Дөңгелек үстел
Дөңгелек үстел – оқушыларға белгілі бір проблеманы өрістетіп, ақпаратты алуды арттыруға әсер ететін және олардың өзіндік позициясын бекемдейтін, әрі олардың танымдық қызметін ұйымдастырудың белсенді формаларының бірі, шешім қабылдауда қателіктен қашып құтылудың амалы – дискуссияны логикалық және шығармашылық мәдениетпен жүргізе білуге тәрбиелеудің төте жолы.
Аталған педагогикалық ұғымды салмақтаған кезде бірден түсінікті болатыны дөңгелек үстел нақты проблеманы шешу кезіндегі ақпараттық сипаттағы семинар-дискуссияның ерекше бір түрі болып саналады. Дөңгелек үстелді көбінесе жаңартпашылық мектептердегі математикадан қорытынды сабақ түрін өтуде, сонымен қатар ұстаздардың матемтикадан білімін көтеретін курстарда қолдану тиімді. Ресей зерттеушілерінің сестрин инновациясын психологиялық тұрғыдан мектеп педагогикасымен біртұтастықта алып, бала үлгерімінің психологиялық жағын басты назарда ұстап, Мектептерде дөңгелек үстел педагогикалық өмір салтына енгізілуде.
Мектеп өмірінде өтікізілетін кез келген Дөңгелек үстелдің мақсаты болып нақты өзекті проблеманы шешудегі пән мұғалімдерінің белсенділігі мен жинақылығы танылады. Дөңгелек үстел оқушылар арасында мектепаралық деңгейде математикадан өткізілетін қалалық олимпиада кезінде өткізген ыңғайлы.
«Дөңгелек үстел» өткізудегі оңтайлы жағдайлар, күн тәртібіне алынған тақырыптың негізгі және жанама сұрақтарын атауға болады. Олардың бәрінің маңызды болатын себебі: оңтайлы нәтижеге қол жеткізуде, іскер ахуал қалыптастыруда, сонымен бірге интеллектуалды және сезімдік көңіл хошын көтеруге әсер етеді. Ең қажеттісі, Дөңгелек үстел шынымен өз қызметін мүлтіксіз орындасын десек, онда «беппе-бет» немесе «көзбе-көз» қарым-қатынасы іске асуы тиіс.
Әуелі Дөңгелек үстелге қатысушылардың қажетті мөлшерін қарастырып алуға тиіспіз. Егер математикалық олимпиадаға жиналған мұғалімдер саны шамадан тыс көп болса, онда бір емес, екі жүргізуші (оларды әдетте тілшілер деп те атайды) болуы керек. Бір сыныпта әр мектептен келген 20-30 оқушы болғанда, бір тілші мен оған техникалық құралдар жағынан жәрдемдесетін ассистент болғаны дұрыс.
Дөңгелек үстелді өткізудегі ең маңыздысы күн тәртібін сақтау.
Дөңгелек үстелдің жалпы күн тәртібі – 2 сағаттан, оқушылардың жарыс сөзі – 10 мин., дискуссияға қатысуы – 3-5 минуттан болып келеді. Ал, қалған жағдайлары төмендегі 43-суретте көрсетіліп отыр.
43-сурет.
Сонымен бірге, Дөңгелек үстелді өткізу кезінде аяқ астынан туындайтын келеңсіз жағдайлардың да етек алатынын еш естен шығармауымыз керек. Олар Дөңгелек үстел әдісімен өткізілетін семинар-сабақтың нәтижелілігіне өз әсерін тигізеді де, игілікті іске өз көлеңкесін түсіреді.
Егер жағымды жағдайды мәуелі ағашқа баласақ, келеңсіз жағдайды қураған ағаш кейпінде суреттер едік (44-сурет).
44-сурет
-
алдын ала дайындалған жарамды сценарий
-
тілшілердің дөңгелек үстел жүргізу дағдысы
-
күн тәртібін сақтау
-
«Ар кодексін» сақтау
-
интеллектуалды төзім
-
шешім қабылдауды бағалаудағы шынайылық
-
әдіскерлік
-
мейірбандық
-
ашықтық т.с.с.
| -
дөгелек үстел алдын ала дайындалған сценарийсіз өз бетімен өткізу
-
тілшілердің дайын еместігі, жұрт алдында өз позициясы мен дәлелдеулерінің жеткіліксіздігі
-
құрылымдық сыннан бас тарту
-
сараптай білмеу
-
проблеманы тұрпайыландыру
-
қарым-қатынас жасау дағыдысының жоқтығы
-
жаңаның енгізілінуіне кертартпалық
-
беделділерге қысым көрсету
|
45-сурет.
Осылардың бәрі, дөңгелек үстелдің психологиялық астарын түзеді. Осылайша, математика пәнін оқытудағы кез келген проблема бойынша өткізілген дөңгелек үстелдің негізгі бөлігі дискуссиядан тұрады. Сондықтан, жетекші осы әдістің ақпараттық өрістеуін жете меңгеруі қажет. Өйткені, ол әр мектептен жиналған математикалық олимпидаға қатысушы оқушылардың бәріне ортақ, бәрін қанағаттандыратын критерий ұстануы шарт. 46-суретте дөңгелек үстел өткізуге дайындалу кезеңі көрсетілген.
46-сурет.
Дөңгелек үстелге қатысушы оқушылардың дискуссияға араласып кетуі әдетте өте күрделі. Өйткені олар:
-
өзінің ойымен қабыспайтын «бөтен» ойға, идеяға, ұсыныс пен позицияға назар аударады;
-
талқыланатын проблема туралы жеткілікті хабардар болмайды;
-
дискуссияны қалыпты жүргізе алмайды, яғни айтылған ойдың, идеяның шынайылығын сездіретін қарсы факті мен айғақтаулар негізінде дөңгелек үстелге қатысушыларды өзіне тарта алмау сияқты кедергілер алдымызды орайды.
Егер қатысушылардың басым бөлігі белгілі бір ғылыми-теориялық сенімді бойларына сіңіріп, осы алған білімдерін өздерінің көзқарастары мен ұстанымдарын пікірталас үстінде қорғауда қолдана алатын болса ғана дөңгелек үстел нәтижелі деп айта аламыз. Психологиялық жағынан аталған бұл процесс жайдан-жай өте салмайды, өйткені бұрынғы қалыптасып қалған ескі көзқарасты өзгерту керек. Сондықтан дөңгелек үстел кезінде үнемі өзіңнің жеке бастық сезіміңді тізгіндеп отыруың керек. Бұл арада дөнгелек үстел жүргізушіден талап етілетіні - үнемі сезімдік ауанды қалай ұстағаны мен интеллектуалды әлеуетті қалай ашатыны.
Қатысушылар дөңгелек үстелге бейімделуі үшін алдын ала «ақпараттық шабуыл» өткізіп алу керек. Бұл – алдын ала бой жазу мен ой сергіту. Осы арқылы болашақ талқылатын проблема жөнінде ақпараттық база қалыптасады.
Егер қатысушылардың барлығын бір мөлшерлес білімділік және ақпараттық деңгейде деп санайтын болсақ, «ақпараттық шабуыл» кезінде дискуссияның еш кедергіге ұрынбай, біз қалаған арнада ашық та, қызу өтетіндігі дау тудырмайды. Осылайша, өз тарапымыздан көзге көрінбейтін психологиялық кедергіні жеңіп шығып, олимпиадаға қатысушы оқушылар үшін есте қаларлықтай дөңгелек үстел өткізе аламыз. Енді дөңгелек үстелді ұйымдастыру мен өткізудің әдістемесіне тоқталалық (47-сурет).
Дөңгелек үстел өткізу әдістемесі
|
Жетекшінің алғы сөзі (сабақтың жалпы технологиясы, күн тәртібі, ережесі)
|
|
«Ақпараттық шабуыл» жасау
|
|
Дискутанттар жарыссөзі. Дискуссия сауалдарына жауап қату.
|
|
Дискуссия мен шығып сөйлеушілердің сөзі негізінде шағын қорытынды шығару
|
|
Бейне және аудиожазбалар
|
|
Жетекшінің қорытынды жасауы
|
47-сурет.
Әдетте, дөңгелек үстелдің мынадай үш кезеңі бар: дайындық, дискуссиялық және дискуссиядан соңғы.
І кезең – дөңгелек үстел өткізуге дайындық қадамы (46-сурет);
ІІ кезең – Дискуссиялық, яғни дөңгелек үстел өткізу (47-сурет);
ІІІ кезең – Дискуссиядан кейінгі (48-сурет).
Осы арада дөңгелек үстелдің кейбір өзіндік ерекшелігіне ұстаздардың назар аударғаны жөн.
Біріншіден, ақпараттың жандануы. Дискуссия үстінде қатысушылар жалпы көзқарасты емес, өзінің жекелей пайымын айтады. Ол өз бетімен аяқ астынан ойға оралып, ақырына дейін түйінделмеуі де мүмкін. Сондықтан, осындай ақпаратқа байыппен қарап, оның ішіндегі ең құндысын, ең сенімдісін басқа дискутанттардың пікірімен салыстыра отыра, шұғыл түрде қолданып, көрсете білу керек.
Екіншіден, аталған семинар-сабақтың көп дауыстылығын (полифония-лығы) атап өтуіміз қажет. Дөңгелек үстел кезінде іскерлік шу бой көрсетіп, көп дауыстылық орын алады. Ол өз кезегінде шығармашылық пен өрелік ахуалдың, тақырыпқа қызығушылықтың орнауына өз көмегін тигізеді.
48-сурет.
Осы көп дауыстың ішіндегі ең «бастысына» назар аудару керек. Сол арқылы осы негізде өз ойын білдірем дегендердің барлығына өз пікірлерін айтып шығуына мүмкіндік беру қажет. Тап осы жағдай дөңгелек үстелдің ерекшелігі болып табылады (49-сурет).
Сонымен дөңгелек үстел – өрелі оқушылардың семинар-сабақ үстінде өзара ақпараттық қарым-қатынас жасау процесі, онда тек ақпарат алмасу ғана емес, өзінің жеке позициясын қорғау мен өзгенің пікірін мойындау, жоққа шығару, бейімдей түзету де орын алады. Осылайша қажетті жаңа ақпараттық кеңістік пайда болып, жүргізуші ұстаздар тарапынан жаңартпашылық нұсқаулар мен шешімдер қабылданады.
Дөңгелек үстел дәстүрлі сабақтардан көп ерекшеленеді, атап айтқанда қайталау сабақтарынан бөлектенеді. Өйткені, онда мұғалім оқушыларға өзінің сенімін таңады. Дискуссия кезінде дискустант әуелі «өзі үшін», содан кейін «өзгелер үшін» түйіндеулер іздестіріп, сол арқылы өз ойын өзгелерге мойындатады.
Сонымен дөңгелек үстелдің негізі – ақпарат пен қарым-қатынас жасау болып табылады. Тап осы жөнінде американың атақты магнаты Рокфеллер мынандай пікір айтқан болатын: «Ақпарат пен қарым-қатынас жасау – қант пен кофе сияқты тауар. Мен осы тауарға басқаларға қарағанда артықтау ақша төлер едім».
Балаға ең құнды, ең мәнді ақпар беру – дөңгелек үстел семинар-сабақтарының басты мақсаты болып табылатының мектеп мұғалімдері естерінен шығармаулары керек.
49-сурет.
8 лекция
Пресс-конференция семинар-сабағы
Пресс-конференция – таза ақпараттық сипаттағы дискуссия типіндегі семинар-сабақ. Оның мақсаты шәкірттерді қызықтырған сауалдар бойынша шұғыл түрде өзекті ақпарат беру болып табылады. Ол сабақтың белсенді де, шұғыл формасы, оның негізінде ақпараттық процесс жатыр. Сұрақ-жауап формасы – семинар сабақтың өзегі.
Шәкірттер арасында міндетті түрде шешуді талап ететін сауалдар мен проблемалар қордалынып қалған шақта пресс-конференция өткізіледі. Кейде мұғалім уақыт тауып, сабақтың соңынан ұғынылмаған сауалдың бетін ашу үшін пресс-конференция өткізуіне де болады.
Аталған семинар-сабақтың белсенділігі мынада: ұсыныс жасау тізігіні шәкірттердің қолына көшеді. Олар – интервьюерлерге, ал, мұғалімдер – респондентке айналады.
Осылайша оқу ұжымының педагогикалық технологиясы өзгеріп, шәкірттерге кез келген рөлді орындау ұсынылады: «қитұрқы» да, келеңсіз сұрақ қойып, оған мұғалімнің жауап бере алатындығын шыдамдылықпен күту, яғни оның өз ұстазынан сынақ алу арманы орындалғанына оқушы разы болады ма, соны білу кең орын алады. Сол арқылы біз тек ашық түрде ғана емес, сонымен бірге жасырын түрде де осындай қадамға барамыз.
Шешендік өнерді
меңгеру
50-сурет.
Ашық себеп ойды мазалаған сауалдың сырқа шығуына түрткі болса, жасырын себептер:
-
Көңіл-күйдің жалпы ауанын анықтау;
-
Бірте-бірте өз мойнына жаңа рөлді атқаруды алу;
-
Ақпаратты сіңіру деңгейін бағалап, қажет кезінде «күрделі» немесе «қарапайым» дәріс оқу мен сабақ беруді жөнге келтіру;
-
Шәкірттердің психологиялық жақтан қанағаттанушылығы, оларға сабақтың қорытындысын жасату;
-
Оларды өз ойын ашып айтуға, тәуекелшілік етуге, пікірталасқа түсе білуге үйрету.
Шәкірттердің сауалы сан алуан, кейде арандатушы болып келуі де мүмкін. Сондықтан, пресс-конференцияда мұғалімнің рөлі өте зор. Ұстаз өз шәкірттерінің бойына шығармашылық пен қиыннан қиысын табуды сіңіре білуі қажет. Ол үшін мұғалім тұтастай жүйеленген қасиетке ие болуы шарт (50-сурет).
Пресс-конференция семинар-сабағын төмендегіше жіктеуге болады:
1). Шағын ауқымды «ПК»:
-қатысушылар санының аздығы;
-тікелей кері байланыс;
-ресмиліктің жоғарғы емес дәрежесі
|
2). Орташа ауқымды «ПК»:
-қатысушылар санының көптігі;
-кешіктірілген кері байланыс;
-ресмиліктің жоғарғы дәрежесі
|
2). Кең ауқымды «ПК»:
-БАҚ арнасы бойынша;
-кері байланыс адалығы
|
Енді, жаңартпашылық мектептердегі шәкірттер аудиториясы қандай қасиеттерге ие деген педагогикалық мәселеге тоқталайық.
1. Басты рөлді сыныптағы оқушылардың біртектілігі (гомогенділігі) ойнайды. Мынандай факторлар – жалпы танымдық қызығушылық, білім, өмір тәжірибесі, жас ерекшелігі, жыныс, көңіл-күй ауаны ақпаратты белсенді қабылдауға көмектеседі. Сыныптағы оқушылардың кері көңіл-күйі (жалығу, сүреңсіздік, тартымсыздық, әсерсіздік) жиылып келгенде пресс-конференцияны жоққа шығарады.
2. Белгілі бір деңгейде сыныптағы оқушылардың сандық жағы өзіндік рөл атқарады. Қатысушы оқушылар саны аз болған сайын пресс-конференция жалпылық сияқты құны кемитінін есте сақтау керек.
3. пресс-конференцияға қатысушы шәкірттердің бойында белсенділікке ие мынандай мотивтер болуы шарт:
-
Танымдық
-
Имандылық (қатынасу борышы)
-
Сезімталдық (ынтазарлығын, эстетикалық қажетін т.с.с. қанағаттандыру)
4. Ақпарат көзімен тікелей байланыс (көру және есту) және бір-бірімен байланыс аудиторияның алма-кезек ауысып отыратын ахуалына жағдай туғызады.
5. Сыныптың көңіл-күйі көп жағдайда сұраққа жауап беруші респонденттің, яғни мұғалімнің жауап бере бастаған кезінде жалпы назар аударып, құлық қоюға байланысты болып келеді.
Пресс-конференция өткізудің іс-шарасы алдына ала дайындық және пікірталас кезеңдерінен тұрады.
Алдын ала дайындық кезеңі
Егер сабақтың қорытынды кезеңі ерекше дайындалуды қажет етпейтін болса, онда шәкірттер өз сұрақтарын ауызша қояды, сонымен қатар жазбаша түрде де сауал қоюды да жоққа шығаруға болмайды.
Егер пресс-конференция белгілі бір пәндік проблема бойынша өткізілетін болса, онда алдын ала мынандай дайындық түрлері керек:
-
Проблемаларды түйіндеу
-
Сұраққа жауап беретін респонденттерді іріктеу
-
«Пресс-конференцияның» анонсы
-
Сынып бөлмесі мен техникалық құралдарды дайындау
-
Лайықты көрме ұйымдастыру
Өткізу кезеңі – пікірталас
-
Тұсау кесуді өткізу
-
Жетекшімен, респонденттермен таныстыру
-
Қатысушылармен таныстыру
-
Жетекшілердің қорытынды жасауы
Бұл арада ең бастысы пресс-конференцияның өткізілу және уақыт тәртібін сақтау.
Енді пресс-конференцияны өткізу барысында әр кезеңге қанша уақыт бөлінетін көрсетейік:
І кезең
ІІ кезең
ІІІ кезең
IV кезең
V кезең
|
Жүргізушінің Пресс конференцияның мақсатын, өткізілу технологиясы мен таңдалынған әдістеменің негізін ұғындыруы
Қатысушылардың жүргізушіге жазбаша сауалдарын дайындауға көшуі
Пресс конференцияға қатысушылар мен жүргізушінің сауалдарға жауап беруі
Сараптамалық топтың (бір мезгілде қатарлас) нәтиженің қортындысын шығаруға дайындығы
Жүргізуші мен сарапшылардың алдын ала қорытындыны шығаруы
|
15 мин
5 мин
90 мин
10 мин
120 мин
|
Пресс-конференция өзінің өткізілу функциясы жағынан сан алуан болып келіп, кең көлемде басқарушылық және мынандай педагогикалық функциялар атқарады (51-сурет).
Пресс-конференция түрлі сипаттағы проблемалардың (пәндік және жеке бастық) ақпараттық ізденісі өңделеді, жіктеледі, жөнге келтіреді, сарапталады да негізгі ақпарат екінші дәрежедегілерден бөлініп алынып, соның негізінде шешім қабыданады, әрі оны енгізудің әдісі мен формалары анықталады. Пресс-конференцияда ресми және ресми емес, ауызша және жазбаша, жеке адамдық және жасырын, динамикалық түрдегі ақпараттар қолданылады. Оларды Пресс-конференцияға қатысушылар ішінде бүгіп қалмай, педагогикалық ұжыммен, сыныптастарымен бөліседі.
Пресс-конференцияда тиімді қарым-қатынас орын алып, респонденттерден алынған ақпараттың арқасында қойылған сауалдарға орнықты жауаптар алынып, соның негізінде педагогикалық ұжымда, сыныпта туындаған проблемаға қатысты негізгі қажетті ақпарат шұғыл жүзеге асырылады. Ақпарат алмасу мен кері байланыс өте тиімді жолға қойылады.
51-сурет.
Пресс-конференция белгілі бір қызығушылық тудыратындықтан, онда қарым-қатынас жасаудың әр түрі қолданылады. Аталған педагогикалық кеңестің негізі жазбаша қарым-қатынас, иесі белгісіз жазбаша сауалдар жүргізушілер мен қатысушылардың өзіне шұғыл назар аударуын талап етеді. Арнайы педагогикалық іс-шарада пресс-конференция өткізу технологиясын түсіндіру мен қорытынды шығару кезінде визуалды қарым-қатынас қолданылады. Респонденттердің сауалға жауап беру реакциясы арқасында жүзеге асатын ауызша қарым-қатынас та үлкен мәнге ие бола түседі.
Бұл функция белсенді әрекетке, өз міндетін мақсатты бағытта орындау міндетіне, ұжым мүшелерінің мінез-құлқын реттеуге түрткі болады. Осыған байланысты пресс-конференция әдісі педагогикалық ұжымның алға қойған мақсатына сайкес ұжым қажеттілігін, ұжым ахуалын (психологиялық, имандылық, кәсіби т.с.с.), эмоцияның көрініс беруін зерттеуді, жеке бастық толқуын (ұмтылыс, үміттенуін) айқындайды және жаңа оқу жылында белсенді шығармашылық қызмет етуге жағдай қалыптастыруды бекітеді.
Бұл функция жоғарыдағы аталған функциялармен көп жағдайда үндескенімен, өзіндік өзгешелігі де бар: мотив, себеп, қызығушылық пен ұжымдық проблемалар айқындалған соң, жетекші эксперттермен бірлесе отырып, өзінің пәндік ұстаздары туралы әсерін қалыптастырады, жаңа оқу жылындағы кадр саясаты , оқытушылар құрамы , пәндік кафедра қызметінің жаңа бағыттары, жаңа міндетке мұғалімдердің лайықтылығы туралы шешім қабылдайды.
Педагогикалық кеңесте өткізілетін пресс-конференция қалай болса, солай жүргізілмейді. Оның әр кезеңі алдын ала жоспарланып, жан-жақты ойластырылып алынады. пресс-конференция сценариі іс-шараның өткізілу жоспары болып табылады. Басқа қырынан алғанда, барша іс-шаралар ұстаздық қызметтің түрлі саласының бағдарлары бойынша мектептегі пәндік кеңестердің осы оқу жылында атқаратын жұмыс жоспарына түзетулер енгізуге бағытталады.
-
Үйлестіру (координация) функциясы
Бұл – құрама функция. Аталған іс-шарада уақыттың тарлығына байланысты оны жүзеге асыру өте күрделі болып табылады. Шұғыл түрде қорытынды шығаруға, жан-жаққа шашыраған, сәйкесетін және сәйкеспейтін мәліметтердің, ақпараттардың басын қосуға, оларды бағалап және педагогикалық кеңесті жүргізуші мен оған қатысушы мұғалімдердің іс-әрекетін үйлестіру үшін қажет. Пресс-конференция өте жақсы жоспарланғанымен, импровизацияның элементтерінің болуы үйлестіруге қиындық келтіреді. Егер жүргізуші ақпаратты сараптауды, салыстыруды, құрастыруды жүзеге асыра алатын және тиімді шешім қабылдай алатын болса, онда педагогикалық кеңестегі координациялық функцияны жеңіл жүзеге асыруға болады.
-
Сараптау (анализ) функциясы
Педагогикалық кеңестегі пресс-конференцияда сарапталады?
- педагогикалық кеңестің өткізілуінің жаңа формасы мен әдісіне қатысушылар қалай қарайды;
- ұсынылған тапсырманы (негізгі сауал жазылған жазбаны) мұғалімдер қаншалықты белсенді, дұрыс және бұрыс орындады;
- Пресс-конференцияның ІІ кезеңіне респонденттердің бәрі ат салысты ма;
- Пресс-конференцияның жалпы қорытындысын шығарғандағы сараптама туындаған проблеманың, сауалдың себеп-салдарын табуға көмектесе ме, сонымен қатар ұжымның белсенділік деңгейі қандай дәрежеде екендігін айқындай ала ма;
- сауал жазылған әрбір жазба түрлі көзқарас тұрғысынан сарапталады:
1.Қойылған сауалға кім жауап бере алады?
2. Қандай ақпарат келтіру керек?
3. Қандай дерек пен дәйектемені ұсыну керек?
4. Аталған сауал ұстаздар қауымы үшін қаншалықты қолайлы?
Пресс-конференция қабылданған шешімнің дұрыстығы мен тиімділігі және сонымен бірге, проблеманың ары қарай өз шешімін таба алуы дұрыс жүргізілген жүйелі сараптамаға байланысты болып келеді.
Аталған функция алдағыны көре білу деп те аталып, ақпарат пен саралаудың себеп-салдары болып табылады. Сонымен қатар жоспарлау функциясының жалғасы деп те атауға болады.
Енді аталған функцияның педагогикалық кеңесте болжануына ой жүгіртіп көрелік:
1. Пресс-конференция әдісі оңды түрде қабылданып, екі-үш адам ғана қарсы шықты.
2. 40 адамның ішінде 10-15 адам сауал қойылған жазба жолдады, олардың мазмұны пайызға шаққанда төмендегідей болып келді:
-
оң пиғылдағы көңіл-күй 95%
-
теріс пиғылды немесе арандатушы сауалдар 5%
-
ұйымдастыру бағдары 10-15%
-
кәсіби (педагогикалық) 70-75%
-
жеке бастық 15-20%
-
басқалары 3-5%
3.Іс-шара аяқталған шақта 10 адам ғана қалды.
4. Пресс-конференцияға көңілі толғандар шамамен 95% болды.
5.Педагогикалық кеңестің екінші бөлігі 2 сағатқа есептелінеді, бұлай болатындығы демалыстан кейінгі көңіл-күйге орай бас-аяғы 30-40 минутқа созылуы да әбден мүмкін.
6. Күн тәртібінің сақталынбауына орай: ІІІ және IV кезеңді, әсіресе V кезеңді қысқартуға тура келуі мүмкін.
7. Сонымен, ойға алынған және жоспарланған пресс-конференция сценарийі 90%-ға жүзеге асырылады.
|