Курсы бойынша студенттердің алған білімдерін тексеру мақсатында тест тапсырмалары берілген. Еңбекті студенттер мен мектеп мұғалімдері оқу құралы ретінде пайдалануына болады



Pdf көрінісі
бет11/66
Дата21.11.2023
өлшемі0.94 Mb.
#483900
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   66
Kazak tili okytu adistemesi Orazbaeva

Тілдесім - сӛйлесім әрекетінің барлық түрлерін қамтитын 
ерекше құбылыс. Ол тілдік қатынастың ең маңызды 
кӛрсеткіші бола келіп, оқылым, жазылым, айтылым, 
тыңдалымның іс жүзінде қолданылуына мүмкіндік жасайды. 


42 
Тілдесім арқылы оқу, жазу, тыңдау, сӛйлеуге үйрету жүзеге 
асады, оларға қатысты жұмыстар атқарылады. 
Тілдесім (общение) - айтылым және жазылымның ӛзара 
бірлігінен құрала келіп, қандай болмасын ақпарат 
(информация) негізінде адамдар арасындағы қарым-
қатынаста 
оқылым 
мен 
тыңдалымның 
да 
тыс 
қалмайтындығы ӛзінен-ӛзі белгілі. 
Тілдесім - адамдардың қоғамдық-әлеуметтік ӛмірде бір-
бірімен тіл арқылы қарым-қатынасқа түсіп, ӛзара 
пікірлесуінің нәтижесінде бірінің ойын бірі ауызша да, 
жазбаша да түсінуі және оған қайтаруы. Мұнда пікір алмасу 
ауызша (айтылым) түрде де, жазбаша (жазылым) түрде де 
іске асып, белгілі бір берілген ақпарат адамдар арасындағы 
қарым-қатынасқа мүмкіндік туғызады. 
Тілдесім арқылы адамдар білетін ақпарат-деректермен 
алмасады, олар тілді меңгеріп қана қоймайды, сонымен қатар 
ӛмірлік тәжірибелерді, дағдыларды, жақсы іс-әрекеттерді де 
бір-бірінен үйренеді. 
Тілдесім процесі оқушының жеке басына тән 
сенімділіктің пайда болып, оның қоғамдағы орны мен 
санасының қалыптасуына, басқалардан ерекшеленген, 
ӛзіндік жеке қасиеттердің жетілуіне әсер етеді. Ӛйткені әрбір 
адамда басқа адамдармен араласуға деген табиғи қажеттілік 
болады. Олар тілдесу арқылы ӛзінің бойында жиналған 
білімді, тәжірибені екінші біреуге береді; мінезін, қабілетін, 
ӛз ойын танытады. 
Тілдесудің нәтижесінде адамдар ӛздерінің кӛңіл-күйлерін 
бӛліседі, бірінің жан дүниесінен екінші хабардар болады
біріне-бірі қол ұшын береді. Ол да ӛмірдегі ең маңызды 
факторлардың бірі. 
Тілдесім - адамдардың бір-бірімен түсінісуі ғана емес, 
сонымен бірге біріне-бірінің әсері, ойы, кӛзқарасы, жұмыс 
т.б. жағынан ықпал етуі. Бұл қоғамда қызмет етіп, ӛмір 
сүруші адамдардың барлық жағдайға байланысты ӛзара 
әсері. 


43 
Тілдесім арқылы болатын ӛзара әсер әр түрлі болуы 
мүмкін: 
а/ жағымды не жағымсыз әсер; 
ә/ ашық не жасырын әсер
б/ тікелей не аралық әсер; 
в/ негізгі не қосалқы әсер; 
Адамдардың бір-бірімен қандай мақсатпен, қалай 
сӛйлесуіне байланысты тілдесім түрліше болады. Осы 
тұрғыдан келгенде, оларды мынадай деп жіктеуге болады: 
1. Ресми тілдесім. 
2. Бейресми тілдесім. 
3. Қалыптасқан тілдесім. 
4. Кәсіби /мамандыққа қарай/ тілдесім. 
5. Әлеуметтік тілдесім. 
6. Дербестік тілдесім.
Ресми тілдесім - тіл үйренушілерге ресми қарым-
қатынастың 
элементтерін 
үйрету, 
ондағы 
сӛз 
қолданыстарды, ситуацияларды, ресми материалдарға 
қатысты меңгерту. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет