiлерi осы нормада толығырақ қамтылған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет