Лекция сабағының тақырыбы: Бейнелеу өнеріне теориялық кіріспе. Адам мәдениетінде өнердің мәні мен мағынасы Жоспары: Бейнелеу өнеріне теориялық кіріспе


Жоспары: 1. Жалпы Италияның Қайта өрлеу дәуірі 2. Қайта өрлеу дәуірі суретшілері Мақсаты



бет22/40
Дата05.10.2023
өлшемі1.3 Mb.
#479915
түріЛекция
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   40
Әлем өнер тарихы

Жоспары: 1. Жалпы Италияның Қайта өрлеу дәуірі
2. Қайта өрлеу дәуірі суретшілері
Мақсаты: Студенттерге Жалпы Италияның Қайта өрлеу дәуірі, Қайта өрлеу дәуірі суретшілері және Қайта өрлеу дәуіріндегі өнердің айрықша жаңалықтары жайлы түсіндіру
Мәтіні (қысқаша):
1. Жалпы Италияның Қайта өрлеу дәуірі
Қайта өрлеу дәуірінің бастау алып, алғаш дамыған жері Италия елі болды. ХҮ-ХҮІ ғасырларда Италия мәдениет қайраткерлері мен ойшылдары өз дәуірлерінде өнер өрлеуін өте жоғары бағалады. Антикалық мәдениеттен кейін ұзақ уақыт бойы Батыс Европа елдерінде керітартпа заман үстем болып келді, тек енді ғана гүлдену, өркендеу дәуірі басталды деп есептеді. Италияда басталған бұл өнер, әдебиет, мәдениет, ғылым саласындағы бетбұрыс бірте-бірте Англия, Германия, Франция, Испания, Голландия, Финляндия және тағы басқа көптеген елдерге тарады. Осы кезеңде Италияда крепостнойлық право жойылып, әсіресе қалаларда капиталистік қатынастар қалыптаса бастаған. Сондықтан қайта өрлеу мәдениеті жаңа тұрпаттағы, буржуазиялық мәдениет еді.
Жаңа тұрпаттағы Қайта өрлеу мәдениеті антикалық өнер мұралары үлгісімен сабақтас жалғасты. Бірақ ол ескіні қайталау емес еді. Заман талабына сай мазмұны жағынан байи түсті, жаңа түрге ие болды, жаңа стиль қалыптасты. Қайта өрлеу дәуірі туғызған қайраткерлер жан-жақты білім алған ғылым мен мәдениеттің сан-салаларынан хабары мол, шын мәнінде сегіз қырлы, бір сырлы жандар болды. Қайта өрлеу дәуірі суретшілері анатомия, археология, математика, философиямен терең шұғылданды. Сөйтіп ренессанс шеберлері көркемдік мәні терең реалистік өнер үлгілерін болашақ ұрпақтарға тарту етті.
Жалпы Италияның Қайта өрлеу дәуірі, негізінен екіге бөлінеді, ХҮ ғасырдағысы алғашқы қайта өрлеу, ал кейінгі ХҮІ ғасырдағысы жоғарғы қайта өрлеу дәуірі деп аталады. Ерте немесе алғашқы қайта өрлеу дәуірінің негізгі дамыған жері, орталығы-Флоренция болды. Ол кейіннен ХҮІ ғасырда Римге ауысты, сонымен қатар Венеция да үлкен роль атқарды. Ең бірінші негізгі түбірлі өзгеріс сәулет саласында болды. Сәулетшілер Италияда етек жайған романдық және готикалық стилден біржолата бас тартты. Антикалық сәулеттің бағытымен, соның әсерімен күмбезді сарай-ғимараттар, діни ғибадатханалар тұрғызу әдетке айналды. Сол кездегі сәулет өнерінің негізгі үлгісі антикалық Римдегі Пантеон болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет