Лекция сабағының тақырыбы: Бейнелеу өнеріне теориялық кіріспе. Адам мәдениетінде өнердің мәні мен мағынасы Жоспары: Бейнелеу өнеріне теориялық кіріспе


Рим империясы өнері (І-ІҮ ғасырлар)



бет18/40
Дата05.10.2023
өлшемі1.3 Mb.
#479915
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   40
Әлем өнер тарихы

3. Рим империясы өнері (І-ІҮ ғасырлар)
Республикалық құрылыс құлап, Империя орнатылған тұста Рим әдебиеті мен өнерінің алдында императорды мадақтап, оның үстемдігін дәріптеу міндеті тұрды. Тарихи еңбектер мен поэзиялық шығармаларда Рим басқа халықтарға үстемдік жүргізуге тиіс деген ой айтылады.
Грекия классикалық өнерінің римдік портрет дамуына керемет ықпалы б.э.б. І ғасырдың аяғы мен б.э. І ғасырында көрінді. Римдік шеберлер грек мүсінінен Империя басталысындағы дәуірдің талаптарына толық жауап беретін пластикалық тіл мен кейіпкерлерді қаһармандыру тәсілдерін тапты. Римнің ұлылығын мадақтау идеясы І-ІҮ ғасырлардағы Империя дәуірінде жасалған сәулет өнерінің алып ескерткіштерінде аса айқын бейнесін тапты.
Рим сәулет өнерінде «әлем әміршісі» атанған халықтың талғамына тән ғимараттардың ерекше монументтілігі алдыңғы жүлдеге шықты. Құрылыс белгілі бір саяси мақсатты-билеушінің жомарттығын баса көрсету мен оның атын ұрпақтар есінде сақтау мақсатын көздеді. Алаңдар ансамблін, әкімшілік ғимараттары мен ойын-сауық құрылыстарын тұрғызған императорлар бірімен-бірі бәсекеге түсті.
«Нан мен ойын-сауықты» талап еткен римдік тобырға кеңінен танылуға тырысып, императорлар гладиаторлар шайқасы үшін орасан зор амфитеатрлар салғызды. Мұның 75-80 жылдары және орта ғасырларда Римде салынған ең ірісі «колоссеум» (алып) деген латын сөзінен Колизей деп аталды. Жоспары бойынша ол аумақты сопақ құрылыс. Колизейдің биіктігі 50 м, қабырғасы ірі сергек тас (травертин) блоктарынан қаланған. Күмбезді арқаларының үш қабаты қабырғаның ішкі жағындағы алып бағаналарға тіреледі. Қай нүктеден қарасаң да жақсы көрінетін олар театр қасбетін сан құбылған сәулелі көлеңкеге бөлейді. Колизейдің өзгеше бір сәні-екінші және үшінші ярустар аркаларындағы мүсіндері еді. Колизей конструкциясының негізін құрайтын-арка мен итарқа күмбез.
Грекия сәулетіне колонналар қандай тән болса, Рим сәулет өнеріне де бұлар сондай жарасатын. Бұл сәулеттік пішіндер Римнің дүниежүзілік өнерге қосқан өзгеше бір үлесі болатын. Аркалар Римге және Империяның басқа да қалаларына тау бұлақтарынан таза су жеткізіп беретін акведуктарды, су құбырларын салуда да пайдаланылды.
Римдіктер сәулет ғимараттарын аса қадірлеп, акведуктарын ерекше мақтан тұтты. ІІ ғасырдың басында Римді сумен қамтамасыз етуге жетекшілік жасаған инженер Фронтин: «акведуктар-Рим империясы айбынының басты куәсы»-деген пікір айтқан. Римдіктер арка пішінін сардарлар мен императорлар жеңістерін мадақтайтын салтанатты ескерткіштер жасауға пайдаланды. Ең таңдаулы салтанат аркаларының бірі Рим форумына алып келетін қасиетті жолдың 81 жылы Иудея көтерілісін басқан император Титтің жеңісіне ескеткіш ретінде салынған. Үйлердің сәндік жиһаздар өнері Рим республикасының тек соңғы ғасырында кемелденді. Помпей үйлерінде еден мозаикамен әшекейленді. Бай үйлердің қабырғалары фрескалық өрнектермен сәнделген. Үстіне сыр жағылатын сылақ бірнеше қабаттан тұратын, әр қабат барған сайын бірте-бірте жұқарып, қабажақтала беретін. Б.э.б. ІІ ғасырда римдіктер гректерден түрлі-түсті мәрмәрден қаланғандай әрленген қабырғаға өрнек салуды үйренді. Қызыл, сары, қара және ақ фрескалар бояу-реңінің құнарымен, тазалық-мөлдірлігімен көзге түсетін. Б.э.б. І ғасырда қабырғалық өрнек едәуір күрделіленді. Суретшілер қабырғаларда сәулет бөлшектерін-колонналарды, кенерелерді, пилястрлер мен капительдерді бейнеледі. Көп пішінді аумақты композициялар да пайда болды.


Бақылау сұрақтары:

  1. Этрурия мәдениетінің дамуы жайлы айтыңыз

  2. Римдік сәулеттің аса көрнекті жетістігі

  3. Римдіктердің ғимаратты әшекейлеуі

  4. Этрус мүсіншілері

  5. Этрустардың асыл металдарды өңдеу тәсілдері

  6. Республика дәуіріндегі жайлы айтыңыз

  7. Республика дәуіріндегі сәулет өнерінің даму

  8. Республика дәуіріндегі мүсін өнері

  9. Республика дәуіріндегі портрет өнері

  10. Рим империясы дәуірінің дүниежүзілік өнерге қосқан үлесі?

  11. Рим империясының сәулет ғимараттарына тән әдістері?

  12. Рим империясының суретшілері

8 Лекция сабағының тақырыбы: Орта ғасырдағы Батыс Европа өнері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет