Лекция сабағының тақырыбы: Бейнелеу өнеріне теориялық кіріспе. Адам мәдениетінде өнердің мәні мен мағынасы Жоспары: Бейнелеу өнеріне теориялық кіріспе



бет21/40
Дата05.10.2023
өлшемі1.3 Mb.
#479915
түріЛекция
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   40
Әлем өнер тарихы

3. Готикалық өнер (ХІІІ-ХІҮ ғғ.)
Орта ғасырдағы Романдық өнерден кейін Готика өнері алғаш Францияда жақсы дамыды. Ең әдемі де әсем готикалық өнер осында өркендеп, көбінесе осында сақталды. Бұл өнер одан кейінгі кезеңде басқа елдерге тарап, ХҮІ ғасырға дейін күшін жоймады.
Готика өнері өзінің болмысымен роман ағымы өнерінен ерекше дараланып тұрады. Роман стилі қарабайыр жасалуымен, ауыр қорғандардай монументтігімен көзге түссе, готика ағымы зәулім биік сымбатымен, кестедей керемет өрнектеуімен, көк әлеміне ұмтылған инедей үшкір мұнараларымен таңдандырады. Роман ағымында салынған сәулет ғимараттарында ауыр төбені ұстап тұру үшін терезелер аз жасалынатын немесе көбінесе жіңішке болып келетін, ал готикада керісінше, терезелер өте үлкен, биік және жиі орналастырылады, тағы бір ерекшелігі-кіре беріс есігінің маңдайша аркасы доғаланып емес, үшкірленіп бітетін. Сондықтан да готика ғимараттары өте жеңіл, әдемі, сұлу көрінеді, іші түрлі шытырма терезелерден түскен мол жарықтан жарқырап кететін. Готика соборлары сонымен қатар ұзыншақ болып келеді, тіпті кейбіреуі, мысалы Шартр соборының өнбойы 130 метрге жеткен. Готика ғимараттары өзінің мүсіндерімен көмкерілуімен де алдына жан салмайды, Шартр соборында тоғыз мыңға жуық мүсін бар екен.
Франциядағы Готика соборларының ең бір ескісі және атақтысы-«Құдай ана» ғимараты. Бұл собор ХІІ ғасырда салынған. Одан кейін тұрғызылған Шартрдегі, Реймседегі және Амьенедегі соборлар готика атағын одан сайын асыра түсті. Осы соборлардың ішіндегі ең үлкені және өте шебер өрнектелінгені және сұлуы Реймсе ғимараты.
Орта ғасырларда Францияда сегіз жүзге жуық собор, жүздеген шіркеу, монастірлер болды. Сондай монастірдің бірі- «Әулие Михайл тауы» ансамблдік ғимараты (кейде оны Мон-сен-Мишель деп атайды). Монастр биік жарлы қия тасты Нормандия жерінде тұрғызылған. Ол табиғатпен жарасым тауып, өзіндік шілтерлі өрнекке бай таңғажайып терезелерімен көзге түседі.
Франция готикасы жолымен Германияда да салтанатты соборлар, шіркеу үйлері жаппай салынды, соның бірі- Страсбургтегі собор. Собор керегесі 1276 жылы қаланған, қазір бұл ғимарат Францияның иелігінде.
Ал Италия мәрмәр готикасының шырқау шыңы, таңдаулысы- Флоренциядағы Әулие Мария дель Фьоре шіркеуі мен Милан соборы.
Осы кезеңде мүсін, сұңғат өнерінде көбінесе құдай аналарды бейнелеу, әр түрлі мадонналарды кескіндеу діни ғимараттарды роспистермен әрлендіру қолға алынды. Бұл жұмыс дымқыл, сылағы әлі кеппеген керегеге әр түрлі бояуларды жағу арқылы орындалатын. Кереге кепкен кезде бояу сылақпен бірге жымдасып, біте қайнасып кетеді. Сол кезеңде осындай өнер бағытының асқан шебері, сұңғаттың негізін салушы Джотто ди Бондоне (1266-1337) өмір сүрді. Оның жазған тамаша туындылары табиғи өмір шындығына жанасатындай еді. Бояулардың сан түрлі құбылмалы реңдерімен-ақ сұңғаттық шығарманы құмартып жандандыратын.
Готика дәуірінде сонымен қатар миниатюрлік сұңғат қарыштап дамып, өзіндік белеске көтерілді. Бұрындары мұндай өнермен тек діни сопылар ғана айналысса, енді онымен сауатты, он саусағынан өнері тамған суретшілер айналысатын болды.
Батыс Европада алғаш рет қондырғылы сұңғат пайда болды. Қондырғылы сұңғат өнерінің тез өркендеп, әр елге жылдам таралуына үлкен ықпал етті. Готика әсері заманында күнделікті тұрмыс-тіршілікте, киім үлгілерінде, жиһаз әшекейлеуде өзіндік із қалдырды. Үшкірленген конусқа ұқсас қалпақ, тұмсығы үшкір етік, етегі жерге төгілген шапан, көйлектер шықты. Бұлардың бәрі әдемі, нақышты өрнектермен көмкерілді.


Бақылау сұрақтары:

  1. «Варварлардың» әсерімен дамыған қол өнері

  2. Кітап безендіру өнерінің дамуы

  3. Романдық өнер аталуының себебі?

  4. Романдық өнердегі сәулет өнерінің дамуы

  5. Роман сәулет өнерінде құрылыстар салу әдісі

  6. Готика өнерінің роман ағымы өнерінен ерекше дараланып тұруы

  7. Готика ағымында салынған сәулет ғимараттарының ерекшеліктері неде?

  8. Франциядағы Готика соборларының ең бір ескісі және атақтысы

  9. Сұңғаттың негізін салушы Джотто ди Бондоненің шығармашылығы



9. Лекция сабағының тақырыбы: Алғашқы қайта өрлеу дәуіріндегі Батыс Европа өнері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет