Лекция тезистері лекция тақырыптары 2 сағатқа арналып жасалған. 1-лекция. Тақырыбы: Жалпы техикалық және арнайы пәндерді оқыту әдістемесі пәніне кіріспе. Курстың пәні. Жоспары



бет3/30
Дата05.10.2023
өлшемі0.56 Mb.
#479914
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
stud.kz-72859

Бақылау сұрақтары:

  1. Еңбектің адам өміріндегі мәнін түсіндіріңіз.

  2. Еңбек мазмұны, сипаты және жағдайы туралы ойыңызды айтыңыз.

  3. Білім беру мазмұны мен адамның еңбектік кәсіби іс-әрекет салаларының байланысын түсіндіріңіз.

  4. «Технология» пән бағдарламасы мазмұнын түзетін адамның кәсіби іс-әрекет түріне сәйкес кейбір ұғымдарға түсінік беріңіз.

  5. Еңбек мақсаты мен іскерліктерін қалай түсінесіз? Олар технология пәні бағдарламасында қамтылғанын немесе қамтылмағанын дәлелді түсіндіріңіз.

  6. Технология пәнін оқытуға қатысты білім беру мазмұнын анықтайтын құжаттар мазмұнын зерделеп, оларда еңбек үдерістерінің қарастырылғанын немесе қарастырылмағанын сипаттаңыз.

3-лекция. Тақырыбы: Кәсіптік оқыту жүйесіне қолданылатын жалпы дидактикалық қағидалар


Жоспары:
1. Педагогиканың оқытудағы жалпы қағидалары.
2. Кәсіптік оқытудың дидактикалық қағидалары.
3. Пән мазмұнын іріктеудегі қағидалардың басшылыққа алынуы.
4. Олардың сабақ барысында жүзеге асырылуы
Лекция мақсаты: Дидактикалық қағидалар және олардың кәсіптік оқыту жүйесінде басшылыққа алынатынын теориялық тұрғыдан ұғындыру және практикалық жүзеге асыруға бағдарлау.
Лекция мәтіні:
Қазіргі білім беруде қолданыстағы “Технология“ білім саласының міндеттері:
- оқушыларды өзіндік практикалық іс-әрекетпен жаңаны жасау, өзіндік жүзеге асыру ұмтылысын қаруландыру;
- қазіргі заман өндірісінің технология, экономика, ұйымдастыру және экология саласындағы технологиялық мәдениетті және жалпыеңбектік білім мен ептілікті игеруін, оның даму перспективалары жөнінде түсінікті қалыптастыруды қамтамасыз ету;
- адамгершілік-еңбектік сапаны, кәсіпті таңдау және еңбек сүйгіштік қоғамдық-құнды мотивтерді тәрбиелеу.
Бұл міндеттерді шешу, жүзеге асыру оқу-тәрбие үдерісінде оқушылардың технологиялық дайындығын ұйымдастыруда оқытудың қазіргі заманғы педагогикалық технологиясын және дамыта оқыту әдістерін тиімді пайдалануда болып табылады. Оның ішінде білім мазмұны бағдарламадағы оқу материалдарының толық мәнді көрсетілуіне байланысты болады.
«Технология» оқу пәні бағдарлама мазмұны төмендегідей оқу материалдарынан тұрады және олар теориялық мағлұматтар құрамын көрсетеді:
- графикалық және бейнелеу сауаттылығы;
- еңбекті ұйымдастыру мен жоспарлау;
- техника (құрал-жабдықтар және т.б.);
- технологиялық үдерістер;
- технологиялық үдерістер мен іс-әрекет барысында болатын экологиялық қасиет мағлұматтары (жұмысты орындаудағы әдістер мен тәсілдер; көркем өңдеу түрлері - әшекейлеу, әрлеу);
- материалдар жөніндегі негізгі мағлұматтар;
- экономикалық білім элементтері;
- бақылау және өзіндік бақылау.
Мұндай оқу материалдарының құрамы бағдарламаның базалық бөлігін құрайды.
Бағдарламаға сәйкес практикалық іс-әрекеттерді төмендегідей етіп елестетуге болады:
- графикалық, бейнелеу жұмыстарын орындау;
- өлшемдерді анықтау;
- еңбек объектісін таңдау мен іс-әрекетті жоспарлау;
- технологиялық үдерістерді еңбекті қорғау талаптарына және үнемділік принципіне сәйкес орындау;
- өзіндік және бұйым сапасын бақылау.
«Технология» пәні бағдарламасы мазмұнындағы теориялық мағлұматтар мен практикалық іс-әрекеттер бағдарлама мазмұнында ғана қамтылып қоймай, сондай-ақ, оқу үдерісінде оқыту технологиясына, әдістемесіне байланысты ашылады.
«Технология» пәнінің мазмұны адамның кәсіби іс-әрекет түрлерін оқытатын болғандықтан міндетті түрде кәсіп саласы, мамандық түрі жөнінде мағлұматтарды қамтиды.
Оқушыларды еңбекке дайындауды жүзеге асыру олардың қазіргі дамыған өндірістің ғылыми-техникалық негізінің кең ауқымды дүниетанымын игеруіне, өндіріс пен ғылым негіздерінің байланысын іске асыруына, қолөнер шеберлері мен қазіргі өндіріс жұмысшыларының қызметін ұғынуына, меңгеруіне мүмкіндік береді.
Оқушылардың дүниетанымын кеңейту мен ондағы көзқарастар, түсініктер тұтастығын қамтамасыз етуде мектептептегі оқу пәндерінің байланысы маңызды рөл атқарады. Сол себепті де бағдарлама мазмұныда «пәнаралық байланыстар», оның ішінде пәндердің оқу материалдары мен олардағы іс-әрекеттердің байланыс түрлері көрсетіледі.
«Технология» пән сабақтарын оқыту, кез келген еңбек іс-әрекетіне дайындық бақылау, салыстыра талдау, талдау мен жинақтау, таптастыру (классификациялау) мен жүйелеу, зерделенетін нысан мен қүбылыстың себеп-салдарлық байланысын анықтау, экспериментті салыстыра талдап бақылау, математикалық т.б. жалпы-ғылыми әдістерді пайдаланумен жүзеге асырылады. Талдау және жинақтау, теория мен практиканы салыстыра талдап бақылаудың экспериментпен үйлесуі тиімді деп есептелінеді.
Пән бағдарламасы мазмұнына сәйкес оқу материалдарын жинақтауда (таңдауда, іріктеуде) және еңбек іс-әрекеттерін белгілеуде, сондай-ақ оқытуда дидактикалық принциптер басшылыққа алынады. Олар сабақ, лабораториялық, практикалық жұмыстар, топсеруен т.б. оқыту формалары барысында оқыту әдістері арқылы жүзеге асырылады.
Оқыту үдерісін мұғалім оқыту заңдылықтарын білуі ғана емес, оларды жүзеге асыруда бастапқы принциптерді тереңірек түсініп, соларға сүйене отырып құру қажет. Мұндай бастапқы принциптер педагогикалық еңбектерде, дидактикада оқыту принциптері немесе дидактика принциптері деп аталады.
Дидактикалық принциптер жүйесі оқыту үдерісінің заңдылықтарын білдіреді және тәрбие мақсаттарымен белгіленеді.
Қазіргі педагогика ғылымында дидактикалық принциптер білім мазмұнының негізіне алынады. Олар төмендегідей принциптер:
- оқыту үдерісін гуманитарландыру;
- оқытудың ғылымилығы, жүйелілігі;
- теория мен практиканың байланыстылығы;
- оқытудың көрнекілігі;
- оқытудың саналылығы мен белсенділігі;
- білім беру мен тәрбиенің және жеке тұлғаның дамуының байланыстылығы;
- білімнің шамаға лайықтылығы мен оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін есепке алу;
- білімді берік және тиянақты меңгеру;
- оқыту үдерісінде пәнаралық және әр пәннің пәнішілік байланыстылық.
Технология пән сабақтарындағы негізгі құраушы принциптердің бірі - политехникалық. Политехникалық білім беру дегеніміз өндірістің негізгі элементтері мен экономикалық байланыстары туралы білім беріп, өндірісте көп кездесетін еңбек құралдарымен жұмыс істеумен дағдыландыру. Соның нәтижесінде барлық өндірістер туралы мағлұматтарды қалыптастыру.
Политехникалық білімді былай көрсетуге болады:
1. Жалпы өндірістің теория және практика жүзінде ғылыми негізі туралы жүйелі білім.
2. Жалпыеңбектік, жалпыөндірістік біліктілік пен дағды.
3. Жеке бастың еңбекке қабілеттілігін қалыптастыру. Технология пән сабақтарында оқушыларға өндіріс негіздері туралы мағлұмат беріледі. Өндірістің негіздерін төмендегідей етіп көрсетуге болады:
1. Материалдық.
2. Техника негіздері.
3. Технология негіздері.
4. Басқару жүйесі.
5. Адам және оның еңбегі.
Өндірісті оқыту екі аспектіде оқытылуы ықтимал: 1. Өндірістің материалдық игілігі. 2. Өндірістің дидактикалық аспектісі.
Еңбектің негізгі құрамдас принциптері. Технология пән сабағында мектеп оқушыларын еңбекке дайындауда оқытудың дидактикалық принциптерімен қатар еңбектің негізгі құрамдас принциптер қарастырылады. Ол төмендегідей:
1. Еңбекке баулу үдерісінде оқушыларды тәрбиелеу.
2. Еңбекке дайындауда кәсіби бағдар беру.
3. Оқушылардың еңбекке шығармашылық қатынасын қалыптастыру.
4. Кәсіби оқыту.
Мұғалім қызметінде оқыту принциптерінің әрқайсысын жеке емес, бірімен бірі тығыз байланыста жүзеге асыруы қажет.
Мәселен, қолөнеріне баулу үдерісінде дұрыс іріктелген оқу материалы мен практикалық іс-әрекеттерге сәйкес оқушыларға дене, еңбек, эстетикалық тәрбие элементтерін береді. Ұлттық қолөнер бұйымдарындағы түстердің ою-өрнектермен үйлесуі, қоршаған дүние, табиғат жөніндегі ойды оқуға, бейнелеуге үйретеді. Бейнелеу сауаттылығын қамтамасыз ету жүзеге асырылады.
Қолөнеріне баулу барысында қолданбалы өнер мамандықтары жөнінде мағлұмат берумен қатар келешекте адамды өзінің еңбегімен қуантарлық сондай мамандыққа бағдарлау жүзеге асырылады.
Оқушылардың бұйымның конструкциясына өздерінің ойларын қосу мен технологиялық орындалуына сәйкес шығармашыл жұмыс жасауына ықпал ету керек. Өздерінің ойын бейнелеу сауаттылығының нәтижесінде сюжетті-тақырыптық картиналарды немесе белгілі ой жүйесіне негізделген бейнелерді, ою-өрнектерді түсіруіне мүмкіндік жасау қажет.
Жоғары сыныпта оқушыларға белгілі бір кәсіп саласы бойынша оқытуды тереңдету қолға алынуына сәйкес, біздер қолөнері бұйымдарындағы атқарылатын жұмыстарды (қолеңбегі және механикалық жабдықтарды игеруі) іріктеудің нәтижесінде көпшілік орындарда жұмыс жасауға қажетті іс-әрекеттерге баулу қарастырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет