Жаңартпашылық оқыту әдісі заманалық педагогикада «мұғалім мен шәкірт» қарым-қатынасының жаңа әдісі ретінде танылатын жаңа енгізім мәнісінде түсініледі [74]. Мұғалімнің жаңартпашылық педагогикалық қызметін педагогикалық жаңаны құру, тарату және қабылдаудағы кешенді, мақсатты бағытталған процесс ретінде қарастырамыз. Өйткені, ұстаздың мақсаты – өз оқушыларының жаңа амал-тәсілдерге деген ынтасын қанағаттандыру болып табылады [19]. Осының негізінде қазір ұстаздар кеңінен қолданып жүрген педагогикалық жаңартпа – педагогикалық жаңартпашылықты тудыру туралы ілім. Ол 9-суреттегі үш бағыттың төңірегіне топтасады.
9-сурет
Бұл суретте көрсетілген ұғымдарға жекелей тоқтала кетелік. Педагогикалық неология – білім беру жүйесіндегі жаңаны туғызу туралы ілім. Педагогикалық аксиология болса, әлеуметтік-педагогикалық қауымдастықтың жаңаны қабылдауы туралы ілім болып табылады. Соңғысы педагогикалық праксиология педагогикалық жаңаны қолдану теориясы ретінде танылады.
Осы тұрғыдан орыс педагог-ғалымы В.М.Полонский жаңашылдықтың нақтылық деңгейін, толықтыру деңгейін, қайта құру деңгейлерін бөліп көрсетеді. Бұлардың алғашқысы – бұрынғы теориялық және практикалық негізді нақтылай түсуге бағытталса, екіншісі – бұрынғының аясын кеңітіп толықтыра түседі, соңғы деңгей – бұрын теория жүзінде болмаған тың жаңалықты педагогикалық өмір тәжірибесіне енгізеді.
Біз осы жаңаның өзін екі типке бөліп қарастырамыз: алғашқысы – «таза жаңа», келесі – «жаңа». Бұл типтердің біріншісі – алғаш рет педагогикалық өмірге еніп, жаңа педагогикалық шындықты орнықтыру үстіндегі құбылыс; екіншісі – педагогикадағы ескі мен жаңаның үйлесімді байланысынан тұратын құрылым болып табылады.
Осы жаңартпашылдықты технологияға, әдіске, білім беру әдістемесіне қатысты:
-жаңартпашылдықты мүлде жаңа технология;
-модернизацияланған (біршама жетілдірілген технология);
-модифицияланған (сәл жетілдірілген технология);
-басқа салаға ауысқан жаңартпашылық технология;
-жаңа салада қолданыла бастаған жаңартпашылық технология ретінде бөліп көрсетеміз.
Осы жаңа енгізілімнің деңгейі төменгі, орта, жоғарғы болып анықталады.
Осылардың бәрі жиылып келіп, еліміздің орта, арнайы және жоғарғы мектебінде білім алып жатқан шәкірттердің бойына бастамашылдық, әріптестік, ұжымдасып еңбек ету, өзара әрекеттесу, бағамдау, коммуникация, логикалық ойлай білу, проблеманы шеше білу, шешім қабылдай білу, ақпаратты ала және қолдана білу, жоспарлай алу, оқи білу, көп мәдениетке бейімділік сияқты дағды, машықтарды қалыптастыруда игі ықпал етеді.
Сонымен, ұлт мектептеріндегі жаңартпашылық білім берудің ерекшеліктері:
-уақыттан оза жұмыс істеу;
-болашаққа деген ашықтық;
-жүйелер арасындағы теңдестірілушіліктің болмауы;
-тұлғанның дамуына бағыт ұстау;
-шығармашылық элементтің міндетті түрде бой көрсетуі;
-өзара қауымдасу, өзара шығармашылық топтасу, өзара қолдау т.б. сияқты әріптестік қарым-қатынас типі болып табылады.
Шығармашылық – жаңа сапаны тудырып, өзінің қайталанбастығымен, ерекшелумен, қоғамдық-тарихи өзгешелігімен ерекшеленетін іс-әрекет түрі [75]. Осы педагогикалық процеске қатысушы шығармашылық тұлға елден ерек түйсік пен қиялға иелік етеді. Шығармашылық іс-әрекеттің мынандай кезеңдерін атап көрсетелік:
а) идеяның тууы;
ә) аталған проблемаға қатысты не тікелей, не жанама түрде білімді жиынтықтау және жаңа білімге қол жеткізу;
б) материалмен саналы және санасыз ырықта жұмыс жасау (анализ, синтез және инсайт);
в) тексеру мен толықтыру.
Сонымен, педагогикадағы жаңартпалықты өмірге әкелу – тек шығармашылық тұлғаларға ғана тән қасиет болып табылады.
Мектептердегі білім берудегі жаңартпашылық процестің заңдылықтары мен принциптері туралы қазақ педагогикасында енді-енді сөз етіле бастады.
Жаңа енгізілімдер процес ретінде уақыт пен кеңістікте белгілі бір жүйелік пен реттілікке негізделіп, өз педагогикалық іс-әрекетін жүзеге асырып отырады [76]. Сондықтан мектептердегі жаңартпашылық процестің кезеңдеріне, заңдылықтарына және принциптеріне тоқталайық.
Мектептердегі жаңартпашылық процестің уақыттық кезеңдері төмендегідей болып келеді:
1-кезең – жаңа ашылым, яғни жаңа идеяның өмірге келуі.
2-кезең – жаңаның ашылуы, яғни үлгінің жасалуы.
3-кезең – жаңаның тәжірибе жүзінде қолданыс табуы.
4-кезең – жаңаның бірте-бірте педагогикалық жүйеге енгізіле бастауы.
5-кезең – жаңаның педагогика саласында кеңінен қолданылуы.
6-кезең – жаңаның қолданыс аясын тартылып, оны басқа жаңа енгізіліммен алмастыру [77].
Қазір еліміздегі ұлттық мектептердегі білім беру процесінде жаңартпашылықтың төмендегідей заңдылықтары мен принциптері орын алып отыр:
А) мектептердегі білім беру процесіндегі жаңартпашылықтың заңдылықтары:
-педагогикалық жаңартпашыл ортаның алдын алуға болмайтын тұрақсыздық заңы;
- жаңартпашылық процесінің финалдық жүзеге асу заңы;
- педагогикалық жаңартпашылықтағы тұрақты үлгілену (закон стереотипизация) заңы;
-педагогикалық жаңартпашылықтың жаңа жағдайда қайтымдылық, циклдік қайталану заңы.
Ә) білім беру процесіндегі жаңартпашылықтың принциптері:
-Білім беру жүйесінде жаңартпашылықтың ауысымды басқару принципі;
-Процестің жүйесіз жүру механизмінен саналы басқаруға өту принципі;
-Ақпараттық, материалдық-техникалық және маманмен қамтам-асыз ету принципі;
-Процестің қайтымды немесе қайтымсыздығын болжау принципі;
-Жаңартпашылық процестердің тұрақтылығын күшейту принципі;
-Білім берудегі жаңа енгізілімдердің дамуын жеделдету принципі.
Бұл арада үнемі көңіл қойып, есте ұстайтын мәселе - мектеп ұстазының жаңартпашылық мәдениеті. Өйткені, жаңартпашыл педагогикалық көзқарас негізінде мектептің ұстаздары бұрынғы «мұғалім – қамқоршыдан» жаңа жағдайдағы «мұғалім – менеджерге» өтуге тиіс [14]. Осылай еткен жағдайда мектептің оқу процесін әміршілдіктен демократияландыруға көшіре аламыз. Сонда мұғалім оқушылардың өзара қарым-қатынасын басқара отырып, білім берудегі жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау қызметтерін атқарады. Жаңартпашыл мектептің мұғалім-менеджері кәсіби басқарушы, талдаушы эксперт, жаңашыл кәсіби маман бола білуі керек [30].
Жаңартпашылық мектепте жұмыс істейтін ұстаздар жаңартпашылық қызметтің төрт деңгейіне ие болуы мүмкін:
-
бағыныңқылық деңгейі – жаңартпашылыққа орнықсыз қатынастағы ұстаздарда кездеседі. Білімі мен қабілетін жаңартпашылыққа жұмсау – бұндай ұстаздың бойында байқалмайды. Оның педагогтық іс-әрекеті қалыптасқан жүйемен ғана іске асып, шығармашылық белсенділік бой көрсетпейді. Жаңартпашылықты тек әлеуметтік ортаның қысымымен ғана меңгереді.
-
басқаны қайталаушылық деңгейі – жаңартпашылыққа біршама тұрақты қатынаста болып, жаңашыл ұстаздармен байланыс жасауға тырысатын ұстаздарда кездеседі. Бұндай педагогтардың шығармашылық белсенділігі әлсіз болып , көбінесе өзгенің істегені қайталап отырғанымен, өзіннің ұстаздық қаблетін жетілдіре түсудің қажеттілігін саналықпен ұғынына біледі.
-
эвристикалық деңгейі – жаңа енгізілімдердің амал-тәсілдері мен жолдарын мақсатты түрде пайымдап ұғына білетін ұстаздарда кезігеді. Осы деңгейге жататын ұстаздар тобы тынымсыз іздену арқылы өзі үшін педагогикалық жаңалықты үнемі іздеп-тауып отырады.
-
креативтік деңгейі – ұстаздар табиғатындағы шығармашылық белсенділік пен жаңартпашылық іс-әрекеттің жоғарғы деңгейі. Бұндай ұстаздар тобы мектептерде өте сирек кездеседі.
«Мұғалім – қамқоршы» мен «мұғалім – менеджер» ұстанымдарының салыстырмалы кестесі
|
Мұғалім – қамқоршы, өзі-нің жеке ықпалын қолдану-ға бағдар ұстану
|
Мұғалім – менеджер, адамгершілік қағидаларын қолдануға бағдар ұстану
|
Балаларға қатысты ұс-танымы
|
«Ең бастысы – баланы жақ-сы көремін, оның өзім қала-ғанымдай болғанын көргім келеді»
|
«Ең бастысы – баланы сыйлап, оның қалауын дамытуға бағдар ұстанамын»
|
Ықпал етудегі стратег-иялық қадамдары
|
«Менің айтқанымдай қыл-ып істе!»
|
«Сен ереже мен себеп-салдар туралы білесің, өз таңдауыңды жаса»
|
Балаларға қатысты ық-пал ету шараларын та-ңдау
|
Өз білгеніңді басшылыққа ал
|
Белгілі бір ережелер мен шара-лар бойынша қалыптасқан үлгім-ен әрекет ет
|
Оқу материалын беру-дің амалдарын таңдау
|
Көбіне оқу бағдарламасы мен оқулыққа иек сүйейді
|
Оқушылардың қызығушылығы-на орай оқу материалын бейімдейді
|
Бағалау амалы
|
Балаларды бір-бірімен нем-есе бекітілген стандарт бой-ынша салыстырады
|
Балалардың бүгінгі жетістігін бұрынғы жетістігімен салыстырады
|
Қорытынды бағалау амалы
|
Жеке әсері негізінде бағал-ау, тәртібін бақылауға баға-ны пайдалану
|
Оқу жоспарымен үйлесетін тест, нәтижеге педагогтың пікірі әсер етпейді
|
Жаңартпашылдық білім беру ерекшелігі:
-дамудан басым түсетін алға оза жұмыс жасау;
-келешектің айқындығы,
-тұлға, оның дамуына бағыт ұстау;
- шығармашылық элементінің міндетті түрде кезігуі;
-қарым-қатынастың әріптестік типі;
-бірлесу, қосарласу, өзара көмек т.б,
Жаңартпашылдық білім беру процесінің заңдары:
алдын алуға болмайтын тұрақсыздық заңы; жаңартпашылық процесінің финалдық жүзеге асу заңы;
педагогикалық жаңартпашылықтағы тұрақты үлгілену заңы;
педагогикалық жаңартпашылықтың жаңа жағдайда қайыра бой көрсететін циклдік қайталанушылық заңы.
Жаңартпашылық процесінің
кезеңдері
1-кезең – жаңа ашылым–
идеяның тууы
2-кезең – ойлап табуы
3-кезең – тәжірибе жүзінде
қолданыс табуы
4-кезең – педагогикалық жүйеге
енгізілуі
5-кезең – жаңаның үстемдігі
6-кезең – жаңаның қолданыс
аясының тартылуы
жаңартпашылықтың процесіннің при-нциптері:
білім беру жүйесі жағдайындағы жаңартпашылық ауысымды басқару принципі;бейберекет өрістеуден сана-лы басқаруға өту принципі; ақпарат-тық, материалдық-техникалық және
маманмен қамтамасыз ету принци-пі;қалпына келу немесе қалпына келмеу процестерін болжау принципі; жаңартпашылық процестердің тұрақ-тылығын күшейту принципі;
білім берудегі жаңа енгізілімдердің даму процесін жеделдету принципі.
;
10-сурет.
Ұлттық мектепте жасалынатын жаңашылдық жобалары мынандай үш кезеңдерге бөлінеді:
1.Жаңашылдықты дүиеге әкелу кезеңі.
-
Оған жасалынатын өзгертулердің қажеттілігін анықтау;
-
Ақпарат жинау мен жағдайды талдау;
-
Жаңашылдықты жобалау және мазмұнын сипаттау;
2.Жаңашылдықты игеру кезеңі.
-
Жаңашылдықты енгізу туралы шешім қабылдау – идея, концепция, технологияларға, материалды өңдеуге, жаңа енгізілімді шұғыл қолдануға, алғашқы нәтижелерді бағалауға педагогикалық мониторинг жасау.
3.Жаңашылдықты енгізу кезеңі.
-
Жаңашылдықты кең көлемде іс-тәжірибеге енгізу, оны насихаттауды – ашық сабақтарда, бейнетүсірілім мен басылым беттерінде көпшілікке таратуды жолға қою.
Мектептердегі дәстүрлі білім беру формалары мен әдістері қазіргі қазақ педаогика ғылымында кең көлемде қарастырылған тақырып. Оның қазіргі заманға сай келетін мектептегі білім беру әдістерінің дәстүрлі классификациясы мен критериилері төмендегіше түзіледі.
Критериилердің классификациясы білімдік дерек көзі бойынша;
танымдық іс-әрекет типі бойынша;
дидактикалық мақсаты бойынша;
дидактикалық міндеті бойынша.
Б
Сөздік – дерек көздер: ауызша, жазбаша, электронды сөз.
-
Мұғалімнің сөзі: әңгіме, түсіндіру, сұхбат (сократтық, эвристикалық), дискуссия, дәріс т.с.с.
-
Жазба сөз: оқулықпен жұмыс, кітаппен жұмыс, дидактикалық материалдармен (хэнд-ауттар, үлестірмелер) және т.с.с. жұмыс.
-
Электронды сөз: электронды оқулықпен жұмыс, ғаламтор жарияланымдарымен жұмыс, веб-сайт ақпараттарымен жұмыс т.с.с.
Баспа және электронды дерек көздерімен өздік жұмыс тәсілдері:
-конспектілеу, баяндама жазу, дәйек сөз жазу, аннотация жазу, рецензиялау, формальды-логикалық модельдеу, тезаурус, идея матрицасын құрастыру және т.б.
Көрнекілік – дерек көздері: бақыланатын құбылыстар, заттар, көрнекілік
құралдары.
Көрнекілік әдістері: таблица, кесте, суреттер, слайдтар, тақтадағы
сызбалар және т.б. көрсету.
Көрсету әдістері: қондырғыларды, құтыларды, тәжірибелерді,
фильмдерді, бейне тұсау кесерлерді, мультимедиялық
үлгілеу процестері мен құбылыстарды т.б. көрсету.
Тәжірибелік – оқушылар білім алып, әрі тәжірибелік іс-әрекеттер жасау арқылы алған дағдыларын қолдануға үйренеді.
-
жаттығу (ауызша, жазбаша, графикалық, оқу-еңбек),
-
зертханалық жұмыс, тәжірибелік жұмыс, шеберханадағы жұмыс,
-
іскер және рөлдік ойындар, ой шабуыл әдісі енетін дидактикалық ойындар және т.б.
-
білім беруші бағдарламалармен , тренажерлермен жұмыс және т.б.
ілімдік дерек көзі бойынша
11-сурет
Ұстаздық жеке іс-тәжірибе мен қазіргі заманғы педагогика ғылымындағы білім берудің жаңартпашылық жобаланулары дәстүрлі және жаңаша білім беру әдістері мен формаларының арасындағы сабақтастық негізінде жүзеге асады. Жаңартпашылық білім беру өз кезегінде дәстүрлі оқытуды жоққа шығармайды, қайта оны толықтырады, кейбір тұстарын өзгертеді. Кәсіби ұстаз осы білім беру әдістерін жете меңгеруге тиіс. Сол білгенін өзгелерге үйретуі керек.
Сонымен, білім беру әдісі дегеніміз – мектептің белгілі бір оқу жылында алға қойылған мақсаты мен міндетіне қол жеткізуге бағытталған ұстаз бен шәкірттің тәртіпке келтірілген жүйелі үйлескен іс-әрекеті болып табылады. Мектептегі білім берудің екі қыры бар: объективті және субъективті. Алғашқысына – оқу мекемесі өзінің білім беру процесінде таңдап алған нақты бір әдіс түрі жатса, келесісіне – жеке педагогтың мектептің ерекшелігіне орай қолданатын әдістерінің өзгешелігі жатады.
Осы орайда мектепттің ұстаздарына:
-танымдық іс-әрекет типі бойынша;
-дидактикалық мақсат бойынша;
-дидактикалық міндет бойынша И.Я. Лернер, М.Н.Скаткин [77], К.Попер [78], И.Т. Огородников [29] және т.б. ғалымдардың еңбектері көп көмек береді.
Жоғарыда қайталаушылық пен туындаушылық оқыту әдістерінің кестеге түсірілген шағын сипаттамасын беріп отырмыз (11-сурет).
Танымдық іс-әрекет типі бойынша оқыту әдістерін жіктеу
Оқыту әдістері
Оқушылардың танымдық іс-әрекеттері бойынша
Түсіндірме-көрнекілік
Қайталаушылық Өзіндік қайталаушылық
Туындаушылық Проблемалық
Ішінара іздемпаздық
Зерттеушілік
Қайталаушылық әдістердің басымдығы жаңартпашылық мектеп ұстаздарының аз уақыттың ішінде көп білім көлемін бере алуында болып табылады. Ал, туындатушылық әдістердің басымдығы: жаңартпашылық мектептің ұстаздары өз шәкірттерінің білім, машық және дағды беріктігінің артуына қол жеткізуінен көрінеді.
Енді қазіргі мектептегі білім беру формаларына біршама тоқтала кетейік.
Білім беруді ұйымдастыру формасы – мектептегі оқу-тәрбие жұмысының түрі, білім беру мазмұнының жүзеге асуы мен көрініс беруінен танылады.
Білім беруді ұйымдастыру формасын мектептегі білім беру әдістері сияқты түрлі критерилер бойынша бала саны мен құрамы жағынан, дидактикалық мақсаты мен міндеттері т.б. жіктеуге болады (12-сурет).
Педагогика тарихында білім беруді ұйымдастырудың алғашқы формасы - дербес білім беру болып табылып, кейін келе, түрлі жастағы, түрлі дайындық деңгейіндегілерді дербес-топтық оқыту белең алды. Қазіргі ұлттық мектеп жағдайында бой көрсетіп жүрген дербес-жұптық, өзара әрекеттестік, бригадалық оқыту, шағын топ сияқты білім беруді ұйымдастыру формаларын арнайы бөліп көрсетуге болады (А. кестесі). Сонымен қатар, қазіргі мектептерде білім беруді ұйымдастырудың жаңартпашылық сипаттағы дәріс-семинар формасын атап кетуге болады.
Білім беру формасы
(сыныптан тыс)
Бала санының көлемі мен құрамы жағынан:
|
|
|
Бұқаралық ( дәріс)
Топтық (семинар сабағы)
Дербес (кеңес беру)
|
|
|
Дидактикалық мақсаты жағынан:
|
|
|
Теориялық (дәріс, семинар сабағы, сыныптық реферат, сыныптық тақырып қорғау)
Аралас (теория-практикалық сабақ түрлері)
Тәжірибелік (зертханалық-тәжірибелік сабақ, практикум)
Бақылау (коллоквиум, сынақ, емтихан)
|
12-сурет
А.кестесі – Білім беру формасының сипаты
Формалары
|
Мазмұны
|
Дербес
|
Жеке баламен
|
Дербес-жұптық
|
Оқушы-оқушы, мұғалім-оқушы байланысы
|
Өзара әрекеттестік
|
Оқушының кез-келген уақытта ақыл- кеңес алуы
|
Әр қилы оқыту
|
Қабілетіне қарай оқыту
|
Бригадалық
|
Бір сыныптағы алты оқушыға берілген тапсырмаға бір оқушы жауап береді
|
Шағын топтық
|
Бір сыныптағы алты оқушы берілген тапсырмаға әр оқушы жауап береді
|
Кестеден көріп отырғандарыңыздай, ұлттық мектептегі білім беру формалары өзінің дидактикалық мақсатына қарай:
Теориялық (дәріс, семинар сабағы, сыныптық реферат, сыныптық
тақырып қорғау)
-
Аралас (теория-практикалық сабақ түрлері)
-
Тәжірибелік (зертханалық-тәжірибелік сабақ, практикум)
-
Бақылау (коллоквиум, сынақ, емтихан) болып бөлінеді.
3. Жаңартпашылық мектептердегі дәріс сабақтары мен ұлттық мектептегі дәріс және оның ұйымдастырылуы бойынша әдістемелік нұсқаулық.
Дәріс (лекция) бұрын жоғарғы оқу орындарында студенттерге білім беретін дәстүрлі және жетекші білім беру формасы болса, енді ол ұлттық жаңартпашылық мектептердің де педагогикалық өмір салтына еніп отыр. Оқытудың бұл формасы көне Грекиядан бастау алып, ежелгі Римде және орта ғасырдағы Еуропада кең қанат жайып өркендеді. Дәріс латын тілінде жүргізілді. Орта ғасырдағы Еуропа университеттерінде таңертең әдеттегі дәріс оқылса, кешкісін шағын қайталама дәріс оқылды. Дәрістен кейін студенттер онда оқылған материалды бірлесе талқылап отырды. Сонымен, мектептегі дәріс дегеніміз – жүйелі және бірізділікпен түзілген белгілі бір оқу пәніне қатысты ғылыми проблеманың айқын баяндалуы болып табылады.
Дәстүрлі дәрісте мұғалім жетекші рөлге ие болады. Ал қазіргі ұлттық жаңарпашылық мектептегі оқушының дәріс үстіндегі енжарлығын болдырмау үшін дәрістің жаңа түрлері пайда болуда. Атап айтсақ, проблемалық, визуалды, алдын ала ойластырылған қателіктерге құрылған, пресс-конфернеция, екеуара, дискуссия дәріс және т.б болып табылады.
Дәріс түрлері
кіріспе, қорытынды, бекіту
-
проблемалық дәріс
-
кеңес беруші дәріс
-
пресс-конференция дәріс
-
екеуара дәріс
-
сұхбат дәріс
-
алдын ала ойластырылған қателікке құрылған дәріс
-
зерттеушілік дәріс
-
нақты жағдайды талқылауға арналған дәріс
-
техникалық кері байланыс қолданылатын дәріс
-
визуалды дәріс
Жаңартпашылық мектептің мұғалімі сыныптағы оқушыларға сабақ түсіндіруде 15-20 минуттан тұратын аталған дәріс түрлерінің біріне жүгінеді. Осы арқылы ол біріншіден – білім беріп, екіншіден – оның нәтижесін тексере алады. Бұл үшін ұстазға сыныптағы бала санының әдеттегі мектептен аздығы мүмкіндік береді.
Дәрістерді бағалау критерилері – ғылымилық,қолайлық, мазмұн мен форма бірлігі, эмоциялық баяндалу, басқа пәндермен, күнделікті тұрмыс-тіршілікпен табиғи байланыстың болуы.
Достарыңызбен бөлісу: |