Лекция сабағының тақырыбы: Бейнелеу өнеріне теориялық кіріспе. Адам мәдениетінде өнердің мәні мен мағынасы Жоспары: Бейнелеу өнеріне теориялық кіріспе


Элленизм өнері (б.э.б.ІҮ ғасырдың аяғы-І ғасыр)



бет15/40
Дата05.10.2023
өлшемі1.3 Mb.
#479915
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   40
Әлем өнер тарихы

Элленизм өнері (б.э.б.ІҮ ғасырдың аяғы-І ғасыр)
Элленизм-ертедегі грек құл иеленушілік қоғамының соңғы аяқталған кезеңі болды. Мысырдағы Александрия, Сириядағы Антиохия мен Кіші Азиядағы Пергам эллиндік елдердің аса ірі орталықтарына айналды. Әскери тұтқындар есебінде келген құлдардың орасан зор тасқыны құрылысты кең өрістеуге мүмкіндік берді. Қалаларда салтанатты патша сарайлары, сәндік мүсіндермен әшекейленген сәулетті бақтар, театрлар мен храмдар, қомақты әкімшілік ғимараттар мен көрікті жеке үйлер салынды. Б.э.б. ІІІ ғасырда Фарос аралығындағы Александрия айлағының кіре берісіне тұрғызылған биіктігі 120 м. Фарос маягы сияқты инженерлік өнердің тамаша ескерткіштері дүниеге келді. Монументтілікке талпыныс алып мүсіндерді жасаудан көрінді: мүсінші Харес құдай Гелиостың биіктігі 32 м. «Родос алыбы» деген атпен белгілі қола пішінін құйды. Эллиндік дүниенің рухани өміріне тән белгі- Грекияның мәдени жетістіктері мен ежелгі шығыстық цивилизациялардың өзгеше бір ұштасуы, сондай-ақ мыңдаған жылдар бойы тірнектеп жиналған білімнің жүйеленуі. Мемлекеттер билеушілері өз үстемдіктерін нығайтып, қуаты мен даңқын арттыруға тырысып, төңірегіне көрнекті суретшілерді, ғалымдар мен ақындарды жинады. Александриядағы ғылымның барлық саласынан шығармалар жинақталған 700 мың папирус орамы бар әйгілі кітапхана қалың жұртқа танымал болды.
Элленизм өнері бірыңғай тұтас өнер емес. Бұл дәуірде Александрияда, Пергамда, Грекияда, Родос аралында, Сирия қалаларында дербес өнер дәстүрлері болды. Эллиндік мүсіншілердің таңдаулы туындылары дәуірдің ең толғаулы мәселелерін толық қамтып, көркемдік сеніммен сипаттады. Классикалық өнердің байсалды, жігерлі мақсаткерлігіне қарама-қарсы, олар жасаған бейнелер эмоциялық ширақтық пен асқақ патетика әкелді. Элленизмге тән күрес пафосы Кіші Азиядағы шағын эллиндік мемлекет астанасы Пергам акрополінде б.э.б. 180 жылы шамасында Зевс құрметіне салынған мәрмәр михрабты әшекейленген орасан зор мүсіндік композицияда кемел көрініс тапты. Бұл ескерткіш нақты тарихи оқиғаға арналған б.э.б. ІІІ ғасырдың аяғында Пергам патшасы І Аттал галат тайпаларының шабылуын тойтарды. Осы жеңісті есте қалдыру үшін михраб орнатылған. Тақта тастарда жазылған есімдерге қарағанда мұны Пергам мен Афинының көптеген мүсіншілері жасаса керек. Бейнелердің ересен байлығы мен фриздің зор аумағы оны қадым заман өнерінде теңдесі жоқ аса көрнекті шығармалардың қатарына қосады.
Өмір шындығының әр қилы саласына қызығушылықтың арта түсуі, өмір құбылыстарының алуан түрлілігі мен байлығын ашуға талпыныс элленизм мүсін өнерінде жаңа жанрлардың қалыптасуына жол ашты. Олардың арасында бақтар мен бауларды, патша сарайлары мен бай құл иеленушілер виллаларын сәулеттендірген сәндік мүсіндер аса маңызды орын алды. Шытырман мифологиялық сюжеттерге құрылған көп пішінді мүсіндік топтар кең тарады, оларды ат төбеліндей аз ғана топ әділ бағалай алатын.


Бақылау сұрақтары:



  1. Афины акрополі үшін Фидий жасаған Афинаның қола мүсіні де даңқа бөледі.

  2. Антик дүниесінің өнері жайлы айтыңыз

  3. Антик мәдениетін жасаған кімдер?

  4. Гомер кезеңі өнері қай уақыттарды қамтыды?

  5. Гомер кезеңі өнері деп неге аталды?

  6. Гомер кезеңінде керамика жасау өнері қалай өрбіді?

  7. Гомер кезеңінің мүсініне тән нәрсе

  8. «Архайкалық» кезеңнің қалыптасуы жайлы айтыңыз

  9. «Архайкалық» кезеңдегі монументтік сәулет өнерінің дамуы

  10. Грек архаикасы мүсінінің ерекшелігі

  11. Ертеклассика (б.э.б.Ү-ІҮ ғасырлар) өнерінің дамуы жайлы айтыңыз

  12. Ертеклассикадағы сәулет өнері

  13. Посейдон мүсіні-асқақ қола құйма өнерінің ғажайып үлгісі

  14. Ертеклассикадағы мүсіншілер

  15. Элленизм өнері жайлы айтыңыз

  16. Элленизм өнеріндегі мүсін өнерінің дамуы



7. Лекция сабағының тақырыбы: Ежелгі Рим өнері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет