Лекция сабағының тақырыбы: Бейнелеу өнеріне теориялық кіріспе. Адам мәдениетінде өнердің мәні мен мағынасы Жоспары: Бейнелеу өнеріне теориялық кіріспе



бет20/40
Дата05.10.2023
өлшемі1.3 Mb.
#479915
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   40
Әлем өнер тарихы

2. Роман өнері (Х-ХІІ ғғ.)
Романдық өнер деп Батыс Европа елдеріндегі Х-ХІІ ғасырлардағы өнерді айтады. Бұл дәуірдегі өнердің бұлай аталуы, оның сәулетіне байланысты еді.
Х-ХІІ ғасырлардағы сәулет ғимараттары, ғибадатханалар көбінесе тастан қаланды, ал төбелері кресті-аркалы тәсілмен тұрғызылды. Мұндай сәулет әдісі орта ғасырларда қолданылған. Сол кезде оны римдік әдіспен тұрғызғандықтан романдық әдіс деп атаған. Романдық әдіс Антик өнерінен кейінгі феодалдық құрылыстағы тарихта өз орнын алған өнердің бір ағымы болды. Бұл кезде өте ауыр кезең еді. Бұрынғы күшті империя ұсақ-ұсақ иеліктерге ыдырап, соның нәтижесінде Батыс Европа көптеген кішкене мемлекеттерге бөлінді. Қалалар өте аз болды, сауда мен қол өнері дамымады. Тіпті феодалдардың өзі қарапайым тұрды. Бәрінен бай, ауқатты тұрғындар-христиан шіркеуі мен оның қызметшілері болды. Римдік Папаның басқаруымен христиан шіркеуі ел билігін, үстемдікті өз қолдарында ұстады.
Сондықтан да ең әсем, ең үлкен ғибадатханалар, шіркеулер сол кездегі Роман өнері ағымының айнасы, оны осы заманға жеткізген қоймасы болды. Роман өнерінің негізгі тапсырыскері осы ғибадатханалар мен шіркеулер болды.
Роман әдісті құрылыстар сәулет өнерінде өте ерекшеленді. Онда итарқа әдісі (арка итарқа-жартылай ойық иін) әсіресе, бір жерге тоғысқан аркалар жиі қолданылды.
Орта ғасырлардағы тұрғызылған алғашқы шіркеулер өте ауыр, қалың тастардан қаланды. Әдетте айналасы биік тас дуалдармен қоршалды. Роман шіркеулері өзінің сыртқы кейпімен сұсты көрінсе, ішкі бөлмелерінің безендірілу ғажайыптылығымен көзге түседі. Шіркеудің капителдерінде, бағана жақтауларында, аркалы терезелерде, кереге бедерлерінде толып жатқан адам басты кентаврлар, түрлі құбыжық мүсіндер қойылған. Сонымен қатар кереге жақтауларындағы діни «библия» мазмұнына құрылған бедерлеме айшықтар адам назарын өзіне аударады. «Библия» кейіпкерлерін аса мұқият бейнелеудің өзіндік діни мақсаты бар еді. Хат танымайтын қараңғы халықтың қасиетті кітапты оқымаса да, жаңағы мүсін-бейнелеуден өзіне таныс әулие періштелерді тез танып қабылдауын қамтамасыз етуді көздеген.
Романдық сәулет өнері алғаш Италияда дамып, артынан Германияда өзінің шегіне жетті. Германиядағы аты-шулы сәулет шіркеу-кешендері- Майнц, Шпаер және Вормсе ғимараттары. Сол кезеңдегі айтулы өнер ескерткішінің бірі-Байе кілемі.(Байе қаласында, Франция), 70 метрлік кілемнің өн бойында король Вильгелмнің Англияны қалай жаулағаны туралы шежіре тоқылып бейнеленген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет