Логика ғылым ретінде



бет7/21
Дата18.10.2023
өлшемі1.1 Mb.
#481013
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21
лекция Логика ғылым ретінде

III. ЛОГИКА ЗАҢДАРЫ

XX ғасыр логикасында логика заңдары күрделі пайымдаулар арасындағы байланысты сипаттайды деген көзқарас қалыптасты. Сондай-ақ, осы күрделі пайымдаулар ақиқаттығы өздерін құрайтын қарапайым пайымдаулар мазмұнынан (үстел, орындық, электрон, жақсылық, өзін-өзі құрбан ету, импрессионизм және т.б.) тәуелсіз деп танылды. Бұл айтылғанды нақты былайша тұжырымдауға болады:


Логика заңдары — бұл тек өзінің логикалық формасының арқасында, яғни оларды құрайтын пайымдаулар байланысының негізінде ғана ақиқат болатын пайымдаулар.
Сіздер мұндай жағдаймен ақиқаттық кестесін құрастырғанда кездестіңіздер, яғни өздерін құрайтын қарапайым пайымдаулар қабылдаған мәндерден тәуелсіз ақиқат пайымдаулар. Осыдан барып, логика заңының жаңа анықтамасы шығады.
Логика заңы — құрылған кестенің барлық жолдарында «ақиқат» мәнін қабылдайтын күрделі пайымдау.
Басқаша айтқанда, бұл тепе-тең — ақиқат формуласы. Ал бұл, логика заңы және логикалық ақиқат пайымдау ұғымдарының теңмағыналас екендігін білдіреді. Міне, логика заңдарына XX ғасырдың классикалық логикасы осы тұрғыдан қарайды. Алайда, бізге сонау ғасырлар қойнауынан жеткен, бүгінгі күнге дейін өзінің мүддесін жоймаған, анағұрлым дәстүрлі көзқарастар да бар. Бұл—логика заңдарына адамзат ойлауының мәнді қасиеттерінің көрінісі ретінде қарайтын көзқарас. XX ғасырдың логика философиясында қатаң сынға ұшырағанына қарамастан, көптеген адамдар бұл көзқарастың құндылығы сонда, ол бізге дұрыс ойлауға, яғни логика заңдарына сәйкес ойлауға көмектеседі деп есептейді. Сондықтан біз логика зандарына деген анағұрлым дәстүрлі көзқарасты қарастырамыз.
Зандар — бұл осы немесе басқа ғылымдағы қалыптасқан теорияның негізгі ақиқаты. Кез келген ғылымдағыдай, логиканың өз зандары бар, ол айрықша заңдар. Олар, бір жағынан, ойлаудың негізгі қасиеттерін бейнелейтіндіктен ғылым заңдарына, екінші жағынан, дұрыс ойлауға қойылатын негізгі талаптарды құрайтындығымен құқық немесе адамгершілік заңдарына ұқсайды. Осылайша, логикалық заңдар — бұл екі еселенген заң екен. Олар бір мезгілде сипаттайды және алдын ала ұйғарым белгілейді.
Бұған дейін біз сіздермен ережелер мен талаптар туралы айттық. Мәселен, анықтамаларға немесе ұғымдардың бөлінуіне қойылатын талап — ережелерді еске түсіріңіздер.
Енді логика заңы ұғымын енгізудің де уақыты келді, оның үстіне біз қазір ғана бұл ұғымға қажет нәрселердің бәрін кіргіздік.
Логикалық зандарға қойылатын ойлау талаптары қандай? Олар мыналар:
1. Қайшылықсыздық.
2. Бірізділік.
3. Анықтылық.
4. Негізділік.
Ең болмағанда ақиқатқа жету туралы ойлағанда, қайшылықсыз, бірізді, анық және негізгі ойлаудың қайшылықты, жүйесіз, анық емес және негізсіз ойлаудан жақсы екенін кез келген бақылаушы айтады.
Егер мұндай мақсат көзделмесе, онда қайшылықсыздық, ең болмағанда ақиқатқа жету туралы ойлағанда, бірізділік, анықтылық және негізділік артық болуы мүмкін. Бірақ сіздер мен біздер логиканы ол үшін зерттемейміз.
Бұл қасиеттерді жеке-жеке қарастырайық.
1. Қайшылықсыздық.
Ойлаудың қайшылықсыздық қасиетіне кейде қайшылық заңы немесе қайшылыққа тыйым заңы аталатын қайшылықсыздық заңы сәйкес келеді. Бұл заңның атауының өзі, алдымен, қайшылық дегеннің не екенін ұғыну керектігіне итереді.
Біз бір ғана нәрсеге қандай да бір белгі таңылған, не сол мезетте терістелген немесе бір пайымдау бір мезгілде ақиқат не жалған болып танылғанда пайда болған қайшылықпен кездескенбіз. Пайымдаулар арасындағы қатынастар туралы айта келе, біз егер пайымдаулар бір мезетте ақиқат не бір мезетте жалған бола алмаса, онда олардың қайшылық қатынаста болатынын айқындағанбыз. Күрделі пайымдаулардан құралған қайшылықты пайымдаулар өте күрделі болып келетіндіктен, оларды бірден байқау қиынға түсетінін сіздер аңғардыңыздар. Сондықтан логикада қайшылық формуласы тұжырымдалды. Анығын айтқанда, қайшылық ойдың нәрсесіне бір мезетте кейбір белгінің және оны терістеудің таңылуында болып табылады. Егер пайымдауларға берілген анықтамаларды еске алсақ, онда біз қайшылық бір пайымдау бір мезетте және бірдей қатынаста құпталған немесе терістелген кезде пайда болады деп айта аламыз. Бір мезеттік құптау конъюкцияның «және» деген логикалық жалғаулығының көмегімен беріледі. Бұдан қайшылық формуласы:
А ˄ ˥ А шығады.
Кайшылықты неге тиімсіз дейміз? Не себептен оның туындауы біздің ойлауымыздың бұрыстығын және бара жатқан жолымыздың тұйықтығын көрсетеді?
Бұл сұраққа қайшылық формуласы үшін құрылған ақиқаттық кестесі жауап береді екен.



А

˥ А

А ˄ ˥ А

А

Ж

ж

Ж

А

ж

Басқаша айтқанда, пайымдауды құрайтын қайшылық қандай мән қабылдамасын, қайшылық әрқашан «жалған» деген мәнге ие болады. Егер біздің ойлауымызда қайшылық туса, бұл ойлау қалай өрбісе де, аяғында жалғандыққа соқтыратын жолға тірелгенін көрсетеді. Егер ақиқатқа мүдделі болсақ, біз кері қайтып, қайшылыққа әкелген алғышарттарды түзеп, содан соң ғана ары қарай жылжуымыз керек. Сонда ғана біз ақиқатқа жетуге мүмкіндік жасаймыз. Табылған қайшылықты ақиқатқа емес, басқа нәрсеге — табысқа, қиял туғызуға, ақыл-ойды билеуге, адамдарды өз жетегіне жүргізуге және т.б. мүдделі болғанда ғана сақтауға болады.


Біздің ойлауымыздағы, пайымдауымыздағы, теориядағы қайшылықты жою логикалық зандарға негізделеді. Егер ойлауда қайшылыққа жол берілмесе, онда бұл кайшылыққа тыйым заңы болуы тиіс.
Ешқандай пайымдау және оны терістеу бір мезетте және бірдей қатынаста ақиқат бола алмайды.
Қайшылықсыздық заңының формуласы:
˥ (А ˄ ˥ А)
(А және А емес дегеніміз дұрыс емес деп оқылады).
Классикалық логикада төмендегідей пайымдау логикалық заң болады: (А ˄ ˥ А) → В.
Ол ортағасырдағы философ-логик есімімен Дунс Скот заңы деп аталған. Мұнда еріксіз пайымдау В ретінде бола алады, бұл формуланы сөзбен: қайшылықтан күтпеген нәрсе шығады деп айтуға болады. Осы формула қайшылықты қабылдаудың неге пайдалы екенін түсіндіреді. Шынында, біз қайшылықты қабылдасақ (қайшылықсыздық заңын ысырып тастасақ), бізге қажет нәрсенің бәрін, яғни бұрын ешбір амалмен негіздей алмаған нәрселерді де қабылдау мүмкіндігі туады.
Егер біз, мәселен, «мемлекет оны нығайту жолымен құриды» десек, ол дегеніміз — мемлекет туралы дәл осы сәтте қолайлы нәрсенің бәрін айта аламыз дегенді білдіреді.
Мейлі, мысалға Мұхаммед (ғ.с.) пайғамбардың: «Адамдардың өзіңе қандай қарым-қатынас жасағанын қаласаң, онда олармен сен де сондай қарым-қатынаста бол» деген уағызының бірін еске алайық. Сондай-ақ, Бернард Шоудың: «Өзіңізге тілемегеніңізді өзгеге де тілемеңіз, өйткені олардың жауаптары әрқилы болуы мүмкін» дегенін алайық. Егер сіз осы бір-біріне қайшы келетін екі норманы да қабылдасаңыз, онда сіздің жағдайыңыз ыңғайлы болмақ: керек жағдайда сіз өз әрекетіңізді Мұхаммед пайғамбар хадисімен — уағызымен, басқа кезде Б. Шоудың айтқанымен негіздейсіз. Тек қана ақиқаттық пен адамгершілік жайлы айтуға тура келмейді.
Қайшылықтың қолайсыздық сезімі — адамның білімділігі мен мәдениетінің маңызды көрсеткіші. Белгілі ізкесуші Мегрэ өзіне-өзі, тергеушіге зиялы білімді адамдармен байланысқан жеңіл болады деп пайымдайды. Өзінің баяндауында қайшылық жіберіп алған бұл адамдар, өзінің айтқанының күдік туғызып тұрғанын түсініп, өздерін-өздері оңай ұстап беретіндей жаңа өтірік құрастырады. Ал қарапайым білімсіз адам қайшылық жіберіп алып, оның мәнін түсінбегендіктен, еш нәрсе ойлап қоспай, өз дегенінде айнымай тұра береді. Сондықтан тергеушіге оның жалғандығын дәлелдеу қиынға түседі дейді.
Көбіне анекдот, мақал-мәтелдер қайшылық сезіміне құрылады. Төмендегі келтірілген мысалдардың кейбірінің әзілдік реңкі сіздерге таныс болар:
«Ұрлағам жоқ, жай алдым».
«Жаққам жоқ, өртедім».
«Ол өлген жоқ, оны ажал әкетті» және т.б.
Халықтық мәдениетте мұндай мақал-мәтелдердің кездесуі, қайшылықтың қолайсыздық сезімінің бүгінгі күнге дейін біздің ортамызда жүргенін көрсетеді. Логика ғылым ретінде, бұл заңды дәл формада көрсетеді және логика мәдениетін игерумен бірге негіздеп, оның саналы қолдану дағдысын қалыптастырады.
Кайшылықсыздық заңы формуласының ақиқаттық кестесін құрамыз:



А

˥ А

А ˄ ˥ А

˥ (А ˄ ˥ А)

А

Ж

ж

А

Ж

А

ж

А

Осылайша, қайшылықсыздық заңы оны құрайтын пайымдауларының кез келген мәнінде ақиқат пайымдау арқылы көрсетілетініне көз жеткізуге болады. Ал бұл оның XX ғасырда классикалық логика қабылдауына сәйкес логикалық заңды көрсететінін білдіреді.


2. Бірізділік.
Бізге адамның бірізді болуы керектігін жиі ескертеді. Шынында, егер сен қандай болмасын бір пікірді, тезисті, идеологияны қабылдасаң, онда сен оларды, өзгертуге өзіңде жеткілікті негіздер туғанға дейін ұстауың тиіс. Әрі ол өзгеріс туралы басқаларға естіртіп хабарлауың керек.
Логикалық тепе-тендік заңы ойлаудың бірізділігінің негізі болып табылады.
Пікірдің аяғына дейін әрбір ой тұрақты болып қалуы тиіс.
Сіздер мен біз ұғым және пайымдау деген ойдың екі түрін білеміз. Осы түрдің әрқайсысына жеке-жеке қатысты бұл талаптың өзінше қалай түсіндірілетінін қарастырайық.
Ұғымның екі сипаты бар: мазмұн мен көлем. Сондықтан, тепе-теңдік заңы ұғымға қатысты, осы пікірде пайдаланылатын ұғым өзінің мазмұны мен көлемі бойынша тұрақты болуын талап етеді.
Ұғымның негізгі мазмұны оның анықтамасы арқылы беріледі. Сондықтан тепе-теңдік заңының талаптарына:
а) пайдаланатын ұғымды анықтау талабы;
ә) пікір барысында ұғымның осы анықтамасын ғана ұстану кіреді.
Мысалы, талқылаудың басында біз «Ұлы адам — бұл адамзат дамуына үлес қосқан адам» деп анықтап алдық дейік. Онда, егер біздің талқылауымыздың бір жерінде Наполеон, Гитлер немесе Сталин туралы сөз болса, онда біз оларды да адамзат дамуына үлес қосқан деп есептеуіміз керек. Ал ол тұлғалар алдыңғы ойға сәйкес келмейтіндіктен, оларды ұлылар қатарына жатқызудан бас тартуға тура келеді. Біздің анықтамамыз талқылау барысында кездесетін кейбір жеке жағдайларға қарамастан талқылаудың өн-бойында сақталуы тиіс. Егер біз үшін Наполеонды, Гитлер және Сталинді ұлы адамдар деп тану құндырақ болса, онда тепе-теңдік заңына сәйкес анықтамамызды өзгертуге тура келеді және талқылау барысында жаңа анық- тама өзгеріссіз қалатындай жаңа талқылау бастау қажет.
Ұғым көлемі — бұл ұғымда ойланатын нәрселердің жиыны. Сондықтан тепе-теңдік заңына орай, біз бүкіл талқылау бойы бір ғана нәрселер жиынын ойда тұтуымыз қажет.
Талқыланып жатқан ұғым көлемінің тұрақтылығын сақтау талабы, қандай да бір себептермен бұл ұғымды анықтай алмаған жағдайда іске қосылады. Біріншіден, жалпы барлық ұғымдарды анықтау мүмкін бола бермейді. Екіншіден, талқылауда пайдаланатын көп ұғымдар үшін айқын анықтамалар беру орасан іс әрі қиынға соғады. Сол себептен оларды интуициялық жолмен пайдалануға тура келеді. Тек осы ұғым көлеміне қандай нәрселер кіретініне нақты есеп беріп, талқылау бойы сол нәрселер жиынын езгеріссіз қалдыруға тырысу керек.
Мысалы, «Барлық адамдарда қылмысқа бейімділік бар» пайымдауын талқылай келе, адам дегеннің кім екенін анықтамай-ақ қоюға болатыны айқын. Бірақ мұнда осы тезисті айтқанда, не айтқысы келетінін нақты білу қажет. Яғни, адам ұғымы көлеміне кімдерді енгізу керектігін нақтылау керек екен:
а) һоmо sapiens түрінің барлық өкілдерін;
ә) осы түрдегі психикасы дұрыс өкілдерді;
б) ересектер мен жасөспірімдерді;
в) Будданы және Иисус Христосты, Мүхаммед (ғ.с.) пайғамбарды.
Егер осы тізімде келтірілгендерді қабылдасақ, онда барлық талқылау бойы пайдаланатын ұғым көлемін өзгертпеуіміз тиіс. Өйткені бекерлеуге жауап бергенде, бұл жерде мен Будданы немесе алты айлық баланы ескермеген едім демеңіз.
Ой өз көлемі бойынша талқылау бойы тіркелген болуы тиіс.
Ал енді тепе-тендік заңының пайымдауларға қатысты әрекетін қарастырайық.
Пайымдау логикалық формасы және ақиқат мәндерімен екі сипатқа ие. Сондықтан, тепе-теңдік заңы пайымдаудың осы сипаттамаларына таратылады.
Қарапайым пайымдаулардың саны мен сапасы олардың логикалық формасы болып есептеледі.
Ал, күрделі пайымдаулардың логикалық формасын қарапайым пайымдауларды өзара байланыстыратын жалғаулықтар сипаттайды.
Сондықтан тепе-теңдік заңы қарапайым пайымдауларға қатысты:
Қабылданған пайымдаудың саны мен сапасы талқылау барысында еш өзгеріссіз қалуы тиіс, — дейді.
Мысалы, егер «Барлық адамдар қылмыстық бейімділікке ие» деген пайымдауды дәлелдеу керек болса, онда бүкіл дәлелдеу барысында осы пайымдауды айтылған формасында ұстану қажет. Әрі дәлелдеу үшін «Адамдардың бәрі (маған белгілі) қылмыстық бейімділікке ие» деп негізделген пайымдауды беруге тырыспаңыз. Бұл — тепе-теңдік заңының бұзылуы болады. Сондықтан тезистің алмастырылуы деп аталатын логикалық қателік шығады.
Алда дәлелдеу мен бекерлеу қарастырылғанда, ол туралы нақтырақ айтылады.
Ендеше, күрделі пайымдауларға қатысты тепе-теңдік заңы төмендегідей болады:
Қабылданған пайымдаулардағы логикалық байланыстар талқылау барысында тұрақты болуы тиіс.
Мысалы, «Реформа мен экономикалық құлдырау әрқашан қатар жүреді» дегенді құптасаңыз, онда айқын логикалық түрде ол: «Экономикалық құлдырау болғанда ғана реформа болады» деген теңмағыналы пайымдауды білдіреді. Ал бұл тезисті сынаған соң, сіз «Егер реформа болса, онда экономикалық құлдырау да бой көрсетеді» дегенді айтқым келген еді демеңіз. Әрине, сізге бірінші пайымдауға қарағанда, екіншісін дәлелдеу әлдеқайда жеңілірек. Бірақ та, шын мәнінде ол пайымдаулар өзара теңмағыналы емес қой. Мұнда да логикалық тепе-теңдік заңының бұзылуы және тезистің алмастырылуы атты логикалық қателік.
Осылайша біз тепе-теңдік заңының пікірталастарда этикалық нормалар мен сенімдер тұрақтылығының негізі болып табылатынын көреміз. Ол адам өмір бойы бір ғана көзқарасты ұстануы тиіс немесе жалпы дамуды терістейді дегенді білдірмейді.
Егер сен қандай да бір ойды қабылдасаң немесе оны дәлелдеуге уәде берсең, онда талқылау бойы сол оймен ғана әрекет етуің тиіс.
Егер бұл қандай да бір негізбен осы формада сен үшін қолайсыз болса, онда бұл туралы ашық айтып, жаңа ойға негізделген жаңа талқылау баста.
Егер тепе-теңдік заңы сақталмаса және бір ойды алғашқы ойға қандай да бір дәрежеде еріксіз немесе әдейі алмастыру болса, онда біз «дорбадағы мысық» немесе ежелгі «Deus ex mashina» - «Машинадан шыққан Құдай» жағдайына ұрынамыз.
Антикалық пьесаларда, пьеса авторы мен кейіпкерлері өз қарым-қатынастарымен әбден шатасқанда, арнайы машинамен құдай рөлін ойнаған актерлерді әкелетін болған. Олар туындаған шытырман мәселелерді керемет әдіспен шешкен. Тепе-теңдік заңын сақтамаған адам, цилиндрге түсті лентаны салып, одан тірі жылан шығаратын сиқыршы секілді.
Аристотель «Метафизикада» «бір мәнге ие болмау - бұл дегеніңіз ешқандай мәннің болмауы, егер тіпті, сөздің белгілі мәні болмаса, онда бір-бірімізбен шындығында пікірлесу, таласудың бар мүмкіншілігі жоғалған деген сөз» - деп жазған.
ХХ ғасырдың классикалық логикасында тепе-теңдік заңы, әдетте қысқа формуламен беріледі
А→А
немесе
А≡А
Бұл формулалар: «Егер А, онда А» және «А А-ға эквивалентті» деп оқылады.
Егер біз оларға ақиқаттық кестесін құрсақ, олардың логикалық заңдар екеніне көзіміз жетеді:



А

А→А

А≡А

А

А

А

Ж

А

А

3.Анықтылық


Ойлау барысында тек сол бір нәрсе туралы өзара бірін-бірі жоққа шығаратын пайымдаулар жиі пайда болады. Ойлаудың анықтылығы, әдетте балама деп аталатын өзара бірін-бірі жоққа шығаратын мүмкіндіктер жиынынан әрбір сәтте біреуін ғана таңдап, оны ақиқат деп санауды немесе ақиқаттыққа тексеруді талап етеді. Адамның әрбір жеке қылығына қарай оларды:
а) адамгершілігі бар; ә) адамгершілігі жоқ; б) адамгершілікке немқұрайлы деп айтуға болады.
Ойдың анықтылығы бізден осы баламалардың бірін таңдауды және талқылау бойы соны ғана ұстануды талап етеді. Әрі бұл әрекет бір қатынаста адамгершілікті, басқасында - адамгершілікке немқұрайлы (немесе адамгершілігі жоқ) деп есептеуге тыйым салады.
Дәстүрлі логика ойдың бұл анықтылығын екі пайымдау арасындағы оның мұраттанған ең соңғы жағдайын таңдауға әкеледі, қайшылық қатынастағы осындай ойдың анықтылығы қасиетіне үшіншісі жоқ заңы сәйкес келеді;
Әрбір талқылауда екі қайшылықты пайымдаудың тек бірін ғана ақиқат деп есептеу керек.
Кейде үшіншісі жоқ заңын: әрбір пайымдау не ақиқат, не жалған деп те береді. Бұлай беру ақиқаттық пен жалғандықтан бөлек, қосмәнділік қағидасына көбірек ұқсайды, өйткені тек екі ғана мүмкіндік берілген, ал үшінші мүмкіндік берілмеген. Осыдан барып, бұл заңның аты «Үшіншісі жоқ заңы» немесе оның латынша берілуі: tertium non datur – «үшіншісі берілмеген» деп аталады.
Заңның атауы оның мағынасын дәл береді: әлем берілген пайымдауда сипатталғандай осындай немесе терістеудегі тәрізді. Ал үшінші мүмкіндігі жоқ.
ХХ ғасырдың классикалық логикасында үшіншісі жоқ заңын мынадай формада беру қабылданған:
А ˅ ˥ А
Ал бұл пайымдаудың кестесі мынадай болады:



А

˥ А

А ˅ ˥ А

А

Ж

А

Ж

А

А

Біз осылайша үшіншісі жоқ заңының логикалық заң екеніне көзімізді жеткіземіз.


Талқылауларда үшіншісі жоқ заңы маңызды рөл атқарады. Біз оны математикада, әсіресе қарсы жоруда жиі колданамыз.
Классикалық логика аумағында үшіншісі жоқ заңы ойлаудың маңызды заңдылықтарының бірін — оның анықтылығын мұраттандырылған формада сипаттайтын маңызды қағида болып қалады.
4. Негізділік.
Әрқашан біз ғылымда, философияда, этикада, әдеттегі өмірде пайымдауларымыздың негізді болуына ұмтыламыз.
Біз саясаткерлер мен метеорологтардың болжамдарына жеткілікті негізделмеген деп сенбейміз, бірақ өзіміздің бағалау пайымдауларымызға сенеміз, өйткені оларды өзіміз айтып тұрғандықтан, жеткілікті негізделген деп есептейміз.
Талқылауларда кездесетін пайымдауларға қойылатын талаптар дәстүрлі логикада жеткілікті негіз заңы түрінде құрылған. Ол:
Кез келген ақиқат ой жеткілікті негізделген болуы тиіс дейді.
Талқылауларда кездесетін барлық пайымдауларды:
а) бастапқы — сезімдік қабылдау немесе сенім актілері туралы аксиомалар, анықтамалар, пайымдаулар;
ә) туынды — яғни, ақиқаттығы мен қолайлылығы кластағы пайымдаулардан тәуелді пайымдаулар деп бөлеміз.
Онда жеткілікті негіз заңы төмендегідей болады:
Кез келген пікірде әрбір туындыны пайымдау үшін, оны ақиқат немесе жалған деп есептеуге мүмкіндік беретін негіз көрсетілуі тиіс.
Ақиқаттық немесе жалғандық негізі объективті немесе субъективті жеткілікті болуы мүмкін.
Туындыны пайымдау А-ны қарастырайық.
Егер осы негіздерді есті субъектіге көрсеткенде, А пайымдауының ақиқаттығы немесе жалғандығына оның көзін жеткізетін дәрежеде болса, А пайымдауды объективті жеткілікті негізге ие деп айтады.
Мысалы, Джеймс Куктың Австралияны ашқан соң, қара қуларды әкелуі барлық саналы адамдардың «Барлық қулар ақ» деген пайымдаулары жалғандығына көздерін жеткізді. Сондықтан бұл «Барлық қулар ақ» пайымдауының жалғандығына объективті жеткілікті негіз болды.
Объективті жеткілікті негіздің мәні сонда, олар қарастырып отырған пайымдаудың ақиқаттығы немесе жалғандығы туралы сенімді басқа адамдарға түсіндіре алады. Ғылымда (дәлелдеу, себептілік), сот ісін жүргізуде, күнделікті адамдардың өзара қарым-қатынасында объективті жеткілікті негіздер қолданылады.
Егер бұл негіздер А пайымдауын кейбір субъектілердің қабылдауы үшін жеткілікті, бірақ ол басқа саналы субъектілердің қабылдауы үшін жеткіліксіз болса, А пайымдауы субъективті жеткілікті негізге ие деп айтады.
Объективті жеткілікті негіз пайымдауға білім немесе наным мәртебесін, субъективті жеткілікті негіз — сенім мәртебесін береді. Осы субъект үшін сенім нанымды болуы мүмкін, өйткені оның рухани әлемінде осы діннің қағидалары үшін жеткілікті негіз бар, бірақ басқа субьект үшін нанымды емес, өйткені сенім басқа субъектіге толығымен берілмейтіндей негізде жатыр.
Жеткілікті негіз заңына байланысты қажет және жеткілікті шарт ұғымы енгізіледі. Шартты пайымдауды қарастырайық. Егер А, онда В, немесе А → В. Егер, бұл шартты пайымдау ақиқат десек, онда А — В ақиқаттығының жеткілікті шарты, ал В — А ақиқаттығының қажетті шарты.
Мысалы, «Егер осы адам қылмыс жасаса, онда ол жазалануы тиіс» пайымдауында қылмыс жасау — оның жазалануына жеткілікті шарт. Сонымен қатар кейбір сандардың жұп екенін мойындау үшін, ол сандардың екіге бөлінетінін мойындау қажетті шарт болып табылады.

Логика заңдарының бұзылуы туралы


Біз ойлаудың негізгі қасиеттерін сипаттайтын логика заңдарын қарастырдық. Бұл функцияларды физика немесе биология заңдары да орындайды. Олар да, сондай-ақ зерттелетін объектілердің негізгі қасиеттері мен олардың өзара қатынастарын сипаттайды. Алайда логика зандарын құруда «тиіс», «қажет» және т.б. сөздерді қолдануға тура келгенін байқау қиын емес. Бұл логика заңдарының тек физика, не биология заңдарына ғана емес, адамның не істеуі керегін көрсететін құқық және адамгершілік заңдарына да ұқсастығын білдіреді. Осындай, бір жағынан логика заңдары арасындағы ұқсастықты, екінші жағынан құқық, адамгершілік заңдарымен ұқсастықты белгілі швейцар психологы Ж. Пиаже «Логика — бұл ойлау адамгершілігі» деп дәл айтқан.


Логика заңдары жиі бұзылады. Дегенмен мұнда маңызды бір шарт бар: егер біз пайымдаулардың ақиқаттығы мен пікірдің дұрыстығына ұмтылсақ, онда біз логика заңдарын сақтауымыз керек. Дәл осы сияқты, егер біз қоғамдағы парасатты тәртіпке ұмтылсақ, онда біз құқық және адамгершілік заңдарын да сақтауымыз керек.
Логика заңдарының сақталуы біздің ойларымыздың ақиқаттығына кепілдік бермейді. Сондықтан пайымдаулардың ақиқаттығы үшін жеткілікті негіз болмайды. Өйткені ақиқаттық пайымдауда, әлемдегі жағдайларда пайымдаудан тыс ненің құпталатынына немесе терістелетініне сәйкестікті талап етеді. Бірақ та логика заңдарын сақтамайынша, қарастырылған пайымдаулардың ақиқаттығы жөнінде сөз қозғау да мүмкін емес. Сонымен қатар пікірлердің дұрыс болуы үшін, жоғарыда айтылғандай, логика заңдарын сол жалпыланған мағынада сақтау да жеткілікті шарт болады.
Әдетте, логика заңдары екі негізде бұзылады:
а) саналы;
ә) еріксіз түрде.
Логика заңдарын әңгімелесушіні шатастыру мақсатында, саналы түрде жоспарлы бұзу софизм деп аталады.
Оның бұлай аталуы софистер мектебінен — жастарды сот ісін жүргізуге және мемлекеттік басқару өнеріне үйретушілерден — даналықтың кәсіби ұстаздарынан бермен қарай келеді. Софистердің басты тезисі: мемлекеттік басқару мен сот ісін жүргізуге ақиқаттың қатысы жоқ, халықтық жиналыс пен сотты нандыра алған адам жеңеді деп қорытылатын тезис түрінде тұжырымдалған. Сондықтан олар бозбалаларды өздеріне қажеттің бәріне басқа адамдардың көздерін жеткізуге үйретуге мейлінше тырысқан.
Софистер, тіпті айдан-анық түкке тұрмас нәрселерге де иландыруға тырысқан. «Мүйізді», «Жабылған» софизмдер және басқа да көптеген логика тарихы мен адамзат ойына кірген нәрселерге де көз жеткізу шеберлігіне тамаша үлгі болады. Ақиқатты құрметтеуге негізделген логика әңгімелесушіні шатастыратын софизмді әшкерелеу, сынау мақсатына құрылған деп ашық айтуға болады.
Осылайша софистер мен софизмдерді сынауға Аристотельден бұрынғы аға буын өкілдері Сократ пен Платон көп күш жұмсады. Олар тыңайтқан топыраққа Аристотель логиканың тамаша ағашын өсірді.
Паралогизм— логика заңының еріксіз бұзылуы.
Өзінің логикалық құрылымы бойынша, паралогизм софизмнен ерекшеленбейді. Айырмашылық тек түрткіде. Дегенмен, біз «басқа қарабайырлық ұрлықтан сорақы» екенін және «заңды білмеушілік оны бұзғаны үшін жауапкершіліктен босатпайтынын» да білеміз. Ақиқат — логика заңдарын бұзу төлемі болады. Паралогизм жіберіп алған адам, оған толығымен шынайы ұмтылуы мен жағдайы одан да сорақы болмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет